Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 23:35, реферат
Мақалада әлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі – есімі атақпен бірге аңызбен ілесіп жүретінін Ақсақ Темірдің қоғамдық саяси қызметі мен жасампаздық өнері көрсетіледі. Автор зерттеу еңбектері мен мерзімді басылымдар мағұлаттарына сүйене отырып, Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің дамуына Темір империясының ықпалы мен салдарын жан-жақты қарастырады.
Әмір Темір есімі біздің ұғымымызда айтулы жаулап алушы, әйгілі жаһангер есебінде Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғыс хан, Батый ханмен бірге аталатыны белгілі. Кезінде 27 мемлекетті қол астына бағындырған «әлем жаулаушысының» ғұмыры, жорық жолдары мен оның салдары әрқашан өзекті болып келді. Темірдің балалық кезі мен жастық шағы туралы мәліметтер дерек көздерінде өте аз жазылған.
РЕФЕРАТ
«Әмір Темірдің саяси қызметі»
Орал 2013ж
«Әмір Темірдің саяси қызметі»
Мақалада әлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі – есімі атақпен бірге аңызбен ілесіп жүретінін Ақсақ Темірдің қоғамдық саяси қызметі мен жасампаздық өнері көрсетіледі. Автор зерттеу еңбектері мен мерзімді басылымдар мағұлаттарына сүйене отырып, Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің дамуына Темір империясының ықпалы мен салдарын жан-жақты қарастырады.
Әмір Темір есімі біздің ұғымымызда
айтулы жаулап алушы, әйгілі жаһангер
есебінде Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғыс
хан, Батый ханмен бірге аталатыны
белгілі. Кезінде 27 мемлекетті қол астына
бағындырған «әлем жаулаушысының» ғұмыры,
жорық жолдары мен оның салдары әрқашан
өзекті болып келді. Темірдің балалық
кезі мен жастық шағы туралы мәліметтер
дерек көздерінде өте аз жазылған.
Әмір Темір 1336 жылы 8 сәуірде Маураннахрдағы
Кеш қаласында, қазіргі Шахрисабзда, Самарқанның
оңтүстігінде орналасқан жерде дүниеге
келген десе, кейбір зерттеулерде Темір
1333 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Ал Грановский
өз еңбегінде Темір Самарқанда 1336 жылы
9 сәуірде Шыңғыс ханның ұлының, Шағатайдың
иелігінде дүниеге келген деп келіп, ол
қолына қан уыстап, шашы ақ болып туылған
деп көрсетеді. Оның анасы Шыңғыс хан тұқымынан
шыққан, ал әкесі шағатай тұқымындағы
әміршілердің бірі болған, бірақ оған
үлкен мұра қалдырмаған [1].
Темірдің туған жылы туралы монғол, қытай
деректерінде 1333, араб, парсы деректерінде
1336, ал еуропалық қайсыбір деректерде
1337 жыл деп жазылған. Дегенмен, 1996 жылы
ЮНЕСКО-ның шешімімен Өзбекстанда Әмір
Темірдің 660 жылдық мерекесі болғанын
ескеретін болсақ, оның дүниеге келуі
туралы деректердегі түрлі мәліметтер
мен зерттеулер денінің негізінде Темірді
1336 жылы 9 сәуірде Шахрисябздың оңтүстік-батысында
Қожа-Илғыр ауылында дүниеге келген деген
қорытынды жасауға болады. Темір кезеңіндегі
тарихшылар оны Шыңғыс хан тұқымына жақын
тұлға ретінде көрсеткісі келді, яғни
оны Шыңғысхан әулетімен туыстық байланысты
қалыптастыруға тырысты. Клавихоның «Күнделігінде»
де Темірдің әкесі шағатай тұқымынан шыққан
орташа топтағы танымал кісі болғанын
айтады [2]. Ал Бартольд Темірдің әкесі
Барлас руынан шыққан, мұсылман дінін
ұстанған Тарағай «ноян» немесе әмір болса,
анасы Текене-катын болған деп көрсеткенімен,
оның 1360 жылға дейінгі өмірін ашып көрсетпейді
[3].
Әмір Темірге байланысты дерек көздерінде
Темірдің маңғолдық Барлас тайпасынан
деп көрсетеді. Моңғолдың «Құпия шежіресінің»
желісіне жүгінсек, Темірдің шыққан тегі
төмендегіше суреттеледі: «Барластар
Боданчардың некесіз әйелінен туған Хачи
Хүлэгтен тарайды. Хачи Хүлэгтің ұлы Барулудай
деген болыпты. Өзі мығым денелі, тойымсыз
мешкей болғандықтан Барулас атанады.
Хачуланның бір ұлы алдына қойған асын
түгесіп жеп қоятындықтан оны үлкен Барулас,
енді бірі алдындағы асын тауысып жей
алмайтындықтан кіші Барулас деп атаған.
Кейін олардың арасынан білімді Барулас,
Тодойлық Барулас дегендер шығып, барлығы
Барулас атанады» делінген [4]. Рашид ад-Диннің
шежірелер жинағында Баруластарды Тумбинай
шешеннің үшінші ұрпағы Хачуланның ұлы
деп көрсетеді [5]. Зерттеушілер барластарды
маңғол тайпаларының Нирундық тобына
жатқызады [6]. Шыңғыс хан 1206 жылы Ұлы моғол
мемлекетін құрғанда барластарды еліне
ерен еңбек сіңірген осы тайпадан шыққан
түлегі Хубылайға ел етіп берген. Шыңғыс
ханның 1219-1224 жылдары Орталық Азияға жасаған
шабуылы кезінде барластың еркек кіндіктері
моңғол әскерінің қатарына тай-тұяғымен
аттанып, Шағатай ұлысы билігінде Мауреннахрға
келіп орын тепті [4, 618 б.].
Орыс жылнамаларында Темірдің жас кезі
туралы жан-жақты жазылмаған. Тек онда:
«Темірдің жастық шағы туралы келтірілген
мәліметтер Клавихоның мәліметтерімен
ұқсас келеді, тек «темір ұстасы мен кәсіпшілікпен»
айналысқандығы туралы тың жайттар айтылды.
Ал Ибн Арабшахтың дерегінде Темірдің
әкесі кедей ұсташы болып, оның қой ұрлап
жатқан сәтте оған садақтың жебесі тиіп
жараланғандығы туралы айтылады. Сонымен
қатар Ибн Арабшах кез-келген тонаушылық
әрекетке оның соңынан еретін нөкерлердің
санының ұлғайғандығы туралы да баяндайды.
Деректерде келтірілген мәліметтерде
Темір туралы аңыз әңгімелер көп болғандықтан,
ал жылнамалар асыра сілтеушілікпен жазылғандықтан
деректердің нақты шынайылығын ажырату
қиындық тудырады. Дегенмен зерттеушілердің
ғылыми мәліметтері бойынша Темір 1336 жылы
Бұқара аймағының батысындағы Кеш (қазіргі
Шахрисябз қаласы) маңайындағы Қожа Ылғыр
ауылында Тарағай бектің отбасында дүниеге
келген. Әкесі – бек лауазымы бар барлас
ақсүйектерінің бірі. Ол ХІҮ ғ. басында
Қашқандария аймағына келіп, қоныс тебеді.
Темір осы қыстақта барлас ұлдарының арасында
әскери ойындарға жаттығып балалық шағын
өткізеді [4, 619 б.].
М.М. Герасимовтың Темір мәйітін зерттеу
қорытындысы бойынша оның бойы бойы шамамен
172 см. құрағанын және физикалық жетілген
өте мықты тұлға болғанын көрсеті. Оның
шашы өз қатарларына қарағанда әлдеқайда
ақшыл болған [7]. Герасимов қалпына келтірген
бет-пішініне және терісінің ақ түстілігіне
қарап, кейбір ресейлік зерттеушілер:
«Ақсақ Темірдің тегі еуропалық болған»
дегілері келеді. Олардың мұнысы Темірдің
Ресейді Алтын Орданың езгісінен құтқарғанына
да байланысты болар.
