Қазақ , орыс, ағылшын тілдеріндегі тұрақты сөз тіркестерінің мағына жағынан сәйкестігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2013 в 13:45, доклад

Краткое описание

Тіл білімінің белді бір саласы фразеологизмдер әр тілде де кездесетін жайт. Мен бұл жұмыста үш тілде айтылып қолданылғанмен бір мағына беретін кейбір фразеологиялық сөз тіркестері жайында айта кеткенді жөн көрдім.
Фразеология – лингвистиканың ең бір үлкен саласы. Кейбір ғалымдар фразеологияны жеке пән деп қарастырады, демек олай деудің мән-мағынасы, фразалардың тілде атқаратын рөлі айрықша.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС.doc

— 50.00 Кб (Скачать документ)

Қазақ , орыс, ағылшын  тілдеріндегі

тұрақты сөз тіркестерінің мағына

 жағынан сәйкестігі

 Тіл білімінің белді  бір саласы фразеологизмдер әр  тілде де кездесетін жайт. Мен  бұл жұмыста үш тілде айтылып  қолданылғанмен бір мағына беретін  кейбір фразеологиялық сөз тіркестері жайында айта кеткенді жөн көрдім.

   Фразеология – лингвистиканың  ең бір үлкен саласы. Кейбір  ғалымдар фразеологияны жеке  пән деп қарастырады, демек  олай деудің мән-мағынасы, фразалардың  тілде атқаратын рөлі айрықша.  Фразеологгизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері:

  1. дайын тілдік единица ретінде жұмсалады;
  2. Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады;
  3. мағына бірлігі сақталады;
  4. екі сөзден кем болмайды.

    Фраза (гректің phrasis- сөйлемше мағыналы сөзінен алынған) – сөйлеудің ең бір қысқа, әрі бүтін бір единицасы, тіл-тілде сөйлеудің ең бір мәнді тұтастай қалыптасқан тізбектері мен тіркестері. Бұлар құрылым-құрылысы жағынан қаншалықты күрделігіне қарамастан сөйлем ішінде әр қайсысы жек сөздермен бірдей теңесіп тұрады. Осы құбылыс үш тілдей фразеологизмдерге де тән. Мысалы, қатты ойлану деген мағынаны қазақ тілінде «басты қатыру» орыс тілінде «ломать голову», ал ағылшын тілінде «to ruck one’s brain», сондай-ақ  «Бейнет болмай ,зейнет болмас», «Без труда не вытащишь и рыбку из пруда», «No pains, no gains».

 Фразеология және оның зерттейтіні  – тұрақты тізбек, тұрақты тіркес  және сөздердің еркін тіркесі  деген ұғымдарды білу, бір-бірінің  айырым белгілерін айқындап ұғу,  олардың бір-бірінен ерекшелігін  білу.Фразеологиялық единицаларды  бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударуға болмайды, сол тілде бар баламасымен ғана жеткізу, сөзбе-сөз аударылса, ол тіркестер тұрақты тізбек бола алмайды, ой мағынасы мүлдем өзгеріп кетеді. Мәселен, аузынан суы құрып жүр, мұрнын көкке көтеріп жүр, тауы шағылып қалды,

ұнжырғасы түсті дәлме-дәл шет тілдеріне аударуға келмейді.

  Фразеологиялық единицалар  тілімізді көркем, бейнелі етіп, оған айрықша өң береді. Ол  сөйлеу және жазу тілімізде ауыс мағыналы метафоралы сөз тіркестерін және басқа да бейнелі сөз орамдарын орынын тауып, нақтылы дәл қолданумен байланысты. Образдылық  - тұрақты сөз тіркестеріне тән қасиет.

  Фразеологиялық единицалар түрлерін лингвистер негізгі 4 түрге бөледі:

  1. фразеологгиялық тұтастық немесе идиома (фразеологические сращения или идиома);
  2. фразеологиялық бірлік (единство);
  3. фразеологиялық тіркес (сочетание);
  4. фразеологиялық сөйлемше (выражение).

