19 ғасырдағы Германия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 12:24, реферат

Краткое описание

Германия 1871 жылы 18-қаңтарда Версаль айналы залында бірінші император етіп Вилгельмді жариялады. Ол пруссия королі болатын. Франко-Прусс соғысы Франкфурт бітімімен аяқталған болатын. Вильгелм әрі Пруссияның королі болды. Германияның Франциямен жасаған бітімі бойынша Германияның буржуазиясы және юнкерлері байыды. Франция 5 млрд. франк төледі.

Содержание

1. Франко-Прусс соғысынан кейінгі Германияны біріктірудің аякталуы. Империялық конституция

2. Германия империясының экономикалық тез дамуы

3. Ішкі саясаты

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 19.90 Кб (Скачать документ)

1. Франко-Прусс соғысынан кейінгі Германияны біріктірудің аякталуы. Империялық конституция

 

2. Германия империясының  экономикалық тез дамуы

 

3. Ішкі саясаты

 

4. Жүмысшы жағдайы

 

Германия 1871 жылы 18-қаңтарда Версаль айналы залында  бірінші император етіп Вилгельмді жариялады. Ол пруссия королі болатын. Франко-Прусс соғысы Франкфурт бітімімен  аяқталған болатын. Вильгелм әрі  Пруссияның королі болды. Германияның  Франциямен жасаған бітімі бойынша  Германияның буржуазиясы және юнкерлері  байыды. Франция 5 млрд. франк төледі. Контрибуция Германияның индустриясының дамуына ыкдал жасады. Бірінші  дүниежүзілік соғысты болашақта  тудыратын Француз-Герман қайшылығы  пайда болды. Германияның бірігуі  прогрессивті болды. Бұл біріншіден Германияның экономикалық түтастығын калыптастырды. Ішкі шекаралык кедергілер жойылды. Неміс үлтының қалыптасуы аяқталды. Бұл бірігу реакциялық сипатта  жүзеге асты. Германияның бірігуі  юнкерлікжолменжузете асты. Германияда Пруссияның нағыз реакцияшыл топтары күшейді. Империя қүрылды. Ол үшін 1871 жылы Германия империясының конституциясы қабылданды. Бұл Германияның бірік-кендігін бекітті./Конституция бойынша елді федеративтік сипатта біріктірділді. Конституция Пруссияның үстемдігін заңдастырды. Конституция бойынша тек Пруссияның королі император болды. Бұл жағдай Герман империясын бюрократиялық қүрастырылған полиция қырағылығындағы әскери депотизмге айналдырды. Германия империясының қүрамына 22 монархиялық қалалар кірді. Олардың ішінде 6 үлы герцогтық, 3 еркін кала бар. Эльзас пен Лотарингияны императордың наместнигі басқарды.і Германия империясътның мемлекеттері өз монархтарын сақгады. Өздерінің конституцияларын сақтады. Бірақ олардың билігіне негізгі басты мәселе қалдырған жок. Негізгі империялық мөселелер: сауда, монетгік жүйе, соғыс, қару-жарак тағы басқа мәселелер империялық үкіметтің қолында болды.Германия империясының басшысы император балды. Император міндетті түрде Пруссияның королі болуға тиісті. Ол канцлерді сайлайды. Конституция бойынша заң шығару функциясы түрғындар 5 жылға сайлайтын рейхстагқа берілді. Мемлекеттік заңды Одақтар кеңесі бекітті. Одақтық кеңестің төрағасы империяның канцлері. 1871 жылы қабылданған бұл империялық конституция калыптастырған Германиядағы мемлекеттік қүрылыс полицейлік бюрократиялык прустік юнкерлік реакцияның үстемдігін бүкіл Германияға орнатты. Бұл конституция бойынша Еуропа елдеріндегі сиякты неміс буржуазиясы үкімет басында түрған жоқ. Олар негізінен юнкерлердің қолында болды. Себебі юнкерлерде капиталистік даму жолына түсіп жатыр.Германияның империясы әлсіз. Буржуазия капиталистік даму жолындағы юнкерлердің сонында жүрді. Буржуазияға күш керек. Оны юнкерлер жүзеге асыра алатын еді. Буржуазия керек нәрселерді юнкер олигархиясы жүзеге асыра алатын еді. Әрине Германияның юнкерлері мен буржуазиясының экономикалық қайшылықтары көп болды. Ол кайшылыктар көп партиялық системаның жасалуынан көрінді. Партия белгілі бір әлеуметтік таптың мүддесін корғады. Конституция барысында жасалған блок мыкты болған жоқ. Отто фон Бисмарк Германиядағы ішкі саясатты юнкерлер мен буржуазия арасында амалдап жүргізді. Консерваторлар партиясы болды. Олар екіге бөлінді: а) ескі консерваторлар, ә) империялык,консерваторлар. Империялық консерваторлар негізі өнеркәсіпшілер. Олар еркін дамуды қолдайтын консерваторлар. Екінші топ: үлттық либералдық партия. Бұлар ірі өнеркәсіпшілердің партиясы түрінде қүрылды. Үшінші топ: солшыл либералдық партия — Бұл орта және үсақ қала буржуазиясынын мақсатын қолдады. Төртінші — католиктік, бұл әлеумеггік жағынан алғанда орта және үсақ шаруалардың мүддесін қолдаған партия. Бұлар мемлекетгердің («Земли») қүқығын кеңейту үшін, мектептерді шіркеудің билігіне беру үшін күресті. Бесінші — социал-демократиялық партия— жүмысшылар партиясы болды.