Темір түрік, тәжік тілінен өзге парсы
тілін де жақсы меңгерген, ғалымдардың
тарихи шығармаларын тыңдап, сөйлесуді
ұнататын және өзінің әңгімелерімен мұсылман
тарихшыларын таң қалдыратын. Бұл туралы
Академик В.В. Бартольд Темірдің өзі түркі
тілінен өзге парсы, тәжік тілдерін еркін
меңгерген. Али Йездидің хабарлауынша
ғалымдар түркі және тәжік тілдерінде
жазған және кеңес өткізген. Ол көшпелілікпен
қатар сол кезде билік барлас бегі Қажы
Барластың қолында болған Шахрисябзға
жиі барып тұруының арқасында қала өмірін
де жақсы білді.
Әмір Темірдің «Әмір Темір аманаты» кітабында
оның жастық шағы туралы мәліметтер айтылады:
«Жеті жасқа толғанымда, мені медресеге
тапсырды және қолыма сөздер кестесін
ұстатты. Оқи бастадым, жетістіктерге
кереметтей сүйіндім. Тоғыз жасқа толғанымда,
бес уақыт намазды үйрендім және мектептегі
барлық оқушыларға бастық болып алдым.
Өзім қатысқан барлық жиындарда ғұламалардың
жанына отыруға ұмтылдым. Тіземен шөкелеп
отыратынмын. Үлкендерді құрметтеуді
әдетке айналдырдым. Көшеде балалармен
ұрыс-ұрыс ойынын ойнап, өзімді әмір етіп
тағайындадым, ойынды басқаратынмын және
бір топты екінші топпен ұрысуға машықтандыратынмын»
[8].
1348 жылы 12 жасында Балық әмірі Қазағанның
әскерилерінің қатарына алынды. Ол қарапайым
әскери міндетін атқара жүріп-ақ барластарды
өз айналасына топтастыра бастайды [4,
619 б.].
Атақты тарихшы Арабшах Темірді тиран
және жауыз ретінде атаған оның қарсыласы
ол туралы былай айтады: «Темір мығым денелі,
ұзын бойлы, кең маңдайлы, кең кеуделі,
зор дауысты және оның күшіне жететін
жан болмағандығын айтады. Оның ұзын сақалы
болды, оң аяғы мен оң қолы мертік болған.
Ол 80 жасқа жетпей қайтыс болғанымен, ол
өлген шағында өзінің қаталдығы мен ақылынан
еш айырылмаған. Ол өтіріктің жауы болған,
әзілдер оны қызықтырмаған, шындық ащы
болса да, оны жаны сүйен. Өзі тұрған жерде
қарақшылық, өлтіру мен әйелдерге деген
зорлық-зомбылық туралы айтқызбаған. Сәтсіздіктер
немесе жеңістер оның еңсесінің түсуіне
еш әсер етпеген. Ол өзін сыйлата білетін
және әскеріне жолдас болған».
Өз замандастарының арасында беделін
көрсетіп, қолбасшылық өнерін ерте байқатады.
Сондықтан да Темірдің жас кезінде өзі
секілді жас барластар оның нөкері болуға
ұмтылған. Оның жас кезінде өзінің әкесі
секілді үш-төрт нөкер ғана болған. Клавихоның
жазуы бойынша: ол өзінің төрт бес қолшоқпары
арқылы көршілерінің малдарын тартып
ала бастаған. Біртіндеп жас Темір жақсы
қаруланған, шағын атты әскер жинақтайды
және оларды саудагерлердің керуендері
мен көршілерінің жеріне олжа алуға жіберіп
тұрған. Жорық сәтті болған кезде «ол өз
адамдарымен тойлаған; ол мықты әрі қайрымды
болғандықтан олжаның бір бөлігін өз адамдарына
үлестірген, сондықтан да оның айналасына
300-ге жуық салт атты әскері жасақталды».
Осы кезден бастап ол өзі және айналасындағылар
үшін жер-жерлерді аралап, ұрлау мен тонаумен
айналысқан. Темірдің батырлығы, мәрттігі,
адамдарды тани білуі мен өзіне көмекшілерді
таңдауы мен қолбасшылық ерекше қабылеті
барластар мен көшпелі әскери жастардың
арасында асқан беделдік әкелді [3, 20 c.].
Оқырмандар мен тарихшылар үшін де Ақсақ
Темір тұлғасы толық ашылмаған жұмбақ,
тарихи дүниеде қарама-қайшылыққа толы
тарихи тұлға болып келеді. Оның өмірі
туралы жан-жақты баяндаулар Тоғылық Темірдің
жорығынан басталады. Бірақ Ибн Арабшахта,
орыс жылнамасы мен Рюи Гонзалес де Клавихода
1360 жылға дейінгі Темірдің биографиясын
айқындайтын кейбір жайттар келтірілген.
Темірдің үстемдікке деген ұмтылысы 1360-1370
жылдардағы шапқыншылықтар сол кезеңде
салтанат құрған әлі де болса құдіретті
Алтын Ордаға қарсы бағытталды. Бірақ
оны күйретпестен бұрын Темір семсерін
өзінің ең жақын көршілері – Ақ Орда мен
Моғолстанға сілтеп, олар Темірдің Орта
Азиядан тыс жерлердегі агрессиясының
алғашқы нысандарына айналды. Ақ Орда
мен Моғолстанның шаруашылық және саяси
тәуелсіздігінің нығаюына кедергі жасап
бақты. Темір 1370-90 жылдарда бұл мемлекеттердің
аумағына оннан астам шапқыншылық жорықтар
жасады.
Төл тарихымызды таразылап, ұлтымыздың
бастан өткерген осы кезеңде өткерген
дерек көздеріне тоқталып өтетін болсақ,
Темірдің өмірбаяны қиян-кескі тартыстарға
толы аса күрделі тұлға. Оның жалпы алғанда
тарихи-саяси өмірбаянын екі кезеңге бөліп
қарастыруға болады. Алғашқысы 1370 жылы
ол Мауреннахр билігін басып алғанға дейінгі
уақытты қамтиды. Бұл кезеңде Темір қатардағы
барлас ақсүйектерінің ұлы Темір билік,
мансапқа ұмтылған жанкешті күресімен
айшықталады. Бұл жерде Темір билікке
тікелей Қазақстан аумағында салтанат
құрған Ордалармен күрес жүргізуі мен
олардың арасына іріткі салып жеткендігін
байқауға болады.
Моғолстанның құрылуы өзі пайда болғаннан
былай саяси және экономикалық жағынан
алғанда біртұтас бола алмаған. Оның территориясы
тұрақты болмады, Жетісу аймағы Моғолстанның
солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Моңғол
ханы Тоғылық Темір алғашқы жорыққа Жетісуда
1360 жылы аттанды. Тоғылық-Темірдің түрік
әмірлерінің оған қарсылық көрсетпейді
деген болжамы жүзеге асты. Шахрисябтың
әміршісі әмір Хаджи Хорасанға қашты,
ал қалған әмірлер өз еркімен Моғолстан
ханына бағынды. Олардың ішінде барлас
руынан әмір Темір Тоғылық-Темірге өздерінің
берілгендігін білдірді, сол үшін Кеш
қаласын басқару соған берілді [9, л. 9а.].
Моғол ханы жауланған аймақты басқаруға
беру барысында өзін Шағатай әулетінің
мирасқоры құқында жүзеге асырды [4, 48 с.].
Моғол әскерінің одан былайғы жорықтарына
халықтың қарсылығымен қатар моғол әскерлерінің
түскен олжаны бөлісе алмаулары да өзінің
кері ықпалын тигізіп, олар хан ордасына
қайта оралды. Мұхаммер Хайдар Дулати
мен Шараф ад-Дин Али Йазди Тоғылық-Темірдің
Моғолстанға қайта оралу себебін көрсетпейді.
«Темір жазбаларында» Тоғылық-Темірдің
қайта оралу себебін «Жоғарыда аталған
әмірлердің өзара келіспеушілігімен қатар,
оларды ханға қарсы шықты деп көрсетеді».
