Стандарттау мақсаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:25, реферат

Краткое описание

Қазіргі халық шаруашылығы саласында өзара байланысты құрылыс материалдары, өлшеу құралдарының көптеген түрлі заттардың және материалдардың қолданылуына, оларға қойылатын талаптардың қолданылуына байланысты стандарттау саласында мамандар дайындаудың маңызы күннен – күнге арта бастады. Сонымен қатар еліміздің алға қойған мақсаты жақын келешекте әлемдік сауда ұйымына (ӘСҰ) мүше болып кіру. Ол үшін бірінші кезекте, шығаратын өнім сапасын халықаралық дәрежеде бәсекеге түсуге сай болуы керек. Сондықтан стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келешек мамандарға қазіргі өндіріс өнімдерінің сапасын халықаралық деңгейге жеткізуді қамтамасыз ететін талаптар қойып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кіріспе.docx

— 31.42 Кб (Скачать документ)

                                              Кіріспе.

Қазіргі халық  шаруашылығы саласында өзара  байланысты құрылыс материалдары, өлшеу  құралдарының көптеген түрлі заттардың  және материалдардың қолданылуына, оларға қойылатын талаптардың қолданылуына байланысты стандарттау саласында мамандар дайындаудың маңызы күннен – күнге арта бастады. Сонымен қатар еліміздің алға қойған мақсаты жақын келешекте әлемдік сауда ұйымына (ӘСҰ) мүше болып кіру. Ол үшін бірінші кезекте, шығаратын өнім сапасын халықаралық дәрежеде бәсекеге түсуге сай болуы керек. Сондықтан стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келешек мамандарға қазіргі өндіріс өнімдерінің сапасын халықаралық деңгейге жеткізуді қамтамасыз ететін талаптар қойып отыр.

Стандарттау өндірісті өнім шығаруға әзірлеу, технологиялық әрекеттер, біркелкі сараптау, өнімдердің дәлдігін, өнім қауіпсіздігін бағалау және оның сапасын басқару бағыттарын қамтиды.

Стандарт  – бұл қоғамда бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге  қарсылық білдіруді сипаттайтын, келушілік негізінде әзірлелетін және танылатын органдардың бекітетін нормативтік құжат. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіріп оқтайлы деңгейге жетуге бағытталады. Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетінсапа жүйесінің бірін-бірі алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді

Стандарттау - нақты қойылып отырған жөне ықтимал  міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте жөне ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

-   өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;

-   өнім, процестер, көрсетілген  қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.

-   өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;

-   өнімнің, процестердің, қызмет  көрсетулердің сапа-сын ғылыми-техникалық  даму деңгейімен сәйкестендіру  және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

- өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;

-   ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;

-   елдің қорғаныс қабілеті  мен жұмылдырушылық  әзірлігін қамтамасыз ету;

-   табиғи жөне техногенді  апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Стандарттау объектілеріне көп мәрте ұдайы өндірілу және пайдалану перспективалары бар өнімдер, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетулер жатады, ал өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығы стандарттау аумағы деп аталады. Мысалы, тамақ өндірісі стандарттау аумағына, ал ондағы шығарылатын өнімдер, қолданылатын технологиялық үдерістер ж.б. стандарттау объектілеріне жатады.

Стандарттау саласындағы негізгі  нәтижелер - өнімнің, көрсетілетін қызметтің  және процестің функционалдық міндетіне  сәйкестік деңгейін жоғарылату, халықаралық  тауар айналымында болатын техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық дамуға көмектесу және салааралық ынтымақтастықты ныСтандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет. Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен  сипаттамалар белгілеу;

өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі  адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.

өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;

өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің  сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;

ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;

елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;

табиғи және техногенді апаттар  мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Стандарттау объектілеріне көп мәрте ұдайы өндірілу және пайдалану перспективалары бар өнімдер, процестер (жұмыс тар), қызмет көрсетулер жатады, ал өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығы стандарттау аумағы деп аталады. Мысалы, тамақ өндірісі стандарттау аумағына, ал ондағы шығарылатын өнімдер, қолданылатын технологиялық үдерістер ж.б. стандарттау объектілеріне жатады. Стандарттау саласындағы негізгі нәтижелер - өнімнің, көрсетілетін қызметтің және процестің функционалдық міндетіне сәйкестік деңгейін жоғарылату, халықаралық тауар айналымында болатын техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық дамуға көмектесу және салааралық ынтымақтастықты нығайту.

Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар.

