Мухтар Ауезов (1897-1961)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 19:54, реферат

Краткое описание

Атасы Әуез, әжесі Дінәсіл немерелеріне Абай өлеңдерін кайта-қайта айтқызып тыңдап отырған. Ол жөнінде жазушы: «Бір қыс, бір жазда Абайды түгелге жақын жаттап алдым», – деп кейін еске алады. Бұл жас Мұхтардың мейірін қандырған қайнар бұлақтың мөлдір суындай болып, оның болашақ өміріне, шығармашылық тағдырына игі әсерін тигізеді. Атасы Әуездің жәрдемімен, бір жағынан, сол кезде ел арасына көп таралған қиссалар мен аңыздарды, өлең-жырларды, екінші жағынан Абайдың шығармаларын көп тыңдап, жаттап өскен Мұхтардың бойында көркем әдебиетке деген ықылас, құмарлық ерте оянды. 1928 жылғы «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмірбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 124.50 Кб (Скачать документ)

МҰХТАР ӘУЕЗОВ

(1897-1961)М.Әуезов туындылары  әлемдік әдебиеттің айдынына  мөлдір бұлақ болып кұйылып,  күллі адамзатқа ортақ рухани  қазынаға айналды.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов казіргі Шығыс Қазақстан  облысының Абай ауданында 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Әкесі  Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес  отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездің  өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп  оқыған, түрік, парсы әдебиетінен  хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі  адам болған.

Атасы Әуез, әжесі Дінәсіл  немерелеріне Абай өлеңдерін кайта-қайта  айтқызып тыңдап отырған. Ол жөнінде  жазушы: «Бір қыс, бір жазда Абайды түгелге жақын жаттап алдым», –  деп кейін еске алады. Бұл жас  Мұхтардың мейірін қандырған  қайнар бұлақтың мөлдір суындай болып, оның болашақ өміріне, шығармашылық тағдырына игі әсерін тигізеді. Атасы  Әуездің жәрдемімен, бір жағынан, сол кезде ел арасына көп таралған қиссалар мен аңыздарды, өлең-жырларды, екінші жағынан Абайдың шығармаларын көп тыңдап, жаттап өскен Мұхтардың  бойында көркем әдебиетке деген  ықылас, құмарлық ерте оянды.

1928 жылғы «Өз жайымнан  мағлұмат» атты өмірбаянында  жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине,  Абайды сүйемін. Менің бала  күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің  барлығы да Абайдан. Таза әдебиет  сарынына бой ұрғанда маған  Абай деген сөз қазақ деген  сөзбен теңбе-тең түскендей кездері  бар сияқты. Абайды сүюім үнемі  ақылдан туған, сыннан туған,  сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді  сүюмен барабар болатыны бар»  деп жазды.

Осы сөздердің өзінен-ақ жазушының  бүкіл шығармашылығына, жан-дүниесіне  Абай туындыларының әсер-ықпалы, үлгі-өнегесі  айрықша екені көрінеді. Әкесі  қайтыс болғаннан кейін он бір  жасар Мұхтар Семей қаласында  ағасы Қасымбектің тәрбиесінде  болып, 1908 жылы бес жылдық орыс училищесіне  түседі. Оны бітірген соң төрт жылдық мұғалімдер семинариясында оқып, 1919 жылы бітіріп шығады. Бұл кезең жазушының  ғылым-білімге деген ізденісі, орыс әдебиетімен, Батыс Еуропа әдебиетінің  таңдаулы үлгілерімен өте жақын, терең танысқан жылдары болды.