Бүліктің сыртқы себебі әмірлерді бұрынғы
қолбасшы лауазымынан алып тастауымен,
және Мәуреннахр тұрғындарынан «шамадан
тыс заттай және ақшалай сыйлық» талап
етулері. Сонымен қатар бүлік ұйымдастырған
әмірлер Моғолстанға барып, онда ханға
қарсы әрекеттерін жалғастырған [10]. Бүлікті
басу үшін моғол ханы Мәуреннахрды бағындыруға
бағытталған алдағы әрекеттерін доғара
тұруға мәжбүр болды. Келесі жылы Тоғылық
Темір өзінің Мәуреннахрға жорығын жалғастырды.
1361 жылдың көктемінде ол Моғолстаннан
шықты, Барлас әмір Хаджи қайтадан Хорасанға
қашты. Әмір Темір өзінің берілгендігін
айтады, осылайша оған Кеш қаласы беріледі.
Осылайша Темір 25 жасында Хаджи Барластың
орнына үлкен болмаса да бай елді мекеннің
түмені болады. Осы тұста мұсылманшыл
Темір пұтқа табынушы Тоқылық Темірді
түбегейлі қолдамайды [4, 619 б.]
1361 жылы Темір Казаганның немересі әмір
Хусейнмен қарым-қатынасын нығайта түседі.
Олардың одағы туыстық қатынаспен жақындаса
түседі: Хусейннің әпкесі Улджай Туркан-аганы
Темір өзінің жары етіп алады. Бұл кезеңде
екі әмір де Мәуреннахрдағы беделді тұлғалар
болады. Бірақ бұл одақты екі жақта жеке
мүдделері үшін пайдаланып, үлкен олжаларды
жаулап алуда күш біріктіреді. Бірақ бұл
кезеңде олардың жорықтары сәттілікпен
аяқтала бермеді, мәселен, 1362 жылы олар
62 күнді Махан өңірінде (қазіргі Мары)
түрімен Али-бекте тұтқында өткізеді.
Біршама уақыттан кейін олар Сеистанға
барады және осы аймақта олар өлім аузынан
калады. Жоғарыда аталғандай Темір оң
аяғы мен қолынан қатты жараланып, өмір
бойы оң аяғы ақсап калады.
Темір моңғол ханында ұзақ қызметте болмайды.
Моғолстанға қайта оралған Тоғылық Темір
хан Мәуреннахрда өзінің билеушісі ретінде
ұлы Ілияс-Қожаны қалдырды. Бірақ моғол
әскербасылары оның көмекші басқарушысы
(соправитель) әмір Темірге қарсы бүлік
шығарады Осы жағдайды пайдаланған әмір
Темір сол сәтте-ақ Тоғылық Темірдің ұлының
қасынан кетіп, әмір Хұсайынмен бірге
Моғолстан билігін түсіруді көздейді
[11]. Темір Балық қаласының әмірі Хусейнмен
ымыраласып Тоғылық Темірге қарсы бас
көтеріп, жеңіліске ұшырап хорезмдік Тахир
батыр әскерінің қоршауында қалып, 10 адамымен
қоршаудан әрең құтылады. Сөйтіп ол Түркістан
арқылы Хорасанға келгенде адамының саны
200-ге жетеді. Бұқараға өтер жолында оның
басқаруындағы адам саны 2000-ға жетіп, Балыққа
4000 қол болып оралады. Темірді қолдағандардың
дені өзінің барластары еді. Бірақ ол алғаш
Мауреннахрдан қуылғанда Темір атымен
кетіп Балыққа қайтып оралғанда «Ақсақ
Темір атанып оралады».
Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшы -
Ақсақ Темірдің есімі атақпен бірге аңыздар
да ілесіп жүретінін ескерсек, Темір туралы
түрлі аңыздар жетерлік. Солардың бірі
Темірдің «Ақсақ Темір» аталуы. Біреулер
оның ақсақтығын іштен біте туған кемістікпен
байланыстырса, екіншілер кезінде қарақшылар
басшысы болған жігіттің аяғана барымта
кезінде жебе қадалған дейді.
Клавихо Темірдің жас кезі туралы мәліметтерді
Орталық Азиядағы даңқты әмірдің айналасындағы
жайттардың барлығынан хабардар болған
тұлғалардан жазған. Темірдің ары қарайғы
ғұмыры туралы баяндай келе Клавихо Сеистанда
болған жайттарды келтіреді. Бірде түнде
Темір «бір отар қойға шабуыл жасап, сол
кезде сеистандықтар келіп қалып, оған
және оның адамдарына шап береді, көпшілігін
өлтіріп, оны аттан құлатып, оң аяғын жаралайды,
соның салдарынан ол ақсап, екі оң саусағынан
айрылады». Осы кезден бастап Темірді
«Ақсақ Темір», ал европалықтарда Темірлан
деген лақап атқа ие болады.
Оқиға З. Қинаятұлының еңбегінде төмендегіше
баяндалады: «Темір Мауреннахрдан аз адамымен
қашып шығып Парсының Сеистан өлкесіне
өтер жолында болған бір шайқаста садақ
оғынан оң қол, оң аяғынан жарақат алады.
Осы оқиғадан кейін оны парсылар «Тимурленг»
немесе «Ақсақ Темір» атандырады. Оның
бұл лақап аты жер жүзіне тарап, орыстар
– Хромой Тимур немесе Тимур десе қазақтар
– Ақсақ Темір, Өзбектер – Әмір Темір
деп атандырды [4, 619 б.].
Тоғылық Темірдің 1362-1363 жылы қайтыс болуына
байланысты Хан тағына отырған Ілияс-Қожа
1365 жылдан бастап Шағатай иеліктерін біріктіру
үшін жаңа әрекетке көше бастайды. Тоғлық-Темірдің
өлімінен кейін Мәуреннахрдан қуылған
Ілияс Қожа өз жағдайына көндікпей, Мәуреннахрға
жорыққа дайындалды. 1365 жылы Хусейн мен
Әмір Темір мұны біліп, Ілияс Қожаға қарсы
әскер жинады. Темір өз әскерімен оны Чиназ
бен Ташкент аралығында Сырдарияның жағасында
1365 жылдың 22 мамырында қарсы алады. Шайқас
тарихта «Батпайқы шайқас» («Джанг-и лой»)
деген атаумен белгілі, себебі шайқас
күні қатты жауын жауған және де ол әскердің
жағдайын қиындатып, аттар тайғанап құлай
бастаған, алайда шайқаста жеңіліс тапты.
Әмір Темірдің соғыс барысында жеңіліс
табуының басты себебі Хұсайынның сенімсіздігі
мен соғыс кезінде батыл әрекеттерге бармағандығы
салдарынан болса керек [12]. Моғолдардың
соғыста жеңіске жетуі әскердің Моғолстанға
жолын ашты, Муин ад-Дин Натанзидің Моғолдардың
Самарқандқа бара жатқан жолындағы тонаушылық
әрекеттерін төмендегідей баяндайды:
«Жеңістен кейін моғолдар елде тонаушылық,
зорлық әрекеттермен айналысып, өлтіріп
қарақшылық әрекеттермен айналысты» [13].
Темір мен Хұсайын Самарқандты тастап,
Амударияға қарай кетті. Бірақ моғол ханы
қаланы ала алмады, сербедарлар басқарған
қала халқы қатты қарсылық көрсетті [11,
С. 53]. Ұзақ қоршауға алу моғол әскерін
қатты әлсіретті. Моғолстан аттарына індет
кеселі тиіп, бұдан аттарының көбі қырылып,
әрбір төрт жауынгердің арасында әзер
ғана бір аттан қалды. Моғолдар қаладан
шегінуге мәжбүр болды. Моғолдардың шегінуінің
басты себебі қала халқынының қаһармандық
күресі болған еді [13, С. 330].
