Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2014 в 19:29, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялық іс-әрекет экономика дамуында маңызды рөл ойнайды. Отандық экономиканың дағдарыстан шығуы ең алдымен инвестициялық процесті қалпына келтірумен байланысты. Инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу ел ішіндегі жинақ көзін ынталандыру және шетел кәсіпкерлік капиталының мол тартылуына бағытталған.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………….3

1 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары
1.1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні……… 4-6
1.2 Инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің қажетттілігі………………………………………………………. 6-12

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАСЫМ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық іс-әрекетті қолда 12-17
2.2 Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары…………. 17-23

3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

3.1 ҚР іс-әрекеті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру………….. 23-28
3.2 2003-2015 жылдарда республикадағы индустриалды-инновацияық
даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары……………………………………………………………... 28-30

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………… 30-31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………………. 31-32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 77.10 Кб (Скачать документ)

                              МАЗМҰНЫ

 
КІРІСПЕ………………………………………………………………….3 
 
1 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары 
1.1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні………     4-6  
1.2 Инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің қажетттілігі……………………………………………………….        6-12  
 
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАСЫМ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫ РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ 

2.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық іс-әрекетті қолда 12-17

2.2 Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары………….  17-23  
 
3. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ 

 
3.1 ҚР іс-әрекеті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру…………..    23-28 
3.2 2003-2015 жылдарда республикадағы индустриалды-инновацияық  
даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары……………………………………………………………...   28-30 
 
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………  30-31

 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………………. 31-32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Кіріспе 
Инвестициялық іс-әрекет экономика дамуында маңызды рөл ойнайды. Отандық экономиканың дағдарыстан шығуы ең алдымен инвестициялық процесті қалпына келтірумен байланысты. Инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу ел ішіндегі жинақ көзін ынталандыру және шетел кәсіпкерлік капиталының мол тартылуына бағытталған. 
Мемлекеттің экономикалық дамуының позитивті процесі инвестиция тартусыз мүмкін емес. Негізгі капиталға инвестициялар әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективасын анықтайды, әсіресе өтпелі экономикасы бар елдер, оның ішіне енетін Қазақстан үшін. 
Қазақстан экономикасының дамуы өндірістерді құру және қолданыстағы өндірістік инфрақұрылымның модернизациясы. Бұл елге мол инвестициялардың тартылуымен қатар олардың ұтымды пайдалануды талап етеді. Шетел инвестицияларының ағымы және олардың тиімділігі қолайлы инвестициялық климатқа байланысты. Инвестициялық климатты модельдеу шетел инвесторларын тарту мен қолданудың мемлекеттік саясатын дайындаудың маңызды буыны болып табылады, өйткені ол, біріншіден, шетел инвесторына әсер етуші факторлардың жүйесін береді; екіншіден, елдегі жағдайды терең бағалауға мүмкіндік береді; үшіншіден, шетелдік серіктестердің іс-әрекетінің мотивтерін түсінуге мүмкіндік береді [1]. 
Аймақта қолайлы инвестициялық климат жасау – бұл әртүрлі толық кешенді шаралар алу, осы кезең үшін аймақтағы инвестициялық климатты бағалаудың салыстырмалы талдауының негізі болып табылатын көрсеткіштер жүйесі. 
1.Аймақ нарығы потенциалының сипаттамасы; 
2. Табиғи және еңбек ресурстарымен қамтылуы; 
3. Экономикалық рефомалардың күйі мен алға жылжуы; 
4. Инвестициялық қызмет үшін заңдық базаның болуы; 
. Саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы. Экономиканың басымды салаларын дамытуға шетел инвестициясын тартуда негізгі факторлар болып төмендегілер есептеледі: 
- минералдық ресурстарға бай жер қойнауларын барлау мен ашу мүмкіндігін; 
- өнімді экспорттаудан ақшалай түсімнің үлкен үлесінің болатындығы; 
- осы сферадағы ынтымақтастықтың екі жақты тиімділігі; 
- республика заңнамаларында инвесторлар үшін қолайлы жағдайдың болуы. 
Қазіргі кезде қолайлы инвестициялық климат жасау еліміздің дамуында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. 
Курстық жұмыстың мақсаты – экономикалық жағдайлар тұрғысынан еліміздегі инвестициялық климаттың жай күйін оқып-үйрену, зерттеу. Осы мақсатпен төмендегідей міндеттер қойылды: 
- инвестицияның экономикалық мазмұнына шолу; 
- еліміздің инвестициялық саясатын зерттеу;  
- инвестициялық климатты жетілдіру жолдарын келтіру. Сонымен еліміздегі инвестициялық саясат маңызды роль атқарады. Біз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып шетел инвесторларын тартудамыз. Бұл саясат ел экономикасын көтеруге, кәсіпкерлік қызметті дамытуға, мемлекеттер арасындағы достастықты нығайтуға,экспорттық мүмкіндіктерді жоғарлатуға, кәсіпорындардың бәсекеге төтеп бере алуына  өз әсерін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары 
1.1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекетт1

