18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 20:54, лекция

Краткое описание

1 Қазақ хандығының ішкі жағдайы
2 Тәуке ханның XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясаты
3 Қазақ хандығының ыдырай бастауы
4 Сырттан төнген қауіп-қатердің күшеюі
5 Жоңғарлардың Қазақстан аумағына шапқыншылығы
6 Қазақтардың жауға қарсы күрес ұйымдастыру әрекеттері
7 Қазақтардың қару-жарағы
8 Әскери әдет-ғұрыптар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат ансаган.docx

— 111.75 Кб (Скачать документ)

18 ғасырдың бірінші  ширегіндегі қазақ хандығының  ішкі және сыртқы жағдайы 

Мазмұны 
1 Қазақ хандығының ішкі жағдайы 
2 Тәуке ханның XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясаты 
3 Қазақ хандығының ыдырай бастауы 
4 Сырттан төнген қауіп-қатердің күшеюі 
5 Жоңғарлардың Қазақстан аумағына шапқыншылығы 
6 Қазақтардың жауға қарсы күрес ұйымдастыру әрекеттері 
7 Қазақтардың қару-жарағы 
8 Әскери әдет-ғұрыптар 
9 Пайдаланылған әдебиет 
Қазақ хандығының ішкі жағдайы 
Тәуке хан (1680-1715) билік еткен жылдары Қазақ хандығы орталықтан-дырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпааралык алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-карымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндеп алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жасақтарының жауынгер-лік кабілеті күшейді. Ішкі ауызбірліктін арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.Тәуке хан тарихқа «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған билеуші ретінде кеңінен танылды. Оның кезінде құрамында қазақ даласының данышпандары атанған аса беделді Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бар билер кеңесі құрылды. Олардың жеке тұлғалары мен аттарының өзі бүкіл қазақ халқының және Қазақ хандығының бірлігі мен біртұтас топтасқандығын білдірді. Тәуке ханның кезінде қазақтардың үш жүзінің ең таңдаулы да беделді деген өкілдері жыл сайын бас қосып, аса маңызды мәселелерді талқылап, шешім қабылдап отырды. Ондай жиын Оңтүстік Қазақстанның аумағындағы Күлтөбе деген жерде өтіп тұрды. Атақты ханның ордасы орналасқан қала қасиетті Түркістан болды. Қазақтар Сырдария өзенінің өңіріндеп 32 қалаға иелік етіп, басқарып отырды. Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыр» кезеңі деп бекер атамаған. Атақты орыс тарихшысы А.И. Левшин осы билеуші туралы былай деп жазады: «Ол оларды, тайпаларды, өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылга созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарган әділеттілігімен өзіне бағындыра білді».Тәуке ханның XVIII ғасырдың бас кезіндегі сыртқы саясаты Хандықтың біртұтас бірлігін және оның шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Тәуке хан күшті де ықпалды сыртқы саясат жүргізді. Сөйтіп ол қырғыздармен және қарақалпақтармен әскери одақ құруға қол жеткізді. Бұл шараның арқасында Қазақ хандығының аумағына Жоңғар қалмақтарының шабуыл жасауынан төнген қатерді тоқтатудың сәті түсті. Тәуке ханның бүкіл қызметі көрші халықтармен тату-тәтті, жақсы қарым-қатынас орнатуға және Қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауға бағытталды. Оның осы мақсатпен Ресейге және Орта Азия хандықтарына бірнеше рет елшілер жібергені жақсы мәлім. Оларға жүктелген міндет сыртқы жауларға қарсы күресу үшін әскери одақ құрып қайту болды.Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Мұның өзі жатжерлік басқыншыларға тойтарыс беруге қабілетті едәуір үлкен күш еді. Елдің әскери күш-қуатын нығайтқан аса көрнекті еңбегі үшін және жаумен қанды шайқастарда көрсеткен жеке ерлігі үшін оған батыр атағы берілді. 
