Жапон тілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 19:04, реферат

Краткое описание

Жапон тілі – өзге тілдердің арасында даулы жүйелік жағдайлармен ерекшеленетін Жапонияның мемлекеттік тілі. Бұл тілді еркін меңгерушілер саны – 140 млн астам болса , 125 млн адамның ана тілі болып табылады. ( әлемде 9-шы орында). Жапон тілі екі атауда қолданылады. Атап айтқанда, әлемдегі өзге елдердің контекстерінде, шет елдіктерге жапон тілін үйретерде, «ниханго» атауы қолданылады, яғни ол сөзбе-сөз аударғанда «жапон тілі» деген мағынаны білдіреді. Алайда, ұлттық мәдениеттің бір бөлшегі ретінде, Жапониядағы оқу құралы ретінде, сондай-ақ, мемлекеттік және ана тіл ретінде, әдетте, ол «кокуго» деп аталады, яғни «мемлекеттік тіл» немесе «ұлттық тіл» дегенді білдіреді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жапонтану.docx

— 76.90 Кб (Скачать документ)

Жапон тілі – өзге тілдердің арасында даулы жүйелік жағдайлармен ерекшеленетін Жапонияның мемлекеттік тілі. Бұл тілді еркін меңгерушілер саны – 140 млн астам болса , 125 млн адамның ана тілі болып табылады. ( әлемде 9-шы орында). Жапон тілі екі атауда қолданылады. Атап айтқанда, әлемдегі өзге елдердің контекстерінде, шет елдіктерге жапон тілін үйретерде, «ниханго» атауы қолданылады, яғни ол сөзбе-сөз аударғанда «жапон тілі» деген мағынаны білдіреді. Алайда, ұлттық мәдениеттің бір бөлшегі ретінде, Жапониядағы оқу құралы ретінде, сондай-ақ, мемлекеттік және ана тіл ретінде, әдетте, ол «кокуго» деп аталады, яғни «мемлекеттік тіл» немесе «ұлттық тіл» дегенді білдіреді.

Әлемде  таралуы.Жапон тілінде сөйлеушілердің көп бөлігі Жапон аралдарын мекендейді. Бұл тіл кезінде Жапон мемлекеті жаулап алған кей аймақтарда да (Корея, Тайвань, Қытайдың кейбір жерлері) қолданысқаие. Сондай-ақ , Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір штаттарындағы ( Колифорния , Гавай аралдары, Бразилия, Перу ) жапон эммигранттары қолданатын тіл.

Классификациясы.Жапон тілінің генетикалық байланыстары әлі толық анықталмаған. Жапон тілі оңаша тіл ( изолированный) ретінде қарастырылады. Жапон тілін алтай тілдер семьясындағы пуескі тобына ( оның ішіне корей пуескісі, ежелгі және қазіргі корей тілдері жатады), сондай-ақ австронезиялық тілдер тобына жатқызатын әр түрлі гепотезалар бар. Жапон тілінің грамматикалық құрылымы корей тілінің грамматикалық құрылымына жақын. Көне жапон тілінде Когурё тілінің ( Солтүстік Корея аумағындағы ежелгі княздық) көптеген сөздері және пуескілік тілдің кейбір сөздері көрініс тапқан.

Жапон тілінің лексикасы  австролезиялық және алтай тілдер тобының  лексикасымен ұқсас болып келеді. Әсіресе, мұндай ұқсастық алтай тілдер семьясындағы пуеско тобынан ерекше байқалады. Жапон тілі, корей тілі сияқты, қытай лексикасының қатты ықпалына ұшыраған. Десек те, лексикасына қатты ықпал еткенімен, грамматикаға әсерін тигізбеген. Сондықтан, жапон тілін сино-тибеттік топқа жатқызбаймыз.