Ақсақ Темір 1366 жылдың көктемінде 30 жасында
Балықтың әмірі Хусейнмен бірлесіп, Кан-Гиль
аумағында болады. Екі әмірдің арасында
сербедарларға қатысты түсінбестік туындайды,
онда Хусейн Темірдің сыбайластарының
біріне оған «қарыз» деген желеумен ақша
талап етеді. Олар «батпақты шайқас» кезінде
өз мүліктерінен айрылып, қиын жағдайда
болады, ал Темір оларға көмек көрсету
мақсатында өзі келеді. Бұл Самарқан мен
Мауреннахрды азат етіп, ондағы Моғолстан
билеушілерін қуып шыққан және бас билік
Хусейннің қолына өтіп, Темір Кеш пен Қарши
билеушісі болып тағайындалады. Осы кезеңде
Темір мен Хусейннің бір-біріне бөгет
болғандықтары байқала бастайды. Екеуінің
арасында Кебек хан мен көшпелі шағатай
бектері арасындағы секілді ашық теке-тірестер
болмағанымен, Темір Хусейнге қарағанда
қала халқы мен діндарлар арасындағы талапты
жақсы түсінді [3, С. 23].
60-жылдардың соңында Хусейн Балық қаласын
нығайтуға кіріседі. Ол Хиндуван – цитаделді
қайта салып, қабырғаларын қалпына келтіреді.
Темір бұл әрекеттердің барлығы оған қарсы
бағытталғанын жақсы түсінеді. Ол Хусейнге
Балықта жаңа қамалдарды салмауды сұрайды,
бірақ Хусейн оның сөзіне құлақ аспайды.
Сонымен қатар Темірдің жұбайы Улджай
Туркан-аганың өлімінен кейін екеуінің
арасы мүлдем үзілді [13, С. 43].Осы кезеңде
Темір Хусейнге қарсы шығуға бел буады.
Темір 1370 жылы Балыққа қарулы қолмен шабуыл
жасап, қаланы алады. Ал бойын қорқыныш
билеген Хусейн цитадельде жасырынып
қалады. Өзінің тығырыққа тірелгенін сезген
Хусейн өзі берілген жағдайда Темір оған
қандай кепілдік беретінін сұрайды. Темір
оған тек өмірін сақтайтындығын айтады.
Сондан кейін Хусейн бірнеше нөкерімен
кеш батқанда Балықтың қақпасынан шығуға
бет алады, бірақ ол қайта бұрылып, тығылып
қалады. Бірақ оны Темірдің адамдарының
бірі көріп қалып өлтіреді, Темір өз сөзінде
тұрмайды, ол өз одақтасы Хутталянның
иесі, Кейқұсрауға – Хусейнді өлтіруіне
бөгет болмайды [14].
Темір мен Хусейннің арасындағы соңғы
кездесу зерттеулердің бірінде былай
баяндалады: Билікке көңілі толмаған Темір
өз барластарын соңынан ертіп 1370 жылы
Самарқанда төңкеріс жасап, Хусейнді өлтіріп,
өзін Мауреннахр елінің билеушісі деп
жариялайды. Осы кезден бастап Мауреннахр
«Темір мемлекеті» атанады.
Темір Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болмағандықтан
хан сайлануға құқы жоқ еді. Сондықтан
ол Шыңғыс ханның ұрпағы Қазан ханның
қызы, Хусейннің жесіріне үйленгендігін
пайдаланып, өзін «Құтбуд-дин Темір гурген
Саһиб қыран Ағзам Жаннат Макан» деп лауазымдайды.
Бұл іс жүзінде елінің бас әміршісі, бас
билік иесі деген мағына береді, солай
болды да. Бірақ ол ел-жұртын өз қолынан
тағайындалған хан ұрпақтары атынан басқарды.
Алғаш Сурғатмышты (1370-1388), одан соң оның
ұлы Султан-Махмудты (1388-1402) хандыққа тағайындады.
Бірақ ресми деректерде ханның қолы Темірден
кейінгі қатарда тұрды.
1370 жылы Темір осылайша Мәуреннахрдағы
билікті басып алады, Темірдің жеке дара
билік құрған 35 жылы (1370-1405 жж.) көрші аймақтар
мен елді-мекендерге басқыншылық жорықтарға
толы болады. Ол дүниежүзілік империя
құруға осы кезеңнен бастап кірісті. Темір
бұл соғыстарды Мәуреннахрдың билік етуші
үстем тобының арасында өз билігін нығайту
үшін көшпелі ақсүйектерге жаулап алынған
елдердің халқын талап-тонау есебінен
баюға мүмкіндік беріп, оларды бүлік шығару
мен өзара қырқыстан тыю үшін жүргізді
[12, 332 б.].
Ақ Орданың әскери-саяси күшінің әлсіреуін
зерттеушілер Ақсақ Темірдің жорықтарымен
байланыстырады. Бұл тарихи шындық және
де осы кезеңде билікке ұмтылған Тоқтамыс
пен Едігенің өзара тартыстары да Ақ Орданың
құлдырауына елеулі ықпал еткені сөзсіз.
Тоқтамыстың 1382 жылғы Мәскеуге жорығынан
соң Куликово шайқасы ұмытылды. Орыс княздіктерінің
Алтын Ордаға бұрынғыдай салық төлеп тұруына
тура келді, ал орыс тарихында аты аңызға
айналған, атақты Дмитрий Донской болса
1384 жылы өзінің ізбасары, баласы князь
ІІ Василийді Тоқтамысқа кепілдікке берді.
Мұнымен ғана шектелмей, Алтын Орда ханы
8 мың сом алтын ақша алып, оны да кепілдік
ретінде ұстап отырды. Осылай болып ұзақ
кете беруі әбден мүмкін еді, Ақсақ Темірдің
Алтын Ордаға қарсы жүргізілген жорықтары
бұған бөгесін жасады. Бұл жөнінде Ю.В.
Мизун: «Казалось, что русские обречены
на вечное рабство. Но им помог Бог руками
(мечами) Тамерлана. Тамерлан разгромил
Орду, и Россия получила передышку, поскольку
Орда была занята своими внутренними проблемами.
В такой ситуации московский князь в 1405
г. отказался платить дань Орде» [15], –
деп жазады. Тар кезеңде халқын тастап,
әйелін алып қашқан Дмитрий князь орыс
халқының мақтанышы болып қала берді.
Әлі де ұлттық мақтанышы. Сол князьді тізе
бүктіріп, баласын кепілдікке алып кіріптар
қылған, Алтын Орданың айбарын қайта асырған
Тоқтамыс өз елінде, өз жерінде қазір жаман
аталады.
ХІҮ ғасырдың 90-шы жылдарының соңына қарай
Темір орасан зор мемлекет құрды. Оған
Мәуреннахр, Хорезм, Каспий өңірі ғана
емес, сонымен бірге Ауғаныстанның, Иранның
территориялары, Үндістанның, Ирактың,
Закавказьенің және басқа елдердің бір
бөлігі енді [16]. Қазақстан жерлері, Сырдария
өңірі және Батыс Жетісуды қоспағанда,
формальды түрде Темір мемлекетіне енген
жоқ; Ақ Орда мен Моғолстан шын мәнінде
өз дербестігін сақтап қалды, дегенмен
Темір мұнда жергілікті Шыңғыс әулетінен
өз қолшоқпарларын хан етіп тағайындар
құқын өзіне алды.
Темірдің Қазақстан мен Қырғызстан аумағына
жорықтары жергілікті халыққа қисапсыз
қасірет әкелді. Жалпы алғанда Темірдің
іс-әрекеті Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының
тарихында жайсыз роль атқарды. Тонаушылық
жорықтар Шығыс Дешті Қыпшақтың, әсіресе
Оңтүстік Шығыс Қазақстанның демографиялық
және экономикалық жағдайына теріс әсер
етті: Халықтың бір бөлігі тұтқынға алынып,
айдап әкетілді, бір бөлігі қаза тауып,
халық саны едәуір азайып кетті; бұған
дейін де моңғолдар үстемдігінің орнауының
нәтижесінде зардап шеккен Жетісудың
отырықшы егіншілік мәдениетінің қалдықтары
құлдырап кетті; мал шаруашылығы аса ауыр
шығынға ұшырады [12, 335 б.].
Темір өз заманының аса зұлым жаулаушысы,
елдер мен қалаларды қиратушы әлемге қорқыныш
ұялататын қолбасшы ретінде танылса, бір
қырынан ол аса талғампаз сәулетші де
болды. Осы кезеңде Әмір Темірдің басшылығымен
зәулім бақты сарайлар мен қалалар, елді
мекендер, көпірлер тұрғызылған. Ол жердің
бос жатуына жол бермеген. Темірдің жасампаздық
өнерінің туындылары қалалар, медреселер,
мешіттерге тіпті сол кезеңде еропалықтардың
өзі таңдана қараған (Клавихо). Ол өзіне
дейінгі басшылар секілді парсы немесе
араб құрылыстарын кайталамай, өзіндік
ерекше мұсылман сәулет өнері тарихында
бұрын жасалмаған дүниелерді тұрғызған
[3, 488 с.].
Темір жаратылыстану-математика, астрономия
ғалымдары мен тарихшы, ақын, лингвист,
теология саласындағы ғалымдармен өз
мемлекетіндегі Мауреннахр мен Хорезмнен
басқа Алтын Орда Ақ Орда, Хорасан, Үндістан,
Ирак, Иран, Түркия және Батыс Магрибті
қосқандағы иелігіндегі өзекті мәселелерді
талқылаумен өткізген [3, 47 c.]. Али Йезди
тағы қызықты мәліметті келтіреді: жуырда
ғана негізі қаланған Баилқан қаласында
806 ж. Темір атақты теолог ғалымдарды жинап:
«Ғылым мен дін білгірлері патшаларға
өз әрекетінде түрлі кеңес беру арқылы
көмек көрсетіп тұрған, сендер бұл қызметті
атқармайсыңдар. Менің мақсатым - әділетті
шешім шығаруға жәрдем көрсетіп, менің
бағыныштыларым бейбітшілікте өмір сүруіне
жағдай жасап, мемлекеттің дамуына жағдайды
жақсарту».
Темір сарайында Абдужаппар Хорезми, Шамсутдин
Мунши, Абдулла Лисон, Бадриддин Ахмед,
Нигманиддин Хорезми, Ходжа Афзал, Алаутдин
Каши, Джалал Хаки және басқа да ғалымдар
қызмет жасайды. Темір математика - риезнет,
геометрия - хандас, архитектура - миморлик,
астрономия - ханат, әдебиет, поэзия, тарих,
музыка – мусики ғылым салаларының дамуына
ерекше көңіл бөледі. Ол үлкен қызығушылықпен
сахиб хунар (ғалымдармен) әңгіме дүкен
құратын. Тарихи деректер оның қол астындағы
аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениетімен
өнерінің өкілдері, ғалым ойшылдары Әмір
Темір тарапынан үлкен қолдау тапқандығын
растайды.
Темір Самарқанда Сарай мен мешіт, медресе
Бибі-ханым; мавзолей Шахи-Зиндті тұрғызады,
ал қаланың айналасына бақтар мен сарайлар
Шинар-Бағы, Шамал-Бағы, Дилкуш-Бағы, Бехишт-Бағын
тұрғызады. Бибі ханымның салынуы жөнінде
Клавихоның «Күнделігінде» атап өтіледі:
«Дүйсенбі күні Темір Самарқанға аттанып,
қалаға кіретін жердегі бір үйге тоқтады.
Сол үйді өзінің қайын енесінің құрметіне
(Бейбі-ханым) салдырады» [3, 313 с.].
Кухак пен Заравшан өзендері арқылы жолдар
мен көпірлер салынады, ал кейін Әмудария
мен Сырдария арқылы көпір жүргізеді,
Сырдария мен Ахангаран арқылы канал жүргізіледі.
Суландыру жүйесі мен керуен сарайлардың
құрылысы Бұхара, Лахрисабзда, Ферғанада,
Түркістанда жасалады. Өте үлкен көлемде
қалалар, ауылдар, монша, медресе мен мавзолейлер
салынады. Құрылыс жұмыстарына жергілікті
сәулетшілерден - созиби хунарлармен қатар
Темір жаулап алған мемлекеттердің сәулетшілері
мен құрылысшылары әкелінеді (Якубовский).
Темірлан басып алынған елдерден 150 мыңға
жуық қолөнерші шеберді өз астанасы Самарқанға
алып келді, оның бұйрығы бойынша қалада
және қаланың сыртында көптеген әсем сарайлар
салынды. Сарайларда Темірланның жеңісті
жорықтары бейнеленді. Ол Самарқанда салынып
жатқан құрылыстың өзіне дейінгі салынған
ғимараттардан әлдеқайда кең көлемде
болғанын талап етті.
Клавихоның «Күнделігінде» Самарқан қаласының
құрылыс жұмыстары жөнінде қызықты жайттар
кездеседі: «Бізді жұма күні патшаның
бұйрығы бойынша салынып жатқан үлкен
сарайды аралатуға алып келді, бұнда шеберлер
20 жыл бойы күні-түні еңбек етіп келеді.
Сарайда өте кең дәліз бен үлкен қақпа
бар, оның екі жағында әртүрлі бедерлермен
сәнделген екі арка бар. Бұл аркалардың
астында шағын бөлмелер орналасқан... сарайдың
ортасында ені үш жүз қадам болатын суат
бар, оның артында алтынмен лазурьмен
ерекше безендірілген ең үлкен есік орналасқан.
Есіктің ортасында күн бейнесінің ортасында
арыстан бейнеленген, оның жан-жағы да
солай көмкерілген. Бұл Самарқан билеушісінің
гербі болған. Сарай Темірдің бұйрығы
бойынша салынған дегенмен, менің ойымша
сарайды бұрынғы әмірші сала бастаған,
себебі бұл герб күнде бейнеленген арыстан
Самарқанның бұрынғы әміршісінің таңбасы,
ал Темірдің таңбасы – үш дөңгелек» [3,
301 с.].
Клавихоның дерегіне сүйенсек, Самарқан
қаласының құрылысы оған дейін-ақ басталған.
Ал оны өз мемлекетінің астанасы етіп
таңдаған Темір қаланың құрылысын жалғастырғанын
білдірсе керек. Темірдің астананы ретінде
Самарқан қаласын таңдап алуы турасында
бірнеше пікірлер бар: бірі Самарқан алғаш
Темір бағындырған қалалардың ішіндегі
үлкені десе, енді бірі оған табиғаты қатты
ұнады, ал үшіншілері ерте кезеңнен бері
бұл аймақты Тұранды атақты Афрасиб билегендіктен
қызықтырған деп есептейді. Аталғандардың
барлығы шындыққа жанасады, бірақ объективті
себебі ол Мәуреннахрдың орталығында
орналасып, географиялық жағдайы қолайлы
болғандығында. Қала бай су жүйесі мен
жан-жағынан үш қаламен байланысты, мұнда
тау, өзен және ормандар қатар орналасқан.
Сонымен қатар Самарқанда сирек кездесетін
түсті металдар мен құрылыс материалдарының
мол қоры шоғырланған. Осының барлығы
Темір мемлекетінің астанасы Самарқанды
таңдауына әсер еткендігі сөзсіз.
Темір салдырған қалалардың ерекшелігі
олар қалың дуалмен қоршалмады. Мысалы
Самарқандағы Көк сарайда Темір жиі болмаған,
бұл қазына орны ретінде жұмыс жасаған.
Ақсақ Темір өзінің қала сыртындағы тамаша
бақтарымен қоршалған сарайында болуды
ұнатқан, ал ол жоқ кезде бұл аймақ қаланың
бай және кедей тұрғындарының серуендейтін
орны болған [13, 49 с.].
В.В. Бартольд, атап өткендей мұсылмандардың
ең басты қаласы Самаркан, Темірдің ойынша,
әлемдегі бірінші қалаға айналуы тиіс
болатын. Темір өз кезегінде шаруашылыққа,
жер жырту мен мал шаруашылығына, сауданың
дамуына ерекше көңіл бөлді. Али-Йезди
«Зарфарнамеде» Темір «Мауреннахрды үш
жылға салықтан босатты», сол арқылы кәсіпшілер
мен жер шаруашылығымен айналысушылардың
экономикалық жағдайын жеңілдеткендігін
айтады. Самарқанда бейнеленген Темірдің
және оның ұрпақтарының жеңістерін салуда
тақырыптық кескіндеме арқылы жасалған.
