Мен таңдаған мамандық. Өлкетану (Семей өңіріндегі тарихи елді-мекендер)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 22:50, контрольная работа

Краткое описание

Мен таңдаған мамандық
Өлкетану
Мақал-мәтелдер
Синонимдік қатар

Прикрепленные файлы: 1 файл

сөж.docx

— 18.59 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Семей қаласының шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

 

 

 

                           СӨЖ

 

Тақырыбы: Мен таңдаған мамандық. Өлкетану (Семей өңіріндегі тарихи елді-мекендер). Мақал-мәтелдер. Синонимдік қатар

 

 

 

 

 

 

 

                                                             Тексерген:                                                                                        Орындаған:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Семей  2015.

 

                                            Жоспар:

  1. Мен таңдаған мамандық
  2. Өлкетану
  3. Мақал-мәтелдер
  4. Синонимдік қатар 
                                          Мен таңдаған мамандық

 

Бала кезімнен, мен жаңалықтарға өте үлкен мән беретінмін. Мектептегі әр түрлі мерекелік іс шараларға белсене қатысатынмын. Мен мектепте өте белсенді болдым. Адамдармен сөйлескенді ұнататынмын, көбінесе сұрақтарды қойып отыратынмын.Бала кезімнен журналистика мамандығына қызығатынмын, теледидардан журналистердің жұмыстарын бақылап отырытынмын.Сондықтан мектеп кезінен бастап алдыма үлкен мақсат қойдым, оқуды бітіргеннен кейін міндетті түрде журналистика мамандығына оқуга түсемін деп, сондықтан, мен өзіме журналист мамандығын таңдадым. Журналистика мамандығы өте қызықты. Мысалы, журналистика мамандығы арқасында әйгілі адамдармен кездесесін, сөйлесесін, сұхбат аласың. Менің ойымша бұл қызықты. Әр түрлі елдерді аралап, басқа ұлт өкілдерімен танысып олар жайлы біле аласың. Мен үшін ең сүйікті мамандық бұл журналистика мамандығы. Журналистика мамандығы бүкіл адамдарға да пайдалы, өйткені журналисттер арқылы бүкіл әлемдегі ақпаратты біліп, көптеген қызықты мәліметтер ала-алады. Журналистика мамандығына түскеніме өте қуаныштымын, осы оқуға түсіп өз мақсатыма жеттімде деп ойлаймын

 

 

   Өлкетану (Семей өңіріндегі тарихи елді-мекендер).

Абай ауданының тарихы ХХ ғасырдың 20 жыларының аяғынан басталады.Ауданның алғашқы ірге тасы 1927 жылы қаланып, оған Бұғылы,Шаған,Шыңғыс,Қызыладыр,Мұқыр болыстары біріктіріліп 1928 жылдың қаңтар айында заңды күшіне еніп Шыңғыстау ауданы деп аталған.1940 жылдың 5 қазанында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 95 жасқа толу мерейтойына орай Шыңғыстау ауданы Абай ауданы болып өзгертілді.1997 жылы Семей облысының таратылуына байланысты Абай ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамына енген.Аудан экономикасының негізгі бағыты- мал шаруашылығы.Климаты қатал. Қысы суық, жазы ыстық,құрғақ.Шаған, Ащы су, Қарауыл, Құндызды,Шет, Мұқыр сияқты өзендер бар.Семейден Абай еліне жол тартқанда 60 шақырымнан кейін сайын дала төсінде қара тасты қақ жарып аққан Күшікбай деген бұлаққа адамдар аялдап шөлін басады.Семейден шыққан қара жолдың  сол жағында алыстан мұнартып Архат тауы да көрінеді.Абай ауданының тарихы өте әсем,көрікті. Тарихи бай өлке.

 

  Адамгершілік, бірлік-ынтымақ, оқу білім туралы  мақал мәтелдер.

  1. Адамгерщілік болмай

Әділдік болмас

  1. Адамның ұлты бетінде,

Адамгершілігі ниетінде

  1. Адам болып туған соң

Адам болып өлу лазым

  1. Адам қайғысы-заман қайғысы
  2. Адамгершілікке арналған үш сауал бар:

Шөлге құдық қазған бір сауап,

Өзенге көпір салған бір сауап,

Жолға ағаш еккен бір сауап.

  1. Адам бір-біріне қонақ.
  2. Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

  1. Бірлікті ел бұзылмас.
  2. Ел бірлігі-ел теңдігі.
  3. Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,

Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

  1. Ынтымақ түбі-игілік,

Тірлік, тірлік түбі бірлік.

  1. Бірлік болмай, тірлік болмас.
  2. Бірлік еткен озар,

Бірлеспеген тозар.

  1. Ынтымақ болмай іс оңбас.
  2. Ынтымақ жүрген жерде,

Ырыс бірге жүреді.

  1. Теңге тиыннан,

Ынтымақ ұйымнан.

  1. Ынтымақ-бұзылмайтын қорған,

Қосылып еккен ағаш-орман.

  1. Ынтымақсыз елді-

Ұрысы билейді.

Ынтымақты елді-

Дұрысы билейді .

  1. Оқу-білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

  1. Оқу-білім азығы,

Білім-ырыс қазығы,

  1. Оқу инемен құдық қазғандай.
  2. Оқы да біл

Ойна да күл

  1. Білім-ер азығы,

Ер-ел азығы

  1. Білім ауысады

Ырыс жұғысады

 

                                       Синонимдік қатар:

  1. Бет, жүз, дидар, келбет
  2. Салмақты, сабырлы, байыкты, байсалды
  3. Әдемі, сұлу, көрікті, келбетті
  4. Мықты, берік, күшті
  5. Сыйлау, қадірлеу, құрметтеу
  6. Қысқа, шолақ, келте
  7. Құлшыну, белсену, тырысу
  8. Қымбат, құнды, бағалы
  9. Семіру, толу, жуандау
  10. Азайту, алу, шегеру, кеміту

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

    1. Asyl-bilim.kz
    2. Szh.kz
    3. www.zharar.com
    4. Kuttybolsyn.kz

 


Информация о работе Мен таңдаған мамандық. Өлкетану (Семей өңіріндегі тарихи елді-мекендер)