Тарихы.Жапон тілінің шығу тарихы даулы сұрақтардың бірі болып табылады. Ең көп тараған болжам, ол, азия континентінен шыққан, тілдері австроазияттардың (Тайваньдағы аборегендердермен туыстас) ықпалына ұшыраған алтайлықтар (пуескі тайпалары) Жапон аралдарын жаулап алғаннан кейін тіл ретінде пайда болуын айғақтайды. Археологтардың көзқарасы бойынша, бұл кезде Яён (б.з.б. ІІІ ғ) мәдениеті ақырын-ақырын ескі жергілікті мәдениет- Дзёмон мәдениетін ығыстырып шығарған. Алайда, жапон ұлтының нақты пайда болған мерзімін айту қиын. Себебі, жапондықтарда қытайлық иероглифтер енгізілгенге дейін жазу мүлде болмағандықтан, олардың тарихи дамуын айғақтайтын құжаттар сақталмаған. Жапон ұлтының пайда болуы б.з.б. ІІІ ғасырда жапон тайпалары Ямато тайпаларына бағынышты болған дәуірден бастау алады делінсе, қытай деректерінде жапон ұлтының шығу тарихын одан әрідегі уақытқа жатқызады. Шамамен б.з.б. VІ ғасырда қытай мәдениетінің белсенді енгізілуі нәтижиесінде жапон басшыларының Қытай және ежелгі кәріс мемлекеті Пэкчемен дипломатиялық қатынастардың нәтижиесінде , Жапония экспорттың орталығына айналды. Мемлекеттік құрылымның, мәдениеттің, өнердің, буддизмнің келуімен, Жапонияда жазу пайда болды. «Кодзики» және «Нихон Сёки» – жапон әдебиетіндегі тұңғыш үлкен туынды болды. Осы мезетте, жапон тіліне қытай тілінің көптеген сөздері енеді. Бұл күнде, жапон тіліндегі сөздік қордың 40%-ы қытай тілінің кірме сөздері. Алайда, қытай жазбасының енуі кейбір жайсыз мәселелердің шығуына түрткі болады. Яғни, бұл жерде, екпіндегі айырмашылықтар, екі тілдегі морфология мен синтаксистегі тондардың қолданылуындағы айырмашылықтар, тағы да сол сияқты көптеген жайттар қиындық туғызды. VII ғасырдан бастап қытай иероглифтері жапон тілінің форматы негізінде яғни жапон тілінің морфологиялық және синтаксистік ерекшеліетердің негізінде құрастырылды. Басында буын әліппесінің қызметін атқаратын, іріктелген қытай иероглифтері – манъёгана қолданылған болатын. Жапон әліпиін құрастыру нәтижиесінде , катакана және хирагана атты жапон буын әліпиі ( Еуропалық мемлекеттердің әліпиінің негізінде) құрастырылған болатын. Қытай иероглифтерінің негізінде буддалық монах қазіргі катакананың протатипін жасады. Ал VIIІ ғасырда киоттардың дворян тегінен шыққан – Хэйан атты ханым поэма, новелла, күнделік жазу үшін, екінші буын әліпиі – хирагананы ойлап табады. Бұл екі әліпидің өзгертілген түрлері қазіргі жапон тілінде де қолданылады. ХІІ ғасырда катакана, хирагана және иероглифтермен жазылған «Хэйкэ Моноготари» атты эпостың негізінде жапон жазбасы құрастырылды.

Жапон ауыз әдебиеті мынадай  кезеңдерден тұрады: ежелгі (б.з.б VIII ғасыр), классикалық жапон тілі ( ІХ–ХІ ғасыр), орта ғасырлардағы (ХІІІ–ХVІ  ғасыр) және қазіргі (ХVІІ ғасырдан бүгінгі  күнге дейін). Дәйекті өзгерістерге фонетика ұшыраған, яғни алғашындағы 8 дауыстылардан, қазіргі жапон тілінде 5 дауысты қалды. Өзгерістер лексика  мен морфология саласында да байқалды. Ал синтаксистік ерекшеліктер сол күйінде  қалған болатын.

