Бенневуто Челлини

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 11:26, реферат

Краткое описание

Челлини 1500жылы 3 қарашада Флоренцияда музыкалық аспаптар шебері және егіншінің отбасында дүниеге келген. Бенвенуто ата-анасының отбасылық өмірінің 12 жылында дүниеге келген екінші баласы.
Ұлын музыкант ретінде көргісі келген әкесінің таңдауына қарамастан, Бенвенуто 1513 жылы Брандини әшекейлер шеберханасына оқушы болып жалданып, металды көркем өрнектеу әдістерін үйренеді. Осы жылдардан бастап көптеген төбелестерге қатыса бастады, әсіресе басқа зергерлермен қақтығысу әсерінен 1516 және 1523 жылдары туған қаласынан қудаланды. Италияда айдауда болғаннан кейін 1524 жылы Римде тұрақтап, Ватикан басына жақындады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 1.98 Мб (Скачать документ)

 Челлини 1500жылы 3 қарашада Флоренцияда музыкалық аспаптар шебері және егіншінің отбасында дүниеге келген. Бенвенуто ата-анасының отбасылық өмірінің 12 жылында дүниеге келген екінші баласы.

Ұлын музыкант ретінде  көргісі келген әкесінің таңдауына  қарамастан, Бенвенуто 1513 жылы Брандини әшекейлер шеберханасына  оқушы  болып жалданып, металды көркем өрнектеу әдістерін үйренеді. Осы жылдардан  бастап көптеген төбелестерге қатыса бастады, әсіресе басқа зергерлермен қақтығысу әсерінен 1516 және 1523 жылдары  туған қаласынан қудаланды. Италияда айдауда болғаннан кейін 1524 жылы Римде тұрақтап, Ватикан басына жақындады.

1527 жылы империя әскерлерінен  Римді қорғауға қатысты. Римдіктердің жеңілісінен кейін қаладан кетіп қалды. 1529 жылы Римге қайта оралып, папалық монеталық ауланың бастығы лауазымын алып 1534 жылға дейін қызмет етті. Оның сол замандағы зергерлік бұйымдары сақталмаған, кейіннен балқытылған екен (кейбір медальдардан басқалары).

1531-1534 жылдары Челлини  ағасының кегін алу үшін зергерді  өлтіріп, артынан нотариусқа шабуыл жасағандықтан, Неаполь қаласына қашып, тағы да папалық аулада Челлини туралы ғайбат айтқаны үшін бір зергерді өлтірді.

1537 жылы король  І Францисконың  портреттік медалін жасағаны  үшін француздық қызметке қабылданды.  Римге қайта оралған соң, Челлини  папалық алтын-күмістерді ұрлады  деген айыппен қамауға алынса  да, қайта қашып кетті. Зергердің  бостандығы ұзаққа созылмады,  аз уақыттан соң ол қамауға  алынып, қайта босатылды.

1540 жылдан бастап Фонтеблода  француздік корольдікте өмір  сүрді, ол жерде қазіргі заманға  дейін сақталған жалғыз зергерлік  бұйымын аяқтады. Оның жалғандығына  ешандай күмән келтірілмейді.

Зергер Францияда қола құймасының техникасын меңгергеннен бастап ауқымды мүсіндік тапсырыстар орындай  бастады. 1545 – 1553 жылдар арасында Челлини  Флоренциядағы Козимо І Медичи герцогының қарамағында қызметте болып, Медуза-Горгонның  басын ұстап тұрған атақты Персея ескерткішін жасады. Мұнда зергер антикалық дәуір шығармаларын өңдей  отырып, басқа да мүсіндер жасады.

1556 жылы Челлиниді зергермен  қақтығысқаны үшін қайта абақтыға  жапты. Оның соңғы мәнді монументалды  шығармасы «Күрзіптеу (Распятие)»  болып табылады. Үйде қамауда болғанда шебер автобиография жазумен айналысты, бұл оның шығармашылығының  інжу-маржаны болып табылады.

Мүсінші 1571 жылдың 13 ақпанында  туған жері Флоренцияда қаза болды. Құрметтеу шіркеуінде үлкен сый-сыяпат пен марапатқа бөленіп ақтық сапарға аттанды.

Шығармашылығы

«Маэстро Джованни Челлинидің ұлы, флорентилік, Флоренцияда жазылған Бенвентуноның өмірі» атты кітабы XVI ғасыр әдебиетінің керемет шығармаларының бірі болып табылады.  Бенвентуно Челлини автобиографияны 1558 жылдан бастап жаза бастаған, бірақ қолжазбаның көптеген бөлігі Челлинидің хатшысы, 14 жасар ұлдың қолымен жазылған, және тағы бірнеше беттері басқа қолмен жазылған екен. Шежіре 1562жылға дейін созылған. XVIІ ғасырда әртүрлі шытырман оқиғалардан кейін қолжазба жоғалып кетті. 1805 жылы ол Флоренцияның кітап дүкендерінің бірінде табылып, Лауренциан кітапханасына тапсырылды және осы күнге дейін сақталуда. Алғашқы басылым жинағы 1728жылы Неапольде жарық көрді.

Бенвенуто Челлинидің өмірі  танымал деп айтуға болатын манерада жазылған және сонысымен «Августиннің құлшылық етуі» және «Руссоның құлшылық етуі» сияқты шығармалардан ерекшеленді. Бенвенуто Челлини кітабының беттерінде жаңа идеяларды айшықтамай, өзінің бастан кешкен шытырман оқиғаларын, ойларын және сезімдерін еш бүкпесіз, сол мезеттегі автобиографияға тән емес сипаттамлармен баяндап, көркем тіл шеберлігімен адамның уайымы мен ой өрісін анық жеткізген.

Замандастары Челлиниді  қолөнерші ретінде жоғары бағалады, сәйкесінше оның көркем әдеби дарыны туралы көзқарастар әртүрлі болды, оған қарамастан, Микеланджелоны шығарып салу кешінде мүсіндерін көрсетілімге шығарған болатын. Варки және Вазари оның зергерлік өнері туралы оң көзқараста болды. Мысалы, Вазари: Челлини- медальді өнердің мінсіз шебері, ол тіпті бұрынғылардан да асып түсті, және өз заманының ұлы зергері және тамаша мүсіншісі,-деп жазған. Оның жасаған зергерлік бұйымдарының бірнешеуі ғана сақталған: І Франциско солонкасы (1540-1543, Вена, көркем-тарихи мұражай), папа Климент VIІ мен Алессандро Медичиге арнап жасалған медальдар мен тиындар, сонымен қатар Климент VIІ әшекей бұйымдарының эскиздері.

Челлинидің өнер тарихында  алатын орны алдымен оның мүсін облысында  жасалған жұмыстарымен анықталады. Оның шығармашылығы маньеризмнің дамуына  әсерін тигізді. Оның шығармаларының арасында аса ерекше орын алатыны, Францияда болған жылдарында жасалған,- Фонтебло Нимфінің қола рельефі (1545ж.дейін, Лувр). Флоренцияға қайтып оралғаннан кейін жасалған шығармаларының ішінде сақталғандары – Персей (1545-1553, Флоренция, Лоджия деи Ланци), Борзайдың статуясы (1545-1546,  Флоренция, Барджелло), Козимо Медичи бюсты (1545-1548, сол жерде), Ганимед (1548-1550), Аполлон и Гиацинт, нарцисс (барлығы Флоренцияда), биньдо Альтовити бюсты, Распятие (шамамен 1562ж., Эскориал).

«Челлини өз автобиографиясында әкесінің тамаша бриллиант қойылатын  қымбат әшекей бұйымға тапсырыс бергендігі туралы жазады. Барлық бәсекелес шеберлер әртүрлі пішіндер жасап, ортасына тас  қоятын болған, тек Челлиниге ғана бриллиантты қолдану ойға келген». (Виктор Шкловский «Гамбургтік есеп»  кітабында).

Бенвенуто Челлинидің автобиографиясы  Александр Дюманы «Асканио» романын  туғызуға талпындырды, онда Бенвенуто  челлинидің Франциядағы өмірінің бөлігі сипатталады.

 

 

Солонка Франциска  І «Нептун және Юнона», 1540-1544, өнер тарихы мұражайы, Вена

 

«Персей», 1545-1554, Лоджия деи Ланци, Флоренция

 

«Керіп тастау (Распятие)», мрамор

 

«Франциск І, Франция  королі», 1537

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://www.liveinternet.ru/users/credime/post209331468/


Информация о работе Бенневуто Челлини