Ахмет Жұбанов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2014 в 18:12, реферат

Краткое описание

Тұлға тану қазіргі тарихи ғылымдағы өзекті саланың бірі.Тұлға тану тарихында мәдениет пен музыка өнеріндегі ерекше қайраткер А.Жұбановтың орны ерекше.Музыка өнеріндегі тарихи тұлға ретінде қазіргі таңдагы зерттеу еңбектері мен деректерді зерделей отырып А.Жұбановтың музыка саласындағы қызметіне зерттеу жүргізу бүгінгі күннің талабы деп білемін.

Прикрепленные файлы: 1 файл

А.Жубанов.docx

— 22.95 Кб (Скачать документ)

Тұлға тану қазіргі тарихи ғылымдағы өзекті саланың бірі.Тұлға тану тарихында мәдениет пен музыка өнеріндегі ерекше қайраткер А.Жұбановтың орны ерекше.Музыка өнеріндегі тарихи тұлға ретінде қазіргі таңдагы зерттеу еңбектері мен деректерді зерделей отырып А.Жұбановтың музыка саласындағы қызметіне зерттеу жүргізу бүгінгі күннің талабы деп білемін.

    А. Қ. Жұбанов мәдениет майданында 30-жылдары араласты. 1932 жылы Ленинград консерваториясын бітіріп, қазіргі театр, музыка және кино инситуты аспирантурасына түсіп, жаңа оқи бастаған шағында бізде музыка кадры жоқ та еді. 1933 жылы, Қазкрайком мен Қазақ Ағарту Комиссариаты оны шақырып алып, жаңадан ашылған музыка техникумына оқу бөлімін басқарушы етіп тағайындайды.

Осы техникумның ісіне А. Жұбанов бар жігер, бар ынтасын салып жұмысқа кіріседі. Себебі ол келешек үшін мамандар даярлау, еліміздегі музыка саласын биік шырқау шеніне жеткізу мақсатымен өнердегі мен деген музыка майталмандарын, яғни Ленинградтан композитор Е. Г. Брусиловский, дарынды талант иелері М. Бекейханов, Л. Мухитов, F. Медетов музыка шеберлері Борис жэне МануилРоманенколарды шақырып алып, казіргі жер жүзіне атышулы, халық мақтанышы  Құрманғазы атындағы «Қазақтың ұлт аспаптар оркестрін » (1944 ж.) ұйымдастырды. (Ол кезде, 1934 жылы Қаз.ЦИК атындарығы «Қазақ ұлт оркестрі») .

А.Қ.Жұбановтың мұрындық болуымен қырқыншы жылдары ұйымдастырылған ғылыми экспедиция сексенінші жылдарға дейін Қазақстанның түкпір түкпірінен 10 мыңдай ән күй нұсқаларын жинаған. Қазақтың кәсіпқой халық композиторларының өмір дерегін жинастырып, шығармаларын нотаға түсіріп, одан соң кәнігі әнші күйшілерге үйрету арқылы халықтың рухани игілігіне айналдыруда теңдесіз еңбекқорлық пен іскерліктің үлгісін  көрсетіп отырды.

Ахмет Жұбановтың өнердегі жолын 1931 жылы жазылған «Музыка әліп-биі» деп аталатын   кітабынан санасақ , музыка туралы жүздеген мақала, оңнан аса кітаптар бар.  «Музыка әліп-биі» (1931) , «Қазақ халық композиторы Құрманғазы» (1936 ж.) «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы»(1942 ж.),«Евгений Онегин» (1946 ж.), «Музыкальная грамота» (1950 ж.), «Струны столетий» (1958 ж.), «Құрманғазы» (1960 ж.), «Первые шаги в музыке» (1962 ж.), « Қазақ халық композиторлары » (1963ж.) Төлебаев» (1962 ж.), «Замана бұлбұлдары» (1963 ж.), «Музыкальная культура казахского народа» (1964 ж.) және т.б.еңбектері.

Ахметтің  композиторлық жұмысы 1938 жылдан бері қарай. Бұл саладағы оның табыстары елу ән мен поэма , «Абай», «Төлеген Тоқтаров» опералары  (Л.Хамидимен бірігіп жазған) , драмалық пьесалар: «Сары» , «Бақыт таңы» , «Азат қыз» , «Қозы Көрпеш , Баян сұлу» , музыкалық пьесалар, басқа  кампозиторлармен  бірігіп, бірнеше драмалық пьесалар және «Аманкелді» , «Райхан» т.б. кинофильм музыкаларын  жазу , сонымен  қатар, симфониялық күрделі музыкалық туындылар: «Абай», «Төлеген Тоқтаров» тақырыптарына жазылған фантазия,  қазақ күйлерінің тақырыбына бірнеше сюиталар , қобыз, скрипка, виолончельде ойнауға  лайықталып  жазылған көптеген «ария», «романс», «күйлер», фортепьянода ойнауға лайықтап шығарылған  қазақ, тәжік билері, тағы басқа да музыкалық шығармалар.

