Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 14:28, реферат
Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптасқан. Римнің негізін қалаған сəттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде рулық құрылым болған, алайда ол ыдырау кезеңінде болған. Рулық ұғымының негізі əлеуметтік бірлігі ретінде экзогамды əкелік ру табылған. Рулар отбасыларына бөлінген, оларға тəн сипат болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз билігі табылған. Қоғамдық құрылым. Римде жалпы алғанда 300 ру болған. Он ру əскери жəне діни бірлік болып табылатын курияны құраған. Курияның басында курион тұрған. Он курия трибуды- тайпаны құраған. Рим халқы үш тайпадан құралған.
Кіріспе
Рим мемлекетінің құрылуы
Негізгі бөлім
Рим құқығының негізгі қайнар көздері:
Халық жиналыстары
Қорытынды
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Ежелгі Рим мемлекеті мен құқығының
қалыптасуы.
Римнің ұзақ ғасырлық тарихы үш кезеңге бөлінеді:
1. Ежелгі Рим патшалық кезең - б.з.д. 754 – 810 ж.ж.
2. Рим республикалық кезеңі б.з.
3. Рим империя кезеңі екіге бөлінеді: принципат (б.з. 27 – 14 ж.ж.), доминат (284 – 395 ж.ж)
Рим құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең — цивильдік (квириттік) немесе азаматтық құқықтың
қалыптасуы жəне даму дəуірі. Ол кездегі рим құқығының азаматтық деп аталатын себебі — бұл құқық тек римдік азаматтарға ғана таралатын.
2 кезең — рим құқығының гүлдену кезеңі. Бұл кезде цивильдік құқықпен қатар преторлық құқық пайда болады, оның ішінен жалпы халықтық немесе халықтар құқығы бөлініп шықты, бұл құқық римдік азаматтар мен шетелдік азаматтар арасындағы, сонымен қатар Рим мемлекетінің аумағында өмір сүруші шетелдіктердің өз расындағы қатынастарды реттеген.
Рим мемлекетінің құрылуы
Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптасқан. Римнің негізін қалаған сəттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде рулық құрылым болған, алайда ол ыдырау кезеңінде болған. Рулық ұғымының негізі əлеуметтік бірлігі ретінде экзогамды əкелік ру табылған. Рулар отбасыларына бөлінген, оларға тəн сипат болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз билігі табылған.
Қоғамдық құрылым. Римде жалпы алғанда 300 ру болған. Он ру əскери жəне діни бірлік болып табылатын курияны құраған. Курияның басында курион тұрған. Он курия трибуды- тайпаны құраған. Рим халқы үш тайпадан құралған. Халық патрицийлерге, клиенттерге жəне плебпийлерге бөлінген. Патрицийлар — бұл қалалық қауымның толық 39құқылы азаматтары, клиенттер патрицийлерге жеке жəне мұрагерлік тəуелділікте болған, плебейлердің жеке бостандығы болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген.
Мемлекеттік құрылым.
Римдік қауымның басында патша — Рекс тұрған. Ол əскер басы, жоғарғы абыз болған жəне ерекше маңызды істер бойынша сотты жүзеге асырған. Рекстің лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындаы кеңесуші орган сенат болған, ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құралған. Сенат қоғамдық істерге басшылық жасаған, маңызды мəселелерді талқылаған, мұндай мəселелерге байланысты шешімдерді халық жиналысы қабылдаған. Сонымен қатар, сенат патшаны сайлауға да əсер еткен. Аса маңызды органдардың бірі халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы мүшелері — əскери қызметті орындай алатын ер адамдардан құралған; ал сенаттың ұсыныстарын қабылдаған немесе олардан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның ішінде патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да бір орган — бұл абыздық алқалар олардың ішіндегі ең ежелгілері болып авгурлар, понтификтер жəне фициалдар алқалары табылған (авгурлар тұлғалардың əрекеттері туралы өз қорытындыларын əртүрлі белгілер мен жорамалдардың негізінде берген, понтификтер əдет-ғұрыптарды сақтаушы жəне түсіндіруші болған, фециалдар соғыс жариялау актісін жүзеге асырған). Римдік рулық қауымның мемлекетке айналуын үрдісінің
аяқталуына Сервий Тулийдің реформалары əсер етті, олардың мəні мынада болды:
А) барлық еркек адамдар жердің мөлшерімен анықталатын мүліктік жағдайына қарай бес топқа бөлінген, бұл бөлініс плебейлер үшін де, патрицийлер үшін де ортақ болған;
Ə) Римде жоғарғы органның жаңа түрі пайда болды — центуриаттық комициялар;
Б) плебейлер центуриаттық комициялардың құрамына енгізілді, яғни, «рим халқының» бөлігіне айналды жəне қоғамдық жердің бөлінісіне иеленетін болды;
В) Рим қаласы төрт аумақтық округтерге — трибаларға, ал қала шеті — он жеті селолық трибаға бөлінді. Трибуттық комициялар плебейлер үшін міндетті жалпы сипаттағы қаулыларды шығару құқығына иеленді.
