IT-саласындағы мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 11:05, реферат

Краткое описание

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам мен технологиялық мәдениет дәуірі. Бүгінгі таңда білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айырықша. Өйткені бұл жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі болып табылады. Қазірде «инемен құдақ қазғандай» білім алу – уақыт талабы. Бүгінгі жаһандану заманында білімділік, әсіресе IT-саласындағы білімділік еңбек нарығының талабы. IT саласын тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Еліміз тәуелсіздік алғалы білім саласы реформаландырудың түрлі сатысынан өтуде. Соның ішінде IT саласына да назар аударылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Пралиева Н.Қ. .docx

— 25.13 Кб (Скачать документ)

IT-саласындағы  мәселелер

ІІ курс магистранты  Пралиева Н.К.

«Сапалы білім беру Қазақстанның индустриялануының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» . Елбасы биылғы Жолдауында осындай айқын міндет қойды. Тәуелсіздіктің жиырма жылында білім жүйесінде болған  үлкен өзгерістер   еліміздің бұл деңгейге шығуына толық мүмкіндік береді. 

  ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам мен технологиялық мәдениет дәуірі. Бүгінгі таңда білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айырықша. Өйткені бұл жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі болып табылады.

Қазірде «инемен құдақ  қазғандай» білім алу – уақыт  талабы. Бүгінгі жаһандану заманында  білімділік, әсіресе IT-саласындағы білімділік еңбек нарығының талабы.  IT  саласын тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр. Еліміз тәуелсіздік алғалы білім саласы реформаландырудың түрлі сатысынан өтуде. Соның ішінде IT саласына да назар аударылған.

Ақпараттық технологияларды  қолданыстың түрлі салаларына бөліп  қарастырайық:

Бірінші IT-сала – өз есептеу жүйелерін жасау,  микроэлектроника, аппараттық  қор, жүйелік логиканың жеке жиынтығын, процессорларды жасау. Қазіргі таңда бұл сала тек мемлекеттік тапсырыс болса ғана жұмыс атқаруы мүмкін. Алайда бұл саланың көмегісіз жеке ғарыш бағдарламасын, авиациялық және басқа да «жоғарғы технологияларды» дамыту қиынға соғады. Бұның бәрі мемлекет үшін алдыңғы қатарда тұратын мәселе болмаса, елдің технологиялық дамуы артта қалуы мүмкін. Бұл саланы «ұлттық приоритетті» деуге болады.

Барлық техниканы ел ішінде шағыру керектігі жайлы айтылып  тұрған жоқ әрине, алайда 100% технологиялардың импортына өтуге де болмас. Бұл мемлекеттік салалар ескере бастаған процессорларға да, операциялық жүйелерге де қатысты айтылған. Нақтырақ айтатын болсақ спутникпен бақылау жүйесін жасау, қозғалмалы байланыс жүйесін жасау, өндірістік мақсаттарда пайдаланылатын қондырмалы процессорлар жасау, түрлі ғылыми мақсаттардағы программалау, өндірістік үдерістерді басқаруды автоматтандыру жүйелерін жетілдіру сынды жұмыстар осы салаға қатысты. Бұл саланың мамандары елдің ең жақсы жоғарғы оқу орнындарында көпсалалы ұстаздармен дайындалуы қажет. IT-мамандарыныңы арасында осы сала мамандары аз болады.

Екінші IT-сала – бұл «коммерциялық бағдарламалау». Бірінші салада программисттер де бар, ал екінші салада сөз болатын пограммисттер тек коммерциялық бағыта жұмыс атқарушылар. Бұл сала қаражат табудың жақсы көзі болғандықтан «ұлттық приоритетті» саланың жақсы дамуына кедергі болуы ғажап емес.

Үшінші IT-сала – бұл көбіне «программист жұмысы» деп қате аталады. Бұл сала түрлі бизнес-үрдістерді сонымен қатар өндірісті автоматтандыру үшін сан қырлы шешімдерді қолдау әрі енгізу жұмыстарымен айналысады. Бұл сала да жоғарғы біліктілікті талап етеді. Мұнда мамандар тапшылығы да сезіледі, себебі атқарылатын жұмыс өте көп. Бұл саланы екіге бөліп қарастыруға болады: программалық және аппараттық. Бірінші бағыты бағдарламалық жасақтамаларды қолдау және  жасаумен айналысса, екінші бағыты инжинерлік жұмыс болып келеді. Ең болмағанда 10-20 дербес компьютері бар мекемелерде екі бағыттың мамандары да табылуы мүмкін.