Диалектері.Жапонияда ежелден диалектілердің мол көлемі кездескен. VI ғасырдағы басты диалекттердің бірі – Хэйан Кё (киот) диалектісі болса, ХІІ ғасырдағы негізгі диалект – камакура диалектісі болды.Бұл уақытта мемлекетте әскери билік орнаған болатын. Сол уақыттан бері осы диалект жапон тілінің негізгі диалектісі болды. Қазіргі таңда, Жапонияның географиялық орнының ерекшеліктеріне ( биік қырлардың , оңашаланған аралдардың болуына ) байланысты бұл жерде диалектілердің оннан астам түрлері кездеседі. Олар сөздік қор, морфология, одағай, шылау, қыстырма сөздердің қолданылуымен, олардың айтылу ерекшелітері бойынша ерекшеленді. Қолданылуы жағынан кең өріс алған диалектілердің ішінде кансай-бэн (関西弁), тохоку-бэн[en] (東北弁) және канто-бэн[en] (関東弁), сияқтыларды атауға болады. Шалғай жерлерде тұратын адамдар бір ұлттың өкілі болғанымен, көбінесе бір-бірінің диалектілерін түсінбейді. Әсіресе, Жапонияның оңтүстік аймақтары ( Рюкю аралдары) мен Жапонияның солтүстік аймақтары арасында тілдік ерекшеліктердің айырмашылықтары қатты байқалады. Жалпы, территориялық аймақ бойынша батыс және шығыс болып бөлінеді. Токиялық диалектінің негізінде «ортақ тіл» құрастырылған болатын. 1886 жылдан бастап стандартталған диалект, пән ретінде,оқу бағдарламасына енген болатын.

Жапонияный  тіл білімі.Жапония – лингвистикасына тарихтың түрлі кезеңдерінде Қытай, Үнді, Европа елдері тіл білімдерінің ықпалы болғанымен, өзінің ұлттық сипаиын сақтап қалған бірден-бір ел. Жапон тіл білімі тарихының 2 дәуірі бар: ХІХ ғасырдың біірінші жартысына дейін және ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бергі дәуір. Алғашқы дәуірде лингвистика поэтика мен филологияның құрамында болып, Үндістан, Қытай лингвистикаларының ықпалында болды. Еуропаның әсері екінші дәуірден басталды.

І дәуірдің үш кезеңі бар. 1-кезеңде (VІІІ–Хғғ.), жапон жазуының ерте кезідінде  тілді зеттеу жоққа тән, 2-кезеңде  ұлттық қана жазуы қалыптасып, иероглифика  жапон тілі заңдылықтарына икемделінді. Үнді, Қытайдың лингвистикалық идеялары ене бастады. 3-кезең Х ғасырдың соңынан басталып, ХVІІ ғасырдың аяғына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде: 1) көне жапон жазба ескерткіштеріне  комментарий жасау үшін тіл зерттеле бастады, 2) лексиканы семантикалық, этимиологиялық сипатта қарастырды, 3) комментаторлар тарихи орфографиямен  айналысады, 4) өлең құрылысын талдау мақсатында поэтика, ол үшін тілдік бірліктерді  алғаш рет жіктеу қолға алынды.

Жапонның алғашқы ескерткіштері  «Кодзики», «Нихон- секи» VІІІ ғасырдың басында жапон тілінде қытай  иероглифтерімен жазылған. Ол жазуды « камбун» деп атаған. Қытай, жапон тілдерінің құрылысы сәйкес келмегендіктен, жазуға да өзгерістер енгізу қажеттілігі келіп шығады. Сондықтан да «Кана» («уақытша атау») жазуына, хираган (жазықтық қана) , катакан (қабырғалық қана) деген қосымша түрлері енгізілді. VІІІ–ІХ ғасырларда жапонның буындық (силлабикалық) жазуы қалыптасты.

VІІІ ғасырдағы «Фудоки  атты ескерткіш алғашқы этимиологиялық  ізденіс болып табылады, себебі  онда 100-ден астам географиялық  атаудың түп-төркіні қарастырылған.  ІХ ғасырдың аяғында құрастырылған « Син сэндзике» (898–901ж.ж.) сөздігінде иероглифтердің (камбундардың) мағыналары мен жапон тіліндегі дыбысталуы түсіндіріледі. І кезеңнің соңы, жаңа кезеңнің басыболды. Комментаторлық әдебиеттер, фонетикалық кестелер (гюдзюон) құрастырылды. Х–ХІ ғасырда комментаторлар алдында «Манъесю», «Кокин-сю» деген ескерткіштерің тілін, лексикасын түсіндіру міндеті тұрды. Негізінен 3 тәсіл қолданылды:

  • Сөздің мағынасы контекстарқылы анықталады;
  • Жоғалған сөздердің «ізін» диалектілерден іздегендіктен, диалектілік құбылыстарға деген қызығушылық артты;
  • Тілдегі көне әдебиеттермен сол кездегі тілдің лексикасының байланысын іздеді.

