20 ғасырдағы астана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 11:38, реферат

Краткое описание

Бұл оттан да ыстық, қымбат та қасиетті сөз! Өйткені, қай елдің болмасын ең алдымен тілге тиек етер бас қаласы - ол Астанасы! Сосын да астана - айбар, астана - мақтаныш. Қайсыбір мемлекет жайлы толымды һәм толғамды әңгіме ең алдымен осы астана арқылы соқталы сөзге соқпақ салып, содан әрі қарай тереңге бастау алып кетеді. Және ең қызығы - қай елдің де бір емес, бірнеше астанасы болғандығы. Әр кезеңдерде астана болған қасиетті қалалар әрдайым тарихта ерекше ілтипатпен аталып, өз бағасын, өз орнын ойып алып отырады. Тап осы жағдай қазақ елі үшін де аса жат нәрсе емес. Қазақ мемлекеті де өз астанасын әлденеше рет ауыстырған һәм талай мәрте қоныс аударған елдердің бірі болып саналады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Астаналар 20 гасырдагы.docx

— 43.89 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

920 жылдың қыркүйегінде Орынбор  губерниясы мен қаласы ҚазАКСР  құрамына құжат түрінде қосылғаннан кейін бұл шаһар еліміздің бас қаласы болып бекітілді. Елорда мәртебесі Орынборда 1925 жылға дейін сақталған. Кейін оның Ақмешіт қаласына ауысқандығы белгілі. 
Бүгінде Орынбор Ресейге қосылып кетсе де қазақ тарихының ажырамас бір бөлігіне айналған. Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай және өзге де қазақтың бетке ұстар зиялылары аталған қалада жүріп қазақтың мұңын айтып, жоғын жоқтаған еді. Ұлтымыздың үніне айналған алғашқы «Қазақ» және «Айқап» газеттері де осы Орынборда тұсауы кесіліп, қалың оқырманға жол тартқан. 
Қазіргі таңда Ресей Федерациясының құрамына еніп, Оренбург аталып жүрген осы Орынборда 120 мыңдай қазақ тұрады. Олар негізінен Домбар, Ясный және Адамов аудандарында шоғырланған. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін жергілікті қазақтар бірігіп, «Достық», «Үркер», «Қазақ тілі» сынды бірнеше мәдени орталықтарға бірігіп, «Айқап» атты газет шығарып келеді. 
1925 жылдың 9 ақпанында мемлекет орталығы Ақмешітке көшірілді. Аталмыш қалаға астана мәртебесі берілместен бұрын бұл мәселе төңірегінде біраз дау туған. 1924 жылы орыстар Орынборды өздеріне қосып алып, өз астаналарыңды қайта белгілеңдер дегенде қазақ зиялыларының басым бөлігі бірауыздан Түркістанды таңдаған деседі. Алайда, орданың Қожа Ахмет Ясауи жатқан киелі топыраққа көшірілуінен кейбіреулер сескенсе керек, бұл нұсқаға үзілді-кесілді қарсылық танытқан. Олай болған жағдайда қазақ елінің астанасы Ташкент болсын деген зиялылар үндеуі алғашында жоғары жақтан қолдау тапқан екен. Алайда, жаңа астанаға көшіп бара жатқан интеллигенциясының жолын Сталиннің «тоқтатылсын» деген бұйрығы тоқтатқан дейді тарихшы Ахмет Тоқтабаев. Оның айтуынша, жарты жолда тоқтаған топ Ақмешітке бет бұрған. Ташкентті өзбектерге беру мәселесін Сталин, бәлкім сол кезде жоспарлап қойған шығар. 
Большевиктерге Ақмешіт атауы бірден ұнаған жоқ. Өмірлерін «ақтармен» күресуге арнаған «қызылдар» бұл қалаға Қызылорда деген атау жарасады деп шешті. Осылайша 1925 жылдың 15-19 сәуірі аралығында өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық V-съезінде Ақмешіт Қызылордаға, ал, «киргиз» атауы «қазаққа» алмастырылды. 
Осы жылдың жазында мемлекеттік басқару органдары Сыр бойына көшірілді. Бұдан кейін жаңа астананың саяси, мәдени, экономикалық дамуын жолға қою үшін С.Қожанов, Т.Рысқұлов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, М.Тынышпаев, А.Кенжин, С.Ақаев, А.Серғазин, О.Исаев, С.Сәдуақасов, С.Есқараев және өзге де қазақ зиялылары белсенді түрде еңбек етті. Ал, 1929 жылы қазақ елінің ордасын Ф.И.Голощекин Қызылордадан Алматы қаласына көшірді. Өзінің бұл әрекетін ол «Сыр өңірінің табиғаты қолайсыз» деген сылтаумен ғана түсіндірген. 
Әуелгіде, 1927 жылы басшылар қазақ астанасын тақырдан тұрғызамыз деп жоспарлаған болатын. Ол үшін бүгінгі Алматыдан 120 шақырым қашықтықтан, Іле өзенінің бойынан арнайы жерді де белгілепті. Белгілеп қана қоймаған, қала құрылысы мұнда басталып та кеткен. Алайда, инфрақұрылымнан жұрдай айдаладан қала тұрғызу еш қисынға келмейтінін түсінген. 
Жалпы, Орталық атқару комитеті 1927 жылдың 3 наурызында елорданы құжат бойынша Алматыға көшіріп қойған. Дегенмен, жаңа қала салу мәселесі тек арман жүзінде қалғандықтан, 1929 жылы мемлекет орталығы Алматының өзіне көшірілді. Ал, көшкеннен кейін атқарылған ең үлкен жұмыс деп Түркісіб темір жолының салынуын айтуымызға болады. 
Алматы астана болғаннан кейін аз уақыт ішінде ол елдің саяси, экономикалық, мәдени орталығына айнала білді. Мұндағы жергілікті халықтың саны миллионнан асып, қала жан-жақты дамыды. Бүкіл КСРО бойынша Алматының маңыздылығы артып, жан-жақтан келушілер де көбейген еді. 