Стандарттау саласындағы нормативтік  құжаттар - стандарттау жөніндегі  қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжаттар. Стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат. Қолдану өрісіне байланысты стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар әр түрлі санаттарға бөлінеді: халықаралық стандарттар, өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары, Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары, шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары жатады. Ереже (ЕР) - міндетті түрде қолданылуға тиісті жұмысты жүргізудің ұйымдық-техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат. Ұсыныстар - ерікті түрде қолданылатын жұмысты жүргізудің ұйымдық-техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат. Норма - қамтамасыз етуге тиісті сандық және сапалық критерийлерді белгілейтін жағдай (ИСО/МЭК 2). Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші - техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің жіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат.

Стандарттаудың қысқаша даму тарихы.

Қоғамның дамуына сәйкес адамдардың атқаратын жұмыс түрлері де өзгеріп отырады. Бұл ертеде әр түрлі заттардың, жұмысқа қажетті құрал-жабдықтардың және жұмысты атқарудың жаңа тәсілдерінің пайда болуынан көрініс тауып отырған. Сонымен бірге, адамдар өз жұмыс нәтижелерінің ішінен қолдануға лайықты жақтарын таңдап алып отырған. Көне дәуірдегі өлшем бірліктерінің, стандартты мөлшерлі құрылыс бөліктерінің, су құбырларының қолданылуы стандарттаудың мысалдары болып табылады. Қайта өркендеу дәуірінде елдер арасында экономикалық байланыстардың дамуына сәйкес стандарттау әдістері кең қолданыла бастады. Мысалы, Венецияда көптеген кемелер жасау қажеттілігіне сәйкес оларды алдын ала дайындалып қойылған бөліктерден жинастыру қолданылды. Бұдан кейінгі уақытта да стандарттау жұмыстары жақсы дамып отырған. Мысалы, 1845 жылы Англияда бекіту оймаларының жүйесі, Германияда теміржол табандарының арақашықтығы стандартталды. Халықаралық стандарттау жұмыстары 1875 жылдан бастау алады. Осы жылы халықаралық метрикалық конвенцияны құрайтын 19 елдің өкілі Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросын құрды. КСРО құрамына кірген елдерде стандарттаудың дамуы өлшемдер мен салмақтардың методикалық жүйесін құрудан басталған. 1925 жылы стандарттау саласында алғашқы орталық орган - Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің жанынан стандарттау бойынша Комитет құрылды. Осы жылдан бастап КСРО-да стандарттау саласында көптеген игі істер атқарылды. 1992 жылы бұрыңғы КСРО аумағында тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына байланысты осы елдердің арасында стандарттау, метрология және сертификаттау салаларындағы байланысты орнатудың жаңа түрлері қарастырылды. 1992 жылы 13 наурызда Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) енген елдер «Келісілген саясатты жүргізу туралы» келісімге қол қойды. Келісімге қол қойылуы, одан кейін мемлекеттік стандарттардың әзірленуі Қазақстан Республикасында стандарттау жүйесінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. 1999 жылы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» Заңдары қабылданды. Заңдар стандарттау саласында нормативтік құжаттарды әзірлеп шығару негізінде тұтынушылардың мүддесін мемлекет тарапынан қорғауға бағытталған шараларды айқындап берді. ТМД-ның басқа да елдеріндегі сияқты Қазақстан Республикасында стандарттау жүйесінің дамуының негізгі бағыттары мыналар:

келісімге сәйкес мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын дамыту;

Қазақстанның стандарттарды халықаралық  стандарттармен үйлестіру жұмыстарын жеделдету;

міндетті түрде сертификатталуға тиісті өнімдердің (көрсетілетін қызметтердің) мемлекеттік стандарттарын дайындауды жеделдету;

ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарын  қолдана отырып елімізде сапа жүйелерін кеңінен енгізу, т.б.

Стандарттаудың ғылыми-техникалық принциптері мен функциялары.

Стандарттау әрқашан маңызды практикалық мәселелерді шешуге бағытталып, ғылыми-техникалық прогресті дамытуға мүмкіндік жасап отыруы керек. Еліміздегі және шетелдік тәжірибелер көрсетіп отырғандай, бұл мақсатқа жету үшін стандарттауды белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу қажет. Стандарттаудың басты принциптері ретінде мыналарды атауға болады:

Стандарттарды ерікті түрде қолдану  және олардың біркелкі қолданылуына жағдай жасау. Ұлттық стандарттар еліне  және өнімді шығаратын жеріне, өмірлік  циклінің процестеріне, көрсетілетін қызметтерге, келісім ерекшеліктеріне  және тұлғаларға (дайындаушы, орындаушы, беруші) қарамастан бәрі бірдей ерікті түрде қолданылады.

Ұлттық стандарттарды жасағанда  халықаралық стандарттарды негіз  ретінде қолдану. Егер климаттық  және географиялық немесе отандық өнім өндірудің техникалық (технологиялық) ерекшеліктеріне байланысты оны қамтамасыз ету мүмкін болмаса, бұл принциптің орындалмауы мүмкін

Кедергі жасауға тыйым салу. Өндірілетін  өнімге және оның айналасына стандарттау мақсатын орындауға сәйкес ең төменгі деңгейден асып, кедергі болатын талаптарға тыйым салынуы керек.

