Сталин

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2012 в 23:51, реферат

Краткое описание

Тарих беттерін ақтаратын болсақ, не бір тарихи тұлғалырды кездестіруге болады. Сондай тарих бетінде ізі мәңгілікке қалған тарихи тұлғалардың бірі бұл Сталин. Миллиондаған кінәсіз адамдардың өліміне себекер болған Сталин қоғамдық өмір мен саяси санада орын белгілеп, оны «сүйікті көсем, әке және ұстаз», «...данышпан жетекші» ретінде дәріптеуге қол жеткізді.

Содержание

І.Кіріспе бөлім
ІІ.Негізгі бөлім
Сталиннің қысқаша өмір баяны
Сталиннің жеке басыну табынудың баспасөз бетеріндегі көрінісі
Сталиндік Конституция
Сталиннің құрған жазалаушы органның жұмысы
Сталиндік биліктің салдары
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сталин готовый 2003.doc

— 81.00 Кб (Скачать документ)

Қорытынды

   Кеңестер Одағында тоталитарлық жүйе толық орныққан 1920 жылдардың соңы мен 1950 жылдардың ортасында кеңестік идеология “күнәсіз, кемшіліксіз, кіршіксіз таза көсем” мен “халық жауының” образдарын қалыптастырды. Мұстафа Шоқай кеңестік көсемге табыну турасында былай деді: «... “Известия” мен “Правда” газеттеріне басылған материалдарды оқысаңыз – осының бәрі тек Сталиннің жеке басын дәріптеп, оны тәңірге айналдыру үшін істелген бе деген ойға келесіз»

Сталин... Сталин... Сталин... Ол барлық торайлар мен бұзаулардың “құрметті атасы”, мақта маманы... Мәскеудің “жаңа сара жолы дегеніңіз – Сталинге табыну, басшыларға табынудан тұрады”.

Көптеген күнәсіз адамдардың өліміне себепкер болған Сталинді қазіргі және сол замандағы қоғамдағы адамдардің бірі жақтаса, бірі даттауда. Мысалы, Медведев

«Известия»  газетіне берген сұхбатты барысында  ол Иосиф Сталиннің Ұлы Жеңістегі  рөлінің орынсыз зорайтылып жүргенін және оның кеңес халқына жасаған  қиянатының ешқашан кешірілмейтінін  айтты. Ал Сталиннің замандасы Черчиль 1959 жылы лордтар палатасында сөйлеген сөзнде ол туралы керемет пікірлер айтқан. Бұл бір кездері Фашизмге қарсы күш біріктіріп күрескен кейін бірін-бірі бітіспес жау санаған адамдардың ауызынан ести бермейтін сөз. « Қиын-қыстау уақытта елді Сталин сияқты көреген әрі жеңілмейтін қолбасшының басқарғаны Ресей үшін үлкен бақыт болды деп білем. Ол өзі өмір сүрген қиын кезеңнің үдесінен шыққан керемет тұлға болды. Сталин ерекше қуатты, зерделі, жігерлі әрі жұмыста да өзара әңгімеде де қатал да қатты адам болатын. Тіпті ағылшын парламентінде тәрбиеленген мен өзім оған қарсы сөз таппай кейде қиналып қалатынмын. Сталин, ең алдымен ұтымды әзіл мен мысқылдың шебері еді. Сонымен бірге ол өз ойын керемет дәл жеткізетін. Мақалалары мен баяндамаларын өзі жазатын және оның шығармаларынан үнемі адамға бұйрық беріп тұратын әлдебір күш сезіліп тұрушы еді. Сталинге біткен осы бір күштің тегеурінділігі сондай, ол адамзат тарихындағы барлық басшылардан оқ бойы озық тұрғандай көрінетін. Сталин бізге керемет әсер қалдырды. Оның адамдарға ықпалы күшті болды. Бірде ол Ялта конференциясы өтетін залға кіріп келгенде, іште отырғандар бір мезетте өре түрегеліп, бір қызығы барлығы бірдей сапқа тұрғандай бойларын тік ұстап қатып қалды. Ол мүлде абдырамайтын, барлығын ақылға жеңдіретін. Сталин қиын сәттерде кез-келген күрделі мәселеде жол тауып кетудің шебері еді. Қиын кезеңде де салтанатты сәттерде де ол ұстамды қалпынан ешқашан айныған жоқ. Оны өте күрделі тұлға деп білем. Ол алып империя құрып, оны өзіне бағындыра білді. Бұл адам өз жауларын жауларының қолымен жайратып шықты. Тіпті империалистер деп атаған бізді де империалистерге қарсы күресуге мәжбүрледі. Сталин әлемде теңдесі жоқ ұлы диктатор болды. Ол Ресейді соқамен қабылдап, соңында атом бомбасы бар ел қалдырып кетті.. Жоқ! Ол туралы кім не десе о десін, бірақ мұндай адамдарды халық пен тарих ешқашан естен шығармайды» - деп Черчиль замандасы Сталиннің тұрғыластарынан тұрпаты бөлек болғанын сол кезде-ақ мойындаған.

Сталинге «қанды қол қылмыскер» деген ат тағылса да, Сталинге деген, әсіресе, қарт кісілердің ықыласы әлі күнге сөнбей келеді. Бірі «құдай» деп дәріптесе де, бірі айыптаса да, мен үшін Сталин ашылмаған сырлары әлі де мол тарихи тұлға болып қала бермек.

Сталиндік зұлымдық саясаттың құрбаны болған ата-бабаларымыздың топырағы торқа болсын! 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Т. Омарбеков: «Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері»
  2. Қазақстандағы кеңестік саяси репрессиялар мәселесінің зерттелуі (1980-ж. аяғы - 1990 ж.)
  3. Кодалаев Г.З., Багаев Ч.Н.: «Кто ты, Сталин?»
  4. Такер Р. «Сталин, Путь к власти»
  5. www.interfax-religion.ru
  6. www.google.ru

Информация о работе Сталин