 
Қазақстанның тәуелсіздік алуы жолында  Алматы шаһарының орны ерекше. 1986 жылдың желтоқсанында болған қазақ жастарының көтерілісі осындағы орталық алаңда орын алған болатын. Қаншама қазақ  зиялысы бүгінгі күнге дейін  осы Алматының төрінде шоғырланған. 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін аталмыш қалада бұрынғы КСРО елдерінің басшылары жиналып, ТМД-ны құру туралы келісімге келген. Шаһардың еліміз үшін маңыздылығы зор болғандықтан көпшілік оны «Оңтүстік астана» деп те атап кеткен.  

 
1997 жылы қазақ халқы алғаш рет өз астанасын өзі таңдады (1920 жылдан бері). Яғни, осы жылдың 20 қазанында Президент Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын еліміздің жаңа орталығы болғандығын ресми түрде жариялаған болатын. 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағы Алматыдан Ақмолаға салтанатты түрде жеткізілді. Ал, 9 желтоқсанда Елбасының өзі ресми түрде жаңа ордаға аттанды. 
1998 жылдың 6 мамырында Ақмола атауы Астана болып өзгергені баршамызға мәлім. Қаланың мемлекет астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері осы жылдың 10 маусымында болып өтті. 
Бүгінде Астана тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл Еуразия құрлығының мәдени һәм рухани орталығына айналып отыр. Дәстүрге айналған әлемдік діндердің съезі, түрлі халықаралық мәдени шаралар осы сөзімізге дәлел. Он бес жылға жетер-жетпес уақытта адам танымастай болып өзгерген Астанаға қызыға да қызғана қарайтын елдердің қатары жыл санап көбеюде. 
Өзге елдердің қай-қайсысын алып қарасаңыз да, орталықтарын қазақ мемлекеті секілді бірнеше рет алмастырмаған. Қазақстан сол орыстың ықпалында болған 80 жылдың ішінде астанасын төрт рет ауыстырыпты. Себебін жоғарыда атап өттік. Дегенмен, егемендігіміздің символына айналып, әлемге қазақты жаңа қырымен танытқан бүгінгі Астана нағыз тұрақтылықтың белгісіне айналатынына сенімздіміз.

 


Информация о работе 20 ғасырдағы астана