Ұлы Сүлейман сұлтанның қоғамдық – саяси қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 15:48, реферат

Краткое описание

Ұлы I Сүлеймен (Кануни Сұлтан Сулейман); 6 қараша 1494 — 6 қыркүйек 1566) — 1520 жылдан бастап өмірінің соңына дейін, яғни 1566 жылға дейін, басшылық еткен Османлы империясының оныншы сұлтаны. 1520 жылдың 22 қарашасынан бастап ел басқарып, 1538 жылдан бастап халиф атанған. Сүлеймен Османлылар әулетіндегі аса ұлы сұлтан болып табылады; оның кезінде Османлы Порты өзінің дамуының шарықтау шегіне жетті. Батыста ол "Керемет Сүлеймен" атымен танымал, ал шығыста оны Осман ипериясының саяси істерін толықтай қайта құрғаны үшін Кануни деп атайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Еуропалықтар оны Ұлы Сүлейман десе.docx

— 37.76 Кб (Скачать документ)

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Шығыстану факультеті;  Әлемдік мәдениет және өркениет                                     кафедрасы

 

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. Есеркепова Ж.О.

 

 

Жобалық жұмыс

Тақырыбы: Ұлы Сүлейман сұлтанның қоғамдық – саяси қызметі.

Мамандық бойынша: 5B020900-Шығыстану: қытай тілі

 

 

 

 

 

                                                                                  Орындағандар: 212 топ

Нұрқанатов Данияр

Сейткалиева Орынгул                             

                                                                        Тексерген:Есеркепова Ж.О

 

 

 

Алматы 2013

Жоспары

  1. Кіріспе
  1. Саясаты, сыртқы соғыстары..........................................................................
  1. Заң Шығарушы Кануни..................................................................................
  2. Орасан зор сәулет өнер мен мәдени жобаларды жүзеге асырған Сүлейман..........................................................................................................
  1. Қорытынды
  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзектілігі: Осман империясын Ұлы Сүлейман басқарған кезде елдің гүлденуі шарықтау шегіне жеткен еді және мәдениет, қоғам, саяси және әскери жоспарда ең құдіретті империяға айналды. Ұлы Сүлейман, Сұлтандардың Сұлтаны, үш континентті басып алған, XIV ғасырда бүкіл әлемді таңқалдырған және Осман империясын биік шыңдарға көтерген, бұл ерекше тұлға бүкіл әлемді өзіне қаратты.

Мақсаты: Сүлеймен XVI ғасырдағы Еуропаның ең танымал монархы, әскери істердің қолбасшысы және Осман империясының ең көрнекті ханы болып табылатының анықтап, түсіндіру.

Міндеті:Осы жобалық жұмыстың басты міндеті Сүлейман Осман империясын басқарған кезде жеткен жетістіктері мен елдің дамуына қосқан үлестіріне көз салып, мәлімдеп беру.

Идеясы: Сүлейман жаулап алушы болды, алайда ең мейірбан және рақымшыл. Еуропада құрған оның заңдары күш пен зорлық – зомбылықтан гөрі, сабырлыққа негізделген. Тіпті әкелік қамқорлыққа негізделіп жазылған. Ал біздің идеямыз сол заңдарда не жазылғанын ашып көрсету.

Проблемасы:Бұл жобалық жұмыстың басты проблемасы, Осман империясының әдеби әлемінің, сәулет өнерінің және көркемдік өнерінің дамуына зор үлесін қосқан Ұлы Сүлейманның қарапайым күндікті өмірі туралы және жасаған жорықтары, саясаты, сыртқы соғыстар туралы мәліметтердің аздығы.

