Романтикалық балеттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 10:51, реферат

Краткое описание

XIX ғасырдың 30-жылдары өнерде жаңа көркемдік бағыт — романтизм өркен жайды. Хореографияда бұл ағымның ықпалы спектакльдерде жаңа тақырып, жаңа сахналық тәсілдердің пайда болуымен ерекшеленді. Барлық романтикалық балеттер бір тәсілмен құрылатын. Онда екі өмір — шынайы өмір мен фантастикалық арман өмір бір-біріне карама-қарсы келді. Бұл спектакльдің көркемдігіне, оның бүкіл атмосферасына әсерін тигізді. 1832 жылы Парижде "Гранд операда" Филиппо Тальонидің "Силъфида" балеті бірінші рет көрсетілді. Бұл балетті Филиппо Тальони өзінің қызы үшін, атақты биші Мария Тальони үшін шығарған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 54.05 Кб (Скачать документ)

XIX ғасырдың 30-жылдары өнерде жаңа көркемдік бағыт — романтизм өркен жайды. Хореографияда бұл ағымның ықпалы спектакльдерде жаңа тақырып, жаңа сахналық тәсілдердің пайда болуымен ерекшеленді. Барлық романтикалық балеттер бір тәсілмен құрылатын. Онда екі өмір — шынайы өмір мен фантастикалық арман өмір бір-біріне карама-қарсы келді. Бұл спектакльдің көркемдігіне, оның бүкіл атмосферасына әсерін тигізді. 1832 жылы Парижде "Гранд операда" Филиппо Тальонидің "Силъфида" балеті бірінші рет көрсетілді. Бұл балетті Филиппо Тальони өзінің қызы үшін, атақты биші Мария Тальони үшін шығарған.

Арман әлемін бейнелеу балетмейстер мен бишіден бидегі барлық қимыл-қозғалыстың тұрмыстық дәлділігін талап етпеді. Бұл сол кезде жинақталған бүкіл балет техникасын қолдануға мүмкіндік берді және классикалық бидің ары қарай дамуына әсерін тигізді.

Сильфида — жер бетіне жиі келетін ауа перісін балетмейстер биде жеңіл де жоғары секірулер, сахна бетінде ауадай нәзік қимыл-қозғалыстар арқылы жеткізген. Сильфида рөлін орындаушы үлпілдеген көйлек-пачкамен кейіпкерінің салмақсыздығын сездіру үшін сахнада аяғының ұшымен ғана жүрді. Осыдан біз қазір білетін аяқтың ұшымен биленетін би қалыптасты. Бірақ ол кезде ұшы мен табаны қатты пуанте атты арнайы аяқкиім болған жоқ, сондықтан бишілер жұмсақ балет туфлилерімен өз саусақтарының ұшына тұрды.

Бірінші рет балетте саусақтың ұшымен Мария Тальони "Сильфида" балетінде және орыс бишісі Авдотья Истомина "Зефир мен Флора" балетінде биледі деген болжам бар.

Романтикалық балетте жетекші бишінің рөлі мен әйелдер кордебалетінің маңызы арта түсті.

Мария Тальони[өңдеу]

Мария Тальони

 
Мария Тальони

Дүниеге келгені:

1804 ж. сәуірдің 23 (210 жас)

Қайтыс болғаны:

1884 ж. сәуірдің 22 (79 жаста)

Ұлты:

италия

Мансабы:

балет артисі, романтизм дәуірі балет театрының көрнекті бишілерінің бірі


 

Мария Тальони (1804—1884) — италия балет артисі, романтизм дәуірі балет театрының көрнекті бишілерінің бірі. Өз әкесі, белгілі балетмейстер Ф.Тальониден оқыды. Өнер жолын 1822 жылы Венада бастады. 1827—-1835 жылдары Парижде қызмет етті. Шнейцгоффердің "Сильфида" балетінде Сильфида партиясын орындау арқылы дүниежүзілік даңққа ие болды. Тальони шығармашылығы балет өнерінің дамуына зор ықпал жасады. Мария Тальони тамаша тұрақтылығымен ерекшеленді, ұзак уақыт бойы аяғының ұшында тұратын және секіргенде сахна үстінде қалықтап, ауада ұшып жүргендей әсер қалдыратын. Ол, әсіресе пуанты билерін тартымды әрі таза билеу арқылы көзге түсті. Гастрольдік сапармен Петербургте (1837—1842), Лондонда өнер көрсетті. 1847 жылы сахнадан мүлдем қол үзді. Мария Тальонидің өмірін, биінің жеңілдігін талай ақындар мен суретшілер дәріптеп, мадақтап кеткен.