Семинарияның орыс тілі мен  әдебиеті пәнінің окытушысы В.Попов  өз естелігінде: "М.О.Әуезовпен тұңғыш рет 1916 жылы таныстым. Алдыңғы партада  отыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың денесі сыптай түзу, киімі сәнді, тап-таза, қою шашы қап-қара, кең маңдайы кере қарыс, қоңырқай жүзі байсалды, маңғаз, көзінде ақыл тұнып тұр... Қадір-қасиеті өз ортасынан  өзгеше бөлек осы жігіт орысшаға өте-мөте жетік. Ал эрудициясына бәріміз  таң қалатынбыз», – дейді. Бұдан  болашақ жазушының жан-жақты білімі, жоғары мәдениеті, қарапайымдылығы  мен адалдығы, ойының тереңдігі семинария  қабырғасында жүрген кезінде-ақ ерекше байқалғанын көреміз.

1919 жылы Мұхтар Әуезов  семинарияны бітіріп шығып, бірыңғай  әдеби кызметпен шұғылдана бастайды. Ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларын  өңдеп, қазіргі өскелең өмір  талабына сай әдебиеттің қажетіне  пайдалану үлгісін өзінің жазушылық  тәжірибесімен көрсетті. «Еңлік–Кебек»,  «Айман–Шолпан», «Қара қыпшақ Қобыланды»  пьесалары соның куәсі.

М.Әуезов 1928 жылы Ленинград  университетінің филология факультеті, Ташкент қаласындағы Орта Азия университетінің  аспирантурасын бітіреді.

1917 жылдан басталған алғашқы  шығармаларының өзінде-ақ жазушы  қазақ елінің тіршілігі мен  тынысына зер салып, терең үңіліп  зерттей отырып, көптеген тарихи  және әлеуметтік мөселелерді  көрсетуге күш салды. Бұл М.Әуезов  талантының жан-жақтылығын, білім-дәрежесінің  молдығын танытты.

1917 жылы алғашқы шығармаларының  бірі – «Қазақтың өзгеше мінездері»  Ташкентте шығатын «Алаш» газетінде  жарияланды. «Адамдық негізі –  әйел» мақаласы Семейде шығатын  «Сарыарқа» газетінде басылды.

Бұл мақалаларында казақ  халқының ғасырлар бойы талай қиыншылықтарды басынан өткізіп күресе білгенін, сонымен бірге кейбір мінезіндегі  сүйекке сіңген жаман әдеттерден арылу оңайға соқпайтынын дәлелдеп ашып көрсетеді. Мысалы, ел арасындағы парақорлық, жалқаулық, сауатсыздык, т.б. сияқты, түрлі келеңсіз әдеттерді  сынай келе, солардан құтылудың бір  жолы оқып-білім алуда жатқанын айтады. «Жалғыз-ақ үмітіміз, қаруымыз – оқығандарда. Оқығандар ендігі жас балаларды  өздері үлгі болып, надандықтан шығарып, адамшылықтың жарық жағына сүйреуге міндетті.

Соларға «қазақтың мінезін  тастап, айнымай қажымай, таза жүрекпен кемшіліктерге қарсы тұрып, бірлік жібіне жармасуынан басқа не тілей  аламыз» деп жазған еді.

 

М.Әуезовтің шығармашылығы 

«Адамдық негізі – әйел»  атты мақаласында автор әйелдің  қоғам өмірінде атқарар рөлін  дәлелдеп, ашып танытады. Әйелді қоғамдық ортаның ұйтқысы ретінде бағалайды. Әйел басындағы тұман айықпай, халыққа  адамшылықтың бақытты күні күліп  қарамайды. Өйткені адам қоғамындағы  адамгершілік ана тәрбиесінің нәтижесі. Ал өмірде әділет, мархабат, махаббат деген  нәрсенің атын естімеген ананың адамдыққа  тәрбиелеудегі өрісі қандай болмақ?

«...Ал, қазақ, мешел болып  қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді  түзе! Оны түзейін десең, әйелдің  халін түзе!» – деп нақты, дәлелді  тұжырымдайды. М.Әуезов казақ әйелінің бүкіл болмысына, жан-дүниесіне, сезім  сырына терең үңіліп, ерекше ықыласпен  суреттей білді. Әдебиеттің өшпейтін, мәңгілік тақырыбы – әйел болса, оны  жан-жақты танытып, әсемдік әлемін жеткізе бейнеледі.