Қазақ хандығының ыдырай бастауы 
Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болды. Оның мұрагері Қайып хан Қазақ мемлекетінің бұрынғы ұлылығын берік ұстап тұра алмады. Жаңадан келген билеп-төстеушіге сұлтандардың топтары тарапынан наразылык күшейіп, бақ таласы мен тақ таласы өрши түсті. Қазақ даласында жоғары билік жолындағы күрес шиеленісе берді. Мұның өзі дәстүрлі қазақ хандығын дағдарысты күйзеліске ұшыратты. Рулар, тайпалар және жүздер арасындағы бірлік пен байланыс әлсіреді. Баяғы алтыбақан алауыздық қайтадан қозды. Сұлтандардың аймақтық сеператизмі күшейді. Қазақтың барлық жүзінің өз ішінде келте хандары пайда бола бастады. Орталык хандық биліктің әлсіреуі Кіші жүзде – Әбілқайырдың, Орта жүзде – Болаттың, Сәмекенің, Кушііктің, Ұлы жүзде — Жолбарыстың, Иманның жағдайын әлдеқайда нығайта түсумен жалғасты. 
Бұл хандармен қатар қазақ даласында Барақ, Әбілмәмбет, Батыр, Сұлтанбет сияқты басқа да сұлтандардың беделі арта берді. Атап айтқанда, Сұлтанбет өзінің толып жатқан ұлдары арқылы Ертіс бойы қазақтарына билік жүргізді. Оның жергілікті қазақтардың арасына ғана емес, сонымен қатар шекаралас орыс өкіметі орындарына да елеулі ықпалы болды. 
Сырттан төнген қауіп-қатердің күшеюі 
XVIII ғасырдың бас кезінде қазақ мемлекетінің іштен ыдырауы күшейе түскен жағдайда, ол сыртқы алпауыт мемлекеттердің тарапынан ерекше қызығушылық тудырған нысанға айналды. Өйткені бұл кез империялық мемлекеттердің жаңа отарларды басып алуды күшейткен тұсы еді. Егер Үндістан аумағында Англияның отаршылдық экспансиясы ұлғая түсіп жатса, Ресей Швециямен соғыс әрекеттері (1701—1721 жылдар) аяқталғаннан кейін, Қазақстан мен Орта Азияға қарай көз алартты. 
Қытай мен Ресей империясы Қазақ хандығы мен Жоңғария хандығы сияқты көшпелі мемлекеттердің әлсіреуіне бірдей мүдделі болды. Ресей империясының Қазақстанмен шекаралас аймақтардағы негізгі қызметі дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуды және әскери барлау шараларын жүргізуді еселеп күшейтуге бағытталды. Бұл шаралар қазақтар көшіп-қонып жүретін шекарада әскери бекіністер желісін салуды жиілендіріп жіберді. Мәселен, 1716-1720 жылдардың кезеңінде Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында Омбы, Черкасск, Железинск, Жәмішев, Семей, Өскемен сияқты және басқа да әскери бекіністер тізбегі салынды. Кейінірек олардың ара-арасына шағын бекіністер — редуттер мен форпосттар салына бастады. 
Бұл кезде қазақтар Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Орал және Сібір Қазақтарының тарапынан мезгіл-мезгіл жасалып тұрған шабуылдардың ауыр зардаптарын бастарынан кешірумен болды. Ал олардың бәрі де патша үкіметінің қол астына қарайтын орыс бодандары еді. Қазақтарды оңтүстіктен Орта Азия хандықтарының билеушілері, ал Оңтүстік-шығыстан жауынгер жоңғар қалмақтары ығыстыра түсті. Жалпы алғанда, бұл кезде Қазақ мемлекетінің шекараларында өте күрделі де қауіпті жағдай қалыптасты. 
Жоңғарлардың Қазақстан аумағына шапқыншылығы 
Қазақстанға нақты қауіп-қатер қуатты көшпелі Жоңғар мемлекетінің тарапынан төнді. Жоңғар қонтайшылары Қазақстанның кең-байтақ аумағын басып алуға талай рет белсене әрекет жасады. Сөйтіп қазақтар мен жоңғарлар арасындағы билік жолындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды. Қазақтардың жоңғарларды «ата жауымыз» деп атауы сондықтан болатын. Екі мемлекеттің арасындағы бақталас жанжалдың негізіне шұрайлы мал жайылымдарына қызығушылық жатты. 
1697 жылы жоңғар хандығының басына жас әрі қуатты билеуші Цеван-Рабтан (1663-1727) келді. Ол қысқа мерзімнің ішінде өз хандығының әскери күш-қуатын нығайтып алды. Цеван-Рабтан өзінің билікке кіріскен кезін Қазақстанның аумағына баса-көктеп кірген шапқыншылықтан бастады. Сөйтіп 1698 жылы 40 мың жауынгері бар жоңғар әскері Ұлы жүздің көшіп-қонып жүрген шұрайлы мал жайылымы аумағына ойран салған қырғын шапқыншылық жасады. Қаһарлы дұшпан қазақтардың көшіп-қонып жүрген жерлеріне бұдан кейінгі жылдарда да талай рет әскери жорықтарға шықты. 
Жоңғар әскерлерінің Қазақстан аумағына баса-көктеп кірген ең ірі жорықтары 1710 және 1717 жылдары болды. Жау әскерлері өздерінің көптігі мен әскери-техникалық жағынан басымдығы арқасында Жетісу жерінің бір бөлігін басып алды, Жоңғар хандығы қуатты мемлекетке айналды. Ол енді Қазақ хандығына ғана емес, сонымен қатар Орта Азия мемлекеттеріне де қауіп төндіре бастады. Ресей империясы мен Қытай сияқты күшті мемлекеттерге де едәуір қауіп төндірді. 
Қазақтардың жауға қарсы күрес ұйымдастыру әрекеттері 
Сыртқы жауларға қарсы тұру үшін қазақтардың бүкіл үш жүзінің күш-жігерін біріктіру өте-мөте қажет болды. Осы мақсатпен 1710 жылы қазақ халқының беделді өкілдері жиынға шақырылды. Қазақ ақсүйектерінің құрылтайы Қарақүмда өткізілді. Онда Бөгенбай батыр бастаған бүкілқазақтық жауынгерлік жасақ құру жөнінде шешім қабылданды. Құрылтайда Бөгенбай батыр жалынды сөз сөйледі: «Таланған көштің, тұтқындалған бала-шағаның бейшара бақылаушысы болып отырман. Жаудан кек аламыз, өлсек, қару ұстап өлеміз! Қыпшақ даласының сарбаздарының жалтарған кезі болды ма?! Жаудың зұлымдығына шыдап отыра алман?! Жауға мінер түлпар құрып па?! Сұр жебе толы қорамсақ қаңырап бос қалып па?!» — деді. 
Әбілкайыр хан 
Жоңғарлар тарапынан күшті қауіп-қатер төніп келе жатқан сол бір қиын-қыстау жағдайда құрылтай жиналысы Кіші жүздің ханы етіп Әбілқайырды сайлады және оған бүкілхалықтық жауынгерлік жасаққа жалпы басшылық етуді сеніп тапсырды. Біріккен қазақ жасақтары 1711 жылы жауға тойтарыс берді. Жоңғарлар шығысқа ығыстырылып тасталды. 
1717 жылы қазақ әскерлері мен жоңғар әскерлерінің кескілескен қанды шайқастары болып өтті. Біріккен, орталықтан басшылықтың болмауы себепті қазақ жасақтары жеңіліп қалды. Жоңғар әскерлері Қазақстанның Оңтүстік аймақтарына бойлап ене бастады. 1718 жылдың көктемінде жоңғар әскерлері Жетісу жерінен енді Арыс, Бөген, Шаян өзендерінің бойына, одан әрі Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына дейін жорық жасады. Сол бір күрделі де қатерлі қиын-қыстау жағдайда қазақтар жалпы саны 30 мың адамдық әскер жинауға мүмкіндік таба алды. Сөйтіп жоңғар әскерлерін Оңтүстік Қазақстанның едәуір бөлігінен ығыстыра қуып шықты. Бірақ жоңғарлардың тағы да шапқыншылық жорық жасауының қауіп- қатері сақталып қала берді. 
Қазақтардың қару-жарағы 
Көшпелілер өздерінің қару-жарағы болуын мәртебе санады. Мәселен, кару-жарағы жоқ қазақтар құрылтай жиналысына жіберілмеді. Өздері туып-өскен кең-байтақ даланың әр сүйем жерін қорғап қалу жолында жиі-жиі күреске шығуға тура келді. Сондықтан да қару-жарағы бар, оны шебер қолдана білетін адамдарға деген құрмет жоғары еді. Қазақтарда рулық-тайпалық жасақ кұру дәстүрі де болған. Оны сол рудың басшылары басқарған. Ондай жасақтар негізінде жауынгерлік қабілеті күшті атты әскер түрінде құрылатын. Даланың әрбір тұрғыны Отанға қауіп төнгенде, елін қорғау үшін қару-жарағын асынып атқа қонды. 
