Донателло

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 17:49, реферат

Краткое описание

Донателло (Donatello, толық аты Донато ди Никколо ди Бетто Барди, итал. ' Donato di Niccolò di Betto Bardi, 1386 — 13 желтоқсан 1466, Флоренция) — Қайта өрлеу дәуіріндегі италияның ең керемет мүсіншілерінің бірі. Флоренциялық кескіндеменің жаңа алыбы Мазаччо (1401—1428) болды. Оның аға достары — ұлы суреткер Филиппо Брунеллески (1377—1446) мен ұлы мүсінші Донателло.

Содержание

I.Донателло өмірі
II.Шығармашылығы
1.Гаттамелата
2.Святой Марк
ІІІ.Мүсіншінің стильдері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Donatello.docx

— 157.67 Кб (Скачать документ)

Донателло (Donatello, толық аты Донато ди Никколо ди Бетто Барди, итал. ' Donato di Niccolò di Betto Bardi, 1386 — 13 желтоқсан 1466, Флоренция) — Қайта өрлеу дәуіріндегі италияның ең керемет мүсіншілерінің бірі. Флоренциялық кескіндеменің жаңа алыбы Мазаччо (1401—1428) болды. Оның аға достары — ұлы суреткер Филиппо Брунеллески (1377—1446) мен ұлы мүсінші Донателло. 
Брунеллески өзінің жер телімін сатып, Донателломен бірге Флоренциядан Римге кетеді. Онда барып, үйлердің зор тұлғасы мен ғимараттар құрылысының тамаша жетілдірілгенін көріп, таңырқайды. Сол үйлердің бөлшектерін өлшеп, жоспарларын сыза бастаған ол екеуі, осы істен уақыттарын да, қаржыларын да аямайды. Римде болсын, оның сыртындағы Кампиниде болсын бірде-бір жерді бос жібермей зерттейді. Ол көне дәуір ескерткіштері жөніндегі деректерді жазып, бөлшектерін суретке салып отырады, артынан сол жазып-сызғандарын зер сала зерттейді. Егер ойда жоқта олар жер астынан капительдердің, колонналардың сынықтарын тауып алатын болса, оларды тиісті дәрежеде зерттеу үшін қазып алу жұмыстарын ұйымдастырып отырған. Сондықтан да бүкіл Рим халқы арасында олар жөнінде "қазына іздеушілер" деген қауесет тараған. Брунеллескидің екі ұлы мақсаты болды, біріншіден — жақсы сәулет туындысын дүниеге әкелу, екіншіден — егер сәті түссе Флоренцияда Санта-Мария дель Фьоре күмбезін тұрғызу тәсілін табу. Орта ғасырлық еуропалықтар үлкен күмбездер тұрғызуды мүлде білмейтін, сондықтан ол кездегі италиялыңтар ежелгі римдік Пантеонға таңданып қарайтын. Брунеллески өнердің дүниежүзілік тарихына ренессанстың сәулет жүйесінің негізін салушы және оның ең тұңғыш жалынды жаршысы. Ол бүкіл еуропалық сәулет өнерін қайта жаңартушы, шығармалары өзінің жеке даралық жарқындығы жөнінен теңдесі жоқ деп бағаланған суретші ретінде енді. Сонымен қатар ол сол кездегі барлық кескіндеменің дамуы үшін маңызы зор ғылыми теорияның негізін салушылардың бірі және оның заңдарын ашушы адам болған. 
Донателло, өзінің досы Брунеллески сияқты, жаңа өнердің қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Ол өз өмірін көркемдіктің кемелділігіне жету жолындағы табанды ізденістерге арнаған еңбексүйгіш жан болған. Донателло өзі жөнінде жоғары пікірде болған, шіркеу басылары мен ақсүйек әміршілер алдында бас имеген. 
Оның керемет жасаған жас Давид мүсіні — сол кездегі мүсін өнерінде тұңғыш жасалған мүлде жалаңаш фигура. Ал Падуядағы шіркеу алаңында тұрған кондотъер Гаттамелата мусіні — ренессанстың ең алғашқы атты монументі және содан кейінгі ғасырлардағы еуропалық барлық атты мүсіндердің атасы. 
Гаттамелатаның өктем бейнесі естен кетпестей мәнерлі жасалған. Брунеллескидің күмбезі тәрізді, қола салт атты аспан асты кеңістігіне жеңіспен еніп, қола үстінде салтанат құрып тұрғандай әсер қалдырады. Донателло Падуяда тоғыз жыл жұмыс істеп, солтүстік Италияның өнеріне зор ықпал етті. Падуялықтар оны біржолата қалуға қанша үгіттесе де, ол өзінің талғамын тек флоренциялықтар ғана жете түсінеді деп есептеп, туған Флоренциясына қайтуды ұйғарды. 
Донателло шығармаларының ауқымы кең. Ол нағыз асқақ драмалық образдар жасады, сол сияқты мейірімді, лирикалық нәзік әрі дауылды динамикалық, тұлғаларды дүниеге әкелді. Оның шалқар шабыты мен шеберлігі әрбір тақырып үшін нағыз көркем, уақытында ешкім асып кете алмаған бейнелер таба білді. Оның ғажайып шығармаларының бірі — Флоренция шіркеуіндегі "Путти" атты жұмысы. Онда билеп жүрген періште сәбилер бейнеленген. Дүниеге шашылып төгіле салған қозғалыстың астанкестен толқындарын бір-бірімен байланысты қатал формада ұстап қалған олардың қолдары, бізге темірдей тегеуірінді болып көрінеді.  
Досы Мазаччоның өлімін Брунеллески қасіретпен қабылдады. Ренессанстың үш "атасының" — XV ғасырдың бірінші жартысындағы Флоренцияның үш кемеңгер суретшілерінің арасында Мазаччо, ең алдымен (1428 жылы), өте жастай дүние салды. Ол жиырма сегіз жасқа да толмаған еді. Өзінің аға достары Брунеллески мен Донателло сияқты ол да бүкіл әлемдік өнерге баға жетпес әрі ұмытылмас үлес қосты. Өйткені оның композицияларындағының бәрі орнықтылыққа ие болды. Ол бірінші болып композицияларында адамдарды өз аяғынан тік тұрғызып бейнеледі. Осындай ерекше қабілетімен Джоттодан соң гуропалық кескіндеме тарихында жаңа кадам жасаушы болып табылды. Флоренциядағы Санта-Мария (Новелла шіркеуінің қабырғасына пілынған "Троица" фрескасы) шамамен 1426—1427 жылдары салынған. Бұл жұмыста Христос образы бейнеленген. Өнердің нағыз ұлы шығармаларының бірі — осы. Жарық пен көлеңкені тарату шеберлігі, аумақтылықты көрсете алатын кұдіреті жағынан Мазаччо Джоттодан әлдеқайда асып тұседі. Сонымен бірге ол кескіндемеде жалаңаш денені өзгелерден бұрын бейнеледі. Сөйтіп, ол адам қасиетерің ардақтап, оның қүдіреті мен сұлулығын дәріптей отырып, адамнің қаһармандық сипатын ашты.  
Мазаччоның Флоренциядағы Бракаччи капелласына жасаған атақты фрескаларынан көп жылдардан соң, Алғашқы қайта өрлеу дәуірінің үздік шеберлері Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль үйренген еді. Бұл фрескалар діни тақырыпқа арналған, бірақ олардың шынайы мазмұны — адам ұрпағының күдіреттілігінің нақты көрінісі.                                                                                                    Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік – табиғат, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет). Қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті. 
Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм. 
Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) – құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705). Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі. 
Натурафилософия (табиғат туралы философия). Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған лім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады. 
Гуманизм (лат. humanus — иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.                       Гаттамелата    мүсіні Падуя қаласы.                                                                                                           Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. 
Қайта өрлеу дәуірі – философия тарихында маңызды орынға ие бола отырып, өндірістік қатынастардың, сауда-саттықтық дамуы, феодализмнің құлдырауы, қалалардың өркендеуі, шіркеу беделінің төмендеуі, білім дәрежесінің жоғарлауы, ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы сияқты өзіндік ерекшеліктерімен құнды. 
Қайта өолей дәуірі философиясының негізгі белгілері: 
-антропоцентризм және гуманизм – адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқылы адам мәселесін алғашқы қатарға қою; 
-шіркеу идеологиясына қарсы пкірдің қалыптасуы (дінді терістеу емес, өздерін Құдаймен адамдар арасындағы байланыс ретінде санаған шіркей мәселеріне қарсы шығу). 
-кез келген нәрсенің формасынан гөрі оның құрылымына баса назар 
аудару; 
-Әлемнің шексіздігі туралы, анатомиялық жаңалықтардың ашылуымен бірге қоршаған ортаны ғылыми-материалистік тұрғыда (жердің шар тәріздес еркіндігі, оның күнді айнала қозғалатындығы жөніндегі жиналықтар) түсіну; 
-тұлғаның алғашқы қатарға қойылу; 
-әлеуметтік теңдік идеясының кең таралып, белең алуы. 
Қайта өрлеу дәуірінде идеалистік бағытта дамыған – неоплатондық бағыт болды. Аталған бағыттың мақсаты – Платон ілімдері туралы қарама-қайшы пікірлерді жойып, бір жүйеге келтіру, әрі қарай дамыту. Неоплатоншылдар Платон идеясына сүйене келе, схоластикаға өздерінің жаңа философиялық жүйелерін қарсы қоя отырып Құдай рөлін төмендетті. Сөйтіп, әлемнің жаңа бейнесін жасауға көшті. Қайта өрлеудегі неоплатоншылдар бағытының белді өкілдері Н. Кузанский және Джованни Пико дела Мирандола. 
Николай Кузанский (1401-1464ж.ж.) – схоластиканың гуманизмге өту кезеңі мен капиталистік қоғамның алғашқы сатысында қалыптаса бастаған ғылымның жаңа дәуіріндегі неміс философы, ғалым және дін қайраткері. Неоплатондық ілімнің ықпалымен бұрынғы христиандық ұғымдардан құдай туралы ілім жасапа шығарады, онда құдайдың қарама-қарсылықтан, болмыстан жоғары тұратындығы, ой-сана тек табиғат заттарын ойластырып, саралаумен ғана шектелетіндігі уағыздалды. Барлық қарама-қарсылықтар Құдайға келіп тіреледі: шектілік пен шексіздік, ергежейлімен алып, жалпы мен жалпы тағы басқада құбылыстар.

Николай Кузанскийдің ілімі өзіне тән  қарама-қарсылықтардың құдайға әкеп тірейтіндігі туралы мистикалық –  идеялық мазмұнына қарамастан, алдыңғы  қатарлы идеяларды да бойына сіңірді. 
Әлем – сезімтал абсолютті аяқтаушы, өзгермелі Құдай. Әлем – құдаймен аяқталады дей отырып, Н.Кузанский астрономиялық зерттеулер жүргізе келе күн – орталық (гелиоцентрлік), космостағы болып жатқан процестердің бәрі-діни ұғымнан бөлек табиғат тұрғысында ғана түсіндірілетін мәселе деп тұжырымдады. Н. Кузанский ойлауынша әлем ғаламдардан (галактикалардан) құралған, барлық аспан денелері – қозғалыс күшіне ие. Н.Кузанский бұл ойлары гелиоцентрлік жүйесінің дамуына айтарлықтай ықпал етті. 
Әлемнің гелиоцентрлік және геоцентрлік жүйесі. Әлемнің геоцентрлік (гр. «geos»–жер) жүйесіне сәйкес жер қозғалмайды және ол әлемнің кіндігі болып табылады. Күн, ай, жұлдыздар мен планеталар жердің төңірегінде айналады деп есептелінеді. Діни көзқарастар мен Платон және Аристотель еңбектеріне негізделген бұл жүйені көне грек ғалымы Птоломей тұжырымдаған. 
Әлемнің гелиоцентрлік жүйесіне сәйекс өз кіндігінен айналатын жер күн төңірегндегі планетелалардың бірі. Бұл жүйеге қатысты пікірлерін Н.Кузанский және басқа да ғалымдар айтқанмен, бұл теорияның нақты негізін қалап, жан–жақты талқылыған және математикалық тұжырымдаған Коперник болды. Коперник жүйесі кеіннен нақты анықтала бастады. Бұл жүйені тиянақты дәлелдеуде Галлилей, Кеплер, Ньютон аса үлкен роль атқарды. 
Галилео Галлилей (1564-1642). Коперник пен Бруно идеяларын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Телескоп ойлап тауып, аспан денелірінің траектория бойнаша ғана емес, өз осі бойынша қозғалатынын дәлелдейді. Күн бетіндегі дақтарды тауып, басқа планетелардың серіктерін зерттейді. Негізгі еңбегі – «Әлемнің негізгі екі жүйесі – Птоломейлік және Коперниктік диалог» (1632). Оның тұжырымы бойынша, әлем – шексіз, материя – мәңгі, табиғит – бірегей. Табиғат бастамасы ретіндемеханикалық заңдылықтаға тәуелді, атомдар өзгермейді. Табиғатты танудың көзі – бақылау мен тәжірибеде. Алайда ол да діни көзқарастардан алшақ кете алмады, тәңірдің алғашқы себеп екендігін мойындайды. 
XVI ғ. утопиялық ілімі ағылшын гуманнисті Т.Мордың шығармаларымен байланысты. 
Т.Мор (1478-1535). Утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист–рационалисті. Басты шығармасы – «Золотая книга, столь же полезная, как забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопии» (1516). Ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде дәлелдеп, оныеңбекті ұйымдастырудың коммнистік идеялармен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиядағы Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы – отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайында өмір сүреді. Ададар күніне алты сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен, өнермен шұғылданады. Адамның жан–жақты дамуына, теориялық оқуды ңбекпен ұштастыруына үлкен мән беріледі. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады. 
Идеалды қоғам туралы жоба жасаған басқа да ойшылдар болды. 
Т.Кампанелла (1568-1639). Утопиялық қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары идеалды қоғам орнатады және олар әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып, өз өмірлерімен және еңбектерімен рахаттанбақ. 
Әлеуметтік утопистер сол дәуірдің әлеуметтік қатынастарына және кейнгі заман философиясыеа айтарлықтай әсер етті.

                                                      

Уфиицидағы мүсін

 

Жоспар

I.Донателло  өмірі

II.Шығармашылығы

1.Гаттамелата

2.Святой  Марк

ІІІ.Мүсіншінің стильдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Донателло