Дәстүрден тыс әдістерді пайдаланып сурет салу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 13:28, реферат

Краткое описание

Балалардың бейнелеу шығармашылығы – қызықты бейнелер мен ашық бояулар әлемі. Балалар өздерінің ғажайып қиялымен, ерекшелігімен ересектерді талай таңғалдырған. Сәбилер суретті ерекше ықыласпен және жиі салады. Оларды айналадағы қоршаған дүние әлемі өз қызығымен еліктіріп әкетеді. Балалардың сурет салу әдісін меңгеруі, олардың қабілеті дамуы болып табылады. Қазіргі кезеңде жаңа адамды қалыптастыру, оның шығармашылық белсенділігін дамыту басты назарға алынған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Смайлова З.Н. интернет-конкурсdocx.doc

— 21.87 Кб (Скачать документ)

 

Түсініктеме

   Балалардың бейнелеу шығармашылығы  – қызықты бейнелер мен ашық  бояулар әлемі. Балалар өздерінің  ғажайып қиялымен, ерекшелігімен  ересектерді талай таңғалдырған. Сәбилер суретті ерекше ықыласпен  және жиі салады. Оларды айналадағы  қоршаған дүние әлемі өз қызығымен  еліктіріп әкетеді. Балалардың  сурет салу әдісін меңгеруі, олардың  қабілеті дамуы болып табылады.  Қазіргі кезеңде жаңа адамды  қалыптастыру, оның шығармашылық  белсенділігін дамыту басты назарға  алынған.

 Мен, Смайлова Зауре Нығызбекқызы  қаңтар айында ересектер «Б»  тобында көркем суреттен «Ғарышқа  саяхат» тақырыбында ашық сабақ  көрсеттім.

   Алдыма мынадай мақсат  қойдым:

  1. Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру.
  2. Балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерімен таныстыру.
  3. Балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерін пайдалана отырып,  өзіндік қайталанбас бейне жасауға үйрету.

Дұрыс  техникалық  дағды  бала  бойында  сабақ  сайын   дамып, қалыптасып  отырады. Балалар  сурет  салу  тәсілдерін  құрғақ  түсіндіргеннен емес, өздері тәжірибе  жасаудан  үйренеді. Балалар  бақшасында сурет  салу үшін көптеген құралдар беруге болады:  түрлі-түсті және қара қарындаштар, акварель және гуашь  бояулар,  балауыз  борлар, фломастерлер,  акварель  борлар,  пастель, көмір,  сангина,  тушь,  пластилин  т.б.  Балаларды  үйрету барысында оларға ұсынылған  түрлі  заттар  қызығушылықты  артты.  Балалар  сурет  салу құралдарын  игергеннен  кейін,  оларды  саналы  түрде  материал   таңдауға әкелеміз.  Бұл әдіс  қиялды,  елестетуді,  түс  пен  пішінді  сезінуді  жетілдіруге көмектеседі. «Ғарыш  әлемін  бейнелегені»  балаларға  өте ұнады. Сол сияқты балаларға  дәстүрден тыс әдістің : «баспамен», «саусақтармен» «шашырату» сурет салу да үйретілді. Бұл күрделі техника, бірақ нәтижесінде еңбектің ақталғанын көрудің өзі бала үшін бір ғанибет  болды. Сабаққа 12 бала қатысты. Сабақ  мақсатына жетті     

 Ғарышқа саяхат

Дәстүрден тыс әдістерді пайдаланып сурет салу.

Бағдарламалық мазмұны:

Балалардың ғарыш әлемі туралы естіп-білгендерін суреттерден көргендерін  тереңдету. (Күн жүйесінің ғаламшарлары, Күн, жұлдыздар, белгісіз ғаламшарлар).

Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдаланып бейнелеуге үйретуді жалғастыру. Балалардың шығармашылық дамуына жағдай туғызу.

Эстетикалық талғамын, бейнелеу қабілеттерін дамыту. Ғарыш әлемін бейнелеуге, дәстүрден  тыс заттармен сурет салуға қызығушылықтарын ояту.

Жабдық:

 Панно: 2х1,5: (қара реңктің үстіне  Күн және 9 ғаламшар бейнеленіп, аттары  жазылған, ақ түсті бояулармен  жұлдыздар салынған – жақын  жердегілері «баспамен», қашықтаулары «саусақтармен», одан алыстары «шашырату» әдісімен салынған.

Құйрықты жұлдыздар «тамшыға үрлеу» әдісімен салынған.

Жоғарыға ілінген жұлдыздар.

Иллюминаторлар балалардың көздерінің деңгейіне жіппен ілініп (3 дана) орналастырылған.

Бөлшектенген ғарыш зымыраны, оны  құрастыру жоспары.

Барлық бейнелеу құралдары: гуашь, 2 балаға 1 дана, балалар санына жеткілікті: палитра, қылқалам, тіс щеткалары, қайшы, альбом парақтары, дөңгелек ақ қағаздар (d 6-8см.) «монотипия» әдісімен реңктелген қағаздар әртүрлі пішіндегі шаршы қағаздар (белгісіз ғаламшарларды бейнелеуге арналған) үлкен клеенкаға орналастырылған. Су толы шелек, шүберектер.