Темір мен оның ұрпақтары кезеңіндегі
(ХІҮ-ХҮ ғғ.) қабырға суреттері көлемі мен
қатардағы миниатюрасы бойынша «Үлкен
француз хроникасынан» (ХҮІ ғ.) асып түскен.
Осы кезеңде Орта Азияда жергілікті және
шет аймақтардан келген сәулетші безендірушілердің
мектептері де ашылады [17].
Қазақстан аумағындағы Темірдің ең үздік
салдырған туындысы Қожа Ахмет Яссауи
кесенесі. Ол Қазақстан мен Орта Азия халықтары
арасында сопылықтың кеңінен және табыспен
таралуына жағдай жасаған. Ахмет Яссауи
тек насихатшысы емес, XII ғасырда өмір
сүрген философ, ұлы ғұлама мейірімді
кішіпейіл ойшыл акын ретінде түркі жұртына
танымал болды. Ахмет Яссауи халқымыздың
рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәуіп
етер қасиетті әулие. Оның мазараты мәдениетіміздің
мерейі, ұлтымыздың мақтанышы.
Бұл құрылысты салу себебі, 1390-95 жылдардағы
қан төгіс ұрыстарда Темір Алтын Орданың
өктемдігін жойып астанасы - Сарай Беркені
өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне
Ахмет Иасауидің ескі мазарының орнына
жаңа зор мемориалды ескерткіш орнатуды
ұйғарды. Осы тұрғыда мұсылманшыл Темір
тек діни мақсат мүддені ғана көздеген
еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге
үстемдігінің мызғымас берік екендігін
көрсетуге және дала жақ сыртының сенімді
болуы үшін де қажет еді. Сонымен қатар
қазіргі күні бұл кесене тек қазақ халқы
ғана емес барша түрік-мұсылман әлемінің
мақтанышына айналып отыр. Кесене қазақтың
Ақ Орда мемлекетінің оңтүстік бөлігі,
Сыр бойы қалаларын Темір жаулап алған
жеңісінің белгісі ретінде тұрғызылды.
Кесене құрылысы жайлы негізгі жазба деректер
Йездиден шыққан Шериф ад-диннің «Зафарнама-ий
Теміри» («Темір жеңістері») атты кітабында
баяндалған. Бұл кітапта 1397 жылы Темірдің
Қызыр Қожа ханның қызы сүйіктісі Тәукел
ханымға аттанғандығы жайлы жазылады.
Самарханнан Ташкентке барар жолда Ясы
қыстағындағы Қожа Ахмет Ясауи басына
зиярат етуге бұрылады. Мұнда ол ескі мазардың
орнына зәулім кесенені тұрғызуға әмір
етеді.
Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
– отрағасырлық сәулет өнері ескерткішінің
тамаша туындысы. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің
бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауи қабірінің
басына тұрғызылған. Көптеген жазба деректерге
қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын
жасауда Әмір Темірдің тікелей өзі қатысып,
өлшемдерді өзі анықтаған көрінеді. Кесене
– үлкен порталды-күмбезді мемориалдық
құрылыс. Архетектуралық жергілікті дәстүрді
жете меңгерген парсылық шеберлердің
жобасы құрылысқа негіз етіп алынған.
Кесенені тербездік Шараф ад-дин Тербездің
баласы Абд ал-Азиз құрылыс жұмысын салған.
Кесене құрылысы жайлы Шериф ад-дин былай
деп жазады: «Әзірбайжан, Парсы, Үнді және
т.б. елдерден әкелінген 200-ге жуық тас
қалаушылар жұмыс істеп, тауда 500 адам
тас өндірді. Тасты жеткізуге Үндіден
әкелінген 95 піл пайдаланылды. Құрылыс
барысына жиі қатысқан Темір жұмыс сапасына
көңілі толмаған жағдайда кінәлілерді
қатаң жазалап отырды. Темір заманында
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты құрылыс
жоқтың қасы еді. Кесененің әрбір кірпіші
қолдан жасалып, сапасы өте жоғары болды.
Кесене оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа
қарай созылып жатыр. Ені 46,5 м., ұзындығы
65 м. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген.
Кесене жобасының ерекшелігі – онда Орталық
Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған
шатыр жабу әдістері қолданылған. Ескерткіште
күмбезді аркалы элементтер мол. Сәулетші
шеберлер тек аркалы күмбезді жүйенің
өзіне сан түрлі әдістерді қолданған.
Кесенеде аса үлкен портал (ені – 50 метрге
жуық, порталдық арканың ұзындығы – 18,
2 метр), бірнеше күмбез, 35 бөлме бар. Ғимараттың
биіктігі – 37,5 м. Сыртқы қабырғаның қалыңдығы
– 3 м. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мешіт,
медресе қызметін де атқарған. Кесененің
үш қабырғаның үстіңгі жағымен өткізілген
эпиграфтық фризде Құран Кәрім сүрелері
мен аяттары жазылған.
Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі –
қабірхана ортасында Қожа Ахмет Яссауиге
құлпытас қойылған. Қабірхана есігі жұқа
темірмен қапталып, оған алтынмен жазулар
түсірілген. Кесене мешіттің 16 терезесі,
қос қабат күмбезі бар. Мешіттің батыс
жақ қабырғасында Меккедегі Қағба іспетті
3,5-2,5 метрлік мозаикалық михраб орнатылған.
Кесененің оңтүстік-батыс жағындағы Аллаға
құлшылық етуге арналған жерасты ғибадатханалары
Яссауидің тірі кезінде жасалып, кейін
қайта жаңғыртылған [18].
Темір «Қалаларда мәдениетті адамдар
неғұрлым көп болса, оның өсіп-өркендеуі,
дамуы тез жүреді, Мауреннахр мен Түркістан
қалалары мейлінше көркейе түседі деп
есептеді». Мауреннахр мен Самарқанда
бой көтерген жаңа құрылыс нысанында пейзаж
көркем өнері кең тарады. Бұндай тамаша
көркем суреттер Ширин-бика-ага (1385), Бибі-ханым
(1404), Туман-ака (1405) қабырғаларында бейнеленген.
Олардың барлығы көк бояумен ақ жолақтармен
және алтын түстермен көмкерілген. Пейзаждық
туындыларда ХІҮ-ХҮ ғасырдларда көркем
өнер метаформасы әлемде жоқ «фирдаус»
- жұмақ бақтары бейнеленді [19]. Мауреннахрда
қолданбалы өнер кеңінен тарады. Ол әсіресе,
Ясыда, Самарқан пен Бұқарда жақсы таралды.
Сонымен қатар Әмір Темірдің мұсылманшыл
екендігі және он екі жасынан бастап намазға
жығылғандығы, мұсылмандық салт-дәстүрді
ерекше ұстанғандығы және өз мемлекетінде
мұсылман дінінің таралуына жағдай жасағандығы
деректерден белгілі. Темір өзі таққа
отырып, мемлекет билігін өз қолына ұстаған
сәттен бастап мемлекеттің негізгі тірегінің
бірі дін екендігін мойындаған. Ол Темір
түзіктері («Уложение Тимура») атты шығармада
дін туралы былай дейді: «Маған тәжірибе
көрсетті. Дін мен заңға бағынбаған мемлекет
ешқашан өзінің күші мен қуатын сақтай
алмайды... Дінсіз мемлекетті шатыры жабылмаған,
есіксіз, қоршаусыз, кез-келген арам пиғылды
адам кіре беретін қорғансыз үймен салыстыруға
болады.
Мен сондықтан өз ғимаратымды ислам дінінің
ұлылығына негіздедім. Оған ережелер мен
заңдарды үйлестірдім және оларды өзім
билік жүргізген кезімде сақтап, мойынсұндым»
- дейді [3, C. 69]. Бұл Әмір Темірдің мемлекетті
басқаруда дін мен дін өкілдеріне арқа
сүйегендігін көрсетеді. Сондай-ақ осы
шығармада Әмір Темірге пірінің мемлекетті
басқару жүйесін қалыптастыруға қатысты
жазылған ойлары келтіріледі. Онда былай
делінеді: «Менің пірім маған былай деп
жазды: Темір, Тәңір оны өзі қорғасын, сен
мыналарды есіңде ұста. Мемлекетті басқару
– Ұлы жаратушының әлемді басқаруына
ұқсас. Бұл басқаруда әртүрлі қызметтер
бар: агенттер, қызметшілер, жасауылдар
және олардың әрқайсысының атқарар қызметіне
қарай мойындарына артылған міндеттері
бар. Олар өздеріне артылған міндет шеңберінде
ғана қызмет атқарады әрі олар өз шекараларынан
шықпайды және Жаратушының заңдарын қатаң
сақтайды. Сонымен қатар Темір: «Мемлекет
және оған билік жүргізуге арналған менің
бірінші қағидам – Алла тағаланың діні
мен Мұхаммед Мұстафаның шариғатына бас
иіп қана қоймай, оған мейлінше өріс бердім.