Күтілетін нәтиже:Осы жобалық жұмысты жаза отырып, Сүлейман

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

Кіріспе

Ұлы I Сүлеймен (Кануни Сұлтан Сулейман); 6 қараша 1494 — 6 қыркүйек 1566) — 1520 жылдан бастап өмірінің соңына дейін, яғни 1566 жылға дейін, басшылық еткен Османлы империясының оныншы сұлтаны. 1520 жылдың 22 қарашасынан бастап ел басқарып, 1538 жылдан бастап халиф атанған. Сүлеймен Османлылар әулетіндегі аса ұлы сұлтан болып табылады; оның кезінде Османлы Порты өзінің дамуының шарықтау шегіне жетті. Батыста ол "Керемет Сүлеймен" атымен танымал, ал шығыста оны Осман ипериясының саяси істерін толықтай қайта құрғаны үшін Кануни деп атайды. Сүлеймен XVI ғасырдағы Еуропаның ең танымал монархы, әскери істердің қолбасшысы және Осман империясының ең көрнекті ханы болып табылады. Сүлеймен христиандық Еуропаға қарсы жорықтарды өзі басқарған. 
Сүлеймен ел басқару, білім, қылмыстық-құқықтық жөніндегі заңдарды өзі қадағалап шығарған. Оның «канунилық» құқықтары оның өлімінен кейін де бірнеше жылдар бойы қолданылған. Ол ақын, зергер болуымен қатар, Осман империясының әдеби әлемінің, сәулет өнерінің және көркемдік өнерінің дамуына зор үлесін қосқан. Сүлеймен қатарынан бес тілді жетік білген. Олар: османлыша, арабша, шағатайша (өзбекше мен ұйғырша арасындағы ежелгі түркі диалектісі), парсыша және сербше.                                                              Сүлеймен  1494 жылы Трабзонда Селим Сұлтан мен қырым ханы Меңлі Гирейдің қызы Айша Сұлтанның отбасында дүниеге келген. 1520 жылы сұлтан Селим I көз жұмғанда Сүлеймен Манисада наменгер болған. Ол османлы мемлекетін 26 жасында басқарды. Кардинал Уолси ол туралы Генрих VIII кезінде, Венеция елшісіне: «Бұл Сұлеймен сұлтан жиырма алты жаста, оның есі дұрыс, зерек және ол әкесі сияқты іс-әрекетке бармасына кім кепіл?» деді.                                                                                                         Селим І Явуз – Осман сұлтандығының сұлтаны. Өзінің алдындағы сұлтандардың жаулап алушылық саясатын жалғастырды. Сефевилік Иранға қарсы соғыс жүргізіп, Кіші Азиядағы шииттерді аяусыз жазалады. 1514 жылы Чалдыранның түбіндегі шайқаста Иран шахы Исмаил І-нің әскерін талқандап, Батыс Армения, Күрдістан мен бірқатар басқа аумақтарды басып алды. 1515 жылы Шығыс Анатолия мен Арменияны жаулап алуды аяқтады, 1516 жылы Солтүстік Иракты, Сирия, Палестинаны, 1517 жылы Египетті жаулап алды. Осыдан кейін мұсылмандардың қасиетті қалалары – Мекке мен Медина түрік сұлтандарының билігін мойындады. Халиф атағын алып, түрік сұлтандарының мұсылман дүниесіндегі беделін арттырды. Қайтыс болғаннан кейін таққа баласы Сүлеймен І Кануни отырды. 
Селим ұлының оқуына көп көңіл бөлді. Сүлейман өзінің бірінші сабағын әжесі Гюльбахар Хатуннан алған. Жеті жасқа толғанда Сүлейманды Стамбулға атасы Баязедке жіберген еді. Онда ең танымал мұғалімде оқыған. Сүлейман тарих, ғылым, теория және әдебиетті, сонымен қатар әскери тактика мен стратегияны оқып, үйренген. Біраз уақыт өткеннен соң Сүлейман әкесіне Трабзонға қайтып келіп, он бес жасқа дейін әкесінің қасында болады. Он бес жасында ол алғаш рет ел билеуші болғысы келетінің айтқан, сол себепті оны Сарки провинциясына аттандырады, кейін Карахисар және Болуға, біраз уақыт өткеннен кейін Кефеге жіберіледі.                        Селим таққа отырғаннан кейін, Сүлейманды әкесінің регентті ретінде Стамбулға шақырылады. Сол уақытта Сүлейман Серухан провинциясының басқарушысы болады. Әкесінің өлімінен кейін 1520 жылы Сүлейман жиырма бес жасында, ешқандай қарсылықсыз, және өзі мықты, күшті адам болғандықтан ол таққа отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               

 