Әсіресе, адамды өмір сүруге ұмтылдыратын, сол өмірді сүйіп, бағалауға  тәрбиелейтін «Абай жолы» сияқты таңғажайып шығармада, жан тебірентер әр түрлі қылық-мінездерімен, іс-әрекеттерімен  бірін-бірі қайталамай толықтырып отыратын, қиналыс-ізденісі, сүйініш-күйініші еріксіз  елжіретіп, өзіне тартатын бір топ  әйелдер бейнесін жасады.

Алғашқы басылымдарынан-ақ, жас Мұхтардың ой-өрісінің кеңдігі, білім дәрежесінің молдығы қалыптаса  бастаған азаматтық парасатының  шамасы жақсы аңғарылады.

1917 жылы «Еңлік–Кебек»  пьесасы қойылып, «Алаш», «Сарыарқа»  газеттеріңде, 1918 жылы «Абай» журналында  жиырмаға тарта еңбектері басылды.        

Қазақ топырағында драматургиялық дәстүрінің жоқтығына қарамай, басқа  елдер әдебиетінен үйрене отырып, жанр шарттарына толық сай келетін  «Еңлік- Кебек» трагедиясын жасай  білді. Драма заңдылықтарын жете меңгергенін танытты, оның ірге тасын  қалады.

«Еңлік–Кебек» пьесасы Әуезов шығармашылығында, қазақ әдебиеті тарихында  да айрықша орын алады.

1917 ж. мамыр айында Ойқұдық  жайлауында Абайдың аяулы жары  Әйгерімнің сегіз қанат үйінде  «Еңлік–Кебек» пьесасы қойылды.

Пьесаның негізгі мазмұны: Әуезов туып өскен Абай елінде, Шыңғыстау  жерінде XVIII ғасырдың сексенінші жылдарында болған қанды оқиға: бір-біріне жауласқан  екі елдің батыры Кебек пен  ару қызы Еңліктің бірін-бірі сүйіп  табысқандарын екі жақтың да билеушілері  кешірмейді. Мұның аяғы үлкен дау, ерегіске әкеліп, жан түршігер шешімге  келеді де, екі жасты ат құйрығына  байлап сүйретіп өлтіреді.

Автор халықтың аңыздық негізіне сүйене отырып, алғашкы нұсқаларға жаңаша өзгерістер енгізіп, шын мағынасындағы  сахналық шығарманы өмірге әкелді. «Еңлік–Кебек» пьесасын автор бірнеше  рет өңдеуден өткізіп, толықтырудың арқасында шытырман оқиғасы шыңыраудай терең, тіл көркемдігі керемет шұрайлы  нағыз классикалық пьесаға айналды.

Пьеса өзінің өзек жарды сырын  толғайтын Абыз монологінен басталады. Абыз бейнесі болашақты болжауды көксеген ел арманынан хабар береді.

Абыз – халық арманының  қасиетті идеясын арқалаушы жан. Мысалы, мәтінге үңілсек:

 

Құйрығы жоқ, жалы жоқ 

Құлан қайтіп күн көрер.

Аяғы жоқ, қолы жоқ

Жылан қайтіп күн көрер!

 

Жазушы Абыздың осы  толғауынан белгілі Асан қайғының үніне  үн қосып айтқан сөздерімен ұластырады.

 

Тұнығым ылай болды,

Уа, тұнығым ылай болды.

Қуғыншым кұмай болды

Құтылар кайран жоқ,

Сор қамар сыңай болды... (Асанша )

Алданар жоқ, арман көп.

Кәрім қайтіп күн көрер!

Жарастық жоқ, жалын жоқ,

Жарым қайтіп күн көрер!

Барары жоқ, байлау жоқ,

Ерім қайтіп күн көрер!

Бәріңнің де нәрің жоқ,

Елім кайтіп күн көрер?..

 

Бүкіл халқының ой-арманын, мұң-шерге  толған тағдырын зарлап, күңірене жеткізуі тыңдаушыға ерекше әсер ететіні сондай, Абызбен бірге толғанып, үн қосып  күңіренесің. Іштегі шерді сыртқа шығарғың келгендей, жалын атып аһ ұрасың, күрсінесің.

Абыз – имандылықтың насихатшысы, бұл – пьесада халық даналығының  символы ретінде көрінеді. Драмада  әр кейіпкер сөзі өзін таны деп тұрғандай.

Батыр Кебек пен батыр  Есен

 

Батыр Кебек. ...Өз көңілімді  барласам, дүние бәрі дос. Жарқыраған күн де дос, тұнжыраған түн де дос. Бәріне де жаным шат!... Сүйерім мен  сүйсінерім мүлде көп. Саусақ құрам  – ән сүйем, жалын ұрам – жар  сүйем. Қазірде, міне, сүйгендеймін, ынтығамын. Бірақ қайда сол, кім сол өзі, кезікпедім, таппадым. Тек алдымда  нәркес қана қара көз. «Ізде мені, тап  мені!» – деп, тұнжырап қана бір  қарап, наз тастап қана бір кетеді!..

Бұл сөздер жалғыз Кебек сөзі емес, Кебек сияқты жас адамның  ішкі толғанысы, жан сыры екені толық  көрініс береді. Пьесада батырдың жігіттік адамдық қасиеттері, ақыл-парасаты Еңлік сөзіне берілген жауаптан анық байқалады. Драманың барысы халық поэзиясының  дәстүрлі ізімен астасып жатыр. Еңліктің ата-анасымен қоштасу өлеңінен мұң  боп төгілген көздің жасын көреміз. Жылап тұрса да ертеңіне үміт артқан Еңліктің жүрек жарды сырын танимыз. Мысалы:

 

Ата-анам ақ батаңды аттап  кеттім,

Тентек ел талқысына тастап кеттім.

Болсам да шұбар жылан  іштен шыққан,

Қарғамас деген сенім  сақтап кеттім.

Туған ел, амандасам жас-кәріне,

Бірге өскен құрбы-құрдас, дос – бәріңе.

Жарасқан әзіл-сауық аға, жеңге,

Аласың мені не деп естеріңе!

Аман бол, Найза шоқы, тоғайлы  өзен,

Өрістен қой асатын тұмсық кезең.

Бөрлі мен батыр шыққан Қарауылым,

Ен дала көркі болып  жалғыз бізбен.

Білмеймін қандай асу жолда  жатыр.

Құз бе екен, қиял ма екен таңдай татыр.

Сиынып аруақ пен бір  құдайға,

Ұстадым етегіңнен баста, батыр!

 

Енді бірде жас ару:

 

Жар көрсе сүйінеді сағынған жас.

Толқытпай ауған көңіл  ерікке қоймас.

Сұраймын уәдені ұстап  келді ме деп,                         

Бауырына, жан батырым, айтшы  жартас! –

 

дей келе, өз құпиясын білдіреді.

...Мен төкпеген жас,  шертпеген шер бар ма еді  бауырыңда. Игілік пен сәті  сәскеде келтір жалғыз арман  жанымды...жалғыз тірек жарымды!..

Алып ұшқан, асқақ албырт сезімді танып, қыз жүрегінің  лүпілін естігендей әсерге бөленеміз.

Еңлік мінезінің ұстамдылығы, аз күндік қызыққа қызығу емес, баянды сүйіспеншілікті аңсаған жүрек  дүрсілі, арман-тілегі Кебек пен  арадағы диалогте жақсы ашылған. Осының бәрін жазушы мейлінше көркем бейнелейді. Сөз сиқыры, суреткерлік  шеберліктің құдіретті күшін  тани түсеміз.

Батыр Есен. Ол даңғой, мақтаншақ, өркөкірек, оңай алдауға түсіп қалар  аңғал түрінде суреттеледі.

Абыз сөзіне тосылып жауап  таппай сасқалақтаған түрі... «Болды, баба! Тоқта, баба, толас бер. Жеңілдім, жеңдің сен мені...»

Ел намысы үшін жаумен егесудің орнына, өзіндей батыр Кебекпен бәсекелесуінен Есеннің үйтентек (ұсақ) батыр екеніне  шүбә келтірмейміз. Бұл азаматтыққа  үлкен сын екенін түсінген оқырман  тағы еріксіз ойланады.

«Еңлік–Кебек» пьесасы қазақ  әдебиетінде ғана емес, тарихы үлкен  ірі әдебиеттердің осы жанрдағы үлгілерімен теңдес түсетін шығарма. М.Әуезовтің драматургия саласындағы  еңбегі қазақ көркем өнерін ілгері дамытуда, ұлттық театр шаңырақтарын көтеруде ерекше рөл атқарды.

Драма театры 1926 жылы өзінің шымылдығын тұңғыш рет «Еңлік–Кебек»  трагедиясымен ашады.

Әңгіме қазақ әдебиетінде  нағыз көркем жанр ретінде М.Әуезов суреттеуінде жаңа тың, өзгеше сипатқа  ие болды.

Жазушының еуропалық прозаның деңгейіндегі алғашқы көркем шығармасы 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні»  атты әңгімесі. Жазушы өмір шындығын, заман  сипатын, адамның тіршілік-тынысымен  байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп  жеткізеді. Оқиға басталғаннан-ақ оқушыны  қорқынышты бір үрей сезімі билейді.

Тағдыр тауқыметін арқалаған  жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап калуы кімді  болса да тебірентпей қоймайды. Тек  Ақан сияқты қатыгез, жауыз болыс  қана міз бақпай, өзінің айуандық бет-пердесін біртіндеп ашады. Жас қызды зәбірлеп, зорлық көрсетуі Ақанның азғындығын, адамгершіліктен жұрдай екенін дәлелдейді. Сондай-ақ оқырман Ақан, Қалтай сияқтылардан ешқандай жақсылық күтуге болмайтынын  түсініп, ұғынады. Қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған Ғазизаның  әкесінің моласына барып, үсіп өлуі себебін  жазушы өте анық та дәл шебер суреттейді: «Бұлардың басынан тағдырдың  дауылы жаңадан ғана соғып өткен. Қораның алдындағы жас бейіт  сол дауылдың салдарынан туған. Бұл  әйелдердің қуаныш-қызығы да, үміт-қорғаны  да сол суық қабірге өліктермен бірге  көмілген. Ол қабірде жатқан – Ғазизаның  әкесі – Жақып және жалғыз кішкене  бауыры – Мұқаш».

«... Ғазизаның шашы азырақ дудырап қапты. Денесінің жартысын қар басқан. Әкесінің бейітіне жабысып, қасіретті өмірдің ақырғы қуатын сол жерге берген екен. Өлер сағатына шейін қабағын басқан қайғы бұл  уақытта ыдыраған, ізі қалған жоқ. Балалық жүзінде: «Менде жазық жоқ, мен тазамын» деген ашық тазалықтың белгісі, қайғы - қасіреттен сейілген жас  баланың ажары бар».

Әңгімеде жазушы ескі өмірдің  бір елесін көрсетіп, пасық әрекеттерден аулақ болуға оқушыға ой салады. Мұнда автордың ең негізгі түйін-тұжырымы –жауыздық ешқашан да адамшылықты, тазалықты жеңе алмайды.

Информация о работе Мухтар Ауезов (1897-1961)