Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 19:36, сочинение
Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.
«Ана тілі-қадірлеп ұстайтын байлық»
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Тіл қай елде болса да қастерлі,
құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың
бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың
әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің
талай сынынан өткен, өскелең талаптарға
сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат
десек, жаңыла қоймаспыз.
Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да
өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі
қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір
сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл
жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.
Тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс
істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын
болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін
емес. Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті
тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия,
Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері
мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан,
Түркіменстан сияқты республикаларында
тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ
тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына
жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер –
қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз
және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік
әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы
қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы
әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен
қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.
Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы
Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен
басталып, ХV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында
әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі
тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры
жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын
тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі.
Қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба
әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар.Қалыптасудың
барлық сатыларын бастан кешірген ана
тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл.
Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық,
техникалық, құқықтық, педагогикалық,
саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады.
Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара
қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп
қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық
қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да
құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі
бабаларымыздың тарихы, шежіресі және
түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің
осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл
тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның
жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып,
өзгеріп отырады. Қазақ тілі тарихында
орын алған түрлі қиындықтар мен дағдарыстарды
себептері бар. Біріншіден, қазақ халқы
үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының қыспағында
болып, ұлт ретінде жойылып кетудің бірнеше
сатыларын бастан кешірді. Екіншіден,
Жоңғар шапқыншылығының халқымызға тигізген
зардаптары да орасан зор болды. Үшіншіден,
Кеңес өкіметі жетпіс жылдан астам уақыт
бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен
ұсақ ұлттардың тілдеріне қысым жасап
келгені белгілі.1989 жылы 11 қыркүйекте
қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл
- халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын
және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал
бірінші баптың бірінші тармақшасында
“Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі болып табылады” деп
жазылған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның
болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы
үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі
мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі
жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі
үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі
шешілмей жатқан түйінді мәселелер де
баршылық.Халық тәуелсіздігінің ең басты
белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті.
Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ
ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре
алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке
ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана
тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан,
кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін,
ана тілін ерекше қорғайды. Ана тілін дамыту,
қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза
сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай
сүю.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп С.Торайғыров ағамыз жырлап өткен.
Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған. Мысалы: “Өнер алды – қызыл тіл”, “Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады”, “Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар” сөздері халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Абайдың даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өмірімізге азық етеміз. ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ – қызмет етуінің алғы шарттары Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық тілі. Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына кіреді және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.), тұсындағы жазулардан алады. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады.Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі: ... Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталған. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет ана сүтімен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ. О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде... Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – қазақ тілі. Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан “Ана тіліміз” дейміз. Қазақтар “Ананың тілі” деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды. Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, – дейді талантты ақын Қадыр Мырза Әли ағамыз.
Тіл
әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы.
Ол – атадан балаға мирас болып қалып
отыратын баға жетпес мұра.Әрине ұлттың
ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның
ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі.
“Тіл – біздің тұтастығымыз”, “Тіл тағдыры
– ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан
әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай
қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының
қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.
Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір
адамзаттың абзал борышы. Біздің барша
ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт
-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет
пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі
жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер
де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды
тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік
тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Егеменді ел болып, ес жия бастаған бұл
күндері осындай ойға қонбайтын, солақай
сорақыларды көбен көріп, қолмен ұстай
отырып қазақ тілі мәселесі жөнінде толғанбай
тұра алмаймыз.
Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл
білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен,
алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін
білуге міндеттісің.
Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың
бар саласын өркендете түсуге себепші
күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере
беруші құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық
рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы.Амал
не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра
өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды.
Тіпті туған тілден безетін сорақыларды
да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден
безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен
бірдей. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының
өткенінен де болашағынан да қолүзеді.Ана
тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау
– арды шұбарлау.Ұлттың мәдениеттің гүлденуі
мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты
қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы
ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің
кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан
туған тілге деген сүйіспеншілік бала
кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып
білу, туған тіліңді білуден басталады.
Анамның тілі – ардақтым менің. Адамның атасы, әкесі мен шешесі сенсің. Сен менің кішкентай кезімде әкем болып мойныңа отырғызып қуандың, ат үстінде алдыңа алып, мені көкке секірттің. Жел болып кекілімнен сипадың. Тілім, ана тілім менің, адамзатымның тілі, сен менің анам болған кезіңде көкірегіңе жабысып, төсіңнен ақ сүтіңді емдім. Сен менің ағам, інім, әпкем, қарындасым, бауырларым болған кезіңде мен сені одан әрмен түсініп, ұғынғым келді. Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды асқар алыптарын туғызған, әкелері мен аналары болған ұлтымыздың тірегі сенсің, туған тілім. Бірақ, менің терім “туған тілім” сен үшін ғана төгілсін, менің өмірім сен үшін ғана өрілсін! Олай болса, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! Сонда ғана туған тіліміздің туы биіктерде желбіреп тұратын болады...