Бір Аллаға сыйынып
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 14:33, лекция
Краткое описание
Кешегі заманда кіндік қаны тамған атамекенін жаудан қорғаған батырларымызды, бала оқытқан ұстаздарымызды, тіпті сөз бастаған шешендеріміздің қабірлерін бүгінгі ұрпақтары құлшылық ететін орын етіп алғандарын мен де, сіз де құрметті көзі ашық оқырмандар талай жерлерде көріп жүрсіздер. Қазақстанымыздың барлық аймағында да мұндай қателіктердің белең алуы айқын көрініс тапқан. Негізіне келсек оңай ақша тапқысы келетіндердің бастап жүрген шаруасы бұл.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Бір Аллаға сыйынып…
Кешегі заманда кіндік
қаны тамған атамекенін жаудан қорғаған
батырларымызды, бала оқытқан ұстаздарымызды,
тіпті сөз бастаған шешендеріміздің қабірлерін
бүгінгі ұрпақтары құлшылық ететін орын
етіп алғандарын мен де, сіз де құрметті
көзі ашық оқырмандар талай жерлерде көріп
жүрсіздер. Қазақстанымыздың барлық аймағында
да мұндай қателіктердің белең алуы айқын
көрініс тапқан. Негізіне келсек оңай
ақша тапқысы келетіндердің бастап жүрген
шаруасы бұл. Бәленше әулиенің басына
бару үшін екі қойыңызды арқалап, кейін
сол жерде дүркіретіп садақа жасатып жүрген
алаяқтардың бизнесі жүріп тұрған шақ.
Ондай немелердің қитұрқы саясатының
арғы жағын көпшілік біле бермейді. Елдің
сеніміне кіріп алып, өздерімен бірге
қалың жұртты да Алла тағалаға қарсы қойып
жүрген білімсіз қуырдақ жегіштердің
ұрты майланып жүргені шындық. Алайда
бұл тек уақытша ғана. Себебі «Кім Аллаға, Елшісіне
қарсы келіп Оның шектерінен шықса, ол,
ішінде мүлде қалатын отқа кіргізіледі.
Оған қорлаушы азап бар» («Ниса» сүресі,
14-аят). Алла тағала айтқан сөзінде тұрушы!
Мұсылман баласының
Құдай тағаланы бар деумен ғана жүрегі
тыншымайды. Бір анығы, Ұлы Жаратушының
бар екенін қандай да бір жолды ұстанған
адам баласы талассыз мойындайды. Бірақ
қажеттілігін сұрау мен ғибадат етуге
келгенде барлығы өзгеріп сала береді.
Аллаһты әлемдердің Раббысы деп отырған
құлы қатырып құлшылық жасаймын деп жүріп
ортаға делдалды қосып кеп жібереді. Бұл
жерде адам баласының білімсіздігі мен
қатар шайтанның да айтарлықтай үлесі
үлкен екендігін ұмытпауымыз керек. Кітабымызда
Алла тағала ескертеді: «Шын мәнінде сендердің
дұшпандарың – шайтан. Шайтанды жау тұтыңдар»
(«Фатыр» сүресі, 6-аят).
Құдай тағаланың әмірімен
келген пайғамбарлардың барлығы бір Аллаға
ғана құлшылық етіңдер десе, адам баласының
өліктерге табынып, далада жатқан қабірлерге
барып түнеп, солардан сұрап жүргеніне
таңғаласың. Сонда жоқтан бар жасаған
Жаратушы Иеміз құлының сұрағанын жеткізіп
берушіге мұқтаж ба еді? Жоқ! Ол барлығын
естуші, және тілегін қабыл етуші. «Құдайға
ортақ қосуымның себебі естімей қалса
дегенім ғой» деген секілді толып жатқан
сылтаулар быт-шыт апатқа алып келуі ықтимал.
Құран кәрімде: «Расында Алла, толық
естуші, білуші» («Әнфал» сүресі, 17-аят)
деген аят бар. Басқа бір аятта: «Аллаһ естуші, әрі
толық білуші» дейді («Маида» сүресі,
76-аят)» деп тағы да анық айтылып тұр. Тіпті
бізге мәлім Алла тағаланың 99 көркем есімдерінің
ішінде «әл-Мужиб» дұғаларды қабыл етуші
деген есімі де бар. Одан басқа қандай
дәлел керек? Санасын су басып кеткеннің
ішінде бейшара болмаса жоғарыдан бергі
айтылып жатқан әңгімеден шығатын қорытындыны
ұғатыны анық. Күнде айтып жүрген кәлимамыздың
аудармасын біліп, оған амал ете білсек
шайттанның да, шалабайлардың да шырмауына
түсіп қалмас едік. «Ля иляха илля ллах,
Мухаммад расулуллах» – Алладан басқа
құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, Мұхаммед
оның елшісі деп иман келтірген пендеміз.
Ойланып қарасаң, айтқанда ерінге ерін
тимейтін кәлимамызды көбірек қайталап
жүруге де ерініп жатамыз. Жалқаулық деген
дертіміздің тым асқынып кеткенін осындайда
ұғасың.
Дәл қазір кітап сөреңізде
шаң басып жатқан Құран кәрімді алып «бисмилляһ»
деп ашыңыз да кез келген сүреге көз жүгіртіңіз.
«Әруаққа сыйыныңдар, молаға түнеңдер»
деген аяттар демейміз, аят тауып алсаңыз
сізден асқан ғұлама ғалым болмасын. Ақиқатқа
көзіңіз жеткеннен кейін тәубеңізге келесіз
деп сенемін. Себебі біздер әлсіз жаратылғанбыз,
әлде кім жарылқаса екен, жаныма тыныштық
берсе деп тұрамыз. Ол Құдіретті, Мейірімді
Алла тағаладан басқа кім болмақ?!
Информация о работе Бір Аллаға сыйынып