Трансұлттық капитал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 17:24, реферат

Краткое описание

Про инвестицию и инновационных программ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.docx

— 24.16 Кб (Скачать документ)

          Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

              Экономика және Бизнес Жоғарғы Мектебі

 

 

 

        ЭССЕ

         Тақырыбы: Трансұлттық капитал

 

 

 

 

    

                                                  Орындаған:Мажит Назерке 

                                                        Тобы: ГИМУ 11К

                                                  Қабылдаған:Бейсенбаев Ж.Т

 

 

 

 

 

 

                                       Алматы 2012

Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек  бөлісіне қатыса бастады. Бұл кезеңде  елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер байқалды. Осы жаңалықтардың негізіне материалдық  өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың  орнына жаңа қатынастардың пайда  болуын, сондай-ақ социалистік деп  аталған мемлекеттік және кооперативтік  меншіктің орнына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуын айтуға болады.Жалпы теорияға сәйкес: Капитал-деп пайданы көбірек әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.Меншіктің жекешелендіріліп, мемлекет иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты.ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 2030 жылға арналған стратегиялық концепцияда және соңғы жылдары қабылданған өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды ілгері дамыту, импорт алмастыру, ұсақ және орта бизнес бойынша құжаттарда кәсіпкерлікті өркендету міндетін алға қойды. Осы ізгі міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда кәсіпкерліктің түрлі формаларын пайдалану еліміз үшін, оның ішінде қазақ халқына тән кәсіпкерлікті кеңінен ұлғайтуда маңызы арта бермек. Трансформациялық жағдайда кәсіпкерліктің түрлері туралы мәселе ұдайы өндіріс тұрғысынан маңызды. Себебі, егеменді мемлекет болып даму үшін бизнестік құрылымдар әлемдік деңгейге көтерілуі тиіс. Сонда ғана ҚР-ң болашақта қарқынды дамып, әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылуына мүмкіндік туады. ТҰК қазіргі экономика дамуының негізі болып табылатын елдер тәжірибесі негізіндегі кәсіпкерлік қызметтің формасы ретінде оны ұлттық экономика дамуының стратегиялық факторы ретінде тануға болады. ҚР экономикасы дамуындағы ТҰК алатын орны мен маңызын айқындадық және оның ел экономикасына сәйкес қолдануда ынталандырушы сипатын белгіледік.Постиндустриалды кезеңдегі фирманың негізгі түрі ретіндегі корпорацияның артықшылығы осы кезеңнің жандануына алып келді. Кәсіпкерлік қызметтің акционерлік формасы капитал ресурстарын жинақтауды жалдамдатады, басымды дамуын қажет ететін салалардың шоғырландыру мүмкіндігін ұлғайтады. Жалпы, кәсіпкерліктің жаңа формаларының дамуы концерндердің, холдингтердің, қаржы топтарының, траст компанияларының құрылуынан көрінеді.Аралас экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің функциялары мен объектілерінің өзгерістерге ұшырауы жаңа субъектілердің туындауымен қатар жүреді. Қазіргі кезде дамыған елдердің ақпараттық қоғамға өтуіне байланысты ұлттық мемлекеттерден тәуелсіз, дербес трансұлттық капитал оқшауланып мемлекеттік реттеуде маңызды рөл атқара бастады. Трансұлттық корпорациялар әлемдік өнеркәсіп өнімдерінің жартысына дейінгісін өз бақылауында ұстайды. Бүгінгі таңда әлемдік шаруашылық жүйесінің негізін өздеріне едәуір билік функцияларын шоғырландырған 500-дей трансұлттық корпорациялар құрайды. Реттеу ұйымдарына сәйкес тұжырымдасақ трансұлттық корпорациялардың ішкі құрылымдарында еркін рынок заңдары толықтай қолданылмайды, себебі оларда рыноктық емес корпорацияның стратегиясы анықтайтын ішкі бағалар белгіленеді.Егер заманауи трансұлттық компаниялардың көлеміне сәйкес айтатын болсақ, онда әлемдік экономиканың бір бөлігі еркін рынок жағдайында қызмет атқаратын болса, екінші жартысы өзіндік сипаты бар трансұлттық корпорациялар стратегиясының аясында әрекет етеді деп айтуға әбден болады.Ал, бұл жолдың өзі конвергенциялық (өзара кіріккен, жақындасқан) экономикалық жүйеге жетелейтін бағыт болып табылады. Мұнда жоспарлы және рыноктық экономика араласқан шаруашылық жүргізу әдістері бастау алып жүзеге асады. Реттеу субъектілері қатарынан Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы т.с.с. орын алады. Аталмыш ұйымдар займдар мен кредиттерді бере отырып өздеріне қолайлы шарттарды таңдау арқылы мемлекеттерге экономикалық, саяси ықпал жүргізеді.