XVIII ғасырдағы қазақтардың қару-жарағы 
Әр рудың, әр тайпаның өз жауынгерлік ұраны болатын. Әр қазақ бала кезінен бастап ат құлағында ойнауға және қару-жарақ түрлерін шебер қолдануға жаттығатын. Аң аулауға шығу, дәстүрлі ат-спорт ойындары және басқа да жарыс түрлері далалықтардың бойында ерекше жауынгерлік қабілеттерді қалыптастыратын болған. 
Қазақтар қару-жарақтың найза, қылыш (семсер, наркескен, селебе), садақ, айбалта, гүрзі-шоқпар сияқты түр-түрін пайдаланған. Мүмкіндігі неғүрлым мол жауынгерлер үстіне болат сымнан тоқылған сауыт, басына темір дулыға киетін. Қару-жарақтар жасайтын темір ұсталары далалықтардың құрметіне бөленетін. Тіпті темір ұсталарына табынатындар да болған. Қазақтар қайың шоқпарлар мен сойылдарды да, білтемен от алатын мылтықтарды да қару ретінде ұстайтын. Оқ-дәрі қолдан жасалатын, бірақ оның сапасы төмен болатын. Дала тұғындары мылтық пен оқ дәріні Орта Азия хандық- тарынан, кей-кейде башқұрттар мен қалмақтардан сатып алатын. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап садақ, найза, сүңгі, семсер, айбалта сияқты қарулар қолданудан бірте-бірте шыға бастады. Қазақтар ендігі жерде оқ ататын қаруды көбірек пайдаланатын болды. 
Әскери әдет-ғұрыптар 
Қазақтар әскери әдет-ғұрып жоралғыларына елеулі мән беретін. Ежелден келе жатқан әскери әдет-ғұрыптардың бірі – алғадай. Соғысатын жақтар әдетте ұрыс басталар алдында өздерінің батырларын жекпе-жек шайқасқа шығаратын. Онда жеңілген жақтың аты мен қару-жарағы олжаға алынатын. Ондай жекпе-жекке көбінесе жас та ер жүрек жауынгер шығарылатын. Ол атақты батырлардың бірінен бата алатын. Міне, ер жүрек сол жас жауынгер алғадай деп аталатын. Жауынгер жекпе-жекте тірі қалатынын немесе ажалы жетіп өлетінін алдын ала ешқашан анық біле алмайтын. Алғадайдың ең басты міндеті — қарсылас жауының көзін жою немесе ең болмағанның өзінде, оны әбден титықтата әлсірету болып табылатын. Қалыптасқан халық дәстүрі бойынша, алғадайға түсетін жауынгердің жаназасы оның көзі тірі кезінде шығарылып қойылатын. 
Пайдаланылған әдебиет 
↑ Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы. ISBN 9965-34-816-2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоңғар Шапқыншылығы 
Мазмұны 
1 Жоңғар Шапқыншылығы 
2 Қазақ хандығының Ойраттармен қақтығысы 
3 Ойрат-қытай соғыстары 
4 Үш жүздің бірігуі 
5 Болат ханның үш жүздің басын косуы 
6 Аңырақай шайқасы 
7 Абылай хан 
8 Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы 
9 Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері 
10 «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» 
11 Қазақтардың жеңілу себептері 
12 Жоңғар агрессиясының салдарлары 
13 Сыртқы сілтеме 
14 Пайдаланылған әдебиеттер

Жоңғар Шапқыншылығы.  Жоңғар Шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Ұлы Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Таһир (Тайыр) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған.

