Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарын бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 16:43, курсовая работа

Краткое описание

Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

кіріспе.docx

— 18.30 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 
         Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған. 
Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) – бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары. 
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы активтерінің нарығы, қор нарығы, валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуының арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие.  
          Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі әрі себеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие болып табылады. Жинақтаулардың экономикалық категориялар ретіндегі мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады. Салымдардың кез келген түрлері жинақтаулар болып табылады. Депозит – бұл осы жинақтауларды сақтау формаларының бірі.  
          Депозиттік операциялардың әрекет ету механизмінде депозиттік нарықтың субъектілері ретінде банктер ерекше рөлге ие. Ақшалай табыстар мен тұрғындар жинақтауларының аккумуляциясы банктердің дәстүрлі қызметі. Банктер уақытша бос, пайдаланылмайтын ақшалай табыстар мен тұрғындардың жинақтауларын, салымдарды сақтау тұрғындар үшін де, мемлекет үшін де тиімді. Салымшыларға пайыз немесе ұтыстар түріндегі табыс төленеді. 
Депозиттер екі жолмен пайда болуы мүмкін, біріншісі, банк заңды және жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны депозиттік шотына орналастырған жағдайда; екіншісі, «жасанды» депозиттер, яғни банк клиентке чек арқылы есеп – айырысуы мүмкіндігін беру барысында. 
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.  
          Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады. 
        Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.  
        Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.  
         Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды. 
         Курстық жұмысына осы тақырыпты таңдап алудағы мақсатым 
- Депозиттік операциялардың нысандарымен жан – жақты танысу;  
- Өз көзқарасым тұрғысынан депозиттік операциялардың бүгінгі мен ертеңін дәлелдеу;  
- Жұмыс қорытындысы бойынша белгілі бір пікір жасау;  
         Курстық жұмысты орындауда қойылатын міндеттер:  
- Депозиттік операциялардың бағыты мен маңыздылығын көрсету;  
- Қазақстан Республикасында депозиттік операциялардың нысандарын жүзеге асыруға талдау жасау;  
         Тақырып өткірлігі депозиттік операциялардың қазіргі нарық экономикасы кезеңіндегі банктік ресурстардың қалыптасу көздері болып табылады.  
         Өзектілігі –депозиттік операциялардың қазіргі жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру өндіріс тиімділігін арттыруға, егеменді ел – Қазақстан Республикасының экономикасы мен қаржысын нығайтуға, айналымдағы ақша массасының негізсіз өнімді қысқартуға, инфляциялық үрдістерді тоқтатып, ұлттық валюта – теңгенің нығаюына негізделген. Әдістемелік негіз ретінде Қазақстан Республикасының Президнтінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік заң актілері мен ережелері, отандық және шет ел экономикалық әдебиеттер қолданылды.  
        Курстық жұмыс құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалардан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.  


Информация о работе Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарын бағалау