Музей қорын жинақтауда далалық экспедициялардың қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2014 в 22:34, реферат

Краткое описание

Қорды жинақтау тар ұғымдағы, қарапайым мәселе емес, ол музей жұмысының барлық негізгі жүйелерін қамтиды.
Ғылыми жинақтау-маңызды түрде музейдің зерттеу, экспозициялық, ғылыми ағарту жұмыстарының дәрежесін анықтайтын музей қызметінің негізгі сферасы болып табылады. «Қорды ғылыми жинақтау» және «жинау жұмысы» деген ұғымдарды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Музей коры.docx

— 23.90 Кб (Скачать документ)

Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Музей қорын жинақтауда далалық экспедициялардың қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Тексерген: Қозғамбаева Г

                               Орындаған: Жұбатқанова Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2014-2015

Қорларды жинақтау музейдің ғылыми қызметінің бір бағыты болып табылады. Музей осы бағытты дамыта отырып, қоғам дамуының әр түрлі салалары мен оның әр түрлі кезеңдерін зерттейтін ғылыми пәндердің толық жиынтығы негізінде алынған зерттеулер мен білімдерге сүйенеді. Осы зерттеулермен қатар кейбір қоғамдық ғылымдар саласында музей өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Және де әлеуметтік шынайылықты деректендіру де, танып білуде өзіндік қадам (подход) жасайды.

Қорларды жинақтаудың жалпы дәрежесі музейтанулық білімдердің дәрежесін және жинақтаудың әдіс-тәсіліне байланысты.

Қазіргі уақытта музей практикасында негізінен екі түсінік бар: бұрыннан келе жатқан ескі «жинау жұмысы» («собирательская работа») және жаңа «қорларды ғылыми жинақтау» («научное комплектование фондов»).

Олар бір-бірінен қорларды жинақтаудың ғылыми дөрежесіне байланысты емес, оны жүзеге асырудың тәсілдеріне байланысты ерекшеленеді.

Музейлердегі шынайылықты деректендіру іріктелініп жүргізіледі. Мұндай іріктеу музейдің бағытына байланысты.

Қорды жинақтау тар ұғымдағы, қарапайым мәселе емес, ол музей жұмысының барлық негізгі жүйелерін қамтиды.

Ғылыми жинақтау-маңызды түрде музейдің зерттеу, экспозициялық, ғылыми ағарту жұмыстарының дәрежесін анықтайтын музей қызметінің негізгі сферасы болып табылады. «Қорды ғылыми жинақтау» және «жинау жұмысы» деген ұғымдарды.

«Жинау жұмысы» термині музей ісінде ұзақ уақыт қолданылып келеді де, негізінен материалды жинаудың практикалық қызметін сипаттайды. Соңғы уақытта музейтану пәнінің жетілуіне байланысты, бұл қызмет саласында күрделі талаптар қойылуда. Музей материалдарын жинаудың түпкілікті бағдарламасы мен ғылыми негізделу тенденциясы талап етіле бастады. Бұл тенденцияны арнайы термин бойынша бекіту қажеттілігі туды. Қазір, көбінесе «қорды» ғылыми жинақтау термині қолданылып жүр. Міне, осы термин бүгінгі таңда жинақтау мәселесіне арнайы бағытта келуді сипаттай алады (спецефический подход). Ал, «жинау жұмысы» термині материалдарды жинау барысындағы барлық практикалық (экспедициялық және т.б.) қимылдарды көрсетеді.

Сонымен, қорларды ғылыми жинақтау бұл, ең алдымен, ғылыми концепция (музей үшін бөлігі бізге бағытын анықтайтын) музей коллективінің көзқарастар жүйесі. Жинақтаудың негізгі пәніне саяси, ғылыми және көркемдік маңызы бар, материалды және рухани мәдениет ескерткіштерін сақтау, зерттеу және насихаттау мақсатында музей жинақтарын қалыптастыру және толықтыру жатады. Музей қорларын жинақтау музейдің бағытына сай музейлік заттарды анықтау барысындағы жоспарлы, мақсатты түрдегі музей қызметі және оларды музей қорларына қабылдап алу және оны жүйелендіру болып табылады.