Қазақ хандығының Ойраттармен қақтығысы.   16 ғасырдың орта шені мен оның 2-жартысында қазақ хандары ойрат билеушілеріне қарсы күресте едәуір басым түскен. Өйткені бұл кезде ойрат нояндары Моғолстанға қарсы күрес және ойрат қоғамының өз ішіндегі алаауыздық салдарынан біршама әлсіреген болатын. Орыс патшасы Иван IV-нің Ноғай ұлыстарына жіберген елшісі Данила Губин Мәскеуге қазақтардың күштілігі және олардың ойраттарды бағындырғаны жайында хабарлаған. 1594 жылдың басында Мәскеуде болған Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед те осындай мәлімет келтіреді. Ол Тәуекелдің інісі Шах-Мұхамедтің қалмақтарға хан болғанын патша сарайында болған әңгімесінде баяндаған. Жоңғар хандығына біріккен төрт ойрат тайпасының шабуылдары, әсіресе, Батыр қонтайшының тұсында өрши түсті. Соның ішінде 1635, 1643 – 44, 1651 – 52 жылдары қазақ жеріне жасалған жорықтардың зардаптары ауыр болды. 1643 жылы Батыр қонтайшының туы астында 50000 жоңғар әскері Жәңгір хан бастаған қазақ жасағына қарсы ірі жорық ұйымдастырды. Қазақтарға қарсы бұл қанды жорыққа халха тайпасының билеушісі Алтын ханның баласы Омбо Эрдени әскері де ат салысты. Кейбір деректерге қарағанда бұл жорыққа Еділ қалмақтары да қатысқан. Жәңгір хан бастаған 600 ғана қазақ әскері (кейбір зерттеушілер, бұл мылтықпен қаруланған сарбаздар саны, ал қазақ әскерлері бұдан әлдеқайда көп болған деп есептейді) қорғаныс ұйымдастырып, жедел көмекке келген Жалаңтөс баһадүр сарбаздарымен тізе қосып, 10 мыңдық жау әскерінің шабуылын тежеген (қ. Орбұлақ шайқасы). 1681 – 84 жылдары қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан Қазақстанның оңт. аудандарына басып кірді. Қазақ ханы Тәуке хан шайқаста жеңіліске ұшырап, оның баласын ойраттар тұтқынға алды. 1684 жылдары ойраттар қазақ жеріне тағы да жорық жасады. Сайран қаласын талан-таражға салды. Қазақтардың әлсіреген халін пайдаланған Аюке бастаған Еділ қалмақтары да қазақтар мен оларға одақтас болған түрікмен, қарақалпақтардың біріккен әскеріне шабуыл жасады. 
Ойрат-қытай соғыстары.  1690 – 97 жылдары ойрат-қытай соғыстары Жоңғар хандығы әскерлерінің бір бөлігінің оңтүстік майданға кетуіне мәжбүр етіп, олардың қазақ жеріне шабуылдарының қарқынын біршама бәсеңдетті. Осыны пайдаланып Тәуке хан 1698 жылы ойраттарға да, Еділ қалмақтарына да күйрете соққы берді. Жоңғарлардың жаңа шабуылының басталуы 17 ғасырдың 80-жылдарында Тәуке жоңғарлардың қолында қалған баласын қайтаруды талап етті. Баласымен бірге еріп келген 500-ге жуық жоңғар жауынгерлері Тәуке ханның шешімімен өлтірілгеннен кейін қазақ-жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісе түсті. 1708 жылы жоңғарлардың жаңа шабуылы басталды. Бұл шапқыншылық Қазақ хандығының оңтүстік аудандарына айтарлықтай нұқсан келтірді. 1710 – 11 жылдары Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оларға одақтас қарақалпақтарды Ташкентке қарай ығысуға мәжбүр етті. 
Үш жүздің бірігуі.  1710 жылы Үш жүздің басын қосқан Қарақұм жиынында жауға қарсы күш біріктіріп тойтарыс беру жөнінде шешім қабылданды. Бөгембай батыр біріккен жасақтың қолбасшысы болып бекітілді. 1711 – 12 жылдары 50 мың адамдық Қазақ хандығының әскері Жоңғар хандығына басып кірді. Бұл қыста болған жорықты ойраттар күтпеген болатын. 1713 жылы ойраттардың 3000 адамы бар әскер күшінің қарсы шабуылы жеңіліске ұшырады. 1715 – 23 жылдары ойраттардың негізгі әскери күші Цин империясы әскерлеріне қарсы соғысып жатыр еді. 1722 жылы Цин императоры Кансидің өлімінен соң Севан Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына бағыштады. Кенеттен жасалған шабуылды күтпеген қазақ қолы соғысқа дайын емес болатын. Әскер күшін біріктіріп үлгермеген қазақ хандары елдің орталық аудандарына шегінуге мәжбүр болды. 1723 жылы Севан Рабданның 100 000 адамдық жасағын бастаған оның балалары Қалдан Серен мен Шоно қазақ ауылдарына басып кіріп, ойран салды. Мұндай қанды жорықтар 1723 – 27 жылдары аралығында тағы да бірнеше рет қайталанды. Бұл тарихта “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деген атпен қалған ел басына күн туған ауыр кезең еді. Тек 1726 жылы Қазақ хандығының хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары Күлтөбеде бас қосып, ойраттарға қарсы күресті қайтадан ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Қазақ халқының үш жүзінің әскери күшін топтастыруда Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер үлкен рөл атқарды. Бұланты – Білеуті өзендері аралығындағы жазықта болған жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қазақ жасақтары жау әскеріне күйрете соққы берді (қ. Бұланты – Білеуті шайқасы). 65 000 қазақ қолы шамамен 40 мыңдық ойрат әскерлерін талқандап, ірі жеңіске қол жеткізді. Қазақ жасақтары құрамында қырғыздар, қарақалпақтар да ерлікпен шайқасты. Сыр бойына жеткен ойраттар қарақалпақ ауылдарын да шапқыншылыққа ұшыратып, осының салдарынан қарақалпақтар төменгі және жоғарғы болып екіге бөлінді. 
