Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2014 в 01:08, реферат
Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып,қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар,халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі.адамзат аударма арқылы араласып құралады.
Ақтау шет тілдер колледжі
РЕФЕРАТ
Орындаған:Рабаев К.
Тексерген:Надырмағанбетова М.
Ақтау қ. 2014 жылы
Жоспар:
1.Кіріспе
2. Аударма этикасы
3. Кеңестер
4.Сыбырлап аудару
5. Ілгермелі аудармашы
Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды
екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай
бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының
деректерін негізге ала отырып,қазіргі
таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек,
аударма қызметінің қаншалықты маңызды
екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар,
қауымдар,халықтар арасындағы тәжірибе
алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет,
публицистика ғылымдарының ажырамас бір
бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың
күшті құралы. Аударма халықтың мәдени
өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы
үзілмейтін үрдістің бірі.адамзат аударма
арқылы араласып құралады. Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы,
көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап қазақ әдебиетінде де шығыста
бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан
мағынада аударма деуге келмейді.Оларкейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма
қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын
келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін
аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады.
Көркем аудармада әдеби шығарма бастан
аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің
мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік
әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат
етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде
екі тілді жақсы білуі кажет. Онсыз аударма
сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсканың
ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері
сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың
мағынасын толық жеткізу, көркемділігін
жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты талантар толық сақталуы шарт. Аударма - әдебиеттің
кең арналы, мол саласының бірі. Аударма
арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан
басқа халықтың өкілдері сусындай алады.
Көркем аударманың қасиетін арттырып,
түп- нұсканың мағыналық байлығын, ой-толғамдары
мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін
жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын
суреткерлік шеберлік. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Қазақ әдебиетінде қазіргі заманғы көркем аударма жасау
дәстүрі 19 ғ-дан басталады.[1]Абай неміс ақыны Гетенің, орыс ақындары Ю.Лермонтовтың, А.Пушкиннің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне
ерекше көркемдікпен аударды, Ы.Алтынсарин орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің, Шәкерім Құдайбердіұлы Л.Толстойдың ("
1.Аудармашы мамандығын әртістің мамандығындай.Бірақ оған қарамастан,әр мамандықтын өз ерекшелігі болады.Әртістің міндеті кейіпкердің обрызына кіріп,кейіпкердің іс — қимылын салып,көрермендерге әсер ету. Ал аудармашы керсінше, аударып жатқан адамның образына ешбір қатысы болмау керек.
Аудармашының басты мақсаты, мәтінің аудармасын дұрыс жеткізу, ол қандайда бір жест, дауысының екпіні арқылы тындаушыларда эмоция туғызуға құқұғы жоқ.Ал бұндай жағдай болса, оған мәтінің мағынасы себеп болу керек, сіздің көмегініз емес. Аудармашының дауысы және іс- қимылы аударып жатқан адамның эмоциясына тәуелді болмау керек.
Аудармашының дауысы қатты, әрі анық шығу керек, бірақ ешбір эмоциясыз.Әрқашан аудармашылардың есінде сақтайтын бір қағйда бар, аудармашылар екі жағаны қосып тұрған көпір, ал басқа болып жатқан нәрселерге оның қатысы болмау керек.
Тілді оқығанда, сол ұлттың арасында оқыған көп пайдасын тигізеді, шетелдіктерге еліктеңіздер, олардын манераларын келтіруге тырысыңыздар. Өзіңізге үнайтын бір шетел артистің таңдап алыңыз да, соған толығымен еліктеніз.
Аудармашының сөздік қорына келетін болсақ, күнделікті қолданатын сөздердің эквиваленттерін жаттап алыныздар, мысалы: «мен сізбен кейін хабарласам», «менімен хабарласып отыр», «кім ақырғы?» … Бұндай сөз тіркестер шетел тілінде тіптен басқаша айтылады.
Әрине аудармашы шетел тілін жетік білген жақсы, бірақ бәрінен бұрын ол өз тілін жақсы білу керек. Ілгермелі аудармашыларға шетел тіліне аударған оңайрақ түседі, өз тіліне аударғанша.
Тағы бір манызды мәселе-жалпы және арнайы білім, жан-жақтылық. Осның арқасында аудармашыны, аудармашы машинадан айырмашылығы.
Ал енді мына кітаптағы кейіпкер, кім ол , өзінің мамандығын жақсы біледі ме?