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың көпшілігінің санасы нарыққа бейімделіп, олар жаңа жағдайда көңіл көншітер жақсы ұмтылыстар танытып жатыр.Қазақстан  нарықтық экономика құрды. Қазір жеке сектор экономикалық процестерде басымдық жағына шықты. Өнімнің 80 пайызын бүгінде жеке сектор өндіреді.Үздік халықаралық практиканың негізінде біз экономиканы әртараптандырудың қазіргі заманғы инфрақұрылымын құра білдік. Бұл біздің холдингтеріміз, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, индустриалдық парктер, венчурлік қорлар және технологиялық бизнес инкубаторлары болып саналады.Жыл сайын экономикаға 25 млрд.-тан астам АҚШ доллары көлемінде негізгі капиталға инвестиция түсуде. Индустриалдық стратегия шеңберінде бүгінде жалпы сомасы шамамен 7 млрд. АҚШ доллары маңайында болатын 180-нен астам инвестициялық жобаларды жүзеге асыру басталды.Елдің өңдеуші саласына трансұлттық капитал қатты қызығушылық танытуда.Әлеуметтік саладағы, экономика мен саясаттағы қол жеткен табыстарымыз бен шыққан белестеріміз -бұл біз алған бағыттың нақты барометрі, таңдаған жолымыздың дұрыстығының айқын куәсі.Біз реформаға дейінгі экономиканы қалпына келтіріп қана қоймай, сонымен бірге қысқа мерзім ішінде ішкі жалпы өнімді екі есе көбейттік.Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім мөлшері өткен бес жылда төрт есе - бір жарымнан жеті мың АҚШ долларына дейін өсті.Қор жинап қана қоймай, болашаққа инвестиция жасауға да мүмкіндік беретін елеулі қаржы ресурсын жинақтадық.Көнеден келе жатқан мына бір аксиома әділ айтылған: «Алға қарай жүрмесең - ол шегіну деген сөз».Әлемдегі экономикалық түрлі сілкіністерге қарамастан еліміздің прогрессивті вектор бойынша дамуы нақ осыдан, яғни ішкі тұрақтылықты қамтатамыз ету тактикасын таңдай білгендіктен де, біз жалпы қазіргі заманғы әлем үшін негізгі қатер төндіретін саяси және ұлтаралық күйзелістерден аулақ болдық. Мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ жеке бизнес пен бюджеттік, әлеуметтік салада жұмыс істейтін азаматтарды елдік мүдде мен отандастарымыздың өмірін жақсартуға деген ортақ ұмтылыс біріктіруде.

Жаңару жолындағы серпіліс жасау үшін бізде қандай объективті жағдай бар?

Бұл - біріншіден, саяси тұрақтылық. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау және білім беруді дамыту, әлеуміттік жағынан аз қамтылған халықты  қорғау негізіндегі ілгерілемелі әлеуметтік саясат.  Бұл қазіргі заманғы  заңнамалық база, халықаралық қолдау, сондай-ақ алдағы болатын ЕҚЫҰ-ға біздің төрағалық етуіміз.

 Еліміз айтарлықтай экономикалық ресурс жинады. Қазақстан біртіндеп өңірдің іскерлік орталығына айналып келеді. Еліміздің экономикасының ауқымы Орталық Азия өңірі мемлекеттерінің экономикасын қоса алғанда, олардан 3 есе артық.Таяуда әлемнің ірі мемлекеттері – АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Араб елдері басшыларымен болған кездесулер біздің елімізге деген ауқымды инвестициялар салуға орасан қызығушылықты дәлелдеп отыр. Бұл біздің елімізде жасалған іскерлік және инвестициялық қолайлы климаттың куәсі. Бүгінде біздің жоспарымызда 20 миллиард АҚШ долларынан асатын маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру міндеті тұр.Сонымен қатар, Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында біз өңір елдерімен тікелей инвестициялар қорын құру ісін қолға алып жатырмыз. Алда тұрған жаңару жолындағы зор серпіліс үшін алғы шарт болып табылатын осы аталғандардың баршасы бір-бірімен өзара байланысты. Және де тек оларды кешенді түрде жүзеге асырғанда ғана іс нәтижелі болмақ.Қазақстан  тәуелсіздігін  жариялаған  күннен  бастап  республика  экономикасында күрделі  бұрын  соңғы  болмаған  өзгерістер  болды.  Реформа  экономикада  әлеуметтік жағдайларда да бағыт алуды өзінің мақсаты етіп қойды, оған жету, бұрын республикада қалыптаспаған экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді қажет етті, ал оны жүзеге асыру күрделі де ауыр процесс екені белгілі.Қазіргі  уақытта  Қазақстанның  әлемдік  экономикалық  жүйеден  бөлектенген болашағы жоқ, сондықтан республиканың дүние жүзілік капитал қозғалысына енуі үлкен жетістіктерге жеткізіп отыр деуге болады.Әлемдік  тәжірибе  дәлелденгендей,  капиталдың  халықаралық  миграциясы, шаруашылық  өмірі  барлық  ұлттардың  қарым-қатынасының  теңдігінің  тереңдеуіне келтіреді.  Бұл жағдай  капиталдың  өзара қозғалысының дамуы,  әсіресе  өндірісі  дамыған елдер арасындағы қатынастарда жақсы білінеді.Бір өнеркәсібі дамыған елдің, басқа елге капитал шығаруының өсуі, халықаралық еңбек бөлнісінің тереңдеу заңдылығына сәйкес жүргізіледі. Қазіргі заман өндірісіне ҒТП-ң  әсер  етуі  одан  әрі  күрделілікті  көбейте  түсуде.  Өнімнің  соңғы  нәтижесін  беретін өндірістер,  қазіргі    кезде  әртүрлі  елдерде  орналасқаны белгілі.Сондықтан өндірістің халықаралық мамандандырылуы мен кооперациясының дамуы одан әрі дами бермек.Капитал  табиғаты  ол  бір елде  қозғалмай жата  алмайды.  өнеркәсібі  дамыған елдердің  ірі компаниялары  ұлттық  шеңберден өтіп,  трансұлттық сипат алады.  Әртүрлі елдердің кәсіпорындары бар, ірі трансұлттық компаниялардың қалыптасуы халықаралық мамандандыру  мен  кооперацияның  қалыптасуының  тездетілуіне  жеделдеуіне  әкеліп соғады.  Сондықтан  трансұлттық  компания  капитал  қозғалысы негізінде елдің экономикалық өзара байланысын тереңдететін фактор. Әлемдік  тәжірибе  көрсеткендей  шаруашылық  ісінде  “шетелдік  инвестиция” терминін  пайдаланудың  ұқсас  еместігі  әртүрлі  айтыс-тартысты  жағдайға  соқтырады. Соның кесірінен оны реттеуге көп уақыт пен ақша жұмсауға тура келеді.Бұл  категорияны  талдағанда  бұған  қаржы  салудың  мынадай түрлерін  жатқызуға болады:

