Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2014 в 09:20, реферат
Египет –ежелгі мәдениеттер қатарындағы ең маңызды орын алатын тамаша өркениет түрлерінің бірі. Ол алып Сахара шөлімен көршілес орналасқанына қарамастан Солтүстік-Шығыс Африкада орналасқан оазиске айналды. Египет мәдениетінің жетістіктері сан алуан, әлі күнге дейін толық мәнде құпиясы шешіліп бітпеген, талай жұмбақтарды жасырған әлемнің жеті кереметінің бірі-пирамидалардың бір өзі қаншама сыр шертіп жатыр. Ежелгі Египет өркениеті шығыстық елдер мәдениетіне тән сан алуандығымен ерекшеленеді. Оның сан алуандылығын тарихқа қалтырған мұралары-деректер дәлелдей түседі. Египеттік деректер сол жерде ең алғашқы адамдар пайда болған кезден бастап жинақталды. Ежелгі дәуірдің өзі сан мыңдаған деректер қалдырды. Сондықтан оны патшалық дәуірге дейінгі деректер, ежелгі патшалық, орта патшалық, жаңа патшалық дәуіріндегі деректер деп кезеңдерге бөліп қарастыру тиімді болады.