Оқыған, қарапайым киінген, сыпайы және ішімдік қолданбайтын, тамақ ішкенде өз мөлшерін білетін, дауысы анық және құлаққа жағымды, батыс жақтын білімі туралы хабары бар, өз мамандығын бағалайтын адам.
Аударуды бастар алдында, тындаушылармен байланыс орнатқан дұрыс болады, мысалы : өзіңізді таныстырыңыз немесе сіздін дауысыңызды анық естіледі ме?- деп сұраңыз. Сонда аудитория сіздің дауысыңызға өз құлақтарын үйрете бастайды.
Ауызша аудармашының мамандығында, ен маңыздысы дауыс. Сіздің дауысыныз қатты, анық, бәріне естілетіндей болу керек.Егер сіздін дауысыңыз тым қатты немесе тым ақырын болса, дауысынызды алдын-ала үйреткен жөн. Егерде сіз дауысынызды үйретпесеніз, ол отырып қалады.
2. Енді бір-неше тәжірибеде қолданылатын кеңестер:
Сіз аударып тұрған адамнын көнілін бөлменіз. Әрине сіздін тәжірибенізде өз- өзін тындағанды ұнататын адам кездесуі мүмкін, әрине мұндай жағдайда сіз оны тоқтатуға мәжбүр боласыз, бірақ тындаушылардын сізге деген көз қарасы дұрыс болмайды. Ондай жағдайға түспеу үшін, сөйлеп турған адамға көзіңізбен немесе қолдын жесты арқылы тоқтау керек екенің ескеріңіз, ол жанында сіз тұрғаныңызды ұмытпау керек.
Егер сізде сұрақ болса, сіз оны сұрауға міндеттісіз- осындай жағдайда бөлшек аударма қолайлы, бірақ тек маңызды деген жерлерді ғана сұраныз, қайта- қайта адамды мазалаған әдепсіздік.
Егер сіз аудармаға ертерек дайындалып, көрермендер алдында тез , әрі дұрыс аударсаныз, ол аудиторияға жақсы әсер етеді.
3.Аударманың тағы бір түрі «сыбырлап аудару». Ол ілгермелі аудармадай, бірақ аудармашы аударып беріп жатқан адамның артында отырады немесе тұрады, басқаларына бөгет жасамау үшін ақырын аударады, аудармашы дауысын бір қалыпта ұстау керек, ол әрине өте қиынға түседі аудармашы үшін. Және бұндай жағдайда жұмыс істегендіктен, ойынды жинау өте қиын.
Бөлшекті аударма көбіне актердің жұмысына ұқсайды, себебі ол да көп адамның алдында жұмыс істеуге мәжбүр, сондықтан қалай киіну керек, қай жерде отыру керек, ал қай жерде тұру керектігін алдын ала ойлайды.
4. Ілгермелі аудармашы, аударатын сәтте ғана шетелдікті көреді, ал жай аудармашы аударатың шетелдікпен алдын-ала кездесуге мүмкіншілігі бар. Аударма басталмай тұрып , шетелдіктерге барып өзіңізді таныстырыныз, олардың аудармашысы екеніңізді айтыныз, алдын ала кейбір терминдердің мағынасын сұрап алыныз, тіптен болмаса ауарайы туралы сөйлесіңіз.
Біріншіден, сыпайлағынызды, ұқыптылығынызды көрсетініз-соның арқасында сіз жұмысқа дайын екеніңізді көрсетесіз, шетелдіктер бұндайды бағалайды.
Екіншіден, ол сіз үшін манызды. Сіз алдын- ала аударатын адамның манерасы мен дауысына үйренесіз.
Алдын ала оған шарт қойманыз, біріншіден шетелдіктің көз-қарасын тыңданыз, ол сізге де тиімді болуы мүмкін. Бірақ ұмытпаныз өмірде әр-түрлі жағдай болады, сондықтан сіздердің келісімдерініз ойдағыдай болмауы мүмкін.
Аударма барысында шетелдіктің қолданатын сөз- тіркестерін ескеріп отырыңыз.
Мысалы: аударманың бас кезінде «бюрократиялық барьер» деген сөз- тіркесін аударсаныз, «bureaucratic barriers», ал кейін шетелдік оның орнына «red tape» деп айтса, оны да тез арада түсініп «бюрократиялық барьер» l деп аударған дұрас болады.