Республика кезеңіндегі Рим
Римдегі республика кезеңі 500 жылға созылды (б.э.д.509-27 ж.ж.). Римнің даму тарихын екі кезеңге бөлуге болады: республиканың қалыптасу жəне нығаю кезеңі (б.э.д. VI-IV ғ.) жəне римдік құл иеленушілік мемлекеттің гүлдену жəне құлдырау кезеңі, оның орнына монархиялық басқару нысанының келуі (б.э.д. III-I ғ.ғ.).
Қоғамдық құрылым.
Өзінің таптық табиғаты бойынша римдік қоғам мен мемлекет құлиеленушілік болған, алайда құлдарды қанау монархия кезеңіндегі сияқты дəрежеге жеткен жоқ, сол себепті құлдық патриархалдық сипатта болған. Еркін халықтың негізгі бөлігі болып патрицийлер мен плейбейлер қала берген, олардың арасында өзара күрес өрши түскен. Плейбейлер патрицийлер мен саяси жəне азаматтық құқықтары бойынша тең болуға ұмтылған, осы жағдай Рим республикасының құлауының негізгі себебі болған.
Мемлекеттік құрылым. Рим республикасында орталық органдар — халық жиналыстары болған, олар центуриаттық, трибуттық жəне куриаттық комициялар түрінде ұйымдастырылған. Сонымен қатар, сенат пен магистратуралардың да мемлекетті басқарудағы орны ерекше болған.
Центуриаттық комициялар халық жиналыстарының негізгі түрі болып табылады, олар заң жобаларын қабылдап, жоғарғы магистрат — консулдардың, преторлар мен цензорлардың сайлауын жүзеге асырды, сот билігіне ие болды. Трибуттық комициялар екі нысанды қызмет етті: патрицийлер мен плебейлер үшін жалпы жиналыс (олардың қаулылары “популисцит” деп аталды) жəне арнайы плебейлік жиналыстар (олардың
қаулылары “плебисцит” деп аталды). Куриаттық комициялар тек рулық құрылымының қолдағы ретінде ғана сақталады жəне уақыт өте келе бұрынғы 30 курияның өкілдері болып табылған 30 ликторлың жиналысымен ауыстырылды.
Рим құқығы
Рим құқығының негізгі қайнар көздері:
1) бірінші римдық құқық кодификациясы — əдет құқығы жазбасы түріндегі XII кесте заңдары;
2) б.э. III ғ-ның соңында екі кодекс құрастырылды: грегориян жəне гормогениан кодекстері;
3) б.э. 483 ж. алғашқы ресми жүйелендіру — Фиодосий кодексі қабылданды, мұнда б.э. IV ғ. бастап императорлардың конституциялары жинақталды;
4) б.э. XII ғ. рим құқығының соңғы жүйелеуі аяқталды, ол Юстиниан императордың тұсында жүзеге асырылып, «азаматтық құқық жинағы» — Корпус Юрис — Цивилис деген атқа ие болды, бұл жинақ келесі негізгі бөліктерден құралды:
— институциялар — рим құқығының қарапайым курсы, бұл
оқу мақсаттарына арналған, олардың негізгі қайнар көзі болып рим заңгері Гайдың шығармасы саналды, өз күшіне 533 жылдың 21 қарашасында күшіне енді;
— дигестлер — ескірген түсініктер мен қарама-қайшылықтарды жою мақсатында редакциялық өңдеуден өткен рим заңгерлерінің шығармаларының үзінділерінің жинағы, 533 жылдың 30 желтоқсанында күшіне енді;
— юстинианның кодексі — 12 кітаптан құралған император конституцияларының жинағы. Бірінші кітапта шіркеулік құқыққа қатысты конституциялар енген; 2-8 кітаптар азаматтық құқыққа арналған; 9 кітап — қылмыстық құқыққа; 10 кітап мемлекет басқару туралы ережелерге арналған;