Әр балаға 30Х30 көлемді қара парақтар.

Сабаққа арналған әуендер.

Орындықтар -  бала саны бойынша  жартылай шеңбер жасап орналастырылған.

Алдын ала жұмыс:

 Ғарыш әлемі туралы кітаптар  мен сурет көрмесі. Ғарыш тақырыбына  танымдық әңгімелер мен сабақтар. Пайдалануға қажетсіз заттарды  пайдаланып «Ғарыш» тақырыбына  мүсіндеу сабағы.

Сабақтың барысы:

-Балалар, біз 12-сәуірде қандай  мейрамды атап өтеміз?

-Ғарышкерлер күні.

-Дұрыс айтасыңдар. Ғарыш құпиялары  адамдарды бағзы замандардан  бері қызықтырып келеді. Сендердің  ғарышқа ұшқыларың келе ме?

–Йә!

-Аспан, аспан, арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын

Мен ғарышкер боламын.

Таудай биік талабым,

Мен бармақтай баламын,

Көктің жүзін барлайтын,

Үлкен ғалым боламын! -деп өлең жаттағанымыз естеріңде ме? Ендеше балалар, «Ғарышкерлер» ойынын ойнап көрейік. Аспанға ұшу үшін ең алдымен бізге не керек? (балалардың жауаптары).

-Ұшуға жиналғандар ең алдымен  зымырандарын дайындайды.

-Дұрыс, Біз Дымбілмес досымыз  ұсынған мына сызбаны пайдаланып  зымыран құрастырайық. (А4 парағына  сызылған жобаны көрсетеді).

Балалар тәрбиешінің бақылауымен  құрастыру бастайды.

-Зымыранды басқару,

Оңай емес, қиын-ақ

Шынығайық сондықтан

Бойға күшті жиып-ап.

(Балаларға шынығу жаттығулары  ұсынылады).

-Ұқсаймыз да құсқа біз

Зымыранмен ұшамыз!

5, 4, 3, 2, 1..

Кеттік! (ұшып бара жатқан зымыранның дауысы естіледі).

-Балалар, біз аспан кеңістігіне  жеткенше әуелі шамалы сілкілейді- деп балаларға көрсетіледі. (балалар  тәрбиешіні қайталайды).

-Бұл шамалы уақытқа созылады, кешікпей біз ұшудың тыныш  тәртібіне көшеміз де еркін  отыратын боламыз. (сілкілеу аяқталады).

-Көрдіңдер ме, біз ұшудың тыныш  тәртібіне ендік. Әзірге, «белбеулеріңді  шешуге болады» деген ескерту  берілмей тұрып, естеріңе салайын,  аспан әлемінде көргендерімізді  бейнелеп, жердегілерге әңгімелеу  үшін қажет материалдарды мен  өзімізбен бірге ала шықтым. Ұшу  барысында біз зымыран ішінде  еркін жүре аламыз. «Белбеулеріңді  шешуге болады» деген ұсыныс  түсті.

(Балаларға иллюминаторға таянып  ғарыш әлемінің сұлулығын қызықтауды  ұсынамын).

-Балалар, не көріп тұрсыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

-Сендер Күн туралы не білесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

-Қане, осы жұлдыздың суретін  салайық. (Қара қағаздың тұсына  келіп тағы да Күнді қандай  бояумен (жылы) салуға болатынын  қайталап естеріне түсіремін.

-Күн қайда орналасқан? Дұрыс,  ортаға. Ортаға шамалы бояу тамызып,  оны таза парақпен басамын,  шамалы ысқылап жіберуге де  болады. Қағазды көтеремін... қараңдар  Күніміз жарқырап кетті.

(әуенді тыңдай отырып, балаларға  да бейнелеуді ұсынамын).

-Қане, тағы да иллюминаторға  жақын келіп түнгі аспанды  тамашалайық. Жұлдыздарға назар  аударайық. Олар неткен әдемі.  Өздері сан түрлі: бірі үлкен  жарқыраған, кейбіреулері неге ұқсайды... (балалардың жауаптары).

-Бұршақтарға, ал а-н-а-у ұсақ  жұлдыздар шоғырына қараңдаршы. Олар біздің есімізге нені  түсіреді? (балалардың жауаптары).

Ал, олар маған шашылған моншақтар  тәрізді. Жұлдыздар бір-біріне неліктен ұқсамайды? (балалардың жауаптары).

-Дұрыс. Бізге жақын жердегі  жұлдыздар үлкенірек, алыстаған  сайын кішірейе түседі. Балаларға  жұлдыздарды бейнелеу ұсынылады.  Бізге жақын жұлдыздарда қалай  тез салуға болады?

(Балаларға баспа жұлдыздарды  көрсетемін).

-Мұның көмегімен қалай сурет  саламыз? Жұлдыздың бетіне шамалы  бояуды  жағып, оны бастырамыз.

-Сурет салу. Тәрбиеші балалардың  жұмыстарын қадағалайды.

-Ал, алысырақ орналасқан бұршақ  тәрізді  жұлдыздардың бейнесін  қалай береміз? Оларды қалай  саламыз? (балалардың жауаптары).

-Дұрыс. Оларды саусақтардың  көмегімен саламыз. 

(Балалар сурет салу үшін шамалы  бояуды палитраға құйып қоюға  болады).

-Міне. Біз ұсақ жұлдыздар шоғырына  да келіп жеттік. Оларды қалай  көрсетеміз? (балалардың жауаптары).

-Сұқ саусақпен түртіп салуға  да болады немесе щетканың  көмегін пайдаланамыз. Оны  пайдалану  әдісін өздерің білесіңдер. Жұмысқа  кірісейік.

(Әуенмен сүйемелдеу).

-Иллюминаторға таянып айналаны  тағы бір шолайық. Күннің суретін  салдық. Жұлдыздар да бар. Ғаламшарлар  ше? Күннің айналасында қанша  ғаламшар бар? Олардың түсі  қандай? (балалардың жауаптары).

-Дұрыс айттыңдар. Қане аттарын  еске түсірейік. Оларды көзге  және мойынға жаттығу жасау  үшін әр бағытта орналастыруға  болады.

(балалардың жауаптарын тыңдау  және толықтыру).

Балаларға өздеріне ұнаған ғаламшардың  суретін салу ұсынылады.

-Қараңдар, мен қалай салады екенмін.  Әуелі әйнекті аламын, оған қажет  түсті бояуларды жағамын, оның  үстінен алдын ала дайындалған  ақ қағаз дөңгелекті басамын.  Алар кезде қағазды кез-келген  бағытқа жылжытамын. Шамалы желім  жағып, ғаламшарымды өзім қалаған  орынға жапсырамын. Ал, қазір сендер  де өздерің қалаған бояуларды  сурет салуға пайдаланыңдар.

-Балалар, білесіңдер ме, аспан  әлемінде ашылмаған ғаламшарлар  әлі де көп. Оны ержеткенде  өздерің табатын болысыңдар. Ал, қазір  қиялдарыңдағы ғаламшарды  мына пішіндердің көмегімен бейнелеулеріңе  болады.

-Ғаламшарлардың пішінін анықтайық  (дөңгелек). Шаршыдан қалай дөңгелек  жасауға болады? (бұрыштарын дөңгелете  қиып аламыз).

Балалар қиып жатқан кезде «үрленген  тамшы» әдісімен салынған бірнеше құйрықты жұлдызды жапсыру. Балалар жұмыстарын аяқтаған кезде олардың назарын  ұшып бара жатқан белгісіз объктіге аудару.

-Балалар, бұл ұшатын белгісіз  объектілер қайдан пайда болған? (балалардың жауаптары).

-Өте дұрыс таптыңдар. Бұлар  құйрықты жұлдыздар. Олардың соңында  шұбатылға не екен? (балалардың  жауаптары).

-Бізге бұларды салу қажет  пе? Балалар келіседі. Олай болса  жұмыс орындарына таяну керек.

-Құйрықты жұлдыздардың денесін  салу оңай, бояуды тамыза салсақ  болғаны. Ал, құйрығын қалай саламыз? (балалардың жауаптары тыңдалады,  егер олар қиналса көмек беру). Бізге өкпеміз көмекке келеді. Неге дейсіңдер ме? Себебі, біз  денесіне тамызылған бояуды үрлейміз. Егер құйрығы ұзынырақ болсын  десеңдер, бояуды молырақ тамызыңдар. (Әуенмен сүйемелдеу).

-Қымбатты менің, ғарышкерлерім,  біздің сапарымыз аяқталып келеді.Біздің  жанармайымыз бітуге таяу. Ал  ғарыш құпияларын зерттеу көп  уақытты алады. Шаршадыңдар ма? Бәріміз ашық аспан әлеміне  шығып ғарыш әлемінен қуат  алайық. Бәріміз көзімізді жұмып  жұлдыздарға қол созайық, олардың  қуатын бойға жинайық. (Әуенмен  сүйемелдеу).

-Бойға қуат жинадыңдар ма? Онда  зымыранымызға отыратын уақыт  келді. 

«Орындарыңа отырыңдар? Белдіктеріңді  тағыңдар!»

5, 4, 3, 2, 1...

Бүгінгі жұмыстардың бәрін іске асыруға: алыс-жақында ажыратуға, үлкен-кішіні мөлшерлеуге, бояу түстерін анықтауға  біздің көздеріміз ерекше көмектесті. Ендеше оларға да құрмет көрсетейік. (Көзге  арналған жаттығулар ұсынылады

-Балалар зымыран толық тоқтағанша  орындарыңнана қозғалмаңдар! Қалай  саяхат ұнады ма? Мен барлығыңа  өз ризашылығымды білдіремін. Рахмет!


Информация о работе Дәстүрден тыс әдістерді пайдаланып сурет салу