Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 21:54, реферат
Германтану (орыс. германистика)
1) герман халыктарының тілін, әдебиетің, тарихын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін ғылыми пәндердің жиынтығы;
2) герман тілдерін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Кіріспе
Германтану – тіл білімі саласы
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі
Франц Бопп
Расмус Кристиан Раск
Якоб Гримм
Қорытынды
Кіріспе
Қорытынды
Германтану (орыс. германистика)
Герман тілдері - үнді-еуропа тіл семьясына кіретін туыстас тілдер тобы, өз ішінен үш топқа бөлінеді: солтүстік герман тілдері (швед, дат, Норвегия, исландия, фарер), батыс (ағылшын, неміс, нидерланд, Люксембург, африкаанс, фриз, идиш), шығыс (өлі гот, бургунд, вандал, гепид, герул).
Германтану жеке сала ретінде 17 ғасырда, герман тілді халыктарда көне жазба ескерткіштерге кызығушылык басталған кезде, ана тілін көтеруге, бірыңғай әдеби тілді калыптастыруға бет алған кезде бөлініп шыкты. Германияда, Англияда, Нидерланды елдерінде ана тілінінокулыктары 16 ғасыр , Скандинавия елдерінде 17 ғасыр пайда болды.
Ғылыми Германтанудын негізі 19 ғасыр 2 жартысында герман тілдерін салыстырмалы-тарихи тұрғыда алғаш толық сипаттаған Я. Гриммның "Немецкая грамматика" (4 том, 1819 - 1837) енбегінде салынды. 19 ғасыр 70 - 80 жылы жасграмматизм кезінде герман тілдері мен диалектілерін зерттеуге, герман тілдерінің аргы тірек тілін ашуға көніл бөлген кезде германтану жаңа белеске көтерілді, мол нақты тілдік материал жиналды.
Германтанудың дамуына Кенес ғалымдары В. М. Жирмунский, В. Н. Яриева, А. И. Смирницкий, С. Д. Кацнельсон т. б. үлкен үлес қосты. Германтанудағы қазіргі жаңа проблемалардың бірі ағылшын, неміс тілдерінің бірнеше ұлттарға кызмет ететін нұскаларын (Мысалы, ағылшын тілінің американдық нұсқасы тағы басқа) зерттеу болып табылады
Герман халықтарының тарихын,тілі
мен әдебиетін,рухани әдебиетін
зерттейтін ғылымдар жиынтығы;герман
тілдерінің пайда болу тарихы мен
дамуын,оның диалектілері мен қазіргі
жағдайын зерттейтін тіл білімінің
бір саласы.Германтану жеке сала ретінде
17ғ қалыптасты,герман тілді халықтарда
көне жазба ескерткіштерге қызығушылық
басталған кезде,ана тілін
Еуропалық тіл білімі дамуының
жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп
отыратын тарихи құбылыс деп танудан,
тілдер өзара туыстас, төркіндес
болады
деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге
салыстырмалы-
тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл
туралы ғылым
тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жәйт
XIX ғасырдың
алғашқы он жылдығында орныға бастайды.
Әрине, жаңа әдістің
қалыптасуы - ежелгі заманнан басталатын
лингвистикалық ой-
пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі.
ХҮШ ғасырдың соңғы
жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жылдарында
тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа
зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Өткен ғасырдың бас кезінде
әр елде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде
жазылған бірнеше еңбек жарық
көрді. 1816 жылы неміс ғалымы Франц
Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің
жіктелу жүйесін грек, латын, парсы,
герман тілдеріндегі етістіктердің
жіктелу жүйесімен салыстыра
зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған
тілдердің туыстастығы
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Бопптың бұл еңбегіне үнді тіл білімінің әсіресе Панини еңбегінің әсері тиген. Панини сияқты Бопп та, негізгі зерттеу объектісі етіп морфологияны алады да, фонетиканы соған тәуелді жағдайда қарайды, синтаксис саласы тіпті сөз болмайды.
Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады. Ф.Бопп еңбектері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дамуына зор ықпалын тигізді.
Франц Бопп (1791-1867) Майнц қаласында туған. Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1821 жылы Берлин университетіндегі шығыс әдебиеті және жалпы тіл білімінің профессоры, 1829 жылдан академик. Оның ең басты еңбегі -"Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы". Бұл еңбек үш томнан тұрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет, 1856-1861 жылдарда жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары үшінші рет басылды.
Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі - Дания ғалымы Расмус Раск. Ол өзінің 1818 жылы басылып шыққан "Исланд тілінің шығу тарихы" атты еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан-жақты көрсетеді. Ол - тілдердің сөздік жағынан бір-біріне ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстығының белгісі - олардың грамматикалық жағынан ұқсас болу, өйткені грамматикалық формалар бір тілден екіншісі тілге ауыспайды деген қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір кепілі - дыбыстар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі сөздік қордың ұқсастығы дегенді баса айтады. Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген еуропалық тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттейді.
Расмус Кристиан Раск (1787-1832) Копенгаген университетінде оқыған. 1823 жылдан бастап осы университеттің профессоры. Ол 20-шақты тілді білген, испан, италян, француз, көне ағылшын, швед, т.б. көптеген тілдердің грамматикасын жазған. Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, исланд тілдерінің шығуы туралы зерттеулер" деп аталады. Бұл еңбегінде автор гот (герман) тілдерінің латын, грек тілдерімен туыстастығын дәлелдейді.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі - неміс ғалымы Якоб Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму жолдарын, оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы айқындайды.