Үшінші IT-салаға қаржы көп  бөлінетін болғандықтан бұл саланың  дамуы жоғарырақ болып келеді. Болашақта да солай болмақ, себебі, қоғамды копмпьютерлендіру (телефон  байланысымен жабдықтау, т.б. технологиялармен толықтыру) әлі де аяқталған жоқ. Сол себепті бұл салада жақсы білімі әрі жоғарғы потенциалы бар көптеген мамандар еңбек атқаруда. Олардың кейбір бөлігі «элиталы» деп саналатын екінші IT-салаға өтеді. Ал «ұлттық-приоритетті» салаға ауысатын мамандар саны аз. Себебі, «ұлттық-приоритетті» саланың маңызды мәселелрін шешуге кәсіби дайындығы жоғарғы деңгейге жеткен маман «коммерциялық программалау» саласына араласуды жөн санайды.

IT-технологиялардың үшінші  саласында мамандар тапшылығы сезіледі, себебі бұл сала мамандарына сұраныс жоғары. Бұл салада жиі кездесетін жағдай: маман жұмысқа кірісер алдындағы білім деңгейі төмен болып келеді де қажетті іскерлікті жұмыс барысында үйренеді. Үшінші салада шеберлігін шыңдап, іскерлігі артқан уақытта «коммерциялық бағдарламалау» саласына ауысатыны да бар. Техникалық және педагогикалық жоғарғы оқу орындарды бітірген түлектердің университет қабырғасында алған білімдері, IT-саласының әлемдік талаптары көнделікті өзгеріп тұрғандықтан, жеткіліксіз болып жатады. Жоғарғы оқу орындар оқу бағдарламаларын еңбек нарығына сай өзгертіп отырса жаман болмас еді. Бұл сұрақ ең алдымен бакалаврладды дайындауда ескерілу керек.

IT саласындағы білім алу  - заман талабы және Қазақстандағы  жаңа бағыт десе болады. Мұнда  ұстаздар ұжымының кәсіби дағдысы  ғана емес, сонымен қатар студенттерден  мектеп қабырғасында алынған  білімдерінің тереңдігі талап  етеді. Иновациялық салада жоғары  нәтижелерге қол жеткізу үшін  орта мектептен жоғарғы білімге, одан әрі IT салаға жететін нақты тізбек құруға ұмтылу керек. Қазақстандық жоғарғы оқу орындарды оқу бағдарламалары 3-5 жылда жаңартылып тұратын болса, IT саласында білім беру бағдарламалары жыл сайынғы жаңартуды артық етпес. Аталмыш саладағы мамандардың кәсіби дайындығын шыңдау үшін, ең алдымен орта мектептердегі білім дайындығына назар аудару керек.

IT саласында білім беру мазмұнын  жаңартуды заман талабына сай  жұргізу оң әсерін береді. Алайда кез-келген жаңарту «жеті рет өлшеп бір рет кесетін» мәселе екенін естен шығармаған жөн. Қазақстанда IT-білімді колледждерде алынатын арнаулы орта, бакалавриатта, магистратурада және  PHD-да алынатын жоғарғы білім деп бөлу дұрыс.

Қазіргі таңда  аталмыш сала толық  аяққа тұрған жоқ, енді қалыптасу  үстінде. Мемлекет тарапынан көптеген қаржылай көмек қарастырылған, жыл  сайын көптеген мемлекеттік гранттар бөлінеді. Әрине тек қаржымен мәселенің  шешілмейтіні анық. IT-саласындағы  білім  берудің  Мемлекеттік  стандарттарын  жетілдіру қажет: жоғарғы оқу  орындарына бағдарламалар мен жоспарларды  құруда еркіндік қажет.  Қазақстандағы IT-ғылым өте жас әрі тез дамуда, сондықтан барлық академиялық ғылымдарға қойылатын талаптарды IT-білім беру үрдісінен талап ету қиын. Жыл сайын жақсы жаңалықтар болып тұрады әрине, инфрокоммуникациялық технологиялар саласы бойынша білім берудің халықаралық стандарттарына  шығуымыз алыс емес шығар.

Қоғам дамуының қос қанаты - білім мен ғылымға қолдау көрсету  ерекше мәнге ие. Білім мен ғылымның өркендеуі қай мемлекеттің де өркениеттілік деңгейінің негізгі өлшемі болып қала береді. Елбасының биылғы Жолдауында «Сапалы білім беру Қазақстанның индустриялануының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс», - деп айқын міндет қоюы осыдан болса керек.

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

  1. www.mtrk.kz
  2. http://profit.kz/articles/
  3. http://www.astana.kz/ru/modules/material

 


Информация о работе IT-саласындағы мәселелер