Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 16:17, лекция
Білімділік: Оқушылардың сан есім туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, сөйлем ішінен сан есімді тауып, сұрақ қоя білуге үйрету. Дамытушылық: Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды сауатты жазуға, ұқыптылыққа, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сыныбы: 3«Б»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сан есім туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, сөйлем ішінен сан есімді тауып, сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылық: Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды сауатты жазуға, ұқыптылыққа, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, ізденушілік, дәлелдеу.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, оқулық, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қатар-қатар тізіліп
Оқушыға лайық
Қолымызды жіберіп
Түп-түзу боп тұрайық.
Жақсы болып сабақта,
Әдеп сақтау сәніміз.
Отыруға жақпа-жақ,
Дайындалдық бәріміз.
І қатар – жәй отыр,
ІІ қатар – тез отыр.
ІІІ қатар – сенде отыр,
Сабақ бастар кез боп тұр!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Оқулықпен жұмыс
402-жаттығу. Мәтіннің тазыны сипаттайтын бөлімін көшіріп жазу. Мәтінге ат қою. «Тазы ит».
Суыққа шыдамсыз. Түгі тақыр, ірі тұқымдарының денесі сұңғақ. Тазының басы ұзын, тұмсығы сүйір, көзі жанарлы болады. Ол – өте жүйрік.