а)  материалды  заттай  –  яғни,  түрліше  өндіріс  салаларында  тауар  өндіруге, қолданылатын құрал-саймандар, станоктар, механизмдер.

б)  қаржылық-бұған,  несие-қаржылық    қызмет  және  бағалы  қағаздармен  жұмыс жасау.

в)  ой  еңбегінің  өндірісті  басқару  тәжірибесін,  мамандар  дайындау,  лицензиялау, біріккен  ғылыми  еңбектерді  жасау  “коу-хоу”  және  бұған  букіл  шетелден  әкелінген капитал жасайды.

Шетелдердегі  әртүрлі  экономикалық  мектептер  шетел  инвестицияларын  түрліше анықтайды.  Ғылыми  деңгейде және күнделікті  өмірде бұл  жөніндегі  түсініктер  біркелкі емес.  Мысалға,  экономиктердің  айтуынша  “инвестиция  сөзі  барлық  уақытта экономикадағы  пікірдегідей  мағына  бере  алмайды”.  Біздің  ойымызша,  “таза инвестициялау”  немесе  капиталдың  қалыптасуы,  қоғамдағы  нақты  капиталдық  ғимарат,

құрал-сайман,  материалдық  өндірістік  қор  және  т.б.  таза  өсуі  есептеледі.  Тұрғын  адам пікірінше”инвестициялау”  -  ол  жер  сатып  алса,  айналыстағы  бағалы  қағаздар  немесе меншіктің басқа түрлері. Ал экономистер үшін трансперттік (волютаны немесе алтынды 1 елден  2-ші  елге  аудару)  іс-әрекеттер.  Біреу  инвестициялағанды  басқа  біреу рейнвестициялайды.Бүгінгі күні Қордың жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып табылады.  2011 жылғы 26 мамырда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазақстанның  инвестициялық  қоры»  АҚ-ның  2010  жыл үшін  жылдық  қаржылық есептілігі бекітілді. «ҚИҚ» АҚ 2010 жылғы қызметінің нәтижелері бойынша, шығынмен аяқталған  өткен  жылғы  көрсеткіштермен  салыстырғанда,  2  675  664  мың  теңге мөлшеріндегі таза табыс алды. Алдыңдағы жыл үшін «ҚИҚ» АҚ активтерінің мөлшері 6 миллиард теңгеге ұлғайып, 25 619 694 мың теңгені құрады. Сонымен қатар 2010 жылдың нәтижелері бойынша «ҚИҚ» АҚ жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на жыл қорытындылары  бойынша  таза  табыстан  15%,  яғни  398  390  250  теңге мөлшерінде дивиденд төлеу туралы шешім қабылданды.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Гос. рег. рыночный экономики » - Кушлин: Москва-2000
  2. «Эк. Мем. Рет. өзекті мәселелері » Ихданов, Орманбеков: Алматы-2002
  3. «Гос. рег. условиях Казахстана » Мамыров: Алматы -1998
  4. «Гос. и бизнес » Мамыров, Брузатый: Алматы-1999
  5. «Қ. Р. Индустриялды – инновациялық дамуының 2003-2015 ж. арналған стратегиясы » :Астана-2003
  6. www.edu.gov.kz сайтынан алынған мәліметтер

Информация о работе Трансұлттық капитал