Осы аталғандарға жеке тоқталсам, фразеологгиялық тұтастық немесе идиомалар - семантикалық жақтан бөлініп ажырамайтын, біртұтас мағынасы

фразеологгиялық тұтастық                       фразеологиялық бірлік



 


 


 

 

 

фразеологиялық  тіркес                                      фразеологиялық сөйлемше

 

 

құрамындағы сыңарларыеың негізгі, номинативті  мағынасынан мүлдем алшақ, мүлдем басқа  мағына беретін тізбектер.

    Мысалы, «аузы мұрны қисаймастан»- «поднять ложную тревогу» - «to cry Wolf», «ес тоқтатпаған баладай»- «странный персон(чудак)»- «a Queen fish», «бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан шығады» - «ветер в голове»- «never has a serious thought in his head», «ботадай боздау» - «лить крокадиловые слезы» - «to tear as a crocodile», «сырты бүтін, іші түтін» - «снаружи мило, а внутри гнило» - «fair without but full within», «жындай ашулы»- «зол как черт» - «like a bear with a sore head».

 Фразеологиялық бірліктер – құрамындағы кейбір сыңарлары мағынасынан бүтіндей тіркес мағынасы аңғарылатын тізбектер.

 Мысалы, «ауырдың үстімен, жеңілдің  астымен жүру» - «иметь место  под солнцем» - «to have a place in the sun». «соқырға таяқ ұстатқандай»- «заблудится в трех соснах»- «easy as it was simple», «тайға таңба басқандай» - «ясно как небо»- «clear as a sky», «екі оттың арасында қалу» - «оставаться между двух огней» - «to stay between the devil and the deep blew sea», «жұлып алғандай» - «без руля без ветра»- «like a ship without a rudder», «қойдай бедірею» - «как баран на новые ворота» - «to stare as a sheep».

 Фразеологиялық тіркестер – құрамындағы сыңарларының мағыналары түсінікті, бірақ тілде тек сол қалпында ғана жұп жазбастан қолданылатын тізбектер. Мысалы, «ақ қарғадай»- «как белая ворона» - «as a odd man out», «жердің түбі» - «золотое дно» - «gold mine», «алтын қор» - «золотой фонд» - «the gold reserve», «айтылды жасалды» - «сказано - сделано» - «no sooner said than done», «аш қасқырдай» - «волчий аппетит» - «the appetite of a wolf», «қас пен көздің арасында» - «в одно мгновение» - «in the twinkling of an eye», «Гамбурлық шот» - «Гамбурский счет» - «Hamburger rating», «жан тәнімен» - «душой и телом» -«with heart and soul».

  Фразеологиялық сөйлемшелер – семантикалық жақтан бөлуге болатын, сырттай қарағанда, еркін тіркес сияқты болып келетін, бірақ тілде сол қалпында қалыптасқан тізбектер.  Бұл топтың ішіндегі кеңірек тарағандары – мақалдар мен мәтелдер. Белгілі ғалым-ақын М. Әлімбаев мақал-мәтелдерге мынадай анықтама береді: мақал - өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, түйінді пікір айтатын, бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы. Мәселен, «Бүгін ойлап, ертең айт – Сперва подумай, потом говори. – At first think, then speak.», «Тыныш жатқан жыланның құйрығын баспа – Не тронь лиха, пока спит тихо – Let sleepeeing dogs lie», «Шапщаңдықтан қашпа, аптығуға баспа – Не дели шкуру не убитого медведя – Never fry a fish till it’s caught», «Жеті рет өлшеп – бір рет кес. – Семь бед - один ответ – As well be hanged for a sheep as a lamb.», «Бітер істің басына – жақсы келер қасына. – Все хорошо, что хорошо кончается – All is well that ends well.», «Киіміне қарап қарсы алады - Ақылына қарап шығарып салады. – По одежке встречает, по уму проважает. -  You are judged by appearances at first but by your mind later on.», «Ағама жеңгем сай. – муж и жена – одна сатана. – Like husband, like  wife.», «Өзгеге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле. – Живи и жить давай другим. – Live and let live», «Еңбек ет те, шаттан. – Кончил дело, гуляй смело. – Work is done, time for fun».

