Қазақтың ұлттық киімдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 18:33, реферат

Краткое описание

Қазақтың ұлттық киімдері. Ол - өте кұнды тарихи мәдени мұрамыз
Киімнің негізгі түрлері
Киімдердің әлеуметтік дәрежесі
Ұлттық киімге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдар
Әйел киімінің тарихы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақтың ұлттық киімдері.doc

— 1.33 Мб (Скачать документ)

Осы ретте Қазақстан  мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырып отырған іс-шараның да мәні аса  жоғары деп есептеймін. Бұл байқау тек шариғат бойынша киінудің мәселесін ғана емес, ұлттық нақыштағы киімдерімізді де насихаттаудың тиімді жолы.  Көшелерде, түрлі қоғамдық орындарда әрі заманымызға сай, әрі қазақы, әрі мұсылмандық канондарға сай киінген қыз-келіншектер көбейсе, ұлттық мәдениетіміз де өркен жая бастайтыны даусыз. Әрине, бір ғана байқаумен бүкіл мәселе бірден шешіле қоймас. Бірақ осы іс-шараны әрі қарай іліп әкетіп, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізудің жолдарын қарастырса құба-құп. Сөз соңында, елімізге тілерім ұлттық мідениетіміз жаңғыра берсін, ұлдарымыз салмақты, қыздарымыз ибалы болсын! Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

 

 

                             Әйел киімінін тарихы 

Адам көркі – шүберек. Бұл талай жылғы тәжірибеден  өтіп, әбден екшеліп айтылған тобықтай түйінді сөз. Халқымыз атам заманнан бері осы бір қағиданы берік ұстанып, мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген. 
Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады. 
Шындығында да, әлемдегі озық өнер түрлерін сарапқа салар болсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері  
даусыз. Себебі, қазақ дүниетанымы терең, мәдениеті бай, әрбір өнері көрнекті, көрген-түйгені мол үлгілі ұлт. Қазақ өнерінің әрбір туындысы өзгеге ұқсамайтын өзіндік ұлттық нақыштарға толы. Мысалы, кешеге дейін ата-әжелеріміз тұтынып келген киіз үй мен оның ішіндегі сан түрлі бұйым, мүліктер осының айқын айғағы. Кезінде көрнекті этнограф, марқұм Ақселеу Сейдімбек қазақтың дәстүрлі мәдениетінің сөз өнері, қол өнері және музыка өнері деген ірі-ірі үш ұстынын егжей-тегжейлі зерттеп, соның төңірегінде бірталай тұщымды ой-тұжырымдар жасағаны мәлім. 
Қазақтың кілемі, киізі, текеметі, алашасы, сандығы, кебежесі, домбырасы, тіпті ең қарапайым қымыз құятын мүйіз ожауына дейін екінің бірі жасай бермейтін бірегей көркем туындылар. Демек қазақтың күнделікті тұтынатын тұрмыстық заттарының ұсағынан ірісіне дейін биік өрелі өнер деңгейінде болғаны анық. Мұның бәрі жоғары рухани мәдениеттің нақты дәлелдері.  
Қазақ елі киім жасауда да тарих бетінде өзіндік дара із қалдыра білген. Киімдеріндегі ою-өрнектер, қолданылған материалдардың композициясы, олардың арасындағы керемет үйлесім, түр-түстің ерекше нәзік сәйкестігі – бәрі де қазақтың шоқтығы биік шеберлігін, шалқар шабытын, табиғатты терең меңгерген даналығын бірден байқатып тұрады.

 
Қазақ ісмерлерінің қолынан шыққан киімдерден ұлтымыздың дүниетанымдық, философиялық көзқарасы мен дүниені қабылдауы көрінеді. Халқы-мыздың бүкіл ішкі жан дүниесі, ұстанған діні мен ділі киім үлгілерінен, олардың пішілуінен, тігілуінен, қолданылған әшекейлерден, таңдалған түр-түстен аңғарылады десек әсіре айтқандық емес. Өйткені кез келген киім оны жасап шығарған халықтың ішкі руханиятының материалданған көрінісі екені даусыз. Демек киімдеріміз қандай сұлу болса, жан байлығымыз да соншалықты сұлу болған.