Ал, жинау жұмысы - жинақтау бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы істердің жиынтығы, яғни, музей ғылыми қызметкерлердің мекемелерде, өндірістерде, коллекционерлердің араларында және экспедициялар мен командировкаларда материалдарды жинақтау барысында атқарған жұмыстары.

Қорларды ғылыми жинақтау өте күрделі зерттеулік процесс болып табылады. Сондықтан, оның оперативті және перспективті жоспарлау процесстерін көрсететін бағдарламасын жасау оның ас қажетті (условиясы) болып табылады.

Музей практикасын зерттеу көрсеткендей оперативті (жылдық, кварталды) және перспективалық жоспарларды (5, 10, 15 жылға) жасағанда мыналарды ескерген жөн.

  • музей дамуының белгілі кезеңдегі қызметінің бас, негізгі жоспары.
  • қазіргі кездегі қоғамның дамуын көрсететін коллекциялармен міндетті, жүйелі түрде толтырылып түру.
  • жоспарлауға комплексті түрде келу қазіргі кезеңде ғылыми жинақтауды ұйымдастырудың ең маңызды, бірақ бірден-бір ғана (условиесі) емес сонымен қатар, ғылыми жинақтаудың оперативті және перспективті жоспары мынандай бірқатар талаптарға жауап беруі қажет.

а) нақтылық (конкретности) жоспарда жинақтаудың негізгі тақырыптары нақты анықталуы керек, экспедициялық зерттеудің нақты ауданы, жұмыс жүретін мекеме мен өндірістің атауы жазылуы тиіс, әрбір бөлімнің, қызметкердің негізгі міндеттері, жинау жұмысының белгілі бір формасы көрсетілуі қажет.

б) шынайылық (реальности) жоспарда музейдің қызметінің нақты жағдайын, оның тек материалды-техникалық базасын, музей қызметкерлерінің шынайы мүмкіндіктерін ескере отырып, орындауға жағдай бар, шынайы міндеттерді кіргізу керек.

в) тұрақтылық (стабильности) перспективалық жоспарларды жылда қарастырған жағдайда музейдің дамуының бас жоспары анықтайтын негізгі, принципті позициясына тұрақтылық көрсету керек

Ғылыми жинақтау уақыт жағынан шектеулі процесс емес, өйткені бүл ешуақытта тоқтамайтын процесс. Өз қорларын жинақтай отырып, музей өзінің ең маңызды әлеуметтік міндеті - табиғат пен қоғамдық өмірдің обьективті процестерін деректендіруді жүзеге асырады және ғылыми пөндердің дамуы үшін деректерді жинау міндетін орындайды. Бүл жағдай қазіргі кезең бойынша тақырыптық және жүйелі материалдар жинау үшін маңызы зор.

Жоғарыда аталып өткен негізгі факторларды ескере отырып, ҚОМ музейі өз қорларын жинақтауды жоспарлайды. Мұнда қорды жинақтау жоспары музейдің жалпы жылдық жоспарының негізгі бөлігі болып табылады. Жоспарда әр бөлімдердің нақты тапсырмалары, міндеттері, ұйымдастыру бағыттары қарастырылады. Белгілі бір аймақтар, нақты өндірістер мен мекемелермен, жеке адамдардан елімізге белгілі, атақты тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін бейнелейтін материалдарды жинақтау жоспараланады. Бұл жоспарда қорды жүйелі, тұрақты түрде мерзімдік басылымдармен, медаль, орден, плакат жөне кітаптармен жинақтау да қарастырылады.

Музейдің ғылыми қызметкерлері қазіргі кезең еліміздің егемендік алуына байланысты ашылып жатқан жаңа деректерді айқындап көрсету барысында, елімізде осыған сай болып жатқан оқиғаларды соңғы уақытта жеткен табыстарды деректендіруге күш салу қажет.

Қорды жинақтауды жоспарлау барысында тарихи, өлкетану музейлер қазіргі кезеңнің әлеуметтік аспектіні ескеруі қажет. Қазіргі кезеңдегі адамдардың әл-ауқатын, мәдени, танымдық дәрежесін көрсететін материалдар жинақтау қажет.