 

XIX ғасырдың 70-жылдарында фабрика-зауттық өндіріс Германияның бүкіл жерінде жүмыс жасады. 1890 жылы өнеркәсіп төнкерісі аяқталды. Соңғы он жылдың ішінде елде өнеркәсіп төңкерісі индустрияландыру процесімен қатар жүрді. Германия Англия, Франциямен бәсекелесіп оларды басып озды. XIX ғасырдың аяғында көмір өндіру жөнінен екінші орынға жетті. Өндірістің жаңа салалары пайда болды. Германияда өндірілетін химиялық бояуларды дүние жүзі сатып алды. 1890 жылдан бастап көмір өндіретін бірлестік Германияда өндірілетін өнімнің 80 процентін өндірді. 1887 жылы Германияда 70 картель болды. Ал 1900 жылы 300 картель жүмыс жасады. Германияда банкілердің шоғырлану процесі тез жүрді. Едде 6 банк болды. Олар өндіріске капитал салды. XIX ғасырдың аяғында Германияның сыртқа шығарғак капиталы 15 миллиард марка болды. Ірі банк иелері пайда болды. Германияның Бұл сиякты тез экономикалық даму себебі Германия басқа елдерге қарағанда өнеркәсіп төнкерісіне уақыт жіберген жоқ. Германияның Рур, Саар деген аудандары көмірге бай еді. Лотарингия темірге бай болатын. Германияның экономиялық дамығаны соншалықты Германияның милитаризмі соғысқа дайындадды. Ірі өнеркәсіпшілер үшін ішкі рынок пайда болды. Теңіз флоты кеңейтілді. 1871-95 жылдар аралығында 16 млрд. марка ақша теңіз флотына бөлінді. 1880-1900 жылдары өндірістік өнім Англияда — 49 процент, Германияда — 163 процент өскен. Германияда ірі жер иелері юнкерлер сакталды. Граф Арнимдер 71 мың гектар, князь Бисмарктер 26 мың гектар жерлерді иеленді. 1871 жылы ақша реформасы жасалды. «Земли» ақшалары жойылып империялық ақша енгізілді. Пруссия банкісі империялық банкіге айналды. 1872 жылы кі>ілмыстык. кодекс енгізілді. 1874 жылы пошта, телеграф қатынасы енгізілді. 1874 жылы баспасөз туралы заң кабылданды. Елдегі реформаларға жоғарыда айтқан консервативтік партиялар қарсы шыкты. Олар буржуазия күшейіп кетеді деп қорықгы.

 

Сыртқы саясат. Бисмарк дипломатиясын юнкерлер мен буржуазияның мүддесі үшін жүргізді. Олар Францияға кдрсы превентивті  соғыс жүргізді. 1877-1878 жылдары орыс-түрік  соғысы болды. Осы соғыс кезіңце  Франция Ресейге жау көзбен қарады. Англиямен бірігіп Сан-Стефанобітімін қайта кдратгы. Ресейдің позициясын әлсіретті. Бисмарк бйлашакга өзінің сыртқы саясатын нығайту үшін Австро-Венгриямен келісім жасады.Оған 1882 жылы Италия қосылды. Осылайша үштік одак пайда  болды.

 

Германия 1890 жьтлдан  бастап индустриялы елге айналды. 1871 жътлы Пангермандык одақ қүрылды. «Пруссияның  басында Хайзер, Германияның басында  Пруссия, әлем басында Германия»  — деді. Нәсілдік саясат жүргізді. Үлы  Германияға Бельгия, Голландия, Швейцария, Австро-Венгрия, Прибалтика, Румыния  т.б. жерлерді қосып алғысы келді. Флот жасауды қолға алды. 1898 жылы Вилгельм түрік сүлтанатымен келісімге қол  қойып, Бағдат темір жолын салуға рүқсат алды.

 

Германияның жүмысшы қозғалысында екі партия пайда болды. Лассалъяншыл(Бүкілтсрмавдык,жүмысшы одағьт), эйзенахшыл (Социал-демократиялық жүмысшы партиясы). Олардың бірігуі оппортунистік сипатта бодды. Біріккен Герман Социалистік партиясы болып екеуі кейін, яғни 1875 жылы бірікті.


Информация о работе 19 ғасырдағы Германия