                                                    Есімдер

        Сүлейман  сұлтанның есімін библиялық Соломонның  құрметіне қойған."Құдайдың құлы, әлемнің әміршісі, мен - Сүлейман, және  де менің есімім барлық уағыздарда  бүкіл исламдық қалаларда оқылады.Мен - Бағдадтың, Ирактың шахымын, Египеттің  сұлтанымын, Венгерлік тәжге қол  жеткізіп, оны құлдарыма бердім",- деген екен сұлтан.Сүлейманның  аты көп болған.Манускрипттарда  ол өзін тағы да "Құранның  заңымен жүруші және оны әлемге  таратушы, бүкіл жердің қожайыны, барлық ұлтқа түсетін құдайдың  көлеңкесі, парсы және араб жерлеріндегі  сұлтандардың сұлтаны, сұлтандық  заңдарды бекітуші, сұлтан, сұлтанның  ұлы, Сүлейман хан",- деп те атаған.Еуропа  әдебиеттерінде ол Ұлы Сүлейман  ретінде белгілі.Сұлтан Сүлейман  өзін Цезарь, Ұлы Александр жерлерінің  әміршісімін деп айтқан.Бұнымен  келіспеу қиын, себебі, 16 ғасырда  жер жүзінде Сүлейман сияқты  күшті, ұлылығы кең тараған, ақылды, терезесі тең тұрған бір де  бір басқа сұлтан болмаған.Сүлейман  бүкіл әлемді оған құдайдың  сыйлаған сыйы деп сенген.Тіпті  Рим имприясын басып ала алмағаны  да оны өз ойынан қайтара  алмады.Егер ол тағы да біраз  жыл өмір сүргенде, бәлкім, бұл  ойын іске асыра алар ма  еді?.Қайткенде де ол өзін сол  замандағы тек Исламның билеушісі  ғана емес, бүкіл әлемнің әміршісі  деп атауға толықтай құқылы  болды.

 

                                      Сүлейман жаулап алушы

         Осман империясы үшін жаулап  алушылық жорықтар табиғи үрдіс  болды.Сүлейманға дейінгі сұлтандардың  бәрі соғысқан болатын.ең атақты  қолбасшылардың бірі II Мехмед болған.Ол  Византияны басып алып, Константинопольді  Осман империясының астанасы  қылды.Керемет қолбасшылардың бірі - Сүлейманның әкесі I Селим болды.Сүлейман  өз бабаларының ісін жалғастырып, иеліктерін 3 материкте кеңейтті. Оның  ең алғашқы жорығы- Еуропаға, Белград  қаласына болды.Белград- Еуропаға  жол ашатын кілт еді.Ата-бабасының  ұзақ жылдар бойы ала алмаған  қамалына Сүлейман алғашқы жорығында  кіріп, Венгрияны аралап шықты.Ол  әскерін соғысқа өзі бастап  шығатын.Барлық 13 жорығының онын  Еуропаға жасап, Азияға 3 рет шабуылдады.Сұлтан  Сүлейман Венгрияны алудың стратегиялық  маңызын жақсы түсінді.Венгриямен  шекара Осман империясы мен  Еуропаның шектескен жері еді.Сүлейманның  билік еткен жылдары империяның  шекарасы мыңдаған шақырымға  кеңейді.Бірақ, патша өте маңызды  қала - Венаны толықтай жаулап  ала алмады.

       Таққа  отырған алғашқы жылдарда империяда  біраз бой көтерулер орын алды.Бірінші  болып көтеріліс бастаған - Дамасктың  билеушісі Канбирди Газели.Ол мәмлүктер мемлекетін әлсіретпекші болды.Ол көтеріліс 1521жылы қаңтарда басылды.Одан кейін өзін Египеттің билеушісімін деп жариялаған Ахмед паша бой көтерді.Одан кейін Календер Чалеби де көтерілді.Соңғы көтеріліс Баба Зунунның бастауымен болды.Бірақ Сүлейман сұлтан бұл көтерілістердің бәрін басып тастай алды.

        Сұлтан  Сүлейман империяның астанасын  Еуропа құрлығында, Данубе өзенінің  бойына орналастырғысы келді.Соңғы  жорығының мақсаты - Данубе өзені  бойындағы атақты қамал Ерлавты  жаулап алу болатын.Бұл жорықтың  нәтижесінде 1566жылы Зигетварда сұлтан  қайтыс болды.Сүлейманның ойынша, осы жерді Рааб және Коморн  қамалдарымен қосып басып алу  Осман империясының Еуропадағы  жай-күйін бекітеді деп ойлады.Шабуыл  кезінде қамалды Микло Зрински  қорғады.Ол ұзақ уақыт бойы  қарсылық көрсете алды.Зрински  өте батыл болды,бірақ түріктер  қамалға кірді.Микло Зрински қамалдың  ішінде де ерлікпен соғысты, ал  оның әйелі Илона қарулар қоймасын  өртеп жіберген болатын.Сүлейман  сұлтан қамалдың берілгенін көріп  үлгермеді, қамалды алмастан 1 күн  бұрын, жүрегі тоқтап, өмірден өтті.Зигетварда  қайтыс болғанда Сүлейманның  жасы 72де болған екен.Бұл жорық 13-інші болды, ал Венгрияға шабуыл 5-інші болған.

     1521жыл - Белградты  алуы.

     1522жыл - Родос  аралын алу.

     1526жыл - Будты  алуы.

     1529жыл - Венаға  бірінші жорық.

     1533жыл - Ұлы  уәзір Ибрагим пашаның бастауымен  өткен Ұлы Шығыс экспедициясы.

     1533-1535жылдар - Хайреттин пашаның империяға  Алжир мен Тунисты қосуы.

     1534-1535жылдар - Сүлейманның Ирак пен Иранға  жорығы.

     1538жыл - Адриатикалық  жағалауағы шайқас.

     1541жыл - Пешттің  алынуы.

                

                                  Саясаты, сыртқы соғыстары                                                                                Сүлеймен өз басқаруын, Селимнің шырмауында ұсталған, бірнеше жүз ақсүйек отбасынан шыққан, мысырлық тұтқындарды босатумен бастады. Еуропалықтар оның басшылығына қуанышты болды, бірақ Сүлеймен Селим сияқты қанішер болмағанымен, ол да жаулап алуды әкесінен кем жақсы көрмейтіндігін есепке алмады. Алғашында ол венециялықтармен достық қатынаста болды, және Венеция оның Венгрия мен Родосқа қарсы соғыс дайындығына қорқынышсыз қарады. 
         Сүлеймен I Венгрия мен Чехияның королі Лайошқа (Лудвикке) өзіне алым-салық төлеуді талап етуге елші жіберді. Король сол кезде жас және өзінің барондарына қарсы дәрменсіз болған. Барондар түрік елшісін менсінбей келіссөзден бас тартып, зынданға тастады (кебір деректер бойынша — өлтірді), бұл сұлтанның соғыс ашуына сылтау болды. 
1521 жылы Сүлейменнің әскері Дунайдағы күшті бекініс Шабацты алды және Белградты қоршады; Еуропалықтар венгрлерге көмек көрсеткісі келмеді. Белград соңына дейін қарсыласты; қала әскерінде 400 адам қалғанда, бекініс берілді, қорғаушылар опасыздықпен талқандалды. 1522 жылы Сүлеймен қалың қолын Родосқа түсірді, 25 желтоқсанда иоандық-рыцарьлардың басты қамалы тізе бүкті. Түріктер зор шығынға ұшырағанымен, Родос және жақын жатқан аралдар Порттың иелігінде болды. 1524 жылы Джиддадан шыққан түрік флоты, Қызыл теңізде португалдықтарды күйретті, сол жер осындай әрекетпен уақытша еуропалықтардан тазартылды. 6 жыл бойы түрікітердің вассалы болып келген Хайр-ад-Дин Барбаросса, 1525 жылдан бастап біржола Алжирде тұрақтап қалды; осы кезден бастап алжирлік флот Осман империясының теңіз шайқасындағы басты күшіне айналады.                                                      1526 жылы Сүлеймен 100 мыңдық әскерін Венгрияға қарсы жорыққа жіберді; 1526 жылы 29 тамызда Мохаче маңындағы ұрыста түріктер Лайоштың әскерін талқандады, тіпті толықтай жойып жіберді, ал корольдің өзі қашып бара жатып батпаққа (болотоға) батып кетті. Венгрияның ойраны шықты, түріктер ондағы он мыңдаған тұрғындарды құлдыққа әкетіп жатты. Чехияны бұндай ауыртпалықтан тек австриялық Габсбурги әулетін бағындыруы құтқарды: осы кезден бастап Австрия мен Түркия арасында ұзаққа созылған соғыс басталды, ал ұрыс алаңы әрқашан дерлік Венгрия болып қалды. 1527—1528 жылдары түріктер Боснияны, Герцеговинаны және Славонияны жаулап алды, 1528 жылы венгрлік таққа үміткер Трансильванияның басшысы — Янош Запольяи өзін Сүлейменнің вассалымын деп мойындады. Оның құқықтарын қорғаймын деген сылтаумен Сүлеймен 1529 жылы тамызда Венгрияның астанасы Буданы басып алды да, ол жерден австриялықтарды қуып шықты, ал 1529 жылдың қыркүйегінде 120 мыңдық әскерінің басшылығымен Венаны қоршады, түріктің алдыңғы жасақтары Баварияға басып кірді. Империялық әскерлердің қызу қарсыластығы, сонымен қатар жаулаушылардың арасындағы індет және азық-түліктің жетіспеушілігі сұлтанның қоршауды түсіріп, Балқанға қарай шегінуіне мәжбүр етті. Қайтар жолында Сүлеймен көптеген қалалар мен қамалдарды қиратып, мыңдаған тұтқындарды алып кетті. 1532—1533 жылдардағы жаңа австрия-түрік соғысы Кёсег қамалын қоршаумен ғана шектелді, оның ерлікпен қорғаушы шебі, Сүлейменнің Венаны қайта қоршауды көздеген жоспарын бұзды. Әлем бойынша Австрия Түріктердің шығыс және орталық Венгрияға үстемдігін мойындап, жыл сайын 30 мың дукат көлемінде алым-салық төлеуге міндеттенді. Сүлеймен осыдан кейін Венаға жорық жасауға әрекеттенбеді, өйткені бұл кезде оған тек австриялықтар ғана емес, испандықтар да қарсыласты: Германия королінің ағасы — Фердинанда I Австриялық — Испания королі және Қасиетті Рим империясының императоры Карл V болды. Алайда Сүлейменнің қуаттылығы соншалық, ол христиандық Еуропаның ең күшті деген одақтарына қарсы басқыншылық жорықтарды жетістікпен жүргізді. 

                                      Заң Шығарушы Кануни                                               Еуропалықтар оны «Ұлы Сүлейман» десе, түріктердің өздері оны «Заң Шығарушы Кануни» деп атаған. Сүлейманның құрметіне арнап салынған Сүлеймание мешітіндегі жазбаларда былай деп жазылған: «Сұлтандар арасындағы заң таратушы». Заң шығарушы ретіндегі Сүлейманның ең басты еңбегі ислам мәдениетінің әлемде бекітілуі.                                              «Канун» сөзінің өзіндік ерекшеліктері бар. Исламдық дәстүр бойынша шариғат немесе құранның заңдары Ислам әлемінде жанжақты және талассыз болып келеді. Осы заңдарды өзгертуге ешбір мұсылман басшыларында мұндай күш болмаған. Сонда Сүлейман ислам әлеміне қандай заңдарды әкелді? Сол кезде «Канун» сөзіне қандай мағына берді? Деген сұрақтар туады.                                                                                                                                Канун барлығына шариғаттан басқаларына қатысты. Бірақ шариғат барлық ықтимал жағдайларды көздейді. Сонымен қатар оның ауқымынан шығатын жағдайларда бар. Ислам дәстүріне жүгінетін болсақ шариғаттың ауқымынан шығатын жағдайлар болса, қазы немесе елді басқарушы шариғаттың заңына сәйкес аналогия келтіруі қажет. Бұл әдісті шариғаттың ең ымырашыл мектебі, яғни Ханифизмде қабылданды.                                                        Оттомандар империясында Канунды шариғаттан бөлек ең басты заңдар жиынтығы деп санады. Алғашында Оттомандар империясының өмір сүргеніне екі ғасыр болған кезде, 1350 – 1550 жылдар аралығында канун заңдары мен ережелерінде нағыз гүріл болады. Сол себепті XVI ғасырдың басында кануни тәуелсіз және біртұтас заңдар жинағына айналып, тіпті шариғаттанда маңызды орынды алды. Осындай ерекше жағдайдың ең басты себебі бірегей Оттомандар мұрасына байланысты. Түрік және Моңғолдық мәдениетінде империялық заң немесе монархиямен жарияланған заңдар киелі және дербес құқтық болып саналған. Тіпті арнайы термин болған. Түріктер оны Тюре, ал Моңғолдар Яса деп атаған. «Тюре» және «Яса» жүйесінде империялдық заңдар мемлекеттің ең негізгісі болып саналды. Ислам шариғаты мен осы дәстүр соқтығысқанда, екі жүйені өзіне сіңіріп алу туралы келісім табылды.                                                                                                            Ең алғаш рет сұлтандар заңдарын басқыншы Мехмед реттеді. Мехмед канунды бір – бірінен бөлек екі жеке бөлікке бөлді. Бірінші бөлімде саясат пен әскер мәселесіне байланысты сұрақтар болса, екінші бөлімінде салық салу және елдің шаруа халқымен қатынасы туралы айтылған. Соңғы бөлім Мехмед қайтыс болғаннан кейін қосылды, яғни 1501 жылы  Оттомандық канун өзінің ақырғы формасын алды. Ал Сүлейман болса бұл заңдар жинағын қарап шығып, ешқандай өзгеріссіз бекітті. Сол кезеңнен бастап Кануни заңдар жинағын Османи немесе Оттомандық заңдар жинағы деп атаған.     

Информация о работе Ұлы Сүлейман сұлтанның қоғамдық – саяси қызметі