Инвестицияның мәні мен түрлері. Мемлекет барлық кәсіпорындарға бірдей, тең болатын жағдайды, шартты заңмен бекітіп береді.  
Инвестиуциялар: венчурлік, тікелей, портфельдік, аннуиетет болып бөлінеді. Венчурлік инвестиция – шаруашылықты қаржыландыруда шешуші рол атқаратын жаңа акциялар шығару формасында инвестициялар. Венчурлік инвестиция орташа және ұзақ кәсіпорындардың өмір сүруінің маңызды шарттарының бірі болып табылады: әдетте тәуекелмен байланысты.  
Тікелей инвестициялар – шаруашылық субьектіні басқаруға қатысуға құқық алу мен табыс алу мақсатымен экономикалық субьектінің жарғылық қорына құйылым жасау. Тікелей инвестиция деп – капиталды экспортаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісіті ұйымдастыруын айтамыз;  
Портфельдік инвестиция - пайда алу мақсатымен акцияға, облигацияға және басқа ұзақ мерзімді сипаттағы бағалы қағаздарға қаражат жұмсау.  
Аннуитет - кредитордан алынған қарызды, пайыздарын қоса, өтеу үшін оған төленетін (әдетте ұзақ уақыт бойы) белгілі бір мөлшерден жыл сайынғы ақша сомасы (рента).  
Пайданы алу ауқымы мен оның тиімділігі бойынша тікелей инвестициялар жанама инвестициялар мен салыстырғанда жоғары тиімділікке қол жеткізумен ерекшеленеді.  
Инвестициялардың экономикадағы ролі мен орны бойынша тікелей инвестициялар ішкі нарық жағдайында тікелей түрде әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетингтің жаңа формаларының жедел түрде енуін және т.б. сонымен бірге ұлттық экономиканың құрылымын өзгертеді.  
Қазақстан Республикасының өкметі тікелей инвестицияны қолдауы жөнінде мемлекеттің заңы қабылданды. Ол Қазақстан Республикасының конституциясы және көптеген норма мен нормативтік құқықтық актілерден тұрады.  
Тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдау :  
• Заң шығару орындарының инвестиция әрекетіне кепілдік беру.  
• Жеңілдік және преференция жүйесін құру.  
• Қазақстан Республикасы үкіметі мен халықаралық ұйымдар арасындағы келісім-шарттардың Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық  
актілеріне сәйкес келуі. Бүгінгі таңдағы макроэкономикалық масштабының қолайлы болуы тікелей инвестиция нәтижесі. Егер өндірістің көп бөлігін сақтап, онда ертеңгі күні көп пайдалануымызға мүмкіндік береміз. Ал, керісінше ресурстар қазіргі қажетімізге керек және мүмкіндігі аз болады.  
Қазақстан Республикасының мақсатына қол жеткізу процесстері кезінде шешуге тиіс мәселелер:  
1. жаңа технологияларды енгізу, алдыңғы қатарлы технлогия және ноу-хоу;  
2. ішкі рынокта жоғарғы сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуді қамтамассыз ету;  
3. отандық тауар өндірушілерді тұрақтандыру мен мемлекеттік қолдау;  
4. импортты алмастыратын және экспортооринтировалық өндірістерді дамыту;  
5. Қазақстан Республикасы шикізат көзін комплексті және ұтымды пайдалану;  
6. Менеджмент және маркетинг тәсілдерінің осы заманға сай боуы;  
7. Жаңа жұмыс орындарын жасау;  
8. Жергілікті кадрлар үздіксіз оқыту мен олардың квалификациясын көтеру жүйесін ендіру;  
9. өндірісті күшейтуді қамтамассыз ету;  
10. қоршаға табиғи ортаны жақсарту.  
Инвестициялық қызметті мемелекеттік реттеу, өндірістік позицияның  
капиталды салым формасы ретінде Қазақстан Республикасы мемлекет мүшелері  
жүргізеді, бұл нақты – қандай да бір ғимаратқа кеткен құрылыс – монтаж жұмысы, машина мен құралды жөнге келтіру монтажына, жоба ізденіс жұмыстарына, жаңа кәсіпорынның дерекциясына, қатар дайындау және тағы басқа жұмсалған шығындар.  
Статистикалық есепте және экономикалық анализ нақты инвестицияны тағыда капитал түріндегі деп атайды. Капитал түрінде инвестицияға келесі элементтер жатады:  
- Негізгі капиталдағы инвестиция.  
- Капиталды жөндеуге жұмсалған шығын.  
- Жер участкілерімен табиғи обьектілерді пайдаланудағы инвестиция.  
- Материалдық емес активтердегі инвестиция (потенттер, лицензиялар, ғылыми-ізденістермен тәжірибелер).  
- Инвестиция және материалды айналымдағы құралдың артығымен толықтырылуы.  
Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілген тікелей инвестициялар қатар қатарына Қазақстан Республикасының арнайы кепілдемесімен белгілі бір мемелекеттік және жеке техниканың көмектермен гранттарға ие инвестициялардан өзге барлық инвестиция түрлері енеді. Ал жанама инвестиция дегеніміз - бұл портфельдік жинақ былайша айтқанда құнды қағаздар мүліктік құндылықтардың жиыны. Мысалы: инвестор түрлі фирмалардың құнды қағаздар жинағы болып табылатын несие қорынан акция сатып алуы мүмкін. Инвестицияның тиімділігі тікелей шығыс пен кіріс, сатып мерзімі, рентабельділігіне байланысты.  
Акцияны инвестор сатып алу арқылы белгілі бір компанияның қажетіліктерін қанағаттандырып, оларға тиімді табыс әкеліп қана қоймайды, инвестор сол құнды қағаздардың белгілі бір мөлшерін иемденеді. Осыдан өзге инвестициялау белгілі бір жер бөлігін иемдену мүліктік құқықққа ие боу (ақша эквиваленттермен бағалану) шаруашылық өндірістік жекеменшіктік лицензия және өндіріс құпияларымен патент түрлері, жаңа технологияға анықтама өндірістік тиімді морделдер, товар беліглерімен өндіру әдістері, түрлері, өндіріс технологиясы, өнім сертификаты, жерді пайдалану құқықтары негізіндн жүзеге асады, жүреді.  
Инвестиция құрылымы оның түрі бойынша құрылымы, пайдалану бағыты және жалпы инвестициядағы үлесі түсініледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз етудің қажетттілігі 

 Капитал жинақтаушы инвестициялар кәсіпорындар мен мемлекеттік акциялармен құнды қағаздар сатып алу негізінде инвестициялық фактор жүйесі арқылы іске асады.  
Бірінші жағдайда өнеркәсіпке инвестор инвестиция салушы ретінде өнеркәсіптік өндірістік қорындағы айналымда функциональды түрде сақтап, өз өндіріс капиталын көбейтуді көздеп, капитал қорын жинақтайды. Ал екінші жағдайда инвестор құнды қағаздар кірісі арқылы дивидент алу негізінде өз капиталын толықтырады.  
Инвесторларды кәсіпорындарда тиімді пайдалану, олардың қаржылық жағдайы кәсіпорындағы инвестиция құрылымына байланысты болады. Кәсіпорындағы инвестицияның жалпы құрылымы – жалпы суммадағы нақты және портфельді инвестициялардың ара қатынасы. Олардың дамығандығы портфельді және нақты инвестицияларды максимальды қайтарып алуынан көрінеді. Демек, бұд тиімді жобаларға инвестиция үлесі максимальды ұмтылу керектігін білдіреді. Қазіргі таңда кәсіпорын үшін нақты және портфельді инвестициялардың құрылымы маңызды әсер етеді. Портфельді инвестиция құрылымы - олардың бөлу және кәсіпорын сатып алған бағалы қағаздар түрі бойынша ара қатынасы түсініледі.  
Мемелекеттік инвестиция үлесі төмендеп, ал кәсіпорынның үлесі ұлғайған кезде, инвестицияның жалпы тиімділігі олардың кәсіпорындағы тікелей пайдалану тиімділігіне байланысты болады, ал мәні бойынша кәсіпорындағы инвестицияның жалпы құрылымына байланысты.  
Жоғарыда айтылғандарды жинақтай отырып, қорытынды жасауға болады - әр түрлі бағыттар бойынша инвестиция құрылымына талдау жасау ғылыми және тәжірибелік мәнге ие болады берілген талдаудың тәжірибелік мәні арқылы инвестиция құрылымының өзгеру тенденциясын анықтап және осының негізінде ұтымды, тиімді инвестициялық саясатты жасауға болады. Инвестиция құрылымы талдаудың теориялық мәні арқылы инвестициялық қызметке және инвестицияны пайдалану тиімділігіне әсер ететін, бұрын белгілі болмаған жаңа факторлар пайда болады, бұл факторлар инвестициялық саясатты жасау үшін өте маңызды болып табылады.  
Ал енді инвестиция типтеріне келетін болсақ, кез – келген фирманың негізгі қызмет саласы айналымдағы қаржы, жобалардың іске асуы, әрбір фирманың жылдық табсын реттеп отыратын инвестициялық операция жүйесі болып табылады. Инвестициялар әртүрлі обьектілергетартылуы мүмкін:  
Физикалық активтегі инвестицияға - өндіріс орындары мен құрал - жабдықтау салаларын, сонымен қатар бір жыл мерзімдегі түрлі машина, техника, материалдық мүліктерді жатқызамыз.  
Ақшалай активтегі инвестицияға – кез- келген физикалық және заңды тұлғалардың белгілі бір құнды ақшаның қарым-қатынасын жатқызамыз. Бұл банктердегі депозиттер, облегациялар, акциялар, кредит, салық,несие, қарыздар.  
Материалдық емес инвестицияға - құнды материалдар мен құпия программалар, өнім әдістері тиімді моделдер, жерге иелік құқықтары, жекеменшіктік лицензиялар, патенттер мен сертификаттар енеді. Жоғарыда аталған инвестицияның 3 типті де әрбір фирманың дамуы кіріс көзінің өсуіне тікелей ықпал етеді.  
Инвестиция класификациясы фирманың қай мақсаттардағы қандай маңызды мәселелерді шешуге болады және тиімді шетел инвесторларының басқаруына берліген кәсіпорындар мен бәсекелескен кәсіпорындар өздерін өздері қаржымен қамтамассыз етіп бар жұмысты өздері жолға қоюға міндетті. Қазір бұл нәтижесін беріп отыр. Біріншіден, кәсіпорындар бар қуатында жұмыс істейді. Екіншіден, өндірген өніміне қарай заңды белгіленген тәртіппен салық төлеп отыр. Үшіншіден, жұмыссыздықты азайтуға өзіндік үлесі бар.  
Соңғы жылдары белгілі өндіріс орындарын шетелдік компаниялармен фирмалардың басқаруына беру арқылы инвестиция тарту тәжірибесі елмізде көбірек қолданылып жүр әсіресе , бұл шикізат өндіруші салаларда шетелдік инвесторладың айрықша ынта- ықыласын тудырып отыр. Өйткені әбден тіс қаққан, не нәрсе болсын әріден ойлайтын шетел кәсіпкелері шикізат өндіріп, оны экспортқа шығарып сатудан ұтылмайтын анық. Сол себепті олар Қазақстан үлкен қызығушылыұпен капитал салып отыр. Бұл дәл қазір екі жаққа тиміді. Осындай тәртіппен жекешелендірген өндіріс орындардың саны бүгінде 60 – тан асады. Оның басым бөлінген отын мен энергетика салалары құрайды.  
пайдалану арқылы фирманың шығындарын азайтып, өндіріске қолайлы жагдай жасау, қүрал-жабдықтармен технологиялау, фирма мүшелерінің шеберліетері мен нарықтық экономикадағы сұранысқа қарай инвестициялық жоба жасау жүйелерінен тұрады. Сонымен қатар инвестициялау жүйесіндегі мемлекеттік органдар мен байланыс, ал экономикасының жағдайы, экологиялық стандарт, шығарылатын өнімнің сапасы ескерілуі тиіс. Мұндай классикалық инвестициялар типі мен (төуекел) мен еңбек сферасындағы жүзеге асады.  
Кез-келген кәсіпорынның экономикалық потенциалының сақталуы мен дамуына кәсіпорын қызметі мен менеджмент, инвестор шеберліктері қажет. Инвестициялық қызмет субьектілеріне инвестициялық қызметті іске асырушы инвесторлар, физикалық және занды жеке тұлғалар, тапсырыс берушілер, орындаушылар, инвестициялық қызметті қолданушылар мен үйымдық жеткізушілер, банк және қауіпсіздендіру қызметкерлері, инвестициялық процеске қатысушылар енеді. Сонымен қатар инвестициялық обьект қызметіне қолданушылар қатарынан физикалық жеке тұлғалардан бастап, заңцы түлғалар, мемлекеттік органдар, шет мемлекеттер халықаралық қызмет Қазақстан зандарында арнайы Президент жарлығы бойынша салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер, «Шетел инвестициялары мен инвесторлары", «Ішкі басқару мен қарыздар", «Қазақстан Республикасының инвестиция қорлары", жөне өзге де нормативтік актілерін түрінде еліміздің заңында өмір алған.  
Қазақстан мен ТМД елдерінде инвестиция тартып, қаржы жинактау жылдамдығы онша жақсы емес. Бізде ол жалпы ішкі өнімнің 4/3 процентін құрайды. Деген мен, алғашкы жылдарға қарағанда, соңғы жылдары шетелден инвестор тарту біршама жандана түсті. Оған еліміздегі саяси түрақтылық шикізат қорының молдығы инвесторларды заң жүзінде қорғау басты рол атқарып түр. әсіресе, Президентіміз Нүрсүлтан Назарбаевтың соңғы кездегі Америка Қүрама Штаттарына,Германия мен Польшаға сапарлары күткен үмітті ақтады. Инвестиция салудан дамыған, өркениетті басқа да мемлекеттер де тартынып отырған жоқ.  
Деректерге сүйенетін болсақ, қазіргі кезге дейін Қазақстанға келген инвестицияның 40 процентін АҚШ, 25 процентін Оңтүстік Корея, 13 процентін Англия инвесторлары қүрайды екен. Жалпы кәлемі 9,5 миллиярд доллар түратын Қытай Халық Респупликасымен жасалған келісім өз алдына бір бөлек.  