Тарихи бағыттағы музейлерге негізінен дәуірдің оқиғалары мен адамдарды бейнелейтін, сипаттайтын материалдар жинақтауы қажет. Қазіргі уақыттағы өндірістік, техникалық жетістіктерді белгілі бір оқиғаға, адамдармен тығыз байланыста көрсететін материалдар жинақтау керек. Қазіргі кезең бойынша материалдарды жинақтаудың ең маңызды мәселесі күнделікті өмір-тұрмыс болып табылады. Өйткені, күнделікті тұрмыста өмірдің терең әлеуметтік тарихи процестері ашылады. Қазіргі кезде бұл мәселені ғылыми негізде шешуге көптеген музейлер көңіл қойып отыр.

Музей алдында тұрған қазіргі кезеңдік маңызды әлеуметтік-тарихи процестерді айқындау мен деректендіру міндеті материалдарды іріктеу белгісі сияқты мәселені көтеріп отыр. Музейтанудағы бұл күрделі мәселе, өкінішке орай, олі де болса толық зерттелмей отыр. Бұл мәселе музей ісінің теоретиктері мен практиктерінен болашақта терең зерттеуді қажет етеді.

Бірақ та, алдыңғы қатарлы музейлердің тәжірибесіне соңғы уақыттағы зерттеулерге сүйене отырып, жинақтаудың белгілері туралы біраз түсініктерді айтуға болады.

Қазіргі кезеңдік іріктеу барысында соңғы уақыттағы маңызды зерттеулерді, әдебиеттерді, басылымдарды зерттеудің, қарастырудың, жергілікті үкімет орындарымен, шаруашылық пен өндірістің жетекшілерімен тұрақты байланыста болу және олар туралы деректер жинақтаудың маңызы зор. Бұл қазіргі уақыттағы маңызды оқиғаларды анықтауға мүмкіндік береді, олардың даму бағытын, перспективасын түсінуге, тұрақты зерттеу нысанын белгілеуге, материалды жүйелі жинау көздерін анықтауға көмектеседі. Музейлердің жергілікті радио, теледидар, баспасөз және творчестволық одақ пен қоғамдармен байланысы ерекше тиімді.

Музей материалдарын іріктеу белгілерін айқындауға музейдің жүргізген социологиялық зерттеулері маңызды роль атқарады. Ресейдің өлкетану музейлерінде мәдениет ғылыми зерттеу институты жүргізген «Музей және келермен» атты комплексті зерттеулерінің тәжірибесі көрсеткендей, социологиялық әдістің көмегімен алынған қоғамдық ойларды зерттеу қорды жинақтаудың бағдарламасын жасау үшін де құнды деректер береді

Келермендер мен музей қызметкерлердің арасында анкета жүргізу, экспозицияны қабылдау барысын анықтау, келермендерден интервью алу мынандай мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.

  • қазіргі замандық тарих бойынша жұмыс істеп тұрған экспозицияларды бағалауға;
  • әр түрлі әлеуметтік-демографиялық топтағы келермендердің, өлкенің атақты адамдарының көзқарастарының барысында экспозицияның кейбір кемшіліктерін айқындауға;
  • өлкенің, облыс, республиканың қоғамдық-саяси, шаруашылық және мәдени ерекшеліктері туралы нақты түсініктерді құруға;

- қоғамның ерекше қызығушылығын тударытан экспозициядағы нақты белімдер мен комплекстерді айқындауға және экспозицияда берілген әр түрлі топтағы деректерге келермендердің қарым-қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.

Социологиялық зерттеулердің нәтижелері белгілі бір құжаттарда (анкета, интервью бланктерінде) өлкенің даму ерекшеліктерін анықтайтын алдыңғы қатарлы, жаңа қоғамдық ойларды жазып алуға мүмкіндік береді. Мұндай материалдар музейге жинақтау жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлау туралы іс жүзінде біраз қорытынды жасауға жағдай жасайды.

Музейде жинақтау жұмысының әртүрлі формасы мен әдістерінің күрделі және әр тармақты жүйесі қалыптасқан. Бұл жинақтау процесіне болымда нәтиже беріп отыр. Сонымен қатар, жинақтау формасын түпкілікті дамытудың қажеттілігін ерекше атап өткен жөн. Жинақтардың дәстүрлі формасын (экспозиция, ғылыми командировка және т.б.) жан-жақты қолдана отырып, музейлер «оқиғаның ізі» бойынша материалдарды жинақтаудың тәсілдерін одан әрі жетілдіруге түсуі қажет. Қазіргі кезеңдік, жалпы тарихи кезеңдер бойынша қорды коллекциялармен жинақтауды жоспарлау барысында музейлер есте қаларлық күндерді, торқалы даталарды, казіргі замандағы ірі қоғамдық-саяси оқиғаларды міндетті түрде ескеруі қажет.

Қазіргі кезеңде қорларды жинақтаудың сипатты ерекшелігінің бірі музейлердің жергілікті жұртшылықпен өзара тұрақты қарым-қатынасы болып табылады. Музей әр түрлі белсенділер ұйымдық топтарымен (ардагерлер кеңесі, музей достарының кеңесі, музей жанындағы кружоктар) сәтті жұмыс жасайды. Олардың көмегімен құнды материалдар және бір қатар сәтті экспедициялар жүргізілді. Музейдің жергілікті халықпен жұмыс жасау ең бір күрделі міндеттерінің бірі болып табылады.

Бұнда музей қызметін радио, теледидар, баспасөз арқылы кеңінен насихаттау арқылы жетістіктерге жетуге болады.

Музейлердегі қорларды ғылыми жинақтауды негіздеудің маңызды аспектілерінің бірі осы жұмысты басқа да республиканың, өлкенің, басты бағытты музейлердің жұмыстарын байланыстыру, үйлестіру. Жинақтаудың перспективті және жылдық жоспарлары, әр түрлі экспедициялары барысында үйлестіру, байыту жұмыстары жүргізілуі мүмкін

Қорларды жинақтауды жоспарлауда жинақтаушылар мен экспозиция қызметкерлерінің жоспарлы сұраныстары.

Қорларды жинақтаудың жоспары жинақтаудың ғылыми концепциясын негізінен шығады да, деректанулық зерттеулер мен музейлік заттар коллекциялары жұмыстар және экспозиция мен көрмелерді жасау барысында пайда болған нақтылы міндеттермен келісіліп жасалады. Жоспарда тарихқа айналған дәуір заттарын қабылдап алу, археология, этнология, материалды мәдениет тарихы, жалпы тарих бойынша далалық зерттеулер жүргізу, белсенді түрде шынайылықты деректендіру сияқты жұмыстар орын алған.

Қорларды жинақтаудың жалпы музейлік жоспары қор мен экспозиция қызметкерлерінің жоспарлы түрдегі мәлімелерінен (заявка) қалыптасады. Бұл кейінге қалдыруға болмайтын, анағұрлым жинақтаудың өзекті міндеттерінің төңірегінде негізгі күшті жұмсауды қажет ететін қызметкердердің алдын ала өзара келісіліп мәлімдемелері.

Болашағы бар жоспар тақырыптық және жүйелі жинақтауды қамтиды. Онда белгілі бір музейге түсіп тұратын тұрақты дерек көздерін ұйымдастыру: қажетті музей заттарының иелері және оның авторлары мен болашақта байланыс жасап тұру: музейлік далалық зерттеулердің тақырыбы мен географиясын: қазіргі замандық өзекті мәселелер төңірегінде жинақтаулар жазылған. Бұл жоспар тек қана ұйымдастыру жұмыстарын ғана емес, сонымен қатар музейлік зерттеу міндеттерін де қамтиды. Сондықтан да ол музейдің ғылыми кеңесінде бекітіледі. Болашағы бар жұмыстар негізінде қорды жинақтаудың жылдық жоспары жасалады. Мұнда маңызды жоспардың белгілі бір жылға арналған нақты міндеттері көрсетіледі. Сонымен қатар, жылдық жоспарда музейдің мүмкіндіктері, жұмыс уақыты, қажетті мамандардың барлығы ескеріледі. Жылдық жоспар музейдің жалпы жұмыстық жоспарының құрамында музей ұжымы талқылап қабылдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

    1. Музейдің ғылыми қор жұмысы. Үмітқалиев Ұ.Ү., Терекбаева Ж.М.
    2. Картаева Т.Е. Әлемдік  музейлер кеңістігіндегі қазіргі мәселелер. Оқу құралы. –Алматы «Қазақ университеті», 2013.
    3. Музей и новые технологии / под ред. Никишина Н.А. - М., 1999.

Информация о работе Музей қорын жинақтауда далалық экспедициялардың қызметі