Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2015 в 17:48, курсовая работа
Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін басқаруда кездесетін бір қатар өзекті мәселелелерді талқыладым. Олардың алатын деңгейімен қаншалықты екенің анықтап, сондай-ақ қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздері, яғни инвестициялар мен лизингтер, бағалы қағаздарда тууы мүмкін мәселелердін шешу және оңтайландыру бағыттары мен жетілдіру жолдарын қарастырдым.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2011 жылғымен салыстырғанда 10,6 % (2004 жылы 44,7 % , 2005 жылы 48,5 % , 2013 жылы 33,0%) өсті.
2013 жылдың деңгейіне қарағанда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың өсуі республикадағы 14 облыстың онында және Алматы, Астана қалаларында байқалды. Көлемнің едәуір өсуі Қызылорда (1,9 есе), Ақмола (1,2 есе) облыстарында және Алматы қаласында (1,2 есе) байқалды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың 13 - 1 % шегінде өсуі Батыс қазакстан, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстарында, Астана қаласында байқалды.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардын өңірлік құрылымындағы көлемнің жартысынан астамын (53,1 %) республиканың батыс өңірлеріндегі кәсіпорындар (Атырау облысы - 22,2, Батыс Қазақстан - 18,0 %, Ақтөбе - 7,5 %, Маңғыстау -5,4%) игерген. Мұнда, Алматы (13,9%) және Астана (9,3 %) қалаларының үлесі басым.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындардың үлесі - 47,0%, орташаларынікі - 27,9%, шағындарынікі - 23,9%, халық үлесі -1,2% құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45,0% құрады, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайыздық пункте артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0,6 пайыздық пункте өсіп, 4,8% құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1,6 пайыздық пунктке төмендеді.
Негізгі капиталға жұмсалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89,1% геологиялық барлауға жұмсалған.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің жартысынан астамын меншіктін жекеше нысанындағы кәсіпорындар жүзеге асырған (54,2 %) (2012жылы 54,3%). Шетелдік меншік кәсіпорындарының үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 0,5 пайыздық пунктке төмендеді. Мемлекеттік кәсіпорындар үлесінің 0,6 пайыздық пунктке өсуі, басымдығы экономика салалары: көлік коммуникациялық кешенді нығайту және дамыту, аграрлық - өнеркәсіптік кешенді қолдау және ауыл инфрақұрылымын дамыту, сумен жабдықтау, экология, әлеуметтік секторды дамыту жекеше бизнес үшін тартымсыз болып табылатын Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын іске асырумен байланысты.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салалық құрылымы 2013 жылмен салыстырғанда аздаған өзгерістерге ұшырады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмақ бұрынғысынша кең өндіру өнеркәсібіне (41,5%), өңдеу өнеркәсібіне (9,4%), көлік және байланысқа (11,1 %) келеді.
Кең өндіру өнеркәсібінде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың барлық көлемі дерлік шикі мұнай мен табиғи газ өндіруге және осы салаларға қызмет көрсетуге келеді (93,8 %).
Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4 % тиеді.Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42,3 % ), әуе көлігіне (15,4 %) және электр байланысқа (19,8 %) келеді.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлес салмағы жылжымайтын мүлік операцияларымен, жалға берумен және тұтынушыларға қызмет көрсетумен (12,6%) байланысты қызмет түрлерінде елеулі, мұньң 68 % геологиялық барлау мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашылығында бұрынғысынша мардымсыз (1,3 %).
