XXI ғасырда нені оқыту керек

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 15:48, реферат

Краткое описание

Бұл күндері Атырау қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында Атырау облысының жалпы білім беретін мектептер мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсынан өтудеміз. Бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша оқу 14 аптаға жоспарланған, оның ішінде 6 аптасы жергілікті оқу орнында тәжірибеден өтіп, тыңдаушылар алған білімін, тәжірибе жүзінде іске асыратын болады. Оқуға аудан, қала мектептерінің бірінші және жоғары санатты жас ұрпақ тәрбиелеуде ұзақ жылғы педагогикалық тәжірибесі бар озық ойлы ұстаздар тартылған. Кембридж университетімен бірлесе әзірленген арнайы бағдарлама бойынша кәсіби шеберлікті шыңдайтын сабақтардан дәріс алудамыз. Біздер дәріс алып жатқан бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты-мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

XXI ғасырда нені оқыту керек.docx

— 15.57 Кб (Скачать документ)

XXI ғасырда нені оқыту керек?

Добавить  комментарий

Тулеуова Бибигул 

Атырау облысы Исатай ауданы

Новобогат орта мектебінің қазақ тілі

мен әдебиеті мұғалімі

«XXI ғасырда нені оқыту керек?»

Қай қоғамда ,қандай кезеңде де жас ұрпақты оқыту мен оның тәрбиесі ерекше мәнге ие. Сондықтан да мұғалімдердің алдында аса маңызды ауқымды міндеттер тұр, бұл міндеттерді шешуде алдымен мұғалімдердің өздерін қайта даярлау үрдісі қолға алынуда.

Бұл күндері Атырау қаласындағы  «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында  Атырау облысының жалпы білім  беретін мектептер мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсынан өтудеміз. Бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша оқу 14 аптаға жоспарланған, оның ішінде 6 аптасы жергілікті оқу  орнында тәжірибеден өтіп, тыңдаушылар  алған білімін, тәжірибе жүзінде  іске асыратын болады. Оқуға аудан, қала мектептерінің бірінші және жоғары санатты жас ұрпақ тәрбиелеуде  ұзақ жылғы педагогикалық тәжірибесі бар озық ойлы ұстаздар тартылған. Кембридж университетімен бірлесе әзірленген арнайы бағдарлама бойынша кәсіби шеберлікті шыңдайтын сабақтардан дәріс  алудамыз. Біздер дәріс алып жатқан бірінші деңгей бағдарламасының  мақсаты-мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру  арқылы мектеп жүйесін жан-жақты  дамыту үшін қажетті білімдер мен  дағдыларды беру болып табылады.

Қазіргі білім беру саласындағы  маңызды мәселе: «XXI ғасырда нені оқыту керек? және Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды? болып  отыр. Сол себепті бұл бағдарламаның  мұғалімдерге шығармашылықпен жұмыс  жасауына, жаңа форматтағы оқу үдерісі  арқылы оқушының өз ойын еркін айтатын, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамыған, ақпараттық коммуникациялық технологияларды  жақсы меңгерген оқушы дайындауымызға бағыт береді деп ойлаймыз.

«Бағдарламаның мақсаты  оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, оның оқуын барынша даралау  және баланың бойында метасананы қалыптастыруға, оны тұлға ретінде  дамытуда мүмкіндік береді»,-деп  ой бөліседі ПШО тренері С.Аманжолов  атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік  уриверситетінің доценті, биология ғылымдарының кандидаты Қарлығаш Қабдрахманқызы Бурунбетова.

Педагогикалық шеберлік орталығында  әр күні оқытудың әр түрлі стратегиялары  мен түрлі педагогикалық тәсілдері  оқытылады.Сол әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану  қажеттігі шағын топтармен жұмыс  жасау барысында жүзеге асырылады.

Оқытудағы Кембридж тәсілі сындарлы оқыту теориясына негізделген. Сындарлы оқытудың мақсаты оқушылардың  пәнді терең түсіну қабілетін  дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқытудың тиімді жолдарын меңгеру топпен ынтымақтастықта  бірлесе жұмыс істеуге, мәселені сын тұрғысынан ойлап шешуге, қабілеттілік әлеуетін іске асыруға,қоршаған ортамен технологияның арасындағы қарым-қатынастармен танысу мүмкіндіктерін береді.Осы курс барысында ұстаздар жаңаға жаны құмар жандар екенін байқатты. Ол сабақ кезіндегі пікірталас, жоспарлау, бағалау, рефлексия барысында көрініс тапты. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) ұсыныстары негізінде де әлемдік тәжірибелерді қорыту нәтижесінде анықталатын оқыту мен оқудың тәжірибесіне қандай өзгеріс енгізу қажет екені талқыланады.Тыңдаушылар сонымен бірге «IREX»ақпараттық технологиялар дәуірінің ұстаздары 2013» компьютер курсында сауаттылықтарын арттыруда. Тыңдаушылар атынан курсты ұйымдастырушылар мен тренерлерге үлкен алғысымызды білдіреміз.


Информация о работе XXI ғасырда нені оқыту керек