Осы кезеңде жапон лингвистері  дыбыстық ауысу процесінің заңдарын, яғни дауыстылар мен дауыссыздардың тарихи ауысуын зерттеді. Жапон әдеби  тілінің алғашқы орфографиялық  нормаларын зерттеген ғалым Фудзивар Тэйк (1162–1291) болды.

Сөздердің лексикалық –тақырыптық  топтарға бөліп қарастыру ХІІІ ғасырдың 60-жылдарынан басталады. Оның авторы –Фудзивар  Ик. ХVІ– ХVІІ ғасырлар жапон тіл  білімі үшін, зерттеушілердің айтуынша, тоқырауда болып, бұрыңғыларды қайталаумен  болды. Оның есесіне ХҮІІ ғасыр басында  Жапонияға португалиялық миссионер  Ж. Родригес кккеліп, жапон тілінің  тұңғыш жалпы грамматикасын жазды. Фудзитани Нариакира (ХVІІғ) етістікті  сын есімнен ерекшелеп, етістікті 9 формаға бөліп талдады. Жапон  тілінің жапон жазған алғашқы  грамматикасы «Гогана- синсе» 1883 жылы жазылдды, оның авторы Цуруминэ Сингэнобу.

Жапон тіліндегі сыпайы сөйлесудің негізгі санаттары. Сыпайы сөз. Ізетті сөз, Ибалы сөз. Жапон мәдениетіндегі сыпайылық тұрғысы. Жапонтану —  Жапонияны зерттейтін ғылымдар жиынтығы, жапонтану тіл білімі жапон тілін  зерттеумен шұғылданады. Жапонияда  тілдік ұғым туралы түсініктер 8 ғасырда  қытай иероглифтерімен жазылған көне ескерткіштерді зерттеуден басталады. 9 ғасырдың бастап буын жазуының ұлттық жүйесі – кана қалыптасқан, 11 ғасырда  үнділердің әсерімен кананын фонетикалық  жүйені білдіретін әліпбиі – годзюон  пайда болған. 11– 12 ғ. көне мәтіндерді түсіндіру жұмысы жүргізілген.

17ғ. Кэйтю 8 ғасырдағы  фонетикалық жүйеге сүйеніп, тарихи  орфографияны жасаған. 18 ғ. 2-жартысымен 19 ғ. 1-жартысында жапон тілдік  дәстүрі қарқынды дамыды. Н.Мотоори,  Н. Фудзитани, Г. Тодзе т.  б. көне жазулар мен фонетиканы  зерттеуді жалғастырады, сөз таптарынын  классификациясын жасады.

19 ғ. бастап Жапонтануға  Еуропа тіл білімі ықпал ете  бастады. 20 ғ. 1-жартысында Жапонияда  бір катартеориялық енбектер  жарық көрді. Е. Ямада психологиялық  мектеп идеясын дамытты; Д.  Мацусита грамматикалық соны  концепция ұсынды; Ф. де Соссюр  идеяларын дамытқан С. Хасимото  еңбектері Жапонтануға зор ықпал  етті т. б. Еуропалықтардың  жапон тілімен таныстығы 16 ғ.  соңында басталды. Америкалық дескриптивтік  әдістің өкілі Б. Блок Жапонтануда  жана кезенді бастады, ол жапон  тілінін фонологиясы мен грамматикасын  дәстүрлі зерттеуден бас тартып, дескриптивтік әдісті қолданды. Ресейде жапон тілін зерттеу  18 ғасырда басталды. Содан былай  орыс ғалымдары (Д. М. Позднеев, Е. Г. Спальвин т. б.) бірнеше  сөздік, грамматикалар жасады. 20 ғ. 1-жартысында  Е. Д. Поливанов жапон тілінін  филологиялық жүйе¬сін, акцентуациясы  мен диалектологиясын түбегейлі  зерттеді. Н. И. Конрад кеңес  заманында жапон тілін зерттеушілер  мектебінің негізін қалады. Жапон  тілін зерттеуде Н. И. Фельдман, А. А. Холодович, Е. М. Колпаков, А. А. Пашковский т. б. көп  енбек етті. Жапон тілін зерттейтін  орталықтар Токиода, бұрынғы КСРО-да (Мәскеу, Петербург, Владивосток)  құрылған.