 
Енді сөзіміз дәлелді болуы  үшін қолымыздағы материалдар негізінде  қазақ қыз-келіншектерінің ұлттық киім үлгілері жайлы айта кетелік. 
Ең бірінші айтылар нәрсе, қазақ халқы еш уақытта бірдей киінбеген. Себебі ұлттық киімдеріміз адамның жасына, жынысына, әлеуметтік тегіне, деңгейіне, дәрежесіне, қызметіне қарай әр түрлі болып тігілген. Сондай-ақ қазақ киімдерінің қыстық, маусымаралық, жаздық деген секілді маусымдық, содан соң сән киімі, салтанат киімі, ғұрыптық киім (өлім-жітімге, тойға барғанда киетін) т.б. деген сынды түрлері де болған.

 
Осылайша жер бетін мың түрлі  әсем гүлдер қалай құлпыртса, сан  түрлі киімдеріміз де қазақ даласына өзінше сән беріп келген. Кейін  келе-келе, өкінішке орай социалистік қоғам құру үшін жұрттың бәрі бірдей киінсін, бірдей жұмыс істесін, бірдей өмір сүрсін деген саясатты бастан кешіп, орыс та, неміс те, қазақ та фабрикадан шыққан бірдей киім киюге көштік. Одан бөлек ұлттық киімдерді қасақана жоюға, халық санасынан өшіруге бағытталған арнайы үдерістердің болғаны да қазір жасырын емес. Мысалы, белгілі этнолог Нұрсан Әлімбайдың пікірінше, «1928 жылы «ескінің көзі» ретінде мәпелеп сақталынып келген нелер бір киімнің асыл түрлері «қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің артта қалған, қараңғы кезеңінің» ескерткіштері мен символдары ретінде аяусыз жойылғаны» тарихи шындық [1, 8]. Осылайша даланың гүліндей құлпырған ұлттық киімдеріміз қолданыстан қала берді.

 
Сондай-ақ қазақ халқының қыз-келіншектерге  арналған бүкіл киімдерінің бәріне ортақ бір ерекшелігі бар. Ол адамның  дене бітімін қымтап жауып тұратындығында. Бұл жағынан алғанда, қазақ киімдерінің  көпшілігі қасиетті дініміздің талаптарына сай келеді деуге толық негіз бар. Қолымыздағы материалдар дәл осындай қорытынды жасауға мүмкіндік береді  
Табиғат төсінде еркін ғұмыр кешкен ата-бабаларымыз күні кешеге дейін өзінің әдет-ғұрпымен, дүниетанымымен сабақтасқан төл киімдерін киіп келген. Тамыры тереңде жатқан ұлттық сән өнерімізде сәукеленің шариғатқа толық сай келетін небір түрлері болды. Кимешектің де жас ерекшеліктері мен аймақтық-өңірлік ерекшеліктерге қарай сан түрі тігіліп, әсем ою-өрнектермен безендіріліп киілген. Әсіресе, әйелзатына арналған дәстүрлі бас киімнің әлем жаратылысындағы себеп-салдарлық жүйемен сабақтасып жатқан қырлары мен сырлары мол түрлері көп болған. Мәселен, сәукеле, бөрік, кимешек, қарқара, жаулық, күндік, желек, шәлі, қасаба, шылауыш, т.б. бас киімдерді атауға болады. Бұлардың өзі бүрмелі кимешек, орама кимешек, бұрама жаулық деген секілді түрлерге жіктелген. Оны дәлелдейтін этнографиялық дүниелер өте көп.