Әр жерде және әр уақытта ислам дінін қолдап
қуаттадым». [8, 44 б.].
Сен пайғамбар ұрпақтарын қол астыңдағы
өзге халықтан жоғары ұста. Оларға үлкен
құрмет көрсет. Оларға берген сыйыңды
дүние шашу деп есептеме. Сенің құдай жолына
жұмсаған қаржың босқа дүние шашу емес.
Сен өз қол астыңдағы халықты 12 топқа бөл.
Ол сенің мемлекетіңнің сәулеті де, тірегі
де болады» [3, С. 118.].
Әмір Темір пірінің осы айтқанымен қоғамды
он екі сатыға бөледі. Сол он екі сатылы
жүйенің алғашқы сатысында Пайғамбар
ұрпақтары мен ұлыс бектері, заң шығарушылар
тұр. Бұл да Әмір Темірдің дінге, дін қызметкерлеріне,
әсіресе Пайғамбар ұрпақтарына көзқарасы
қандай болғандығын көрсетеді. Темір саясаткер
ретінде ислам дініне сүйене отырып, мұсылман
діндарларының беделін өз мемлекетін
нығайту үшін пайдаланған және осы мақсатта
ол өзге де діни нанымдарды ұтымды пайдаланған.
Ол бос уақытын саятшылық пен шахмат ойнауға
арнап, оны жетілдіріп отырған.
Темір өз заманында тек соғыс өнерімен
ғана ерекшеленіп қоймай, жасампаздық
өнерімен: өз мемлекетінде сәулет өнерінің
өркендеп, жаңа мешіттер мен медреселер,
бақтар мен суландыру жүйелерінің дамуына
және жер шаруашылығын өркендетуге жағдай
жасаған. Сонымен қатар, Тарихта мұсылман
сәулет өнерінің ең бір дамыған кезеңі
де Темірдің есімімен тығыз байланысты.
Мұсылман діні салтанат құрып, ғылымның
дамуына жағдай жасаған тұлға екендігін
байқауға болады.
Темір 1405 жылы Отырар қаласында дүниеден
өтеді. Ол парсы деректері бойынша «өкпесіне
суық тигендіктен», ал қытай деректері
бойынша «іш сүзегі ауруынан дүние салған»
деседі. Бұл Шариф ад-дин Йездидің еңбегінде
жақсы баяндалған. «Сейхунның жағасынан
кеткен Темір (1405 ж. қаңтардың 14) Отырарда
Берді-бектің сарайына тоқтайды, оның
жанындағы ханзадаларға, әмірлер мен жақындарына
жеке-жеке бөлме береді...». Осы әңгімеден
кейін «Зафарнамеде» Темірдің өліміне
арналған арнайы бөлім бар онда: «Бүкіл
Азияны дерлік бағындыруға жұмсаған жеті
жылдық жорығынан кейін Темір өзінің ендігі
ойын әлемде әділеттілік орнату мәселесіне
арнайды. Өзінің бұрынғы қателіктерін
жуып-шаю мақсатында ол Самарқанға келіп,
бұл жерде 5 айға жуық уақытын өткізіп,
идолдарға табынатын Қытай еліне қарсы
жорыққа дайындалады. 1405 жылы ол Отырарға
келіп, жолда қатты суық тиіп денесі қызады.
Маулян Фазл-Аллах Тебрези тамаша дәрігер
болғанымен, оның шипа беретін дәрілері
еш көмек бермейді. Дәрігерлер тағдырмен
жазылған өлімге еш араша бола алмағандары
жазылады».
Шығармада Темірдің көз жұмған кезеңін
1405 жылдың 14 ақпан деп көрсетіледі. Бөлім
Темірдің дүниеден өткен шағында 71 жаста
болғандығын және оның 36 жыл билік құрғандығын
хабардар етеді [3, 504 с.].
Ал Клавихоның «Күнделігінде» Темір Қытайға
жорыққа аттанбастан бұрын қатты қартайып
кеткендігін және әмірдің қабылдауында
болғанда «Темір елшілердің жақын келуін
сұраған, себебі алыстан жақсы көрмегендігін
айтады». Ал тарихшы Хафиз-Абру мен Ибн-Арабшах
Темірдің шамадан көп шарап ішкендігін
өз еңбектерінде келтіреді. Сонымен қатар
Хафиз-Абру «Темір ауырып жатқан кезде
оның жанына әмірлері жиналады, ол алдымен
бір саусағын кейін екіншісін көтереді.
Жанындағыларға көзімен ымдап «Мен не
айтқым келіп тұр деп сұрайды?» Әмірлер
жауап береді: «Әмірші бұл жазылатын бір
немесе екі жол бар деген мағынаны білдіреді»
дегенде, Темір еш бөгелместен «Мен араларыңда
бір-екі күннен кейін болмаймын дегенді
білдіреді» деп айтады. Сонымен қатар
Ибн Арабшах Темірді дәрігерлер оның іші
мен маңдайына мұз қою арқылы емдеген
деп көрсетеді [3, 505 с.]. Бұл жерде қытай
деректері шындыққа жақын келетіндігін
мойындауымыз керек.
Темірдің денесі түнде қаладан шығарылып,
6 ай жол жүріп сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір
кесенесіне мұсылман дәстүріне сай жерленген.
Дегенмен Темір ұрпақтарына ерекше ықылас
танытып, олардың болашағы мен тәрбиесіне
ерекше көңіл бөлгенімен, Шыңғыс хан балаларымен
салыстырғанда Әмір Темір балалары аса
қуантпаған. Балаларының бағынбауы, ханзадалардың
бүлік шығаруы да, тіпті немересі Сұлтан
Хусейіннің опасыздығы да болған. Америкалық
зерттеуші, Чикаго университетінің профессоры
Джон Вудстың есептеуі бойынша, Темірдің
тікелей ұрпақтарының жалпы саны оның
өмірінің соңына қарай жүзге жуықтаған
[20].
Оның төрт ұлы болған: Жаһангер, Омар Шайх,
Мираншах, Шахрух. Осы төртеуінен Темір
династиясы тарайды (4 қосымша). Ұлының
алғашқы екеуі ерте қайтыс болады (Ғияс
ад-дин Жаһангер мен Омар Шейх). Ал оның
үшінші ұлы Мираншахқа Темір 1393 ж. шенін
жоғарылатып, ол «Хулагу патшалығын» бағындырғандықтан,
бұл аймақты ұлына береді. Мираншах әкесі
секілді батырлығымен, қатал әрі қатыгездігімен
ерекшеленеді. Бірақ 1399 жылы от аң аулау
кезінде аттан құлап ақыл-есінде ақау
пайда болады... осы жайттардан кейін Мираншахтың
иелігі оның екінші ұлы Омарға беріледі.
Ал оның төртінші ұлы Шахрухтың есімі
жиі аталмайды.
Әлемді жаулап алып, Үлкен империя құрған
Әмір Темір бин Тарағай Бахадүрдің өмірінде
Шарафуддин Али-Йезди екі кезеңде ерекше
атап өтеді. Бірінші кезең (1360-1386 гг.) Темірдің
өзінің түрік және тәжік ақсүйектерімен
Маңғол билігі мен Мауреннахрдағы феодалдық
мемлекетіне тәуелсіз билік құруға бағытталса,
екінші кезең (1386-1402) үш жылдық, бес жылдық,
жетіжылдық соғыстар жүргізуі ретінде
сипатталады. Бірақ шығармада Темірге
деген идеологиялық көзқарас басым болып
келеді. Оның кез-келген басқыншылық және
тонаушылық соғыстарынан объективті себепті
желеу етіп, барынша оны мадақтап көрсетеді.