Білім беру мен денсаулық сақтаудағы инвестициялық белсенділік денгейі әлі төмен қалпында. Бұл салалардың негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы тиісінше 0,7 және 0,4 % кұрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды (2,0%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөңдеуге кеткен шығындар үлесі 13,3 % құрады, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 4,2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға - 52,3 %, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар - 47,7% құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыруға жұмсалған қаражаттың жалпы көлеміндегі сырттан тартылған қаражаттың үлкен үлес салмағы геологиялық барлау мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындарда (94,6%), мемлекеттік басқару ұйымдарында (90,2 %), былғары және одан жасалған бұйымдарды өндіру, аяқкиім өндіру бойынша кәсіпорындарда (81,5%), денсаулық сақтау ұйымдарында (78,2%) және газ тәріздес отынды өндіру мен бөлу бойынша кәсіпорындарды (77,7%) байқалды.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы экономиканын өсуі мен капиталдың корлануының негізгі көрсеткіші - негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің өсумен сипатталатын экономикалық өсу үрдісінің дамуын көрсетеді. Мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануға, ішкі жинақ ақшаны жұмылдыруға, тікелей отандық және шетелдік инвестициялар түсімін ынталандыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарланған бағдарламасын іске асыру - болашақта инвестшшлық қызметте оң үрдістерді сақтауға мүмкіндік береді[18;16-19б].
3 Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттерінің инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстарында кездесетін мәселелер мен шешу жолдары
Инвесторлар сияқты миллиардтаған қаржы салатын шетелде тұратын немесе Қазақстанда тұратын отандастарымыздың ішінде Қазақстан экономикасының өркендеуіне ықпал ете алатындай бай адамдар бар ма ? Жоқ қой. Бұл шыңдық. Біздің жас түркілердің де қалай байығанын білеміз. Әкелерінен қалған байлығы жоқ екенін, бесіктегі ана сүтін еметін баладан бастап, пайғамбар жасынан асқан кәріге дейін біледі. Мысалы, өнеркәсібі дамымай мешеулеп қалған, экалогиясы құрып біткен Қызылорда облысына Канададан келген «Харрикейн-Құмкөл» (қазіргі аты Рetro Kаzакshan) кампаниясы облыстық бюджетке ақша құймаса не болар еді? Мәселен, «Испат-Кармет» пен Харрикейнді жас түрік пен бұрынғы бір партократ алсын-ақ дейік. Екі облыста да бұрынғы байланыстың үзілуі кесірінен кәсіпорындар тоқтап жатты, он мыңдаған адамдар жұмыссыз ақшасыз қалды. Облыстардың қарыздары шаш-етектен, ол тіпті, жылдан-жылға өсе түсті. Соның кесірінен бюджетке салық түспей қойды. Қарағанды облысында 1 млн 400 мыңдай, Қызылорда облысында 603,8 мыңдай халық бар. Президенттің алдында үлкен жауапкершілік тұрды. Қалайда жаңа жүйеге көшіп, осы тығырықтан өте қысқа мерзімде шығып кетуді көздеді. Ол ушін екі облысқа тек қана инвестиция — шетелдің капиталы ауадай қажет еді. Бұл кезінде өте дұрыс қабылданған шешім екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр емес пе?
Әлгі екі облыстағы компанияны қазіргі жағдайға жеткізу үшін , енді оған миллиардтаған ақша, жаңа көзқарас, жаңа менеджмент, озық техналогиялар керек емес пе? Оған миллиардтаған қаржыны қайдан алады ? Біреуі өзміздің коммерциялық банктен алса, екіншісі облыстағы банктен алуы керек. Өздерінде сонша ақшаның жоқ екені рас қой. Өзіміздегі банктен ақша алғанан гөрі мемлекетке шетелден өзімен бірге ақша алып келген капиталистер тиімді емес пе? Алғашқы жылдары біздің банктерде ондай қаржы жоқтың қасы еді. Қазақстанға ірі қаржының екі-ақ рет түскенің білемін:
1) Елбасы қаржыға амнистия жариялағаннан кейіп, 100 қалталы қазақтың шетелге тыққан 500 миллион долларын зорға дегенде қайтардық.
2) Гиппер инфляция кезінде қазіргіАлматы. қаласының әкімі И.Н.Тасмағамбетов мырза «Қара-Шығанақ» кең орнына түскен 600 миллион долларды Елбасының атынан бюджетке аударғанын бүкіл халық алдында айтты.
Сондықтан мемлекеттік мүддені бірінші орынға. қойып, барды бар, жоқты жоқ дегенміз жөн шығар.
Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отатрып реттелінбесе, онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негізгі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде ннвестицияны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде "әлеуметтік және экономикалық кұрылымдарды қатер қалыптастырып, ескеріп отырғанда ғана дүниежүзілік және аймақтық дағдарыстардан құтылуға болады. Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының, жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-әуқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптей көруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы "Өзенмұнайгаз" кәсіпорны мен Өзен әкімшілігі арасында 2012-2013 жылдарға арналған екіжақты келісімшарттың негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру көздері анықтальгп, іске асырылып жатыр. Яғни инвестициялардың тартымды екенін ескере отырып, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестицияларды тартуды қолға алу керек. Бұл мәселеде, яғни экономиканың әлеуметтік бағыттылы-ғын күшейтуде мемлекеттің ролі ерекше[7;14б].
Әлеуметтік жобалар тез кайтарымды және де табысты жобаларға жатпайды. Сондықтан да бұл саладағы жобаларды кепілдік беру арқылы, бюджеттен қаржы беру арқылы жүзеге асыру кажет.
Әлеуметтік жобаларды қаржылаңдырудың бір түрі - ол мемлекеттік несиелендіру. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес органдары тек қана аймақгық парлар бойынша тікелей карызы бар. Осы жоспарларға жергілікті атқарушы оргаңдардың карыз алу негізінде каржжыландыруды көздейтін жобалар қамтылады. Бұл қарыздарға жергілікті бюджет кепілдік береді.
Сонымен қатар шетел инвестициясын әлеуметтік
салаға тартудың тағыда бір тиімді әрі
озық әдістеріне муниципалдық құнды қағаздар
шығару жатады. Инвесторлар үшін көптегсн корпоративтік құнды кағаздардың
тиімділігін есксре отырып, мемлекеттік
құнды қағаздардың Казақстан кұнды кағаздар
нарығын|да инвестициялық белсенділікті
арттыратын негізгі тетік екенін атап
өткен жөн. Ұзақ мерзімді қаржылардың
өтімділігін арттыруды қамтамасыз ету
үшін, оның қорына қаражат және басқа да
бағалы қағаздар рыногында айналымда
жүрген банкілік акцепттерді, коммерциялық
кағаздарды, тауарлық-
несиелік корпорациялардың брокерлік
карыздары мен куәліктерін, орналастырады.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтен табатын кірістері, экономикалық факторлар мен ұйымдастырушылық жағдайларға байланысты болады, яғии мемлекеттің тұрақты дамыған экономикасы, өндіріс және кызмет саласындағы әртүрлі меншік түрлері, бағалы кағаздар және оның нарықтық субьектілерін дамыған рыногының болуы, бағалы қағаздарды шығару және оларды айналымға келтіріп реттейтін зандылық актілер мен ережелердің дұрыс ұйымдастырылған жүйесі және бағалы кағаздардың жоғары сапалы топқа жататын түрлерін айналымға келтіру сияқты маңызды қызмет саласында шешуші роль атқарады.
Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар инвестициялык банктердің көмегінсіз үзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі төжірибесінде мүндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыепа-сада, компаниялар қүрылып қызмет ете алмайды[20; 51б].
Инвестицияны әлеуметтік салаға тартудың көрсетілген бағыттарынан басқа да істеріне кепілдік қоры, ипотекалық несиелендіру де инвестицияның тұрақты, уақыт талабына заңдық нысандар кұру жатады.
Сонымен, инвестициялық процесті пайда табу арқылы әлеуметтік тиімділікке жеткізетін процесс үрдісінде қарастыру керек. Инвестциялық іс-әрекетті, оның тиімділігнше экономикалық факторға кем әсер етпейтін әлеуметтік факторларды ескермей жасау мүмкін емес.
Эконамиканың дамуында жақсы қалыптасқан ол инвестициялық саясат. Экономикадағы бағаны ырықтандыру және қайта құру саясатының арқасында пайда болған 136 аса ірі және орташа тауар өндірушілердің біріктіретін индустриялық базаның маңызы зор.
Мәселен, жаңашылдықты пайдалану мақсатында көптеген ірі жоба іске қосылған. Оның ішінде: "Алкан Пэкеджинг" жауапкершілігі шектеулі серіктес (ЖШС), "Райымбек Агро" ЖШС, "САФ" әйнек компаниясы, "Вимпек" спирт зауыты, "Ерка" ЖШС, СП аккумулятор зауыты, "Эфекс Карағанда" Жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ), Ақ жол" ЖШС, "Шамалған спирт" ЖШС, "Зеленый дом" ЖШС. "Алтын нан' ЖШС, "Кнауф Гипс Капшағай" ЖШС, ″Қазақстан қағазы" ЖАҚ бәсекеге төтеп беретін ыңғайда толық қуатында жұмыс істеуде. Айталық, қазіргі кезде қайта өндеу кәсіпорындары шығарған өнімнің көлемі ғасыр басындағы мөлшерден еселеп артып отыр.
Сондай-ақ жеміс-жидек өндейтін 20 цех пен зауыт, 5 кант зауыты, 29 сүт өндірісі, 25 шарап зауыты, 12 құс фабрикасы, жугеріні калибрлейтін 5 өндіріс орны, тағы баска да кәсіпорындар оны өндіру бағытында толық қайтарымен жұмыс істеуде. Сол сияқты Казақстан Рсспубликасының Индустриялық-иновациялық даму стратегиясы бойынша облыстың кластерлік өнімдер өндіру жөніндегі ізденістері де қуантарлық. Бұл тұрғыда көкөніс, жеміс-жидек, шарап, темекі, сут және құс етін қайта өндеу мақсатындағы жұмыстар нақгы нәтиже беруде.
Ауыл шаруашылығы дегенде, тіл ұшына алдымен ірі қара, жылқы және кұс, жүгері, қант қызылшасы, майбұршақ, темекі, картоп пен көкөніс өсіру және сүт пен жұмыртқа, жүн өндіру кәсіптері оралады. Өйткені, аграрлық кешенде көпсалалы, тұрақты 4 жылда орта есеппен жыл сайын 455,3 мың тонна көкөніс өсірілгені осының дәлелі. Айталық, Еңбекшіқазақ ауданында қуаттылығы 20 тонна табиғи шырын шығаратын ″Ақжол" ЖШС іске қосылды. Ал "Фуд Мастер Компания" ЖШС "Пике" сауда маркісімен табиғи жеміс-жидек және көкөніс шырындары шығарылуда.
Облыстың жеміс-жидек өсірудегі тәжірибесі мол. Жеміс ағаштарының, жалпы көлемі 17,2 мың гектарды, оның ішінде күзімдік алқалардың өзі 4,5 мың гектарды алып жатыр. Соңғы жылдары алманың ежелг ″Апорт'" сортын қалпына келтіру қолға алынды. Сондықтан, Алматы облысының өз атынаа лайық дүниежүзіне даңқы жайылатын кезі де алыс емес екендігіне сенім мол. Бұл бағытта, Қарасай, Жамбыл, Іле, Еңбекшіказақ, Талғар аудандарындағы бағбандар еңбегі үлгі, етуге тұрарлық[22; 24-26б].
Жүзім шаруашылығын дамытуда да жақсы істер бар. 4,5 мың гектарға жуық алқапты осы жеміс ағашынан жасалатын сапалы жүзім шарабы ауыл шаруашылығының тиімді буындарының қатарына жатады.
Облыстағы қаржылық саланы дамытудың тағы бір көзі — туризм. Табиғат таңғажайып облыстарымыздың тау-тасы, өзен-көлі, таза ауасы кімді болса да тамсандырмай қоймайды. Өйткені шөл дала мен мәңгі қарлы шындары бар 5 климатық аймақтың өзіндік ерекшеліктерін айтып жеткізу мүмкін емес. Ежелден бері Талгиз, Алмалық, Құйған, Қойлық, тағы басқа атақты елді мекендері болған байсын өлкеде қазір Алматы, Алакөл мемлекеттік қорықтары мен Іле Алатауы, "Алтынемел" табиғи парктері бар. Шынында да бір кездері көршілес Қытайдан шыққан Жібек жолымен Жетісу арқылы Түркия және Еуропа елдерін шарлауға мүмкіндік беретін киелі жерімізде тарихи орындар қаншама десеңізші.