Әдебиеті[өңдеу]


Жапон ауыз әдебиеті мен мифологиясы жақсы дамыған. Жапон жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері — “Кодзики” шежіресі (712) мен “Манъесю”өлеңдер жинағы (759). “Кодзики” ертедегі мифтік әңгімелер, аңыздардан тұрады. “Манъесю” антологиясы халық поэзиясының 4516 үлгісін және алғашқы жазба әдебиет өкілдерінің (500-дей автордың) шығармаларын қамтыған. Шығармалардың көпшілігі танка жанры үлгісінде жазылған. 9 — 10 ғасырларда жапон прозасының алғашқы үлгілері пайда болды. Мурасаки Сикибудың “Гэндзи — моногатори” романы (11 ғасыр) — әлем әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. “Хэйкэ — моногатори” (“Тайр әулеті туралы әңгіме”, 13 ғасыр), “Тайхэйки” (“Алып әлем туралы әңгіме”, 14 ғасыр) гунки (әскери эпопея) жанрында жазылған. 15 — 16 ғасырларда поэзия жетекші рөл атқарды. Театрлар ашылып, драматургиялық шығармалар жазыла бастады. Онда, көбінесе, әскери тақырыптар қамтылды. 15 ғасырда әскери эпопеяларды серілік романдар ығыстырып шығарды. Мысалы, “Согамоногатари” (“Ағайынды Согалар туралы әңгіме”), “Есицунэ-ки” (“Есицунэ туралы әңгіме”), т.б. 17 ғасырда Ихара Сайкакудың (1642 — 1693) “Бір еркектің махаббат машақаты” (1682) романы, Тикамацу Мондзаэмоның (1655 — 1724) пьесалары танымал болды. Бұл жылдары ақындар Басе (1643 — 1694), Бусано (1716 — 1783), Исса (1763 — 1827) шығармалары әдебиет тарихынан елеулі орын алды. 18 ғасырда Цурия Нанбоку (1755 — 1829), Каватакэ Мокуами (1816 — 1893) сияқты драматургтердің есімі танымал болды. 20 ғасырдың басында Киносита Наоэнің “Отты бағана” романы, ақын Исикава Такубокудың (1885 — 1912) “Бір уыс құм” (1910), “Көңілсіз ойыншық” (1912) шығармалары әдебиеттің даму бағытын айқындады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония әдебиетінде жаңа кезең пайда болды. Қоғамның ішкі қайшылықтары әдебиетте де түрліше бағыттар мен ағымдар тудырды. Дәстүрлік бағыттың өкілдері — Нагай Кафу, Сига Наоя, Масамунэ Хакутэ, т.б. болды. Ясунари Кавабатаға “Қарлы ел” (1947), “Мың қанатты тырна” (1951) повестері мен “Таулар дауысы” (1953), “Көне астана” (1961) романдары үшін 1968 жылы Нобель сыйлығы берілді. 20 ғасырдың 2-жартысында Симода Сэйдзидің“Таңсәрі” (1970), Накадзато Кисенің “Айырық” (1963), Суми Суэннің “Өткелсіз өзен” (1970), Кубода Сэйдің “Сякунаго деревнясының күнделігі” (1972) романдарында Жапонияның өткір әлеуметтік мәселелері көтерілді. Жапон әдебиетінен қазақ тіліне “Жапон ертегілері” (1959), “Жапон әңгімелері” (1965), “Хиросима қасіреті” (жинақ, 1969),Симадзаки Тоссонның “Орындалмаған өсиет”, Эндо Сюсанудың “Әйел жүрегі” (1970) кітаптары аударылды. М.Әуезов (1960), Ғ.Мүсірепов (1967) Жапонияда болып, екі ел қаламгерлері арасындағы шығармалар байланыстардың негізін қалаған.

Өнері[өңдеу]


Гейша

Жапония өнерінің өзіндік ұлттық ерекшеліктері мол. Төбесі сабанмен жабылған ағаш құрылыстар Жапония архитектурасының ежелгі ескерткіштеріне жатады (б.з.б. 1 ғасырдағы Идзумо Исэ ғибадатханасы). 6 ғасырда будда дінімен бірге келген қытай мәдениеті Жапонияархитектурасында өз таңбасын қалдырды (Хорюдзи, Якусидзи, Төдайдан ғибадатханалары). Жапонияның астанасы Нора 8 ғасырда қытай үлгісімен салынды. 12 — 16 ғасырларда Жапония тұрғын үйінің жаңа түрі қалыптасты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Жапонияархитектурасы Батыс Еуропа мен Американың ықпалында болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония архитектурасы ұлттық дәстүрде дами бастады, ірі қалаларды жаңарту ісі қолға алынды (Токио, Нагасаки, Хиросима). Жапония бейнелеу өнерінің ежелгі ескерткіштері неолит дәуіріне саяды. Б.з.б. 3 ғасырда қоңырау пішінді қола бұйымдар мен айналарға жапырақ, т.б. суреттер салу, 3 — 6 ғасырларда “ханива” — адамдар мен аңдардың балшықтан домбаздалған бейнелерін жасау өнері дамыды. 9 — 11 ғасырларда діни мүсінді нақыштай түсуге көңіл аударылса, 12 — 14 ғасырларда өнердің бұл түрі монументті сипат алды (Камакурадағы Будда мүсіні, 13 ғасыр). Жапония өнеріне 14 ғасырдан бастапҚытай кескіндемесі елеулі ықпал етті. 16 — 18 ғасырларда жанрлық кескіндеме дами түсті. 19 ғасырдың аяғында еуропа стильмен сурет салу дәстүрге енді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония бейнелеу өнерінде кескіндеме (Тосико, Маруни Ири, т.б.), графика (Уэно Маното, Хирохару Нии, т.б.) жанрлары дамыды. Жапония музыкасы туралы алғашқы деректер 3 ғасырдан сақталған. 7 ғасырда сарай музыкасы дамыды. Жапония ұлттық музыкасынан корей, қытай, үнді халықтары музыкалық мәдениетінің ықпалы да байқалады. Ежелгі музыкалық дәстүрлер де жақсы сақталған. Соның бір түрі — кагура. Бұл — мифтік сюжетке негізделген ғұрыптық би. Қазіргі кезде халық биі түрінде кездеседі. Музыка халық аспаптары: сямисэн кото (ішекті аспаптар), хи тирики (үрлемелі аспап), фуэ, сякухати (бамбук флейталар). 16 ғасырдан бастап Еуропа музыкасы тарай бастап, 1868 жылдан кейін кең өріс алды. Жапонияның қазіргі музыкасын шартты түрде дәстүрлі, ұлттық және батыс мектебі деп 3 бағытқа бөледі. Дәстүрлі мектептің көрнекті өкілі композитор Миячи (1883 — 1956) болды. Қазіргі ұлттық мектептің өкілдері: Ясудзи, Мақудайра, Ифукуба, т.б. Жапонияның музыкалық орталықтары Токио', Осоко, Киото, Нагоя сияқты консерваториялары бар ірі қалаларға шоғырланған. Жапония театры тарихында гигаку (7 ғасыр), бугаку (11 ғасырдан кейін), сингаку, саругаку деп аталатын халық өнерінің түрлері белгілі орын алады. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында симпа, сингэки, синкокучэки сияқты театр өнерінің жаңа түрлері пайда болды. Сингэки — еуропа театр ықпалымен 20 ғасырдың басында пайда болған драмалық жанрында Жапонияда алғашқы кинофильм 1899 жылы түсірілді. 1908 жылы Киото мен Токиода отандық киностудия ашылды. Алғашқы кезде осы заманғы сюжетке және тарихи аңыздарға негізделген фильмдер жасалды. 1931 жылы дыбысты кинолар шыға бастады. 20 ғасырдың ортасында тәуелсіз кино өндірісі мен прокаттық кинокомпаниялар пайда болды. Ұлттық және еуропалық киноның озық дәстүрін дамытқан Куросава шығармашылығы Жапонияның кинематографиясының жаңа өрістеу кезеңін бастады. 20 ғасырдың 60 — 70-жылдары және одан кейінгі кезеңде бейбітшілікті насихаттап, адамгершілікті паш еткен “Ұмытпа сол бір күндерді” (1963, реж. Х. Теенгахара), “Ереуілші” (1967, реж. М.Кобияси), “Трамвай доңғалағының дүрсілімен” (1971, реж. Акира Куросава), т.б. көптеген көркемдігі жоғары фильмдер шықты. Жапонияның ғылыми-көпшілік және мультипликациялық фильмдері де айтарлықтай табысқа жеткен.

Информация о работе Жапон тілі