Болат ханның үш жүздің басын косуы.  1726 жылы Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оған көршілес жатқан Орта Азия халықтарын-ың шаруаларына ауыр зардаптарын тигізді. 1726 жылы Болат хан үш жүздің хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билері мен батырларының, сұлтандарының басын қосып, Ордабасыда өткен жиында Әбілқайыр хан бас қолбасшылыққа тағайындалып, жауға қарсы жаңа стратег. шабуыл ұйымдастыру келісілді (қ. Ордабасы). Әскери күшін біріктірген үш жүз жасақтары

Аңырақай шайқасы.   Жоңғарлардың Қазақ хандығына шапқыншылығы оқиғалары  Күн-айы 1729 (1730)  Болған жері Аңырақай   Нәтижесі Аңырақай шайқасындағы жеңіс жоңғар соғысында бетбұрыс жасаған, қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті 
Соғысушы жақтары  Қазақ хандығы Жөңғарлар  Қолбасшылары  Әбілқайыр хан, Жолбарыс хан, Қанжығалы, Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай,  Пәрменді күштері Құрбандары мен қаза тапқандарыТөле би 
Аңырақай шайқасы 1728 жылдан бастап жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресте түбірлі бетбұрыс жасаған Итішпес көлінің маңындағы ауыр шайқасқа даярлана бастады (қ. Аңырақай шайқасы). Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 ж. бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды. Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тау ында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр хан жүзеге асырды. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, қаракерей Қабанбай, Кіші жүзді тама Есет, шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы шапырашты Наурызбай да қатысқан.  Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты. Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті. Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей. 
Абылай хан 
Хан 
Орнауы 1771—1781 
Таққа көтерлуі 1771 
Толық аты Уәлиұлы Әбілмансұр 
Туғаны 1711 
Қайтыс болғаны 1781 23 мамыр 
Алдыңғысы Әбілмәмбет хан 
Әулеті Орыс хан үйі 
Атасы Көркем Уәли 
Абылай хан

1738 – 41 жылдары қолбасшы Сары Манжаның 30 мыңдық әскерінің шабуылы –  ойраттардың қазақ жеріне жасаған  соңғы ірі шапқыншылықтарының  бірі. 1745 жылы Қалдан Серен қайтыс  болғаннан кейінгі Жоңғариядағы  билік үшін өзара тартыс олардың  саяси жағдайын әлсіретіп жіберді. Осыны пайдаланған Абылай хан  басқарған қазақ әскерлері жоңғарларға  шешуші соққылар беріп, Жетісу  мен Шығыс Қазақстанды қайтарып  алды. 1755 – 58 жылы жоңғарлар Цин  әскерлерінің шабуылынан кейін  тас-талқан етіліп, дербес ел ретінде  өмір сүруін тоқтатты. Жоңғар  хандығы жойылғаннан кейін 1757 – 58 жылы Қазақ хандығы өзінің  жаңа көршісі Цин империясы әскерлерімен соғыс жағдайында болып, кейіннен бітімге келді. Қытайлар Жоңғарияны толық жаулап алды, ал қазақтар өздерінің ежелгі ата мекені Жетісу, Тарбағатай, Алтай өңірлерін иеленіп, шығыстағы шекарасын бекітті. Кейіннен 1771 жылы батыста бөлініп қалған қалмақтар да Еділ – Жайық арасындағы қоныстарын тастап, қазақ жері арқылы Жоңғарияға ауды (қ. Шаңды жорық). Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте Сәмеке, Жолбарыс, Болат, Әбілмәмбет, Әбілқайыр сынды хандар қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін оятқан, әскери біліктілігімен танылған тарихи тұлғалар ретінде ел жадында қалды. Көрнекті мемлекет қайраткері, есімі жауынгерлік ұранға айналған, даңқты қолбасшы, дарынды дипломат Абылай хан бастаған еркіндік пен ерлік рухы биік, соғыс даласында тегеуріні мықты Қабанбай, Бөгембай, Баян, Наурызбай, Саурық, Бөлек, Малайсары, Шоқантай, Жауғаш, Сәмен, Өтеген, Райымбек, Қарасай, т.б. батырлардың өшпес ерлігі тәуелсіздікті аңсаған қазақ халқының тұтастығын, бірлігін сақтап қала алатындығын дәлелдеді.

Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы. 1635 жылы Батыр коңтайшы бастаған Жоңғар хандығы құрылды. Ол Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында еді. 1640 жылы жоңғарлар «Далалық жарғы» деген атпен әскери және азаматтық заңдар жинағын шығарды. Жоңғарлардың бірлігі нығайды, әскери күш-қуаты арта түсті. Соғыс жағдайы кезінде жоңғарлардың әрбір рулық бөлімшесі өте қысқа мерзімнің ішінде жауынгерлік бірлік тобына айналып шыға келді. Жоңғар хандығы жауынгерлерінің жалпы саны 100 мыңға дейін жететін қуатты атты әскер шығара алатын еді. Олардың 60 мың жауынгері бар тұрақты әскері болды. Жоңғария өзімен көрші мемлекеттердің жерін тартып алуды көксеген, барынша әскерилендірілген мемлекетке айналды. Жоңғарлықтардың рухани бірлігін қамтамасыз етуде Тибет ламалары елеулі рөл атқарды. Жоңғарларда әскери іс-қимылдар жасаудың ерекше тактикасы қалыптасқан болатын. Олар ашық кең далада соғысуға машықтанған еді. Оқ-дәріні селитра мен күкірттен өздері қолдан жасап алатын. Олардың қолынан қылыш, сауыт, дулыға және басқа қару-жарақ түрлерін жасау да келетін. XVII ғасырдың аяқ жағына қарай жонғарларда білтелі мылтық пайда болды. Жоңғарлар тіпті зеңбірек жасауды да үйреніп алды. Зеңбірек құюды оларға тұтқын болып қолға түскен швед Иоган Густав Ренат үйретті. Жоңғарларда шекаралас жатқан мемлекеттердің аумағында жүріп, қүпия ақпараттар жинаумен айналысатын жансыздардың — тыңшылардың кең жүйесі құрылды. Жоңғария тұғындары да қазақтар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі халық еді. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын. Халқының саны 1 миллионға жуықтайтын. Жоңғарлар аз ғана уақыттың ішінде Алтайда тұратын көптеген ұсақ Ұлыстарды бағындырып алған еді. Олар алым-салық төлеп тұрды, әскер қатарын толык- тырып отырды. Жоңғарияның өзімен көрші мемлекеттерге күшті қауіп төндіргені соншалық, XVIII ғасырдың бірінші жартысында тіпті Қытайдың сыртқы саяси кызметі негізінен осы мемлекетке қарсы күрес жүргізіп, оны әлсіретуге бағытталды. Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері. Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үіиіншіден, басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды кұл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай себептері болды. 
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». айXVIII ғасырдың 20- жылдарының бас кезінде жоңғарлардың Қазақстан аумағына кезекті ірі жорық жасауына қолайлы жағдай қалыптасты. 1722 жылы жоңғарлармен ұзақ уақыт бойы соғыс жүргізіп келген Қытай императоры (боғдыханы) Канси қайтыс болды. Сөйтіп қалмақтардың Қытаймен бейбіт келісім жасасуға колы жетті. Жоңғар хандығының шығыс шекарасы ендігі жерде қауіпсіз болды. Жоңғар билеушілері Еділ 
Ақтабан шұбырынды. М. Қаспақтың картинасы

бойындағы қалмақтардың ханы Аюкеге елші жіберіп, қазақтарға қарсы бірлескен соғыс қимылдарын жүргізу мақсатын көздеді. Ертіс бойында жақында ғана бой көтерген әскери бекініс желісін нығайтумен әуре болып жатқан Ресей Жоңғар мемлекетіне бәлендей қауіп төндіре алмайтын еді. Оның үстіне, Ресей көрші жатқан екі көшпелі мемлекеттің өзара қарым-қатынасына байланысты бейтарап саясат ұстауға тырысты.Қазақ мемлекетінің де, Жоңғар хандығының да өзара шайқаста әбден әлсіреп, қансырағанын күтті. Өйткені оған осылай болғаны тиімді еді. 
