Музыкалық тәрбие арқылы баланың жағымды көңіл-күйін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2014 в 15:12, доклад

Краткое описание

Мәдениетті, ұлтшыл, өнерлі адам тәрбиелеуге өте үлкен екі күш керек, ол өнер және білім. Егеменді елдің ертеңі оқу-біліммен, өнегелі, тәрбиемен өлшенеді. Бала болашақта тұлға ретінде қалыптасуы бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.
Балабақшада тәрбие алып жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ өнерпаздар, әншілер, жазушылыр, ақындар талай мамандық иелері шығуы мүмкін, «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші солардың бойындағы қасиеттерді ерте бастан байқап, өнерге баулу ең алдымен ата-анамен тәрбиеші, ұстаздардың сезімталдығына, ізденімпаздығына көп байланысты. Сол тәрбиенің бір саласы – шығармашылық сала. Шығармашылық саланың ішінде музыкалық, эстетикалық тәрбие.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Музыкалық тәрбие.docx

— 38.72 Кб (Скачать документ)

Музыкалық тәрбие арқылы баланың жағымды көңіл-күйін дамыту                                                                    

Құлақтан кіріп бойды алар,                                                            

Әсем ән мен  тәтті күй.                                                                      

Көңілге түрлі  ой салар,                                                              

Әнді сүйсең менше сүй.

Абай Құнанбаев   

  Мәдениетті, ұлтшыл, өнерлі адам тәрбиелеуге өте үлкен екі күш керек, ол өнер және білім. Егеменді елдің ертеңі оқу-біліммен, өнегелі, тәрбиемен өлшенеді. Бала болашақта тұлға ретінде қалыптасуы бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.  

   Балабақшада тәрбие алып жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ өнерпаздар, әншілер, жазушылыр, ақындар талай мамандық иелері шығуы мүмкін, «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші солардың бойындағы қасиеттерді ерте бастан байқап, өнерге баулу ең алдымен ата-анамен тәрбиеші, ұстаздардың сезімталдығына, ізденімпаздығына көп байланысты. Сол тәрбиенің бір саласы – шығармашылық сала. Шығармашылық саланың ішінде музыкалық, эстетикалық тәрбие. Музыкалық, эстетикалық тәрбие дегеніміз – сұлулықты, көркемдікті сездіртіп үйрету, оны қойып қана қоймай, өз бойына сіңіре білуді әдет-дағдыларына айналдыру. Осы маңызды міндетті орындау үшін баланың жалпы музыкалық қабілетін дамытуда алдыма мынадай үш мақсат қоямын:

1. Музыкалық шығармалардың  сипатын сезіну: сабақтарымда музыканы сөзбен ғана сипаттамай бояумен, суреттермен, қимылмен т.б. балаларға түсінікте етіп сипаттаймын. Арттерапия, музыка терапияны қолданамын. 2. Баланың тыңдай білу қабілетін арттыру; өз сабақтарымда жарқын және түсінікті музыканың қолдануды жөн деп ойлаймын. Балаларды музыкалық фразаларды тыңдауды, түсінуді үйретемін. Өлеңнің бастамасы, қайырмасы деген ұғымдарды түсіндіремін, қарапайым аспаптардың дыбыстарын тыңдатып тембрінен ажыратуды үйретемін.   

3. Музыканы тыңдай отырып әнді, көркем кейіпкерді, биді көз алдына елестете алу: тыңдалған шығармада немесе ән айту барысында үркек қоянға, маршпен жүрген сарбазға, маң-маң басқан аюға еліктеу және оны өзінше сипттау.    

 Музыка баланың ішкі жан дүниесіне, сезіміне тікелей әсерін тигізеді. Музыканың адамға деген ықпалы кейде үгіттеуден, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады. Өзімнің сабақтарымда балаларды мазмұны әр түрлі шығармалармен таныстыра отырып олардың ішіндегі сан түрлі сезімдерін оятуға, музыкаға әсерлену қабілетін дамытамын. Музыкалардағы шығармаларды сипаттау кезінде балалардың сан түрлі ой қиялын, ойынан шыққан суреттемелерін барынша демеп қолдап отырамын. Өзімнің әр сабағымда музыкалық тәрбие арқылы баланың жағымды мінез-құлқынын тұрақтануына және сабағымның әр бөлімінде ойын болсын, би болсын баланың көңіл-күйінің көтеріңкі, жағымды болуына көп көңіл бөлемін. Баланың балабақшада шығармашылық тұрғыда қалыптасуы, дамуы бір күндік жұмыс емес, баланың сәбилік жасынан, мектеп жасына дейінгі уақытта жылдар бойы жүйелі түрде жүргізілетін жұмыс және осындай жүйелі жұмыстың арқасында ғана мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық эстетикалық тұрғыда қалыптасуы мүмкін деп ойлаймын. Өзімнің баяндамамды Мұхтар Әуезовтің: «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі»  деген сөзімен қорытындылаймын.


Информация о работе Музыкалық тәрбие арқылы баланың жағымды көңіл-күйін дамыту