Әр жақтың мүддесін теңестіру. Өнімді жобалаушының, дайындаушының және берушінің заңды мүдделері толық ескерілуі керек. Стандарттау жұмыстарына қатысушылардың, бір жағынан өнімді дайындаушылардың мүмкіндігі мен екінші жағынан тұтынушылардың талаптары арасында (пәтуа) консенсус болуы керек. Пәтуа жалпы келісім ретінде қабылданады, яғни мүдделі жақтардың маңызды мәселелер бойынша қарсылықтары жоқ екенін білдіреді. Пәтуаны әр жақтардың толық ынтымақтастығы деп түсінуге болмайды.

Жүйелілік принципі. Техникалық прогресс және өнім сапасын жақсарту өнім шығару процесін, оның ішінде стандарттауды  жүйелі түрде жүргізуді талап  етеді. Стандарттау өндірістің бүкіл кезеңдерін және шикізаттарды, материалдарды іріктеп жинақталған бұйымдар мен дайын өнімдерді қамтуы керек. Сонымен қатар, стандарттау барлық өнім түрлеріне өзара үйлестірілген талаптар қойып отыруы керек.

Динамикалық принципі. Тиімділік деңгейін көтеру үшін стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сәйкестендіру мақсатында ұдайы қайтадан қарастырып отыру қажет.

Стандарттаудың тиімділігі. Стандарттар  тағайындайтын көрсеткіштер, нормалар, сипаттамалар және талаптар ғылымның, техниканың және өндірістің дүниежүзілік деңгейлеріне сәйкестендірілуі керек. Олар стандарттау объектісінің даму тенденциясын да ескеруі қажет. Тағайындалған көрсеткіштер өнімнің жаңа (жоғары) сапа көрсеткіштерінің тек қана тиімділігін емес, оларды жасауға, материалдарға, пайдалану жұмыстарына жұмсалатын шығындарын ескеріп экономикалық оңтайлы болулары керек, яғни, ең жоғары деңгейдегі экономикалық тиімділік шығын деңгейі ең төмен жағдайда алынуға тиіс.

Үйлестіру принципі. Бұл принцип  үйлестірілген стандарттарды әзірлеуді және олардың техникалық регламенттерге қайшы келмеуін көздейді. Бір объектіге еліміздегі мекемелер қабылдаған құжаттар халықаралық (өңірлік) мекемелермен қабылданған құжаттармен үйлестірілсе, халықаралық саудадағы кедергілер жойылады.

Стандарттаудың негізгі жағдайларын  тұжырымды келтіру. Стандарттарда  келтірілген нормаларды әр түрлі мәнде түсінуге жол берілмеуі керек.

Жинақтылық және оңтайлы иіектеу  принципі. Стандарттарды жасау кезінде  қарастырылып отырған объектіге  әсер ететін барлық басты элементтерді ескеру қажет. Жұмыс көлемін азайту мақсатында объектіге әсер деңгейі төмен элементтер ескерілмейді. Стандарттау кезінде сипаттамалар жүйелері және көптеген өзара байланыстағы материалды және материалды емес элементтер қарастырылады. Сапалы өнім алу үшін қажетті жағдайды туғызу және өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында оның барлық өмірлік циклін қамтитын ұтымды стандарттар жүйесі керек.

Талаптарды тексерудің әділеттілігі. Стандарттарда объектінің негізгі  қасиеттеріне тағайындалатын талаптар, солардың ішінде адам өмірі мен денсаулығын, мүліктердің, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, бірлестікті және өзара алмасуды қамтамасыз ететін талаптар әділ тексерілетін болуы керек. Өнімдерге қойылатын талаптарды әділ тексеру техникалық өлшеу құралдарының (приборлар, химиялық сынау тәсілдері) көмегімен, ал қызмет көрсету әлеуметтік және сараптамалық әдістермен жүргізіледі.

 

Стандарттау функциялары: Әлеуметтік және техникалық-экономикалық мақсаттарға жету үшін стандарттау әр түрлі функцияларды атқарады.

Реттеу функциясы. Объектілердің  жөнсіз көп түрлерін (көптеген өнім атауларын, жөнсіз көбейтілген құжаттар түрлерін) ықшамдап шектеу.

Қорғау (әлеуметтік) функциясы - өнімді шығарушылардың, тұтынушылардың және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамзатты, табиғатты техногенді апаттардан қорғауға жұмылдыру.

Ресурстарды үнемдеу функциясы - материалдардың, энергетикалық, еңбек және табиғи ресурстардың шекті болуы себепті нормативтік құжаттарда ресурстарды үнемді пайдалануды қарастыру қажет.

Информация о работе Стандарттау мақсаты