Нарықгық экономикада инвестицияның негізгі үш түрі кең қолданылады. Атап айтқанда: займ арқылы, несие беру жөне тура инвестициялау. Осы үшеуінің ішінде бізге қолайлысы орі тиімдісі- тура инвестиция. Өйтксні мүнда шетел инвесторларының басқаруына берілген кәсіпорындар мен бірлескен кәсіпорындар өздерін өздері қаржымен қамтамасыз етіп бар жүмысты өздері жолға қоюға міндетті. Оазір бүл нөтижесін беріп отыр. Біріншіден, кәсіпорындар бар қуатында жүмыс істейді. Екіншіден, өндірген өніміне қарай занда белгіленген тәртіппен салық төлеп отыр. үшіншіден, жүмыссыздықты азайтуға өзіндік үлесі бар. Соңғы жылдары белгілі бір өндіріс орындарын шетелдік компаниялармен фирмалардың басқаруына беру арқылы инвестиция тарту тәжіриебесі елімізде көбірек қолданылып жүр. әсіресе, бүл шикізат өндіруші салаларда шетелдік инвесторлардың айрықша ынта-ықыласын тудырып отыр. Өйткені әбден тіс қаққан, не нәрсе болсын өріден ойлайтын шетел кәсіпкерлері шикізат өндіріп, оны экспорткд шығарып сатудан үтылмайтыны анық. Сол себепті олар Қазақстанға үлкен қызығушылықпен капитал салып отыр. Бүл дәл қазір екі жаққа тиімді. Осындай төртіппен жекешелендірген өндіріс орындарының саны бүгінде 60-тан асады. Оның басым бөлігін отын мен энергетика салалары қүрайды.  
Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде инвестицияны тартудың қатаң әдістерін қолдана бастады, бұл әдістер төмендегідей бағыттарды қамтиды:  
- Үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу (өйткені үкіметтік несие алдын-ала ақы тәлеуді, кепілдемелерді ұсынуды және белгілі сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді.) Мұндай жағдайда елге келіп жатқан шетел инвесторларын көбейтуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп жатыр. Капиталды тартудың мүндай формасының басымдылығы өр түрлі түсіндіріледі:  
- Тікелей шетел инвесторлары донордың үзақ мерзімдік мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;  
- Донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы-  
тиіс;  
- Елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз  
етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;  
- Тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылық  
белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың әр түрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал етеді.  
Мұның барлығы Үкіметтің орта мерзімдік инвестициялық бағдарламасын қабылдау жөне жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады. Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты. Оның өрістеуі белгілі мөлшерде төлем төлемеу дағдарысы сияқты түйінді мөселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.  
Инвестицияны тартуда Қазақстанды дамытушы елдер тәжірибесімен салыстыра отырып, Аргентина саясатымен белілі бір ортақтықтың бар екендігін атап етуге болады. Өйткені Қазақстанда жүргізілген 4 кезең темендегідей нәтижелерге әкеледі:  
- реформалаудың бірінші кезеңі- инвестициялық жекешелендіру қорының  
қалыптасуына және капиталдың үкімет кепілдемесі арқылы тартылатындығына  
жағдай жасады.  
- екінші кезең- жекешелендіру процестерінің белсенді жүруін және акцияларды мемлекеттік пакеттерінң 80%-ке дейін шетелдік инвесторларға сатылуын амтамасыз етті, осы уақытта төлемдердің теленбеуі және отандық тауар өндірушілердің банкротқа ұшырауы мәселелері қабат-қабат жүріп отырды.  
- үшінші кезең- жекешелендіру процесінде республикалық нарықта шетелдік банктердің рөлін "тереңірек" өтті, нәтижесінде инвестициялық саясаттың Аргентиналық қателіктері болған, атап айтқанда аз шығынды әдіс өндеу, ғылыми технологиялар салаларының туындауына жағдай жасамай, керісінше дәстүрлі салалар экспортын кеңейту қүралдарының дамуына жағдай жасады.  
Тиімді инвестициялық саясаттың жоқ болуы өсу нүктесі болып табылатын белгілі бір салаларды анықтауға мүмкіндік береді сыртқы экономикалық саясатты иөсу локомотивінен" "тежеу локомотивіне" айналдыруды, өлеуметтік реформаларды ұстап тұру, халықтың ағымдық табысының темен деңгейі, сонымен бірге тұтынушылық несиенің болмауы республика халқын инвестициялық саясаттың белсенді субъектілерінің біріне айналдырды. Бұл кездегі тауар өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауы шетел инвесторларының көбеюі жағдайында жүріп жатыр және ұлттық валютаны жоюда Қазақстандағы саны 1300-ден астам біріккен кәсіпорындар, яғни 20 мың жаңа жұмыс орны бар кәсіпорындардың құрылуына ықпал етті, осы кезде кішкентай Сингапурде алғашқы кезендерде жұмысшы орындарының саны 70 мыңға жеткен еді. Экономиканың қазіргі кездегі төртінші кезеңге енуі еңбек бөлінісінің халықаралық жүйесіне кіру нәтижесінде мемлекет рөлін күшейту қажет екендігін қайтадан талап етіп отыр.  
Жүйелей айтсақ, пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасының қаржылық жөне қаржылық емес активтеріне салынған барлық шетел капиталдары екі үлкен топқа : тікелей инвестиция жөне сырттан қарыз бөлу болып бөлінеді. Қазіргі кезде халықаралық қаржы институттары мен шет мемлекеттер Қазақстанға тікелей инвестициядан гөрі, кредит беруге қүштар болып отырғаны анық байқалуда. Мүның сыры өзіне-өзі түсінікті. Кредит үкімет кепілдігімен жақсы қорғалған. Ал инвестициялық салымның қайтарымы үзақ мерзімді қажет етеді, әрі мүнда төуекелдің үлесі жоғары. Экономикалық қауіпсіздік жағынан алып қарағанда займның да белгілі бір дәрежеде тиімсіз жақтары бар. Займдар елдің сыртқы кдрызын көбейтеді, оның өтемі елдің валюталық түсімінің қомақты бөлігін қажет етеді. Ал тікелей инвестициялық тиімсіз жағы, инвесторлар қаржысын өзі қалаған жағына салады да қазақстандықтардың мүддесі, қажет еткен сала ескерусіз қалады. Үкімет кепіддігімен сырттан тартылған займдар мен кредиттердің экономиканың өндірістік жөне кәсіпкерлік секторын инвестициямен қамтамасыз ету мақсатында алғандығы белгілі. Алдын-ала болжағанындай бүл шара (сырттан қарыз алу көлемін арттыру) экономиканың түрақтылығын сақатп қана қоимай, оны дамытуға тиіс еді. Алайда, іс- жүзінде бөрі басқаша болып шықты. Талдау нәтижелері көрсеткендей, үкімет кепілдігімен тартылған займдар мен кредиттер, негізінен, бюджет тапшылығы мен түтыну саласының қажеттіліктерін қаржыландыруға пайдаланылуда. 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  БАСЫМ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫ  РЕТТЕУДІ  ТАЛДАУ 

2.1 Қазақстан Республикасында  инвестициялық іс-әрекетті қолдау 

Бүгінгі танда Қазақстан шетелдік тікелей инвестиция тарту көлемі жағынан ТМД елдері арасында екінші орынды иеленеді. Тікелей инвестиция, негізінен, бірлескен кәсіпорындар қүру, еншілес кәсіпорындар ашу және мемлекеттік кәсіпорындарды жекешклендіруге шетел капиталын қатыстыру есебінен іске асырылуда. Өкінішке орай, Қазақстандағы көпшілік бірлескен косіпорындар мен шетелдік кәсіпорындар экономиканың жанама секторларын ғана қамтып отыр, әрі оған қомақты қаржы салмауда.  
Тағы бір қынжынарлық жәйт, Қазақстанға негізінен алып-сатарлық мақсатты ғана көздеген үсақ-түйек кәсіпорындар келуде. Ал өзінің қомакды капиталымен келген ірі кәсіпорындардың саны саусақпен санарлықтай-ақ. Шетелдік инвесторларды қызықтыратыны, негізінен, өнеркәсіптің жылу шикізат саласы. Бүл салада шетелдік инвестицияның салмағы басым. Қазіргі кезде, Қазақстандағы тікелей инвестицияның 60%-ы - мүнай-газ саласының үлесіне тиеді. Басқа өнеркәсіп салалары бойынша инвестицияның үлесі мардымсыз. Мәселен, қара металлургияда-5%, тамақ өнеркөсібінде-5%, басқа салаларда-2%. Мүның ішінде, түсті металлургияда ғана оның үлесі көптеу-28%-ды құрайды. Соңғы жылдары елімізде мүнай өнеркәсібі жедел өркендеп, мемлекеттің валюталық түсімінің негізгі көздерінің біріне айналды. Бүған Республика үкіметі де айрықша назар аударып отыр. Алайда, экономика саласындағы мамандардың атап көрсеткеніндей тек өндірістің бір ғана саласын инвестициялауға басымдық беру, экономиканың басқа саласының туралауына алып келеді. Мүның салдары мынадан керінеді: Еліміз жоғары өндірістік потенциалы мен табиғи байлығының мол қорының болуына жоғары білікті маман кадрларының көптігіне қарамастан әлемдік рынокта тек шикізат өңцеуші ғана болып қалмақ. Сондықтан, бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен, парасатнен, біліктікпен қарап, жағдай жасау қажет.  
Шикізатқа деген әлемдік сұраныстың күрт азаюы тек өндіріс қарқынының бәсеңсуіне ғана әкеліп соқтырған жоқ, сонымен бірге осы салаға күйылатын инвестиция келемінің кемуіне де өз ыкдалын тигізді. Соңғы әлемдік уақиға көрсеткішіндей, тек шикізаттық әндіріске бағыт үстаған экономикалық саясат, ішкі экономикалық түрақсыздыққа үшыратады. Үлттық экономикаға саясат, сыртқы рынок конъюктурасының елеулі түрде өзіндік әсері бар. Сөйтіп, зертеушілердің атап көрсеткеніндей, шетел инвестициясының республика экономикасын жедел кәтеріп жіберетіндігі туралы әңгімені айту әлі ертерек. Тікелей шетел инвестициясының негізгі бөлігі қаржы саласына несие пен қарыз түрінде құйылуда.  
Казақстан көз жетер жақын болашақта "Казақстандық кереметтің" болуын тікелей мүнай саласымен тығыз бірлікте қарастыруда. Сөйтсе де кейбір ғалымдар, атап айтқанда А.Е. Есентүгелов Казақстанның мүнай өндіру-көлемін-ұлғайту жөне экспортқа шығару женінде керемет жоспарлар жасауының ғылыми негізі жоқ деп санайды. Шындығында да мұнай өндіру көлемін арттыру және оны шикізат күйінде экспорттаудан түсетін табыс мардымсыз, әрі ұзақ мерзімді нәтижесін беруге қабілетсіз. Біздің ойымызша, ғалым А.Е.Есентүгеловтың айтқан пікірлерінің жаны бар. Қазіргі кездегі Қазақстанның мұнай саласын дамытуға байланысты стратегиясын қайта қараған жөн. Мүнда негізінен, ел экономикасының даму бағыттарында шикізаттық бағдардың күшейіп отырғандығын аңғармасқа болмайды. Қазақстанның мұнай өнеркәсібі саласындағы жаңа стратегиясы ескі бағдарлардан толықтай бас тартып, Қазақстан мүнайын жан-жақты пайдалануға, яғни кешенді жоне терең өңдеуге бағытталу керек. Экономиканың мұнай, химия жөне мұнай өндеу секілді секторларын дамытқан орынды болмақ. Жәй мұнай өндіру мен оны сол күйінде шетке шығаруға қарағанда, мұнай енеркәсібі саласын түбірімен қайта құрып, оны өндеуге талпынып, сол бағытта жұмыстар жүргізудің пайдасы зор.  
Сонымен, шетел инвестициясын тарту мен пайдалануға байланысты атқарылған істерді зерттеудің нөтижелерін сарапқа сап, сыртқы инвестициялаудың бұрынғы моделінің тиімсіз болуының негізгі себептері мынадан көрінеді:  
- шетел инвестициясының экономиканың нақты секторларына аз бөлінуі;  
- инвестициялық ресурстың жарым жан құрылымы;  
- сырттан алынған несиелердің өндірістік емес мақсатқа, яғни бюджет  
тапшылығын қаржыландыруға көбірек жұмсалуы;  
- тікелей шетелдік инвестициясының экономиканың нақты секторларынан  
гөрі, қызмет көрсету, сауда-саттық саласында пайдалануы;  
- шетел инвестициясын барынша өндіруші салаға жұмылдыру тенденциясының өсуі, соның салдарынан экономиканың өзге секторларының тұрақсыздыққа ұшырауы;  
- сырттан тартылған қаржының қайтадан сыртқа кетуі т.б.  
Жоғарыда тізіліп кеткен мүндай кемшіліктер инвестициялық саясаттың қайта қарап, оны жағдайға сай түбегейлі өзгертудің қажеттілігін көрсетеді. Басты назар сырттан қаржының көп көлемде тартуға емес, оны ең алдымен тиімді, ұтымды пайдалана білуге аударылуы керек. Бұл жайында президентіміз Н.А.Назарбаевтың өзі жаңа Үкімет мүшелері алдында сөйлеген сөзінде былайша қадай атаған еді: "Бізге инвестиция қажет". Уақыт үкіметіміздің сапа емес, сан көлемі құндығын көрсетіп отыр. Жалған көтеріңкі мәлімдемелердің жетегінде жүріп біз қайтарып ала алмадық.  
Инвестициялық процесті басқаратын мемлекеттік органдардың міндеттері мыналарды көздейді:  
- ел экономикасын дамыту басымдылықтарын анықтау;  
мемлекеттік инвестициялық программалар, инвестициялық  
басымдықтар жобаларын жасау;  
- мемлекеттік орталықтандырылған инвестициялық қаржылардың үйлесімді тартылуын қанағаттандыру;  
- инвестициялық қолайлы жағдай жасау, осы негізде үлттық экономикаға  
тартылатын капитал ағымын жөне олардың басымдық салаларға  
жіберілуін канағаттандыру.  
Инвестициялық қызметке қолайлы орта қалыптастыру факторларына ең алдымен экономикалық және саяси тұрақтылық, жеке секторларға демеу көрсету, инфрақұрылымдарды, бақылау жүйесін дамытуы, шетел инвестицияларына қатысты зандылықтар тұрақты болу т.б. қамтылады.  
Осы міндеттерге байланысты мемлекеттік инвестициялық саясаттың негізгі принциптері анықталады. Олардың қатарына мыналарды атауға болады:  
инвестицияны қаржыландыру көздері көпжақты болу;  
- инвестиция ең жоғарғы деңгейде қайтарылымды болу;  
- инвестициялық салаларыды орталықтандырмау;  
- инвестициялық белсенділікте экономикалық және ұйымдастырушылық  
әдіс, тетіктерді пайдалану;  
Инвестицияны тартуды жүзеге асырудағы басымдықтарды тандау мынадай қажеттіліктерден бастау алады:  
- экономиканың басқа секторларын инвестициялау үшін валюталық  
қаржы түсуін қанағаттандыратын экспорттық потенциалды дамыту;  
- ел мүддесі жүйесін қүрайтын салаларға мемлекеттен демеу көрсету;  
- ішкі және сыртқы нарықтарға жоғары сүранысқа жетерліктей бәсекелік  
қабілетті әнім өндіретін өндірістерге инвестиция жасау;  
- жоғары деңгейде дайын өнім шығаратын өндірістер мен салаларға  
инвестиция жасау;  
- салалар мен аймақтық өңірде қүрылымдық-технологиялық. елеулі  
езгерістер жасау тұрғысынан бағалау;  
- жалпы экономиканы ілестіре есіруге қабілетті "өсу нүктесін"  
нысаналаған нүктелік инвестиция жасағанда шетелдік капитал тиімдірек  
болады;  
Сөйтіп, инвестицияны тартудағы саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмдерінің негізгі бөлігі ұлттық жөне шетелдік жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуден, оны экономикалық жағынан ынталандырудың шаралар жүйесі болып келеді.  
Сөз соңында шетел инвестициясын тиімді пайдаланудың мынадай шараларының жиынтығын көрсетуге болады:  
- сырттан алынған қарыз бен несиені бюджет тапшылығын жабуға  
қолдануды тоқтату, оны әлемнің озық технологиясын алуға, яғни инновация саласына жұмсау;  
- мұнай-газ саласының даму стратегиясын қайта қарап, Қазақстан  
мұнайын кешенді және терең өндеу негізінде жан-жақты пайдалану бағытына  
көшу;  
- шетел инвестициясын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға  
жұмылдыруды ынталандыру;  
- шетелдік компаниялардың басқаруына берілген ірі кәсіпорындарға  
мемлекеттік бақылауды күшейту;  
- шетел капиталына берілген жеңілдіктерді шектеу және бірте-бірте оны  
жою. Шетеддік және отандық инвесторларға бірдей жағдай жасайтын инвестициялаудың ұлттық режиміне көшу;  
Сайып келгенде айтарым, тәуелсіздікке ие болған осы он екі жыл уақыт ішінде еліміздің Үкіметі шетелдік компаниялармен жүмыс жөнінде біршама тәжірибе жинақтап үлгерді. Олардың қарым-қатынастағы негізгі пайдаланатын тәсілі халықаралық құқықтық нормаларды да меңгеріп келеді. Демек, ендігі жерде орынсыз талаптарға, бұлаңқұйрық өрекеттерге көр көне берудің жөні келмес. Оның үстіне кәптеген шетелдік компаниялардың жақсы дамып келе жатқан Қазақстан экономикасын инвестициялауға мүдделі екені сезіледі. Осы жағдайды пайдалана отырып, іште жүмыс істеп отырған шетелдік компанияларға шектен шықпауды, Қазақстаннның қүқықтық зандылықтарын қүрметтеуді, елдің жағдайымен санаса отырып жүмыс істеуді ескертетін уақыт жетті деп есептеймін.  
Инвестиция - экономика емшісі. Бүлай дейтін себебім, үзақ мерзімдік заемдар мен басқа да несиелерді қалай жүмсау, қайда бағыттау қолында билігі барлардың еркінде болса, ал инвестиция- шаруашылықтың белгілі бір саласының нақты буынындағы, айталық зауыт пен кеніштегі экономиканы сауықтыруға жүмсалатын, нақты иесі белгілі қаржы.  
Қорыта айтқанда, сырттан қарыз алу, инвестицияны тарта білу еліміздегі біршама бір ізге түсіп келе жатқаны рас. Алайда, осынау қарыздарды қайтару жолдарын да алдын ала қарастырған жөн. Әйтпесе, келешек ұрпақты қарызға белнлсінен батырғаннан үтарымыз шамалы болатынын да ойлауымыз керек.  
Осы қиын кезеңде алдарына қойылған міндетті, рның ішінде өндірісті дамыту жөніндегі міндетті сабырмен, сеніммен, ешкімге жалтақтамай жоне сырттан ешкімнің араласуынсыз шешу үшін Президент пен Парламенттің Үкіметке, Премьер-министрге, оның орынбасарларына кең өкілеттіктер мен қүқықтар беруі объективті қажеттілікке айналып отыр. Әрине, бүл ретте Үкімет істің жай-күйі, атқарылған жүмыс туралы халықтың, Президенттің және Парламенттің алдында үдайы есеп беріп отыруға тиіс.  
Жаңа ғасырды салиқалы ой, сындарлы іспен бастау керек. Осыған орай  
экономикалық реформаларды алға апару үшін, елдің жағдайын түзеу үшін 5  
жылдық нарықтық жоспарға көшу керек (бағдарлама жасау керек) деп ойлаймын. Онда басты мақсатты айқындап, қандай мәселелерді шешу, неге басымдық беру қажеттігі (аймақтық экономикаға ма, өндіріске ме, шағын косіпкерлікке ме және т.б.) көрсетілуі керек. Алайда, бүл социализм түсындағы бесжылдық жоспарды аңсау емес, дегенмен сол тұстағы оң тәжірибеден де бас тартпауымыз қажст.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    2.2    Инвестициялық  іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары 

Қазақстандағы шетел инвесторларының кәсіпкерлік іс-әрекеттерін республикалық сыртқы экономикалық іс-әрекеттің бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Сәйкесінше «шетел инвесторы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттерінің субъекті» түсініктерінің арақатынастарын қарастырып сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің субъектісіне жататындар: 
Қазақстан Республикасының азаматтары; Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары; ҚР өкіметі; азаматтығы жоқ тұлғалар; шетел азаматтары; шетел заңды тұлғалар; шетел мемлекеттері; халықаралық ұйымдары.  
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының ерекше атап өтетін жағдайы шетелдіктердің кәсіпорында үлесі бар. Шетел кәсіпорындары-ол да заңды тұлға, бірақ Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бекітілген шетел емес Қазақстандық.  
Шетел заңды тұлғалар-бұл да заңды тұлға. Бірақ ол Қазақстаннан тыс шетел мемлекеттерінің заңына сәйкес құрылған. Қазақстанда өкілеттіліктер, фирмалар арқылы мемлекеттік өндірістерде жұмыс істейді.  
Шетел инвесторларының барлығы сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің субъектілері болмағанына қарамастан, барлық шетел инвесторлары сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің субъектісі болып табылады.  
Шетел инвесторға мемлекеттік заңды тұлғалар, шетел азаматтары азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелде тұрақты тұрғын жайы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар.  
«Валюталық реттеу туралы» Заңның 1 бабына сәкес резиденттерге жататындар: Қазақстан Республикасында тұрғын жайы бар сонымен қатар уақытша шетелде немесе Қазақстан Республикасынан тыс мемлекетте қызмет бабы бойынша жүрген жеке тұлғалар; дипломатиялық, сауда және басқа да Қазақстан Республикасының ресми өкілеттері. Қазақстан Республикасының заңдылығы сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар. Қазіргі кездегі тура халықаралық инвестицияларды тарту саясатының негізгі мақсаты модернизация мен құрылымды қайта құруға, халықтың жоғары сапалы өмір сүруіне шетел капиталын қолдану арқылы қол жеткізу. 
Алайда ТШИ тартуды қолдануда республикада бірнеше мәселелер бар: 
1. ТШИ құрылымы қазіргі таңда шикізаттық бағытта және кәсіпкерлерді тек жоғарырентабельді жобалар қызықтырады. Бірде-бір кәсіпорын мұнайды максимальды өндіру технологияларын қолдану, кен орындарын тиянақты зерттеу жұмыстарын жүргізбейді. Бүгінгі таңда Қазақстанға деген қызығушылықты шикізат байлығына ғана танытуда. 
2. Аймақтық талдау аймақтардың инвестициялық рейтингі жергілікті билік күшімен әлсіз анықталады. Бұл дегеніміз, яғни ынталандыру тетігі әлі күнге дейін орталықта. Аймақтар экономикалық шешім қабылдауда өз алдыңа тәуелсіз емес. 
3. Шетел инвестициялардың шикізаттық бағыты республика экономикасының құрылымындағы диспропорцияны онсыз да ұлғайтуда, елдің қауіпсіздігін бұзуда. Пайданың көп бөлігі шетелде қалуда (оның ішінде дайын күйде: мұнай өнімдері, металл өнеркәсібі, түсті металл және с.с Қазақстан экспортының негізгі салалары). ТШИ бұл жағдайда елдің сыртқы борышында көріне бастады және экономикалық өсуге түрткі болмайды. 
4. ТШИ “Капитал ағымына” трансформациялануы. Тәжірибеде, талдау көрсеткендей шетел және БК шетел капиталының үлкен ағымына әкелмейді. Жергілікті ресурстарды қолданғаннан кейін түскен пайда басқы компанияларға жіберіледі. Мұндай қызмет ТШИ мақсатына қайшы келеді, шын мәнінде, ешқандай пайда әкелмейді, керісінше “капитал ағымы” орын алады.  
5. Кәсіпкерлік шетел капиталы құрылымында заемға алынған құралдардың меншікті құралдан артық болуы. Қазақстандағы қолайсыз инвестициялық жағдай кәсіпорында нарыққа өз капиталымен емес заемдық капиталмен (фирмалық несие түрінде, сирек жағдайда - банктік) келуіне әкеледі. 
Сөйтіп, ТШИ “әдемі статистикасы” бұрмаланған, ал ТШИ көбіне жаңа технологиялардың, жұмыс орындарының және тәжірибенің ағымын емес, сауда-коммерциялық шағын кәсіпорындардың келіссіз формасын білдіреді. Шикізаттық салаға ірі компаниялардың келуі елге валюталық түсімдердің азаюынан сыртқы қарызының өсуіне әкеледі. Егер де, сыртқы қарыздануда айтарлықтай мәселелер жоқ және оның шектеушісі болып мемлекет бола алады, тәуелсіз кәсепкерлік инвестицияларда жағдай неғұрлым күрделі. Шетел инвестициясының ағымына негізгі ынталандыру болып тек қолайлы инвестициялық климат бола алады. Әйтпесе, ағым өзінің шекті шамасына жеткен соң сапалық срезде өзінің шекті мәніне жетеді (шикізаттық кәсіпорын санымен және шикізаттық қор өлшемімен байланысты)  
Әрбір дамушы елдің экономикалық дамуының болмысы сыртқы қаржыландырудың көзі ретінде ТШИ басымдылығымен анықталады.  
ТШИ тартудың мүмкін жағымсыз жақтарын обьективтік бағалаудың маңыздылығы – бұл үрдістің барлық мүлігін толығымен пайдалануға мүмкін болады. ТШИ тартудың жетілдіру үрдісінің практикалық және теориялық мәселелерінің кейбіріне тоқталайық. 
Кейбір экономистердің пікірінше, жақын арада шетел инвесторларының дивиденд республика экспортының маңызды бөлігін құрайды, яғни сыртқа шығарылатын өнім көлемінің номиналды өсімі экспорттық валюталық табысты теңбе-тең өсімімен ере жүрмейді, ол төлем балансының ағымдық шотында теріс әсер етеді. 
Өлшеулі ағымның себебін талдай келе бірінші кезекте инвесторлардың түсініктемелеріне қарау керек. 
Отандық және шетелдік мамандардың бағасы бойынша инвесторларды бәрінен бұрын мына факторлар тоқтатады: 
- елдегі еркін экономикалық аймақтардың жеткіліксіздігі; 
- тұрақтық құбылмалы және тиянақсыз заңдар, заңдық базаның тұтастай алғанда тұрақсыздығы; 
- экологиялық норманы ескеруде кәсіпорын жауапкершілігі мәселесінде саясаттың жоқтығы; 
- транспорттық инфрақұрылымның дамымағандығы, Қазақстан мен сыртқы әлем арасында әуе жолдарының жеткіліксіздігі; 
- Қазақстаннан сыртқы нарыққа құрлықпен тауар тасымалы үшін жер үсті тасымалы жүйесінің (мұнай құбыры мен газ қүбырын қоса алғанда) барабар еместігі. 
Осы қорытындыларды растайтын басқа да зерттеу нәтижелерін келтірейік. 
Шетел инвестициялары бойынша Кеңестік қызметтің тексеру мәліметіне сәйкес кейбір инвесторларда ел туралы жағымсыз түсінік қалыптасқан. Осы зерттеулер бойынша теріс факторлар келтіріледі: 
1. Инвестициялық жобаларды іріктеудің жетілмеген, тәртіпсіз, шиеленіскен жүйесі әлеуетті инвесторларды болашақта инвестиция салудан бас тартуға мәжбүр етеді. 
2. Шетел инвесторларына ықыластың кәсіпкерге емес, қаржылық құралдардың, салықтық түсімдердің көзіне деген қарым-қатынас. 
3. Шиеленіскендік, қайшылық, заңды аумалы-төкпелі қолдану және толығымен елемеу. 
4. Заңды сақтау мен келісімшарттық қарым-қатынасты қамтамасыз ететін сенімді механизмдерінің жоқтығы. 
5. Инфрақұрылымның шетел фирмаларының қажеттілігіне сәйкес келмеуі. 
6. Корпорациялар үшін тұрақсыз, әрдайым өзгеретін салық режимі. 
Салық және инвестициялар бойынша Халықаралық орталықтың батыстың ірі инвесторлары арасында жүргізген әлеуметтік сұрау нәтижелері газет бетіне жарияланып, Қазақстанның іскерлік қызығушылық білдіретін келесі бес себебін анықтады: 
- ірі нарықтық әлеует; 
- табиғи ресурстардың молдығы; 
- стратегиялық іскерлік орналасуы; 
- аймақтағы басқа бәсекелестердің алдына шығу тілегі; 
- инвестициядан түсетін әлеуетті пайда көлемі. 
Сұраудың нәтижесі бойынша неғұрлым тартымдылау болып төмендегілер табылады: 
- мұнай мен газ қоры; 
- өндіріс; 
- қызмет саласы (бухгалтерлік есеп және заңды қызметті қоса); 
- тұтынушылық кооперация. 
Сонымен қатар, шетел инвесторларын іскерлік мәселені шешудің бюрократиялық әдісі, қаржылық тәуекелділік, тарифтік барьерлер, шаруашылық қатынастарға қатысты заңдық актінің жиі өзгерісі мен әлсіз инфрақұрылым тежейді, кей кезде үркітеді. 
ТШИ теориялық пайдасының практикаға сәйкес келмеуі және бұрмалануы келесі мысалдан көрінеді, инвестор жергілікті жұмыс күшін қолданбайды, өз елінен импорттайды. Мысалы, қонақ үй және туристік кешендердің құрылысын инвестициялаушы жақ жұмыс күшін өз елінен әкеледі. Елге жаңа технологиялар аз тартылады. Тіпті акцияның бақылау пакеті мен кәсіпорынды сатып алуда инвесторлар өндірістік аппаратты жаңартуға асықпайды. Көне жабдықтан бәрін күтеді және сығып алады. “Ноу-хау” – технология деңгейінде салмақты капитал салымының жоқтығы инвестицияның қысқа мерзімді екенін, инвесторлар мүддесінің уақытша екенін білдіреді  
Нәтижесінде қазіргі уақытта бірде бір біріккен немесе шетел кәсіпорындары мұнай өндірудің максимальді коэффициенті мен өндірілген өнімнің толық қолданылуын қамтамасыз ететін кен орындарын толық зерттеу, технологиялық сұлба өңдеу жұмыстарын орындамайды. 
Жер қойнауы байлығын қолдану барысында біріккен кәсіпорын құру барысында қазақстан қатысушылары БК қызметін қиындататын, кей кезде құлдырауына әкелетін әртүрлі қателіктер жіберілді және жіберілуде. Іс жүзінде тіркеу мәселелерінің келісімшарттық мәселелерімен араласып кеткені байқалады. Нәтижесінде, көптеген жарғылық құжаттардың көбінде салық салу мәселелері және құрылтайшылар компитенциясына енбейтін экономикалық көрсеткіштер бар. 
Сөйтіп, ТШИ тартуда көңіл көншітерлік жағдай, кейде статистикаға қарамастан әлі де мардымсыз.  
Екінші жағынан, бұл жағдайды түзетуде ешқандай шаралар қолға алынбауда деп айтуға болмайды.  
Шетел инвестицияларын тартуда ең басты бағыт ақырғы өңдеу салалары. Қазіргі таңда Қазақстанда рудалардың, минералды шикізаттың, жанармай – энергетикалық ресурстары сирек кездесетін асыл металдың қоры, пайдалы қазбаны өңдіру мен алғашқы өңдеудің қуатты индустриясы бола тұрып, машина жасау базасы, жоғары тауарлық дайын өнім өндіру өндірісі жоқ. Республикада білім сыйымдылықты техникалық күрделі өнім өндіретін сала жоқ, халық тұтынатын тауар индустриясы әлсіз дамыған, химия өнеркәсібінің ауылшаруашылық өнімін өңдеу әлеуеті жеткілікті пайдаланылмайды. Өнеркәсіптің алдыңғы салаларында – қара және түсті металлургия, химия кешенінде энергияны көп қажет ететін, экологиялық лас технологияларды, моральды және физикалық тозған жабдықтарды қолдану үлесі жоғары  
Осы мәселелерді шешу үшін және экономикалық дамуға жету үшін, сонымен бірге экономиканы шикізаттық бағыттан ауытқу үшін ҚР–ң 2003-2015 жылдардағы индустриалды–инновациялық даму Стратегиясы жасалды. Индустриалды–инновациялық дамуға қатысты мемлекеттік инвестициялық саясаттың мақсаты мемлекеттің қолдауынсыз жеке сектордың әлі жетпейтін салаларға инвестиция тарту мен қолданудың сәйкес механизмдері мен қаржыландыру көзін анықтау Стратегияда көрсетілген. 
Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізу шикізаттық емес өндірісті дамыту мақсатында мемлекеттік инвестицияны жүзеге асыру және жеке инвестицияларды ынталандыру шараларының кешенін қарастырады. 
Перспективті жобаларды табу бойынша потенциалды инвесторларға да, кәсіпорындарға инвестициялық жобаларды дайындауға көмек көрсететін аймақтарда тікелей ақпараттық-консультативтік орталықтарды құру үшін жұмыстар жүргізіледі. 
Ақпараттық-презентациялық шараларды өткізуден басқа, инвесторлармен, әсіресе, индустриалды-инновациялық дамудың ірі инвестициялық жобаларын бірігіп іске асыратын трансұлттық компаниялармен тығыз қарым-қатынасқа көшу қажет. 
Инвестициялық қарекет үшін жағымды ортаның қалыптасуына әсер етуші болып ең алдымен, экономикалық және саяси тұрақтылық, жеке секторды қолдау, инфрақұрылым мен банк жүйесінің дамығандығы, сонымен қатар шетел инвесторларына қатысты заңнаманың нақтылығы мен тұрақтылығы табылады. 
Біріккен кәсіпорын құруда жаңа әдістер, олардың қызметінде радикалды өзгерістер қажет. Біздің ойымызша ішкі және сыртқы нарықтарға бәсекеқабілетті дайын өнім өндіруші біріккен кәсіпорындарға белгілі дәрежеде мемлекеттік көмек көрсетілуі тиіс. 
Тіпті ең дамыған елдерде де біріккен кәсіпорындарға қолдау көрсету сыртқы экономикалық саясатта лайықты орынға ие. БК-ға тегін немесе мардымсыз арендалық ақыға бос жерлер мен ғимараттар беріледі. Энергия, су және жылу тарифтерін төмендету. 
Осындай протекционистік саясатты барлық деңгейдегі әкімшілік басшыларының ұстанғаны дұрыс. Бұл жаңа жұмыс орнының пайда болуына, бюджетке түсімдердің ұлғаюына әкеледі. 
Батыс прессаларының хабарламаларының негізінде қалыптасқан пікірге байланысты, қазақстанда шынымен жағымды инвестициялық климатты қамтамасыз ету үшін әлі де жұмыстану қажет екеніне қарамастан, тікелейшетел инвестицияларытартымды болып табылады. 
Мәселелердің айтарлықтай кең шеңбері бар, алайда неғұрлым маңыздылары мүмкіндігінше жедел шешімін табу қажет. Абсолютті приоритетті міндет- салық заңнамасын тәртіпке келтіру. Инвестицияны қай жерде жүзеге асыру туралы шешім қабылдау кезінде инвесторларды салықтық жеңілдіктер қызықтырмайды, ашық және ақылға сыятын салықтық жүйе қажет  
Қорытындылай келгенде, басты мәселелердің бірі кеден органдарының жұмыстарын ретке келтіру болып табылады, өйткені инвесторлардың айтуынша бұнда сыбайластық пен немқұрайдылық қалыптасқан. 
Сонымен, тура инвестициялардың көп бөлігі өндірістік салада шоғырланғанына қарамастан, олардың салалық құрылымы отын-энергетикалдық кешенінің гипертрофиялық жағына бағытталғаны байқалады. 
Осы құрылымдық бұрмалаушылықтың өзгермеуінің басты себептерінің бірі-қазақстандық экономиканың даму приоритетін анықтаушы және шетел инвесторларын тартуда сараптаушы әдісті жүзеге асырушы экономикалық саясаттың нақты шараларының жоқтығы

Информация о работе Инвестициялық іс-әрекеттің механизмі мен қағидалары