Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 18:15, реферат
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстанда сол ғасырға нық қадам басты. Еліміздегі барлық білім ошақтары компьютер және интерактивтік тақтамен жабдықталуда. Қазіргі заманғы, ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны күннен-күнге өсуде. Сонымен қатар,білім беру жүйесінің алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеру мұғалімнің білімін шыңдап қана қоймай, интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және тағы басқа көптеген адами келбетін қалыптастыруына ықпал жасайды.
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Ағылшын тілі пәнінің
білім сапасын арттырудағы
ақпараттық-коммуникативтік
технологиясының рөлі
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстанда сол ғасырға нық қадам басты. Еліміздегі барлық білім ошақтары компьютер және интерактивтік тақтамен жабдықталуда. Қазіргі заманғы, ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны күннен-күнге өсуде. Сонымен қатар,білім беру жүйесінің алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеру мұғалімнің білімін шыңдап қана қоймай, интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және тағы басқа көптеген адами келбетін қалыптастыруына ықпал жасайды.
Білім берудің
негізгі мақсаты-білім
Ақпараттық технологияны оқыту үрдісінде екпінді түрде енгізу бағытына қолданылатын жаңа түрдегі құрал – интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды. Мұғалімдер өз сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан-жақты ізденіп, сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі өткізуге тырысуда.Интерактивті тақтаның мүмкіншілігі шексіз. Оны көрнекілік ретінде қарастырсақ, ол оқу нәтижесінің сапасына оң әсер етері сөзсіз. Бұл – бейнеконференциялар, мектептер арасында бірлескен сабақтар өткізу үшін қолданылатын ерекше жүйе. Сонымен қатар, пәндік көрнекі құралдарды бейнематериалдар арқылы көрсетуге болады.
Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш кілттік бағытының артықшылығын қарастырайық.
1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану
Интерактивті тақта – визуалды ресурс. Сабаққа қажетті кез келген суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді. Интернет желісіне қосылып ақпарат алуға, оқу материалын қозғалмалы күйге келтіру, абстрактілі ойлау мен түсінуді моделдеуге , обьектілерді ойлау мен түсінуді моделдеуге, обьектілер арсындағы байланыс орнатуға болады.
2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
Интерактивті тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде тиімді қолдануға болады. Әр пәннің өз ерекшелігімен қатар, өзіндік күрделігі де болады. Сондықтан ұстаздың міндеті осы күрделікті дұрыс құрастырып, сабақтың әр сағатын тиімді өткізу. Жалпы интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімін жетілдіру барысында іскерлігін дамыту, тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу.белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылардың ой-өрісін жан-жақты жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор.
3. .Уақыт ұтымдығы
Егер сізде интерактивті тақта
болса, сізге күтуге тура келмеиді.
Мысалы, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын
жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала
дайындалған материалдарды
Интерактивті тақтаны кез
Интерактивті тақтаны
(Ұлыбритания педагогтарының
- Экранда көрсетілетін сурет туралы ақпаратты жоғары жаққа жазу;
- Интернеттен алынатын
- Топпен тығыз жұмыс жасау;
- Конференциялар өткізу үшін баска мектептермен байланыс орнату;
- Интерактивті тақтаны
- Қолданылған материалды кейін пайдалану үшін файл түрінде сақтап отыру;
- Видеороликтер көрсету , электронды оқулықтар пайдалану;
- Сабақ кезінде сақталған файлды оқушыларға беру.
Тақтаның
ерекшеліктері мен
Интерактивті тақтада сөзі анық жазылған видеороликтерді (мысалы: Ұлы Британиядағы білім жүйесі 8 сынып, саналатын және саналмайтын зат есімдер 6 сынып), аудио дискідегі өлеңдерді (7 сынып үйірме), электронды оқулықтарды компьютер арқылы енгізіп сабақтарда кеңінен қолданамын. Грамматикалық жаттығуларды тақтада электронды маркерлер арқылы орындау уақыт үнемдеуге көп икөмегеін тигізеді.
Интерактивті тақтаны оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі тақырыпта материалдар енгізіп , кез-келген уақытта сол материалды ойланбастан қолдануға болады. Ағылшын тілін үйретуде интерактивті тақтаны пайдалана отырып төмендегідей қорытындыға келдім: оқушының тіл үйренуге қызығушылығын арттырады; қарым-қатынас дағдыларын дамытады; Оқу процесін жекешелендіреді және ерекшелендіреді; оқушылардың ойлау қабілетін дамытады; оқып жатқан тілдегі мәліметтерді тыңдау арқылы сол тілде сөйлеушілермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді; сабақ процесінде тақта арқылы әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.
Ағылшын тілі сабақтарында жаңа ақпараттық технологияның әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар: оқушының оқуға деген ынтасы артады, әр оқушының жеке қабілеті артады, үлгерімі төмен оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады, жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуаны жағдай туады, әр оқушы өздігінен жұмыс жасауаға дағдыланады, оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген көз қарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуын үлес қосатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.