   Жоғарыда айтылғандай  тұрақты сөз тіркестері құрамы  жағынан бірыңғай, біркелкі болып  келмейді. Фразеологизмдер де жеке сөздер тәрізді адамдардың бір-бірімен жасайтын қатынасының түріне қарай жұмсалып, олардың қолдану аясы не кеңейіп, не тарылып отырады. Себебі тілдің өзі бірнеше стильдердің жиынтығы болып келеді де, ол стильдердің әрқайсысының өзіне тән тілдік тәсілдері, қолданылу ерекшелігін байқатады. Оған фразеологиялық синонимдер жақсы мысал бола алады. Жоғарыда келтірілген тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай сөз орамдарын алатын болсақ, олардың қолданылу аясы бірдей емес. Бұлардың алдыңғы екеуі (тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай  )көркем сөз бен публицистикаға бейім болса, соқырға таяқ ұстатқандай тек қарапайым сөйлеуде ғана қолданылады. Жалпы сөйлеу тілі фразеологиясының көпшілігі жағымды және жағымсыз эмоцияны білдіруге негізделген.

   Фразеологиялық  единицалар түрлі-түрлі себептер нәтижесінде, халықтың сөйлеу тілі негізінде қалыатасқан. Соның бірі – фольклор, халықтың бай ауыз әдебиеті нұсқалары, мифология, қиял-ғажайып көріністер: жатқанға жан жуымас, көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра, өзін көр де ісін көр, басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ, жамансыз жақсы жоқ.

Фразеологизмдер адамдардың ой-сезімін, ара- қатынасын, өмір тануын білдіреді.

  Қазіргі кезде  кейбір ғылыми-публицистикалық, саяси және көркем шығармалар афоризмдері фразеологиялық единицаға айналып кеткен: «Человек – это звучит гордо» /Адам – атақты ат./ (Горький); «Любви все возрасты покорны» /Eжелгі махаббат ескірмейді./ (Пушкин).

   Сонымен қатар,  қазақтың ұлы жазушысы Абай Құнанбаетың сөздері мен өлеңдерінің көбі афоризмге айналған, мысал келтірсем:

Бақпен  асқан патшадан, мимен асқан қара артық,

Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық.

 

Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым –  ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз.

 

Тамағы  тоқтық, жұмысы жоқтық – аздырар  адам баласын.

   Тұрақты сөз  тіркестерінің мәселелері қазіргі таңда тіл ғылымында ең өзекті мәселелердің бірі есебінде зерттелінуде, себебі фразеология – тіл мәдениетін арттырып, шеберлікке үйрететін сөз өнерінің асылы., сондай-ақ ол бір бір тілден екінші бір тілге аудару техникасын жетілдіреді.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. І. Кеңесбаев. Қазақ  тілінің фразеологиялық сөздігі.  А., «Ғылым», 1977

2. А.М Шанский. Фразеология  современного русского языка.  Москва 1989г.

3. Әсет Болғанбайұлы. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы. 1997ж.

4. Т. Қоңыров. Тұрақты  теңеулер сөздігі. Алматы. 2007ж.

5. Р. Сыздық. Абай және  қазақтың ұлттық әдеби тілі. А., «Арыс», 2004.

6. А. В. Кунин. Курс  фразеологии  современного  английского  языка. Москва. 1997г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақ , орыс, ағылшын тілдеріндегі тұрақты сөз тіркестерінің мағына жағынан сәйкестігі