Темірдің отыз бес жыл ел билеген кезеңі
(1370-1405) көрші аймақтар мен елдерге басыншылық
жорықтарға, дүниежүзілік империя құру
әрекеттеріне толы. Жаулап алу соғыстары
нағыз тағылық әдістермен жүргізілді.
К. Маркс былай деп жазды: «Темірдің саясаты
әйелдерді, балаларды, еркектерді, жігіттерді
мың-мыңдап қинау, бауыздап, қырып-жою,
сөйтіп барлық жерді үрейлендіру болатын...
Ол барлық жерде қалаларды қиратып, өртеді,
ал тұрғындарын өлгенше қинады» [21]. Темір
соғыстарда өзінің айналасындағы көшпелілер
ақсүйектерін бағынышта ұстаудың әдістерін
іздестірді, ал бұл үшін оларға жаулап
алған елдердің халқын тонау және еңбекші
бұқараны аяусыз қинау есебінен баюға
мүмкіндік берді. Темірдің жаулап алған
халықтарға деген қаталдығын, оның бейбіт
халықты жаппай қыруын тіпті сарай шежірелері
де (Низам ад-дин Шами, Ғийас ад-дин Али
Йазди, Шараф ад-дин Йазди) және әсіресе
араб елдерінің тарих зерттеушілері (Ибн
Арабшах, әл-Айни, әл-Асади) армян, грузин
және орыс шежірелері де атап көрсеткен.
Жеңіске жеткен Темір Алтын Орданың астанасы
Сарайды, Хажы Тарханды тонап, қиратып,
халқын қырады. Мұның растығын М. Сафаргалиев
былайша дәлелдейді: «Данные археологических
раскопок А.В. Терещенко в Новом Сарае
полностью подтвердили следы невероятных
зверств, совершенных Тимуром в этом городе.
В развалинах города были найдены одни
обрубки человеческих тел, ноги лежали
поперек туловища, кости были изрублены
в мелкие куски, в разных местах валялись
остатки человеческих тел, иные без черепов,
другие без рук и ног. Такому же разграблению
подверглись и другие города Золотой Орды:
Старый Сарай, Бальджимен, Маджар, Азак
(Тана), Солхат, Дедяков и др. На этот раз
Тимур проявил исключительную жестокость
в отношении Золотой Орды и особенно к
ее городским центрам... Разрушая города,
кровожадный завоеватель сознательно
стремился к максимальному подрыву старой
караванной торговли через Крым и Хорезм»
дейді [22].
Бәрін көзімен көрген Ақсақ Темірдің жеке
жылнамашысы Шараф-ад-дин Әли Жезді: «Сахибкиран
вошол в Хаджи Тархан, собрал с народа
налог пощады. Собрав налог пощады, город
обобрали. Царевичи и беки прошли реку
Итиль по льду, а Мухаммади пустили под
лед. Победоносные войска достигли Сарая,
взяли его, город сожгли, а жители ограбили,
схватили и привели», - деп таңбалаған.Тарихшының
жазуы бойынша, Ақсақ Темір тек қалаларды
ғана осындай күйге түсіріп қоймайды,
оның айналасындағы өзінің ат тұяғы жеткен
жерлердің бәрін қырып, өртеп, тып-типыл
қылады.
Ақсақ Темір шектен асқан аса қатал адам
болған. Аса қаталдық мұсылмандыққа шет
нәрсе екенін күллі мұсылман баласы білсе
керек. 1398 жылы исламдық Үндістанға қарсы
жорық үстінде қажет болар деп тұтқынға
алынған 100 мың адамды жарлық беріп, бір
сағаттың ішінде түгел қырып тастайды
[3, 112 c.]. Ақсақ Темір 1383 жылы Ғират қаласын
алғанда адам басынан мұнара тұрғызады.
1387 жылы Иранның ежелгі қалаларының бірі
Исфаганда жеңіске жеткеннен кейін қаланы
жазаға кеседі. Мұндағы 70 мың әскеріне
бір-бірден бас кесіп әкелу міндеттеледі.
Темір жаулап алған елдер күйзелді, көптеген
қалалар жермен жексен қиратылды, баға
жетпес мәдениет ескерткіштері құртылды,
суландыру жүйесі, сонымен бірге суармалы
егіншілік құлдырап кетті. [12, 156-157 б.].
Әлеуметтік жіктеліс айқын байқалып, салық
көбейтілді. Темірдің талан-таражға салған
көптеген жорықтарында қолға түсікен
орасан зор байлық Орта Азияда негізінен
сән-салтанатты қоғамдық, әсіресе діни
ғимараттарды – мешіт, медресе, мавзолей
және т.б. салуға жұмсалды, атап айтқанда
ХІҮ ғасырдың аяғында Ясы қаласында Қожа
Ахмет Йассауи мавзолейі салынды. Жалпы
алғанда Темірдің Қазақстан территориясына
жасаған жорықтары жергілікті халықты
қисапсыз апат ауыртпалықтарға ұшыратты.
Бұл жорықтар тонау, олжа түсіру, халықты
қырумен қатар, саяси және шаруашылық
өмірді құлдыратуға әкеліп соқты. Темір
жаңа жерлерді, соның ішінде қалаларды
өз мемлекетінің солтүстік шекараларындағы
қамалға айналған Ақ Орда мен Моғолстанның
Сырдария өңіріндегі, Шу-Таластағы иеліктерін
өз қол астында нығайту мақсатын қойды.
Темір басқыншылық жорықтары нәтижесінде
Еділ, Жайық, Кавказ, Азов арқылы батыс
пен шығысты жалғап жатқан сауда, экономикалық,
мәдени, дипломатиялық қатынастардың
ара жібін үзіп оны Маураннахр, Самарқанға
аудармаққа әрекеттенді. Әрине басында
мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алды,
бірақ Темірдің жеңісті жолы ұзаққа созылмады.
Оның ойлаған әлемдік стратегиясы 1405 жылы
өзімен бірге жерленді. Темір өлген соң
оның қарудың күшімен құрған империясы
әулеті арасында ізінше бұрқ ете түскен
күрестің нәтижесінде ыдырап кетті, бірақ
оның ұрпақтары жаулап алған территорияны
өз қолдарында ұстауға тағы да біраз уақыт
әрекет жасады. Моғолстанда феодалдық
бытыраңқылықтың күшеюі мен ХҮ ғасырдың
алғашқы ширегіндегі Ақ Орданың Ноғай
Ордасы мен Әбілқайыр хандығына бөлінуі
Темірдің соғыс жорықтарының салдары
болды [23].
Темір Қазақ мемлекетінің өсіп өркендеуіне
кереғар рөл атқарды. Сығанақ, Сауран,
Сарайшықты қиратты, Жетісуды басып алды,
Ақ Орда мемлекетін әлсіретті. Қыпшақ-Қазақ
даласында тонаушылық, басқыншылық жорықтар
жасады. Темір өзінің атақ абыройын асқақтату
үшін Мауераннахр, Самарқанда ескерткіш
мұнаралар, зәулім мешіттер тұрғызды.
Ақсақ Темір өз мемлекетін қылыштың күшімен,
қырып-жою арқылы жеткені белгілі. Ал сол
кезеңде мәдениеті мен экономикасы тұрақтана
бастап, шаруашылық түрлері жетіле бастаған
Ақ Орда мен Моғолстан Темірдің соғыс
алаңына айналды. Ол қатыгездікпен халықты
қырып жойып, бағынбағандардың барлығын
жермен-жексен етті. Осылайша Темір әлемдік
деңгейдегі ұлы қолбасшы ретінде сақталғанымен,
Қазақстан тарихында оның жорықтары қоғамның
дамуы мен этникалық тұтастыққа кері әсер
етті. Әлеуметтік теңсіздікті күшейте
түсіп, оның зардабы тарих тағылымында
орны толмас басқыншылық соғыс әрекеттері
ретінде сақталды.