Гримм өзінің еңбектерінде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын зерттеуге баса көңіл бөледі. Ол тарихи салыстырудың баспалдақты, хронологиялық жолын енгізіп қалыптастырады. Сөйтіп, тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте дамуының табиғи нәтижесі екенін дәлелдейді.
Гримм тіл тарихының
қоғам тарихымен
Ф.Бопп еңбектері сияқты Гримм еңбектері де салыстырмалы-тарихи тіл білімін зор беделге ие етіп, оның даму бағытына елеулі ықпал жасады. Ф.Энгельс Гриммді герман тілі салыстырмалы грамматикасының негізін салушы деп жоғары бағалады.
Якоб Гримм (1785-1863) Ганау қаласында туған. Кассель қаласындағы лицейде, кейін Марбург университетінің заң факультетінде оқыған. Бірақ ол филология мен әдебиет маманы болды. Ол Геттинген, кейініректе Берлин университтетерінің профессоры болған. Оның ең негізгі лингвистикалық еңбегі төрт томнан тұратын "Неміс тілі грамматикасы". Мұнда бүкіл герман тілдерін бір-біріне тарихи тұрғыда салыстыра зерттейді. Бұл еңбек салыстырмалы-тарихи тіл білімінің теориялық жағынан да, практикалық жағынан да ілгері дамуына зор әсерін тигізді.
Салыстырмалы-тарихи
тіл білімінің негізін
Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың ерекше назар аударған мәселесі - үнді-еуропа семьясына жататын тілдердің шыққан төркінін, ол төркіннің қандай сипатта болғанын айқындау болды. Ол төркін тілді ата тіл-праязык деп атады да, одан тараған тілдер тобын семья деп атады.
Дыбыс тілі жалпы адамзаттық құбылыс болғандықтан, онда бір-біріне ұқсастық болмай қоймайды. Оның себептері көп. Ұқсастық бір тілдің екінші біреуіне тигізген әсерінен, тілдік тұлғалардың, әсіресе сөздердің бір тілден екіншісіне ауысуынан болуы мүмкін. Мысалы, орыс тілінде қолданылатын колпак, алтын, баба, бак, бар, оба деген сөздер бірлі-жарым дыбыстық өзгешеліктер мен көптеген түркі, солардың ішінде қазақ тілінде де кездеседі. Бірақ соңғыларда басқа мағынада жұмсалады. Жоғарыда айтылған кездейсоқ ұқсастық дейтіндеріміз - осылар. Мұндай тіларалық омонимдер олардың туыстастығының көрсеткіші бола алмайды. Сондай-ақ, қазақ тіліне орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден ауысқан: база, телефон, радио, демократия, студент, кафедра тәрізді сөздер бар. Бұлар -қазір бір-бірімен ешқандай туыстық жақындықтары жоқ көптеген тілдерде кездесетін ортақ сөздер. Жоғарыда айтылған тілдер қарым-қатынасы арқылы пайда болатын ұқсастық, бірлік дейтіндер, міне, осылар. Бұлар да тілдер туыстастығына кепіл бола алмайды. Тілдер туыстастығының, төркіндестігінің негізгі кепілі - сөз туғызушы, сөз өзгертуші формалардың бірлігі, ұқсастығы және негізгі сөздік қор мен дыбыс заңдарындағы жақындық. Сондықтан тілдер туыстастығын ай-қындау үшін кездейсоқ ұқсастықты алмай, тілдердің фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелеріндегі ұқастықтарды салыстырған жөн. Тілдер туыстастығын тек осылардағы бірлік пен төркіндестік қана аша алады. Бірақ туыстас тілдер фактілерін салыстырғанда олардың бір-бірінен ешқандай жақындығы, бірлігі жоқ фактілерін немесе бір-біріне ешқандай өзгешелігі жоқ фактілерін салыстыруға болмайды. Мысалы, қазақ тіліндегі сөйлем, үтір, нүкте деген сөздердің - мағынасы ұйғыр тілінде жүмлә, пәш, чекит деген сөздермен беріледі. Ал енді, қазақ тіліндегі пай, ат, зиян, қызыл, қызғылт, қымыз, ақ деген сөздер башқұрт тілінде де дәл осы қазақ тіліндегідей дыбыстық құрылымда айтылады.
Салыстыру үшін алынатын материалдар, фактілер тарихи жағынан салыстырып отырған тілдерге ортақ, о баста бір негізден тарағанмен, кейін өзгерістерге ұшырап, бөлектенген болуы керек. Мысалы, қазақ тілінде: тас, тұз, баға, болат, балта, мүйіз, табан, жақсы, жат деген сөздердің, ойрот тілінде: таш, тұз, баға, болат, балта, мүйіз, табан, жат болып айтылуын немесе қазақ тілінде қосымша д,т дыбыстарынан басталып қосылатын: біздер, тілектестік, мендік, атты дегендердің қарақалпақ тілінде; біздер, тілеклестік, менлік, атлы болып, л дыбысымен ауысатындығын алуға болады. Салыстыру арқылы бұл фактілердің бастапқы түрін де, қай тілде қалай және неліктен өзгеріске ұшырағандығын да табуға болады.