Жюль Жозеф Перро[өңдеу]

Жюль Жозеф Перро (1810—1892) — француз балет артисі, балетмейстер. Романтикалық балет саласындағы аса көрнекті хореографтардың бірі. Классикалық би бойынша О.Вестристен сабақ алды. Өнер жолын 1830 жылы Лондоннан бастады. 1830—1835 жылдары Париж операсында биледі. Замандастары Перроны Мария Тальони өнерімен салыстырды. Бірақ атақты балерина бұл өнерде тек жалғыз болу үшін Жюль Перромен билеуден бас тартқандықтан, ол үшін Париж операсының есігі жабылады. 1834—1848 жылдары Лондондағы Корольдық театрда, ал 1848—1859 жылдары Ресейде, Петербургте қызмет етті. Перро орындаушылық қызметтен спектакльдер қоюға көшеді. Қойған негізгі балеттері: Ч.Пуньидің "Ундина", "Эсмералъда" (1843—1844) және "Катаринасы" (1846), тағы басқа. Әдеби шығармалардың мазмұнына терең бойлай отырып, Перро сахналық күшті, жарқын характерлер жасады. Мәселен, Жюль Перроның "Падекатр" атты миниатюрасы хореографияның тарихына енген болатын. Оның бірінші қойылымында атақты төрт биші — Мария Тальони, Карлотта Гризи, Фанни Черрито және Люсиль Гран биледі. Би нәзік те жеңіл қозғалыстар мен әдемі I қимылдарға негізделді. Әр бишінің өзінің ерекше биі болды. Бүгінде "Па-де-катрды" әлемнің ең үздік балериналары орындайды, әлі күнге дейін ол романтикалық хореографияның тамаша үлгісі болып табылады. Романтикалық балеттің шыңы — А.Аданның музыкасына қойылған Жюль Перроның "Жизель" спектаклі болды. "Жизель" — хореография мен балет драматургиясының, музыка мен би байланысының классикалық үлгісі. Бұл балетте би органикалық әрекетті түрде пантомимамен тығыз байланыскан. Перро 1859 жылы Ресейден кеткеннен кейін театрдан қол үзді. 1892 жылы Перро қайтыс болғаннан кейін оның идеялары ұмытылды. Тек 1909 жылы Парижде өткен Орыс маусымдары кезінде көрсетілген "Жизельден" кейін бүкіл әлем қайтадан оның өнерін есіне алды.[1]

 

 

Реализм[1] (лат. relіs — заттылық, шындық) — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі. 
Романтизм әдісі көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, Реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсетуді қажет етеді. Реализм болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелейді, өмір шындығын анық кескіндейтін образдар жүйесін жасайды. Реализм өмірде үнемі кездесетін нақтылы жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды, дегенмен оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі ерекшелігі — өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейнелі тұлғалар жасау. Бейнелеу өнерінде сыншыл Реализм 18 ғ-дан байқалды. Суретшілер шығармндағы қарапайым адамдардың күнделікті тіршілігіне үңілу, жекелеген мінезге көңіл аудару, қоғамдағы кертартпа салт-сананы келемеждеу (Францияда Ж.Б. Шарден, Ж.Б. Грез; Англияда У.Хогарт; Германияда Д.Н. Ходовецкий) ағартушылық идеяларының шартына бағындырылды. Реализм әдістерін қалыптастыруда Ф.Гойя шығарм. ерекше орын алды. Ол өз еңбектерінде төңіректі қоршаған дүниенің жанды поэзиясын қалай ашса, әлеум. қайшылықты аяусыз талдауда соншалықты батыл қадам жасады. 18 ғ. мен 19 ғ-дың алғашқы бөлігінде, романтизмнің қалыптасу кезінде бейнелеу өнері (портрет, тұрмыстық жанр мен табиғат көрінісі саласында) Реализмге бет бұрды. 
Францияда Т.Жерико мен Э.Делакруа өмірдің нақтылы көрінісін бейнелеуге ден қойып, оның шытырман оқиғаға толы тынысын суреттеді. Осы бағыттың әсерінен өз заманының өткір мәселелеріне тереңірек үңілген О.Домьенің шығарм. қалыптасты, Ресейде 19 ғ-дың 1-жартысында Реализм тенденциясы О.А. Кипренскийдің портреттерінен, А.Г. Венециановтың шаруалар тұрмысы тақырыбына жазылған картиналарынан, С.Ф. Щедриннің пейзаждарынан айқын көрінді. К.П. Брюллов шығарм. арқылы қанаты қатайған Реализм принциптері өмірдегі шынайы көріністерді терең филос. тұжырыммен ұштастыра білген А.И. Ивановтың, әсіресе, “кішкентай жандардың” өмірін жырлайтын П.А. Федотовтың шығармаларының арқауына айналды. Реализмнің алғашқы нышандарын ауыз әдебиеті мен көне жазбалардан да табуға болады. 
Оның айрықша белең алған кезеңі — қайта өркендеу дәуірі (15 — 17 ғ-лар). Реализм белгілері М.Сервантес, У.Шекспир шығармаларынан айқын көрінді, 18 ғ-да Англияда (Д.Дефо, С.Ричардсон), Францияда (Д.Дидро, Ж.Ж. Руссо, Германияда (И.В. Гете) реалистік романдар жарыққа шықты. 19 ғ-дың 30-жылдарында бой көрсеткен сыншыл Реализм бурж. қоғам өмірін жан-жақты қамтып көрсетуді мақсат етті. Батыста У.Теккерей, Р.Флобер, Дж.Элиот, Ресейде Л.Н. Толстой,М.Ф. Достоевский, А.П. Чехов Реализмнің дамуына зор үлес қосты. Реалистік әдіс орыс әдебиетінде Пушкин шығарм. арқылы биік дәрежеге көтерілді. Пушкиннің “Евгений Онегин”, “Капитан қызы” романдары, көптеген лирик. өлеңдері осы әдістің орыс әдебиетінде берік орын алуына мүмкіндік туғызды. Реализм әдісі одан әрі И.А. Гончаров, И.С. Тургенев шығармаларында кеңінен орын алған. Қазақ әдебиетінде Реализм әдісі Абай мен Махамбет Өтемісұлы поэзиясы негізінде жоғары сатыға көтерілді. Шернияз Жарылқасынұлы, Алмажан Азаматқызы, [[[Сүйінбай]], Жамбыл ақындармен қатар, Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Іұдайбердіұлы, С.Торайғыров, М.Дулатов, М.Сералин, С.Көбеев, т.б. қаламгерлер Реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті.[2]

 

 

 

Ырғақ, ритм (грек. rhythmys – үйлесімділік, rhйo – ағамын) – музыкалық дыбыстардың зандылық өлшемде алмасуы. Ы. - музыка, поэзия, бейнелеу өнері мен архитектурада негізгі мәнерлеу және түр тудыру құралдарының бірі. Музыкада музыкалық мелодияның ырғақтық қүрылысы музыкалық заңдылықтармен айқындалады. Ырғақтың өлшем үлестерінің тегеурінді (әлді) және тегеурінсіз (әлсіз) түрлері болады; олардың ауысып келіп отыруы метр өлшемін түзеді. Дыбыстардың бір ырғаққа құрылуы музыкалқ шығармалардың жақын немесе алшақ жаткан бөліктерінде кездесе береді. Осыған орай музыкалық формалардың музыкалық фазаларын, сөйлемдерін, кезеңдерін және одан да ірі бөлімдерін кұру заңдылықтары туады. Әрбір музыкалық жанрларға және ұлт музыкасына тән ырғақтық формалар мен қайырмалар болады. Кейбір музыкалық жанрларының өзіндік ырғақ ерекшелігі болады. Мысалы, мазурка, полька, лезгинка, т.б. Сондай-ақ, ырғақтың көркемдік құрал ретінде музыкалық образдарды айқындаудағы маңызы бар. Ырғақтың архитектурада, әсіресе архитектура ансамбльдер салу ісінде үйлесім тауып, жалпы көрінісінің үнасымды болуына ырғақ елеулі әсер етеді. Ырғақ сән және кодданбалы өнерде, әсіресе ою-өрнекте кеңінен қолданылады.[1]


Информация о работе Романтикалық балеттер