 
Демек, қазақ ғұрпында әйел кісі бас  киімсіз, жалаңбас жүрмеген. Сондықтан  болар, әйел затын ардақтаған кезде «ақ жаулықты ана ғой» деп әспеттеп, дәріптейміз. Қыздарымызды еркелеткенде, «үкілеп өсіріп отырған қызымыз» дейміз. Бұл кәмелетке толмаған балғын қыздардың өзіне қазақ халқы үкілі тақия кигізгенінің тілдегі бір көрінісі. Киімнің ең әдемісін халқымыз қызына кигізген, әшекейдің ең асылын қызына тағуға тырысқан. Жас қыздар бүрмелі ұзын етекті көйлек, жібек бешпент, барқыт камзол киген. Асыл тастармен моншақталған сәукелені де қыз бала өз үйінде киген. Күйеуінің аулына жеткен соң, басына жаулық салған.

 
Әр нәрсенің жөні мен көзін тауып жасаған халқымыз ұзатылатын қызды да үлде мен бүлдеге орап, қадірлеп ұзатқан. Сәукеленің небір көрікті түрлерін қалыңдық киген. Мысалы, 1915 жылдың өзінде орыстың Гр. Андреев деген зерттеушісі Ұзатылар қыздың желбіршекті жібек көйлек, барқыт камзол, жібек көк бешпент киіп, оның сыртынан парша шапан жамылғанын тәптіштеп жазған болатын [2, 11].

 
Тұрмысқа шыққан қыздардың киіну  үлгісі де ерекше. Олар алғашқы жылы сәукеле тақса, күнделікті өмірде желек  киген. Ал бірнеше балалы болған кезде кимешек киіп, оның үстінен шылауыш тартқан. Қысқасын айтқанда, қазақта әйел киімдерін қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері деп төрт топқа жіктеп тіккенін көреміз [2, 12]. Бұл да қазақ қыз-келіншектерінің өз денелерін барынша қымтап киінгенін көрсетеді. Демек ата-бабаларымыз әйелзатына арналған киімдерді жасауда дініміздің талаптарын басты негізге алған. Дене бітімді жауып тұратын киім адамның құнын арттыратынын ата-бабаларымыз жақсы білген. Қыз баланы сұғанақ көздердің сұғынан түрлі киімдер арқылы, әшекей бұйымдар арқылы сақтауға болатынын терең ұғынған.

 
Иә, шындығында да, қазақ киімдеріндегі  сан түрлі асыл тастар адамның көзін тартып тұратыны рас. Адамның назарынан биоэнергия бөлінетінін бүгінгі ғылым ашып үлгерген. Егер киім жарасымды әшекей заттармен көмкеріліп тұрса, онда қараған сұқ көз қыз баланың өзіне емес, әлгі тастарға түседі. Ал киім дұрыс қымталмай, әр жерінен ағза мүшелері жалтырап көрініп тұрса, онда сұқ көз адамды ауруға шалдықтыруы әбден ықтимал. Сондай-ақ ашық-шашық, тым тар немесе тәні көрініп тұратындай жұқа киім киген қыздар ер адамдардың нәпсісін қоздырары да сөзсіз. Сондықтан ата-бабамыз еш нәрсені тектен тек жасамаған. Қазіргі заманауи ғылымның жетістіктері енді ғана ашып отырған осындай мәселелерді дана халқымыз ескеріп отырғаны ғажап емес пе?

 
Бүгінде қазақтың көзқарасы, дүниетанымы  көз алдымызда қатты өзгеріп  барады. Мысалы, қазір бөксесі мен омырауын көрсетіп, қысқа етек-жең киіп, ашық-шашық жүргендерге біз реніш көзімен қарамайтын болғанбыз. Қоғамның еті оған әбден үйренген. Тіпті бұлай киінуді мәдениеттіліктің нышаны секілді көретін болдық. Алайда қыз балалардың шариғаттан шалыс, әдет-ғұрыптан қалыс кетуінен бүгін біздің қоғамымызда көптеген күрделі мәселелер туындап отырғанын бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Мәселен, жеңіл киінудің аяғы жеңіл жүріске ұласып, нәтижесінде қаншама қыздар қолдан түсік жасатуда. Қазақстандағы қолдан түсік жасатудың ресми түрде тіркелген саны жылына 200 мыңнан асып жығылады. Ал, ресми емес түрде бұл іске баратындар саны бұдан бірнеше есе көп. Бұл біздің жүз мыңдаған қара көздеріміз қолдан өлтіріліп жатыр дегенді білдіреді. Сол түсік жасатқан қыздарымыз енді қайтадан дүниеге бала әкеле ала ма, әкелсе де дені сау сәби таба ала ма? Белгісіз. Тұрмысқа шықпай жатып, дүниеге жетім бала әкелу, келіннің ақ босағаны пәк аттамауы, әкесіз балалар көбейіп, жетімханалардың толуы – бәрі де көбінесе осы ашық-шашық киінудің нәтижесі. Көптеген отбасы-лардың шайқалып, үйленгендердің ажырасуына да мұның қатысы жоқ дей алмаймыз. Әрине, ажырасудың көптеген себептері бар. Бірақ жоғарыда аталғандар (босағаны пәк аттамау, құрсақ көтермеу, қолдан түсік жасату, т.б.) оның негізгі себептері. Бір ғана статистикалық мәлімет келтіре кетейін. 2010 жылы Қазақстанда 146 443 отбасы құрылып, 41617 жұп ажырасқан. Демек көтерілген әрбір үш шаңырақтың біреуі ажырасумен аяқталған. Бұл – біздің болашағымызға шабылған балта емес пе? Міне, бұлар ащы да болса айналамызда болып жатқан ақиқат. Түйінді мәселені тағы бір мәселемен шешкіміз келеді. Бүгін түсік тастатады, ертең бала көтере алмайды. Сөйтіп «құрсақ ана» дегенді шығарып алдық. Жартылай жалаңаш киімдермен қыстыгүні өздерінің жатырларына суық тигізіп алғаннан кейін «Жасанды жүктілік орталықтарының» есігін тоздырып жүрген әйелдер қаншама?! Бір түйінді мәселені келесі бірімен шешуге тырысқанмен, ол бірақ шешілмейді.

 
Тарихымызға үңілсек, қазақ қыз бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамаған. Қазақ  қашан да қыз баланы аялы алақанына  салып, мәпелеп еркелетіп, көзінің  ағы мен қарасындай қарап, тәнін  сау, жанын таза етіп өсіруге тырысқан. Жақсы көрумен бірге өсіп келе жатқан нәзік жандардың тәрбие-тәліміне де немқұрайлы қарамай, қатаң талаптар қоя білген елміз. «Қыз өссе елдің көркі» деп бойжеткендерді тек бір отбасының ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышына, абыройына, тіпті ар-намысына балап келгенбіз. Қыз баланың жүріс-тұрысына, сөзіне, жиған жүгіне, киген киіміне құйған шайына қарап, ата-бабамыз оның қандай отбасынан шыққанына, қандай ананың тәрбиесінен өткендігіне баға беретін болған. Ал ұятқа қалдырар оғаш қылық жасап қойған қыздарды бүкіл жұрт болып тыюға тырысқан. «Қызға қырық үйден тыю» деген дәстүріміз баршаға ортақ әлеуметтік қағида болған. Әжелер, аналар және жеңгелер жас өспірім қыз баламен оңаша сұхбаттасып, «ұмытшақ болма, ұрысқақ болма, әдепсіз болма» деп тал бойынан тарыдай мін табылмайтындай етіп, арнайы тәрбие беріп, үлкен өмірге даярлап келген. Қыз баланың иба-инабаты, өзгеге ілтипаты, сыртқы бітім-келбеті, киім-кешегі, мінезі, отырысы, жүрісі, тіпті әрбір аяқ басқаны– бәрі назардан тыс қалмаған. Қыз бала өзін дұрыс ұстамаса, қоғамда көптеген түйінді мәселелердің туындауына себеп болып қалатынын да қыздардың құлағына жастайынан сіңіріп отырған ел едік. Ал енді бүгін, өкінішке орай, керісінше ұятқа, ар-намысына, иманына берік болып, өз денесін бөгде еркектерге көрсетпей, қымтап киінген қыздарға үрке қарайтын дәрежеге жеттік.

 
Ақиқатына келгенде, адам баласының  табиғаты, әсіресе, әйелзатының жаратылысы әу бастан ұят пен әдепке құрылған. Сонау Адам атамыз бен Хауа анамыздың  дәуірінде де денені жауып киіну  дәстүрі болған. Қасиетті Құран кәрімде  мұны дәлелдейтін анық аяттар бар. Сондай-ақ адам баласы анасынан жалаңаш туылып, кейін саналы түрде өз денесін жауып жүруге бейім жаратылыс. Демек ашылған ұятты жерлерді жабу табиғатымызда бар. Сондықтан киім киюдің эстетикалық, ғұрыптық, этнопәлсапалық қызметтерінен бұрын жаратылыспен астасқан діни талап екендігі шүбәсіз. Алайда бүгінде әр адам өзінің өмірлік ұстанымдарына, дүниетанымына, наным-сеніміне, білім деңгейі мен қызметіне, заман талабына сай әр түрлі киінеді. Біреулер киімді сәттіліктің серігі санап, барынша сәнді киінуге тырысады. Енді біреулер өзінің сұлу дене бітімін жұртқа көрсетіп тұратындай ашық-шашық киім кигенді ұнатады. Тағы бірі киінуді өнерге балайды. Қысқасы, киім киюге қатысты ой-пікірлер мен ұстанымдар жетерлік. Алайда бұлардың бәрінен де бөлек бір көзқарас бар. Ол – Алла тағаланың бұйырғанындай етіп киіну. Расын айтқанда, адамға намаз оқу, ораза ұстау қандай бұйрық болса, Құранның талабына сай киіну де дәл сондай бұйрық. Ендеше дінді ұстанған адамның оның талабы бойынша киінуі заңды. Бүгінде жаһанның төрт бұрышында қаншама ұлттар мен ұлыстар мұсылмандықты ұстанып, шариғат бойынша киінуде. Демек киім киюдің сеніммен, иманмен астасқан жағы да бар. Мұны ұмытуға болмайды. 
Шариғат бойынша киіну арғы жақ, бергі жақтан келген бір ағымның жолы емес. Қасиетті Құранда анық айтылған бұйрық. Қазақ халқы сан ғасырдан бері ұстанып келген Ханафи мәзһабында да осылай. Осы тұста басын ашып кететін бір мәселе, қап-қара түсті матадан тігілген және тек көзді ғана ашық қалдыратын ниқап кию шариғатымызда парыз емес. Қандай түсті қаласа да, қандай сән үлгісін таңдаса да, киіміне нендей нақыштар мен ою-өрнектер саламын десе де, мұсылман қыз-келіншектердің өз еркінде. Тек шариғат талаптарынан шалыс кетпесе болғаны.

 
Ата бабаларымыз осы талапты орындау  үшін өз мәдениетіне, әдет-ғұрпына, діліне сай етіп әлгінде айтылғандай  небір әсем киім үлгілерін жасап  шығарған. Олардың шариғат қағидаларына қайшы келмеуін басты назарда  ұстаған. 
Құранда парыз етілген киім үлгісі «қара, жасыл түсті болсын», деген секілді нақты әрі қатаң форма көрсетілмеген. Олай болса, әйел баласы өзінің ене бітімін қатты кескіндемейтіндей кең, денесін көрсететіндей жұқа емес және жүзі, екі қолы, тобықтың төменгі жағынан тыс басқа барлық жерлерін жабатындай кез-келген киім үлгісін таңдап киюіне болады. Демек әйел кісінің Құран өлшемдерінен шықпау шартымен сәнді әрі өзіне жарасымды, эстетикаға сай киім киюіне еркі бар. Олай болса, бүгінде заман талабы мен ұлттық түсінігімізге сай мұсылманша киім үлгілерін тігуге неге болмасын? 
Бүгінде еліміздегі көптеген мұсылман қыз-келіншектер Алла тағаланың өздеріне жүктеген міндетін орындағысы келеді. Бірақ олардың талаптарын қанағаттандыратындай үлгіде тігілген қазақы әсем киімдер жоқтың қасы. Ұлттық киімдерді қазір мұражайлардан, сахнадан немесе наурыз тойларда ғана көретін болдық. Шарттары мен талаптары өзгерген мына қарбалас күнделікті өмірде киіп жүргенге де ыңғайсыз болуы мүмкін. Сөйтіп тығырыққа тірелген қара көз қыздарымыз амалсыз Арабстан немесе Түркиядан келген киім үлгілері мен орамалдарды киюге мәжбүр. Ендеше, қыздарға арабтың, түріктің немесе парсының киімін киіп алдың деп мін тағу дұрыс емес. Олардың жағдайын қарастырып, шариғатқа сай келетін мың түрлі қазақы, заманауи әсем киімдерді тіктіруіміз қажет-ақ. 
Енді не істеу керек? Біздіңше, бұдан шығатын жол – қыз-келіншектерге шариғатқа да сай, ұлттық санамызға да жат емес, әрі күнделікті киіп жүруге ыңғайлы заманауи талғамға сәйкес киім үлгілерін жасап ұсыну. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ісмер қыздарымыздың шеберліктері арқылы осы мәселені шешу үшін бәйге жариялады. Байқауға дизайнерлер, кейбір танымал сән үйлері қатысты. Көрікті де, келісті киім үлгілері келіп түсті. Шариғатымызға да, заманымызға да сай, әрі қазақылығымызды жаңғыртатын, киіп жүруге ыңғайлы тамаша киім үлгілері келді. Байқаудың талаптары да қатаң болды. Сондықтан байқау қоржынына түскенмен, шарттарға сай келмейтін кейбір киім үлгілері сарапшылардың тезінен өте алмай қалғанын да жасыра алмаймыз. Ең бастысы, бәрінің де ниет білдіріп қатысқандарына мың алғыс. 
Әрине, біз осы байқау арқылы мәселені толық шешіп тастай алмайтынымыз ақиқат. Бірақ осы секілді байқаулар жыл сайын өтер болса, кәсіпкерлер қолдау жасап, оны өздерінің кәсібі ретінде қарайтын болса, бұл мәселе түбегейлі шешілуі де мүмкін.  
Мұндай киімдерді тіктіру арқылы тек мұсылман-шылыққа бет бұрған қыздардың мәселелері шешіліп қана қоймайды. Сонымен бірге қазақылығымызды насихаттауға, нығайтуға үлкен мүмкіндік болады. Бұл арқылы ең әуелі біз қыздарымызды қазір жаһанды жайлап жатқан жалаңаштану саясатынан сақтап қаламыз. 
Қазіргі ашық-шашық киімдердің бәрі жойқын жаһанданудың салдары. Жаһандануға ақылмен енбесек, сонша ғасырлық мол мәдениетімізден әп-сәтте айырылып, қазақ деген халықты тек тарих беттерінен ғана іздейтін халге ұшырауымыз ғажап емес. Ұлттығымызды сақтап қалудың бір жолы ұлттық киімдерімізді кеңінен насихаттау. Тек насихаттау емес, оны күнделікті өмірде киіп жүру. 
Жинақтай келе айтарымыз, қазақ Ислам дінінің талаптарын өміріне тірек етіп келген парасатты мұсылман халық. Сондықтан Алланың бұйрықтарына да немқұрайлы қараған деу де қисынсыз. Қыз-келіншек-терге арнап жасаған киімдерінен де осыны байқаймыз. Діни басқарманың қолға алып отырған ісі кешегі жоғалтқан құндылықтарды қайта жандандырудың, мұсылмандық парызымызды орындаудың әрекеті. Осы шара арқылы иманын ойлаған аяулы қара көздердің киім жайлы мәселелерін шешуге үлес қосқан болсақ, мақсатымыздың орындалғаны. Байқауды өткізуге ат салысқан демеушілерге, қатысқан сәнгерлердің баршасына Алла разы болсын! Кәсіптеріне, өнерлеріне Алла береке берсін!  

Информация о работе Қазақтың ұлттық киімдері