Бір сөзбен айтқанда «Музыка техникумын» ұйымдастырушы да, «Ұлт оркестрін» құрушы да, 1936, 1949, 1958 жылдары Москвада өткен казак әдебиеті мен өнерінің музыкалық жақтарын басқарушы да, 1937—38 жылдар «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» операларына қазақтан 6iрінші рет дирижер болған да, 1945 ж. Қазақтың бірінші консерваториясын ашуда барлық, қиыншылықтарды өз  мойнымен көтеріп, ұйымдастырушы да, 1945 жыл СССР Ғылым академиясының қазакстандық филиалының жанынан өнер тану секторын құрып, оның жұмыстарын жолға қоюшы да — Ахмет Жұбанов..

Даңқ анасы еңбек.«Еңбек ет те,міндет ет!»-деген халық мақалын өз өмірінің темір қазығы еткен Ахмет,ес біліп етек жапқалы тек қана енбекпен келе жатқан,шын мәніндегі еңбекқор. Осы еңбегінің арқасында қазақтың ұлттық өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын берді сонымен қатар  Ленин , Еңбек Қызыл Ту , «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Бұл жағынан оның өмірі жастарға ең үлгілі өмір.Қырық жыл бойы мәдениет майданында талмай істеген қызметі үш жүзден аса мақала, оннан аса кітаптары Ахаңнаң атын әлемге жайса, шығармасы халық тілегінен туып, сол халықтың қазіргісі үшін бағалы, келешек ұрпақтар үшін өлмес мұра дәрежесіне көтерілуі – оның атын құрметке, даңққа бөлеп отыр.

    Дәл осы кездерде   Ахмет Жұбановтын бастамаларына қолдау көрсетіп,көмек берген музыка мамандарын былай қойғанда, қазақтың музыкалық өнерге ерекше көңіл бөлген қазақ мәдени қайраткерлерінен үш адамды айрықша атауға тура келеді. Бірі – сыршылдық өлеңдердің шебері, эстетикалық талғамы жоғарғы, қазақ совет поэзиясының атасы – Сәкен Сейфуллин. Екеншісі – үздік талант , сөз сиқыршысы, күй жаршысы Іляс Жансүгіров те,үшіншісі, көп ғалымдардан хабардар ірі ғалым, қазақ тіл шілерінің ішінен озат шыққан полиглот – тіл профессоры Құдайберген Жұбанов.

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

А.Жұбановтың   атына байланысты  эпитет, анықтауыш  сөздердің  саны көп және олардың  бәрі  де жай тағыла салған  тана – моншақтар  емес, өзінің адал  еңбегінің,маңдай терінің, қажырының  арқасында  ғана қолы жеткен атақ пен даңқ.

    Ол  Қазақстанда  музыкалық искусствоны  бірінші  ұйымдастырушы-пионері, музыкалық  фольклор, тарихи материалдарды  талмай жинап, зерттеуші сиқырлы  шыбығымен бүкіл оркестрді өзіне  ұйытып, бір дыбысты шашау шығармай  ұласқан  бір бүтін  дыбыстар  гармониясы етіп шығаратын дирижер.

Ахмет Жұбановтың көркемөнердегі басқару, ұйымдастыру  қызметтері де , ғылыми - зерттеу жұмыстары да , композиторлық - творчестволық  еңбектері де , «Халық музыкасының мұраларын» тексеру, бұрыннан бар музыка мұраларын жетістіріп, толықтырып,көріктеп, көркемдеу  жағын күшейту , халық музыкасындағы ерлік, талап, жігер тудыратын «элементтерін саралап алып » өрістету , қазақ музыка өнерін өркендету негізгі мақсаты екендігін көреміз.

 Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде айтарым ол қазақ өнерпаздарының ішіндегі ең беделді,халық жүрегінің жылы жерінен орын алған,  өз халқына әрі даңқты, әрі ардақты адам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ  АГРАРЛЫҚ УНИВЕСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

Ахмет Қуанұлы  Жұбановтың  музыка өнеріне қосқан үлесі

 

 

Жетекшісі:Сембиева Ш.Б

Орындаған:Бикарим А.С

 

 

 

 

 

 

Алматы 2014 ж


Информация о работе Ахмет Жұбанов