Қорытынды
Шетелдік тікелей инвестицияның
өсу себептері және күтілетін
үрдістері түралы мыналарды айтуға болады.
Халықаралық капитал жылжуының негізгі
қатысушылары жеңілдікті инвестициялы
режиммен ерекшелінетін елдерге емес,нарықтық
үдерістер белсенді дамыған елдерге жатады.
Бұл себептерге келесілер жатады: бәсекенің
қысымы, жаңа технологиялар , жекешелендіру
, үкіметтің қолдауы. Сонымен қатар инвестициялар
келуіне белсенді әсер ететін аймақтық
елдер тобын атауға болады : ЕО, НАФТА, АСЕАН,
АТЭС,МЕРКОСУР. Себебі, олар бизнестің
ғаламдануына,барлық деңгейде салыстырмалы
инвестициялық режим әзірлеу және қолдануға
жағдай жасайды.
2000-2004 жылдары елімізге
тікелей инвестиция тарту бағдарламасына
сәйкес , «1999-2000» жылдардағы Қазақстанға
шетелдік инвестицияны тарту
бағдарламасының « орындалу нәтижелерін
сараптай келе, еліміз экономикалық секторға шетелдік инвестицияны
тартудың тиімді аймағы атанды деуге негіз
бар. Бұл пікірді шетелдік экономика сарапшылары
да қуаттайды. 1993-2001 жыл аралығындағы біздің
елге тартылған тікелей шетел инвестициясының
жалпы көлемі 16.98 млрд. АҚШ долларын құрайды
. 1999 жылы экономикамызға қозғау салған
шетел инвестициясының жалпы мөлшері
, 1.85 млрд. АҚШ долларына тең келіп, 1998 жылға
қарағанда 1.5 есеге өскені айқындалды.
Ал , 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның
көлемі 49 пайызға өскені , яғни 2.75 млрд.
АҚШ долларына жеткені белгілі болды.
Шетел қаражатының Қазақстанның « тайқазанына»
келіп түсуі және оның көлемінің көбеюі
еліміздің әлемдік компанияларға ұнай
бастағанын көрсетеді. 2001 жылы шетелдік
инвестицияның көрсеткіші , мамандар есептеуінше,
4.41 млрд. Ақш долларын құраған. Инвестициялық
белсенділік Қазақстанда Ресейден де
жоғары дәрежеде екенін мына мәліметтен
– ақ аңғаруға болады . 1998 жылы жекелеген
инвесторлар Ресей экономикасына 25.8 пайыз
қаржы салса, Қазақстан нарығында ол көрсеткіш
65 пайызға жуықтайды. Қазақстанда инвестициялық
ағымның жылдан- жылға көбеюінің басты
себебін жаңа мұнай- газ кеніштерінің
ашылуымен түсіндіруге болады . Жыл сайын
елімізге келетін шетел инвестициясының
70 пайызы тау-кен өндірісіне , оның ішінде
мұнай – газ секторына жұмсалса, 10 пайызға
жуығы ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу
өнеркәсібінде игеріледі екен. Бүгінгі
таңда өндірістік инфрақұрылым саласында
27 келісім – шарт негізінде шетел инвесторларды
жұмыс істеп жатыр. Олар бюджетімізге
689 млн . АҚШ доллары көлемінде « көк қағазын»
сала отырып , 3.1 мың жаңа жұмыс орындарының
60 пайызын шетелдіктер иемденеді екен
. Үкіметіміз шетелдік инвесторлармен
ауылшаруашылығы саласына қатысты жалпы
саны 14 келісім – шартқа отырып, 27 млн
. АҚШ долларын қолма – қол иемденіп , 1.6
мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік
жасады. Президент соңғы жылдары Астананың
әлеуметтік – экономикалық жағынан гүлденуіне
баса назар аударып жүр. Сондықтан болар,
Астанаың құрылыс – сәулет және өзге де
экономикалық салаларында 20млн. АҚШ доллары
көлемінде инвестиция тартылып, 2001 жылдың
өзінде – ақ 291 жұмыс орнын ашты.
Әлемдік экономикадағы
Қазақстанның интеграциялық қозғалысы
жыл өткен сайын артып келеді
. Мәселен, 2001 жылы шетелдік инвесторлармен
16 келісім – ьшарт жасалып , 817
млн . Ақш доллары көлеміндегі капитал ел экономикасына
араласты. Бұл – 200 жылға қарағанда 7.6 есе
, 1999 жылға қарағанда 1.4 есе көп . Шетел
алпауыттарының Қазақстан бюджетінің
жыртығын жамауға себін тигізуі ел экономикасына
шетелдік инвестицияны тартудың халықаралық
нормаларына сәйкестендіруге , яғни жетілген
ұлттық заңнаманың жемісін көруге болатынына
үміт ұялатады. Айталық , ел өнеркәсібінің
өркен жаюына бағытталып жатқан шетелдік
инвестицияның жалпы көрсеткіші капиталдың
31 пайызын құрап отыр. Еліміздегі негізгі
капитал көздерінің ең қомақты инвестициялық
жобалары деп мыналарды айтуға болады :
- Нидерланды – 580 млн. АҚШ доллары («Испат Кармет» ААҚ);
- Корея – 25.1 млн. АҚШ доллары («LG ELECTRONICS»компаниясының ірі жобасы);
- Түркия – 39 млн. АҚШ доллары («Эфес – Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы);
- Лихтенштейн – 17 млн . АҚШ доллары («АБС орталығы» ААҚ);
- Ұлыбритания – 11.7 млн . АҚШ доллары («Лосан – Мардон» ЖШС-нің ірі жобасы).
Аралығында инвестициялық
жобаларды іске асыру нәтижесінде
келісім- шарт бойыншат 40мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды
, 1168.5 млн. АҚШ долларының өнімі өндіріліп,
оның ішінде 113.7 млн. АҚШ долларының өнімі
экспортталды. Кіріс министрлігінің мәліметтеріне
сүйенсек, бюджетке 31.4 АҚШ доллары көлеміндегі
түсімдері түскен. Алайда , шетелдік инвестицияны
тарту барысында да көп кедергілер бар
көрінеді . Олар мыналар :
- Қазақстан нарығының
іскерлік белсенділіктің төменілігі;
- Реттеуші шаралар шалағайлығы ;
- Өтімді қаржы құралдарының
азаюы , төлем күшінің әлсіздік
дағдарыстың орын алуы ;
- Шынайы ақпараттың жеткіліксіз
болуы ;
Инвестициялық саясаттың
ұтымды жүйесін қалыптастыру үшін мемлекет
Даму бюджеті , Ұлттық мұнай – газ
қоры , мемлекеттік неие ұйымы сияқты
қаржылық институттар мен механизмдерге
мән беруі шарт.