1723 жылдың көктемінде алдағы болатын жойқын соғысқа мықтап әзірленген, әрі қазақ хандықтарының алтыбақан алауыз болып ыдырап бара жатқанын пайдалана қойған Цеван-Рабтан өз әскерінің қалың қолын Қазақстанға қарай аттандырды. Жау жеті бағытта шабуылға шықты. Жоңғар шапқыншылығының алғашкы соққысына ұшыраған Жетісу мен Ертіс бойының қазақтары болды. Жоңғарлар ауылдарды өртеді. Малды айдап әкетті, бейбіт халықты қара шыбындай қырып салды. Өйткені жоңғарлардың шабуылы күтпеген жерден бірден төтенше басталған болатын. Сондықтан да амалы қалмаған Қазақтар малына да, үй-жайларына да, дүние-мүліктеріне де қарай алмай, бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. 
Жау әскерлерінің сан жағынан тым басым болғанына қарамай, қазақ жауынгерлері кескілескен ұрыс салып, қатты қарсылық көрсетті. Жау қолына ешкімнің де берілгісі келмеді. Әр қазақ өзімнің туған жерімді, туған-туыстарым мен жақындарымды жауыз дұшпаннан қорғауға міндеттімін деп ұқты. Қазақ жауынгерлері шегіне түсіп, қорғаныс соғыстарын жүргізді. Олар әйелдерді, балаларды, карттарды жаудың өкшелеп қууынан құтқару үшін қырғын соғыс салды. Ташкент қаласының тұрғындары қазақ әскери жасақтарының басшылығымен қаланы жаудан бір ай бойы дерлік қорғады. Жоңғарлар Ташкенттен кейін Сайрам, Түркістан сияқты басқа да қалаларды басып алды. Жаудың жойқын соғыс қимылдарын жүргізуі нәтижесінде Қазақстанның шөлді және таулы аймақтарынан өзге бүкіл аумағы іс жүзінде жоңғарлардың қолына қарады. Салыстырмалы түрде алғанда Қазақстанның батысындағы алыс аймақтар ғана аман қалды. 
Бұл кезең (1723-1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы — қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-мындаған адам қырылды немесе тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген, мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал-мүлік талан-таражға түсті, бір кезде гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар қырғыннан аман қалу үшін елдің батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейін жетті. Қазақтардың жаппай қоныс аударуы Ресей империясын және оның қол астындағыларды – башқұрттар мен қалмақтарды едәуір мазасыздандырды. Патша үкіметі өзіне бодан болған халықтарды қорғау үшін бірқатар кешенді шаралар қабылдады: шекара күзеті күшейтілді, Орал аймағында жаңадан әскери бекіністер салу шаралары қолға алынды. Қазақтардың едәуір бөлігі Орта Азия мемлекетінің аумағына қарай ойысты. Мәселен, Сырдария өзенінен өтіп кеткен Орта жүз руларын 
ың көпшілігі Самарқанд қаласының төңірегіне, ал Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Хиуа мен Бұхар хандықтарына көшіп кетті. Қазақтар басынан кешірген сол бір орасан ауыр қайғы-қасіреттің символы «Елім-ай» атты зарлы жыр болды. Оның мәтіні мен әуенін ақын, әрі жауынгер Қожаберген жырау шығарған деп те айтылады: Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, Ел-жұртынан айрылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді. Мына заман қай заман, бағы заман, Баяғыдай болар ма тағы заман! Қарындас пен кара орман қалғаннан соң, Көздің жасын көл қылып ағызамын. 
Жоңғар шабуылының өрт-жалыны өзбектерді де, қырғыздарды да, қарақалпақтарды да шарпығанымен ең ауыр соққы қазақтарға берілді. 
Қазақтардың жеңілу себептері

Информация о работе 18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы