Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 20:42, реферат
Жиырмадан аса əр түрлі музыкалық аспаптар болған, олардың кейбіреулері – шертер, жетіген, саз сырнай, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ жəне басқалары музыка өнерінің кəсіби талаптарына сай келмей, біртіндеп құри берген. Ал дыбыстық сапаларын жетілдіруге келетін басқалары музыкалық аспаптар тобын құрады. Олар: домбыра, қобыз немесе қылқобыз, сыбызғы, дауылпаз. Əн мен күй халық өмірінің барлық салаларымен етене аралас болды. Той-думан əн-күймен басталды, ақсақалдар кеңестерінің алдында, жайлауға көшу мен қыстауға қайтып оралу да əн-күймен атап өтіліп отырған.