— новеллалар — жинақтың басқа үш бөлігі жасалуы уақытында шығарылған Юстиниан конституциялары оларды негізінен мұрагерлік құқықтың нормалары көрініс тапқан. Құқыққабілеттілікті иелену үшін статус деп аталатын үш жағдай (шарт) қажет болды: бостандық статусы, яғни, Римнің тек еркін азаматтары ғана құқық қабілеттілікті иелене алатын (құлдар құқықтың субъектісі емес, объектісі болып табылатын); азаматтық статусы — римдік қалалық қауымға тиесілі тұлғалар ғана толық құқылы жəне жалғыз өкілі болып үй иесі табылатын. Меншік құқығы тұлғаның иелену, пайдалану жəне билік ету түріндегі затқа деген толық жəне айрықша үстемдігін білдірді. Барлық заттар бірқатар сенаттарға бөлінеді: азаматтық айналымнан алынған заттар (діни табыну заттары, мемлекеттік меншік обьектілері жəне жалпылай пайдалану заттары: теңіз,
ауа, ауыз су жəне т.б.) жəне азаматтық айналымдағы заттар (жылжитын жəне жылжымайтын, бөлінетін жəне бөлінбейтін, жеке дара анықталған жəне топтық белгілері бойынша анықталған, тасымалданатын жəне тасымалданбайтын).
Рим құқығында меншікті иеленудің екі түрі ажыратылған:
цивильдік құқыққа негізделген иелену (меншік құқығын жаудан жаулап алынған меншік туралы жалған процесс арқылы беру, мүлікті бөлу туралы процесстегі иелену, жылжитын мүліктің бөлігін бөлу; мұндай меншік квириттік деп аталған) жəне «халықтар құқығына» негізделген иеленулер (мүлікті берудің қарапайым түрі, аккупация, ескіру мерзімі
бойынша мүлікті иелену).
Рим құқығы бөтен мүлікке қатысты келесі құқықтарды таныған: сервитуттар (меншік иесінің мүдделеріне зиян келтірмеген жағдайда, басқа тұлғаларға да оның меншігін пайдалануға рұқсат етілген); суперфициялар (бөтен жерде салынған құрылысты пайдалану құқығы) жəне кепіл құқығы— ипотека (кепілге қойылған зат борышкердің иелігінде міндеттемені орындау мерзімі туындағанға дейін қалдырылатын).
Римде міндеттемелердің екі қайнар көзі болған:
деликтілерден (құқықбұзушылардан) туындаған міндеттемелер жəне
шарттардан туындаған
шарттар.
Неке — отбасы құқығы бастапқы кезеңдерінде үй иесінің отбасы мүшелерінің үстінен шексіз үстемдігімен сипатталған. Екінші кезеңде некенің жаңа нысаны пайда болды, бұл кезде əйел біраз мүліктік жəне жеке дербестікке ие болды. Үшінші кезеңде некеден тыс байланыстар — конкубинаттар кең таралды. Мұрагерлік құқықта заң бойынша мұрагерлік жəне өсиет бойынша мұрагерлік орын алған. Заңды мұрагерлер ретінде тек огнаттар, яғни, қандық туыстығына қарамастан үй иесінің
билігінде болған тұлғалар танылған. Қылмыстық құқықта жариялылық сипаттағы (Рим мемлекетіне қарсы қылмыстар, өртеу, адам өлтіру, жалған куə болу, егіндікті ұрлау жəне дуалау өлім жазасымен жазаланатын)
жəне жеке сипаттағы (ұрлық, тұлғаға нұқсан келтіру, бөтен мүліктерді жою жəне зақымдау — дене жазалары мен өлім жазасы қолданылатын) қылмыстар ажыратылған.
Халық жиналыстарының үш түрі болды:
1. Куриаттық халық жиналыстары – Римдегі ең көне халық жиналысы және ол негізінен рулар бойынша жиналыс болды.
Римде 30 курия болды.
2. Трибуттық
жиналыстар-территориялық
3. Центуриаттық жиналыс- әскери-саяси бөлімдер бойынша,яғни халық жасағының тұрақты бөлімдері бойынша шақырылатын жиналыс болды және саяси жағынан ең маңызды орган болды. Центуриаттық жиналысты консул шақыра алатын болды және бұл жиналыста мемлекеттегі ең жоғарғы қызмет адамдары-консулдар мен преторлар сайланды.
Центурияттық
және трибуттық жиналыстардың
Ақсақалдар кеңесі - Рим республикасындағы ең маңызды басқару органдарының бірі.Бастапқыда ру ақсақалдарының жиналысы ретінде пайда болды және құрамында 300 рудың өкілі болды.Кеіннен,б.э.д. 1 ғ. Сенат құрамында 600 мүше болды. Сенат құрамына бұрын жоғарғы мемлекеттік қызымет атқарған адамдар кірді. Әр бес жылсайын сенаторлардың тізімін арнайы магистраттар-цензорлар тексеріп,қайта жасалып отырғСенатта мемлекеттік маңызы бар мәселелер мен заң жобалары каралып ,халык жиналысына бекітуге үсынылып отырған. Сенаттың шешімдері сенатуусконсульт деп аталып,магистраттар басшылыққа алатынқұжат ретінде маңызы болғанымен ресми түрде заң күші болмады.
Рим республикасында басқару жұмысын арнайы мемлекеттік қызметкерлер жүргізеді. Оларды магистраттар деп атады. Мемлекеттік қызыметтің екі түрі болады: ординаллық жэне экстраординарлық.
Рим құқығы — Көне Римде пайдаболған құқық жүйесі. Византия империясының құлауына дейін дамыған жүйе. Ежелгі Римде қалыптасқан құқықтық жүйе. Б.з.б. 2 ғасырдың басында Рим құқықтанушылары халықтық нормативтік тәжірибені жүйелеуге кірісе бастады. Осы ұмтылыстың нәтижесінде б.з.б. 2 ғасырдың соңында Квинт Муций Сцевола бүкіл еур. құқықтанудың негізі болған алғашқы бір жүйелі Рим құқығы'н жазып шықты. Рим құқығы' азаматтық айналым субъектілерінің өзара теңдігі, бөтеннің мүлкіне қол сұқпаушылық, қоғамда қалыптасқан ережеге мұрсат берушілік, т.б. қағидаларға негізделді. Сондай-ақ норма тудыру ережесі, діни жоралғылар, халықтық басқару органдары (сенат, магистратура) қызметінің режимі, сот арқылы қорғану нысандары, шетелдіктермен қатынас қағидалары, азамат мәртебесінің өзгеру тәртібі, Рим азаматтығын беру және некеге тұру нормалары, мүліктік қатынас нормаларынан құралды. Әсіресе мүліктік қатынас нормалары басым болды. Осылайша басты қоғамдық қатынастарды реттейтін біртұтас құқықтық жүйе Рим билігі ықпал ететін Жерорта т. елдерінің негізгі заңына айналды. Рим құқығы' тек бүгінгі құқықтық жүйелердің негізі ғана емес, сонымен қатар құқықты дамытудың құнды тәжірибесі болып табылады. Рим құқығы әлі күнге құқықтық білімнің негізі ретінде заң тілі мен құқықтық ойдың алғышарты ретінде оқытылады.
Ординарлық магистраттарға мына қызметтер кіреді:
1. Консулдар.
Патша қуылғаннан кейін
2. Цензорлар - Рим республикасында б.ә.д. 434 жылдан бастап сайлана бастаған магистраттардың бірі.Әр бес жылда 1,5 жылға сайланып отырған. Цензорлар азаматтардың санағын жүргізуге,сенаторлардың тізімін қайта қарауға жэне салықтың казынаға түсуін қадағалауға,мемлекеттік табысты жинауды тапсыруга жауапты болған және азаматтардың тәртібіне ,іс- әрекетіне бақылау жасап отырған.
3. Преторлар - жоғарғы магистраттардың бірі,сот ісін жүргізуші.Претор қызыметі б.э.д.366 ж. енгізілді.Б.э.д. 267 ж.
2 претор сайлана бастады. Бірі-қалалық претор деп аталады,ал екіншісі прегриндік претор деп аталады. Қалалық претор азаматтардың арасындағы сот ісін жүргізді,ал прегриндік претор Рим азаматы емес (прегрин) прегрин адамдардың арасындағы сот ісін жүргізді. Сот ісімен қатар претор әскер басшылары болып тағайындалды және провинцияларды басқарды. Претордың алдында 6 адамдық салтанатты қарауыл жүріп отырды.