Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 19:48, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады

Прикрепленные файлы: 1 файл

инвестиция.docx

— 17.54 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес. Инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді.  Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай – ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар. Мал, екпе ағаштары, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармаларының түпнұсқалары, жаңа ақпарат жатады.Негізгі капиталға салынған инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторлары болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция. Әлемдік экономиканы жаһандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. өтпелі кезеңде

 

экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің  ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция( яғни қаражаттарды кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік  инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту  және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесіннің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа нарықтарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.

Банктердің  қаржылық  инвестицияларға  қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Сондай – ақ, шағын және орта бизнеске инвестицияларды бөлу шарттарын жеңілдету  жолдарын іздестіру  қажет. Жинақтаушы зейнетақы  қорларының активтерін нақты экономиканы  қаржыландыруға жұмсалу жағдайларын қарастырған жөн.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы N 234 Заңы//Бухгалтер бюллетені-№7, 2007

3. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп//Алматы, 2004

4. Бухгалтерский учет, М., 1998

5. Кеулімжаев  Б. Бухгалтерлік есеп принциптері// Алматы – 2004

6. Кәсіпорындағы сауданы ұйымдастырудағы бухгалтерлік есеп, Бухгалтерлік есеп және аудит // N 8, 2001

7. Назарова В. Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп// Алматы - 2005

8. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.

9. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. «Қаржылық есеп»,  Алматы – 2001.

10. Радостовец В.К., Шмидт О.Т. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»,

     Алматы –  2003.

11. Тасмағанбетов Т.А. «Бизнестегі есеп пен талдау», Алматы-2002.

12.Тасмағанбетов Т.А, Омаров  А.Ш., Әлібекова Б.А. «Қаржы есебі»,

     Алматы-2000.

13. Назарова В.Л. Басқару есебі// Алматы – 2005

14. Қазақстан Республикасындағы    инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары//Қоғам және дәуір. №7-2007

15.  Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы»,

     Алматы -   2003.

 

 

Инвестицияның жіктелуі және түрлері.

Инвестиция –  бұл капиталға ұзақ мерзімді салу нысанында қаржылық ресурстарды  қолдану.

ҚР «Инвестициялар туралы» Заңда (8.01.2003 ж.) инвестицияның  мынандай анықтамасы берілген инвестиция – баолық мүлік түрелрі (жеке қолдануға  берілген таурлардан басқа), сондай-ақ инвестормен заңды тұлғаның жарғылық капиталға салынатын лизинг мүліктері, сондай-ақ оларға құқық немесе кәсіпкерлік  әрекет үшін пайдаланатын белгіленген  активтердің ұлғайтылуы.

Инвестициялар әдетте тұтынушылық, экономикалық және құнды  қағаздарға инвестициялау деп бөлінеді.

Тұтынушылық инвестициялар  – бұл ұзақ мерзімді пайдаланылатын қозғалмайтын мүлікті немесе тауарларды сатып алу. Инвестициялаудың объектісі  ретіндегі қозғалмайтын мүлік мынадан  тұрады:жеке қозғалмайтын мүлік (бір  отбасына арналған коттедждер, кондоминиумдар, пайда әкелетеін қозғалмайтын мүлік); жалға берілетін қозғалмайтын мүлік; сату үшін алынған қозғалмайтын мүлік (жер учаскелері және арнаулы белгіленген құрылыстар, яғни жанар-жағармай станциялары, шіркеу ғимараттары және т.с.с.).

Ұзақ мерзімді пайдаланатын таурларға кіріс әкелетеін мүліктік құндылықтар жатада (мысалы: алтын  бұйымдар, өнер туындылары, антиквариат  және т.с.с.).

Экономикалық инвестициялар  – кіріс алу үшін тауарлар өндірісімен  және қызмет көрсетумен байланысты болатын  қаражатты нақты активтерге салу.

Пайда табу мақсатында құнды қағаздарға инвестициялау  қаржылық инвестиция днп аталады.

Инвестициялардың мақсатына қарай екі түрі бар:

1) капиталды құрайтын

2) интеллектуалды

Кавпиталды құрайтын инвестициялар - бұл өндірістік және өндірістік емес қаржылық емс активтердің өсуіне бағытталған инвестициялар, яғни кірісті ұлғайтудың қамтамасыз ететін инвестициялар.

Интеллектуалды инвестициялар – маманндарды дайындауға, олардың біліктілігін көтеруге, тәжірибе алмасуға, лицензияға, ноу-хау және т.б. қаражатты салу. Қазіргі кезде интеллектуалды инвестициялардың ең көп таралған түрлері: жоғарғы және орта арнаулы білім алуға мемлекеттік және жеке несиелер болып табылады.

Инвестициялар меншік нысанына қарай екіге бөлінеді:

1) мелекеттік инвестициялар

2) жеке инвестициялар

Мемлекеттік инвестициялар бюджеттік қаражат есебінен немесе мемлекеттік кепіл негізінде алынған несие қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жеке инвестициялар жеке немесе заңды тұлғалардың есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен бірге инвестицияның кең таралған түрлері:

1) шетелдік инвестициялар

2) ұлттық инвестициялар

Мұндай бөлінудің негізгі – инвестицияның инвестордың елінде немесе өзге мемлекетте жүзеге асырылуы болып табылады.


Информация о работе Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты