Ағылшын әдебиеті: Уильям Шекспир (1564 – 1616)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 17:57, реферат

Краткое описание

Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир 1564 жылы 23 сәуірде Эйвон өзенінің бойындағы Стратфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген. Оның әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді (саудагер болған, қала мэры болып да сайланған). Уильям Джон Шекспирдің үшінші баласы еді, одан басқа тағы жеті баласы болған. 7 жасында Уильям ең жақсы деп есептелетін грамматикалық мектепке барды (1571-1578), онда латын және көне грек тілдерін үйренді. Әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай, 16-ға толар-толмас жасында жұмыс істеуге мәжбүр болады (ет сатушының шәкірті, ауылдық мектепте репетитор т.б.).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ағылшын әдебиеті.doc

— 50.50 Кб (Скачать документ)

Дефо өз заманының  саяси өмірі, экономикасы, моралі, діні, тарихы жайлы көптеген публицистикалық шығарма жазды. «Таза қанды ағылшын» (1701) атты өлеңмен жазылған памфлетінде дандайсыған ақсүйектерді, діни фанатизмді әшкереледі. Дегенмен, Дефо көптеген шығармаларында буржуазиялық құрылыстың нығаюын, сауда-саттықтың дамуын қуаттады («Жобалардың тәжірибесі», 1697 ж.).

Дефоның тұңғыш романы «Робинзон  Крузо» оны дүние жүзілік даңққа бөледі. «Робинзон Крузодан» (1719) кейін  Дефо «Капитан Сингльтон» (1720), «Молль Флендерс» (1722), «Полковник Жактың тарихы» (1722), «Роксана» (1724), «Капитан Карлтонның мемуары» (1728) романдарын жазды.

 

«Робинзон Крузо» романы

 

1719 ж. Лондонның әдеби  өмірінде бір ғажап оқиға болды:  дүкендерге Даниель Дефоның «Робинзонның  өмірі және таңғажайып хикаялары»  атты романы түсті. Кітаптың  құны ер адамның костюмі немесе  жылқының жарты бағасымен бірдей болса да, оны тез арада сатып алды. Сол кезден үш ғасыр өтсе де, Робинзонның тарихы әлі күнге дейін оқырмандарды қызықтырады. Ал Робинзонның таңғажайып тарихының реальдық деректі негізі бар екенін көп адамдар біле бермейді.

Даниэль Дефоның ең жақсы романының жазылуына себеп болған шотландық моряк Александр Селькирктің өмірінде болған оқиға.

Жастайынан теңізді  сүюші Александр Селькирк қарақшылардың  кемелерінде матрос болып жүрген. 1704 ж. қазан айында Селькирк капитанмен ұрысып, Мас-а-Тьерра аралында қалады. Сол аралда Селькирк 4 жыл 4 ай тұруға мәжбүр болады. Дефоның кейіпкері аралда 28 жыл өмір сүрді. Селькирктің аралда ескі үйі болған: біреуі

 


Информация о работе Ағылшын әдебиеті: Уильям Шекспир (1564 – 1616)