1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 14:38, реферат

Краткое описание

Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді.

Содержание

1. Кіріспе бөлім.
2. Көтерілістің ірі орталықтары.
3. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы.
4. Қолданылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.doc

— 70.00 Кб (Скачать документ)

Ұлттық – демократиялық  зиялылар қатарында бірлік болмады. Кейбір бай – феодалдар , хандар көтерлісшілердің мүдделерін сатып кетіп отырды. Патша үкіметі тез арада көтерлісшілерді басшыларынан айыра білді. Жетісудағы қозғалдыс басшыларының бірі Бекболат Әшекеев Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылды. Қарқарадағы көтерліс жетекшілерінің бірі Жәменке Мәмбетов абақтыға қамалы, басқа 12 басшымен бірге азаптап өлтірілді.

Көтеріліс қазақ халқының таптық сана-сезімінің өскендігін көрсетті. Мыңдаған көтерілісшілер патша билігіне қарсы қарулы күрес мектебінен өтті. Отаршылдық езгінің ұзақ жылдары  ішінде олар ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды, белсенді саяси қызметке құлшынып, өзін Ресей билігінің отаршылдық экспанциясына қарсы күрес жүргізе алатын күш деп сезінді.

Халықтық қозғалыс барысында  өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару  аппараты құрылды. Ауқымдылығы мен қатысушыларды қамтуы ж/е зардаптары жағынан алғанда, ол империя құрамындағы отаршылдық құлдықтың бүкіл кезеңіндегі азаттық күресінің шырқау шыңы болды. Ол туралы Әлихан Бөкейханов былай деп жазды: “Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді... Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күндіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды”. Шын мәнінде, 1916 жыл-XX ғасырдың соңында қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болып, тарихта өз орнын алды.

 

1916 жылғы көтерілістің  жеңілуінің себептері: 

1. Көтеріліс бытыраңқы  болды. 

2. Көтерілістің ұйымдастырылуы  мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.

3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 

4. Патша үкіметі жергілікті  жердегі руаралық, ұлтаралық діни  тартыстар мен қайшылықтарды  шебер пайдаланды.

5. Күнібұрын белгіленген  жоспардың болмады. 

6. Ұлттық зиялылар  арасында бірлік болмады. 

7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.

 

Көтерілістің тарихи маңызы

1. Қазақ халкының революциялық  таптық санасы өсті.

2. Қазақстан халықтары  ұлттық мүдделерінің ортақтығын  ұғынды.

3. Қозғалыс барасында  өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.

4. Россия империясындағы  азаттық күрестің шырқау шыңы  болды. 

5. Қазақ халқының отарлау  саясатына қарсы күресе алатын  күш екенін көрсетті.

6. 1916 жылғы ұлт-азаттық  қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің  ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы (очерктер)
  2. Қазақстан тарихы. Мусин Чапай. Алматы, 2008
  3. Қазақстан тарихы Алматы «Дәуір» 1994
  4. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том
  5. Қазақ совет энциклопедиясы

6.  Қазақстан тарихы энциклопедиялық анықтамалығы


Информация о работе 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс