Коко Шанель

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2012 в 13:12, доклад

Краткое описание

Коко Шанель (фр. Coco Chanel, шын аты Габриель Бонер Шанель, фр. Gabrielle Bonheur Chanel; 19 тамыз 1883 - 10 қаңтар 1971), «CHANEL» сән үйінің негізін қалаған атақты француз дизайнері, ХХ ғасырдың сән саласына көптеген жаңалықтар енгізген сәнгер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Коко Шанель.docx

— 14.51 Кб (Скачать документ)

    Коко  Шанель (фрCoco Chanel, шын аты Габриель Бонер ШанельфрGabrielle Bonheur Chanel19 тамыз 1883 10 қаңтар 1971), «CHANEL» сән үйінің негізін қалаған атақты француз дизайнері, ХХ ғасырдың сән саласына көптеген жаңалықтар енгізген сәнгер.

    Коко  Шанель 1883 жылы 19 тамызда Сомюр қаласында  дүниеге келген.Габриель он екі жасқа  толғанда, оның анасы қайтыс болады, содан кейін Шанель балалары туысқандарында тұрады. 18 жаста Габриель киім дүкеніне сатушы болып жұмысқа орналасады, бос уақытында кабареде ән айтады.Габриельді Коко деп атаудың себебі - оның сүйікті әндері «Ko Ko Ri Ko» және «Qui qua vu Coco» деп аталатын. Осылайша, Габриель өнер көрсеткенде, ол офицер Этьен Бальзанға( Etienne Balsan) ұнап қалады . Содан кейін, ол офицер Этьен Бальзанмен Парижге көшіп кетеді. 1910 жылы Парижде ол өзінің бірінші дүкенін ашады, бұл дүкенде әйлдерге арналған бас киімдер сатылатын. Қазіргі кезде бұл сән үйі Париж қаласында Комбон көшесінде орналасқан.

    1921 жылы «Chanel № 5» иіссуы жарыққа  шықты. Бұл әйелдерге арналған  иіссу. Шанельдің алғаш рет  синтезделген иіссуды шығаруы  ХХ ғасыр адамдары үшін улкен  жаңалық болды.Бұл иіссудың ароматы  бір де гүлдің иісіне сәйкес  келмеді.

    Коко  Шанель кішкентай қара көйлекті улкен  жаңалыққа айналдырды.Әйелдер аксессуарларына  байланысты бұл кішкентай қара көйлекті кешке де, күндіз де кие бастады. 1926 жылы американдық Vogue журналы кішкентай қара көйлекті, оның тиімділігіне және танымалдығына байланысты, оны "Ford" автомобиліне теңеді.

    1954 жылы Коко Шанель: «Мен радикюльдерді қолда ұстаудан шаршадым, сонымен қатар мен оларды жиі жоғалтамын» - деп айтты. Ал 1955 жылдың ақпанында, ол халықтың назарына өзінің жаңалығын-әйелдерге арналған сөмкені паш етті. Бұл сөмке тіктөртбұрышты болды және алқа түрінде жасалған баудан тұрды.

    1939 жылы Коко Шанель өзінің барлық  дүкендерін және сән үйін жауып  тастады. Бұл II дуниежүзілік соғысқа байланысты болды.Сол жылы ол Парижден көшіп кетіп,14 жыл Швейцарияда және Францияның оңтүстігінде өмір сүрді.II дуниежүзілік соғыс кезінде ол кейбір немістермен жақсы қарым-қатынаста болады, сондықтан оны неміс әскерінің шпионы деп, түрмеге отырғызады. Коко Шанель өзінің досы Уинстон Черчилльден көмек сұрайды, Черчилль көмектесу үшін үкіметтен оны босатуды сұрайды, бірақ оған үкіметтің қойған талабы бойынша ,Коко Шанельдің Францияны босатуы қажет деп айтқан. Коко Франциядан кетуге мәжбүр болады.

    1954 жылы 71 жасқа толған Коко Шанель  сән әлеміне қайта оралады .Сол кездері оның жаңа сөмкелері, зергерлік бұйымдары, аяқ киім топтамалары шығарыла бастайды. Ал оның ойлап тапқан «Шанель» костюмі жаңа заманның бейнесіне, рәмізіне айналды деп айтуға болады: жартылай жүн матадан жасалған тар юбка, тоқыма баумен, алтын түймелермен безендірілген жағасыз жакет.

    1950—1960 жылдары Коко Голливуд студияларымен  жұмыс істей бастайды , ол Одри Хепберн және Лив мюзиклде Шанель рөлінде ойнайды.

    1971 жылдың 10 қаңтарында 87 жасында атақты, әйгілі Габриель немесе Коко Шанель Риц отелінде қайтыс болады. Коко Шанель Швейцариядағы Лозанна қаласында жерленген. Оның құлпытасының үстінде бес арыстан бейнеленген.

    1983 жылы «CHANEL» сән үйінің басқарушысы  және негізгі дизайнері Карл  Лагерфельд болды []. 

    Гидель АКоко Шанель = Coco Chanel / Анри Гидель; [пер. с фр. С. Лосева]. — М.: Эксмо, 2008. — 445 с. — (Женщина-Богиня). 


Информация о работе Коко Шанель