Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 14:42, реферат
Жүйе (лат. systēma, гр. Σύστημα – бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы; агрегаттар мен машиналардың территориялық принциппен емес, жұмыс істегенде атқаратын міндетіне негізделіп біріктірілген құрылымдар жиынтығы.
Кіріспе
Файлдық жүйе (Файловая система; file system) — 1) каталогтар мен файлдарды ұйымдастыру, оларды құру ережесі; 2) операциялық жүйедегі файлдарды ұйымдастырудың көп сатылы (иерархиялық) бұтақ тәріздес құрылымын ұйымдастыру. Файлдармен жұмыс істеудің жалпы құрылымы. Осының көмегімен файлдарды атау, сақтау және өңдеу операциялары орындалады. Ең көп тараған файлдық жүйелер: FAT, HPFS, NTFS және т.б.
1.Жүйе туралы мағлұмат және оның түрлері
Жүйе (лат. systēma, гр. Σύστημα – бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы; агрегаттар мен машиналардың территориялық принциппен емес, жұмыс істегенде атқаратын міндетіне негізделіп біріктірілген құрылымдар жиынтығы.
Материалдық жүйе
Материалдық жүйенің өзі органикалық емес табиғат жүйесі және органикалық (тірі) табиғат жүйесі болып бөлінеді. Органикалық емес табиғат жүйелеріне физикалық, геологиялық , химиялық, т.б. жүйелер жатады. Органикалық жүйеге, яғни тірі жүйелерге қарапайым биолигиялық жүйелер, организмдер, популяциялар, түрлер (қ. жүйеленім), экожүйелер жатады. Органикалық жүйелердің ерекше түрі – әлеуметтік жүйе. Оған қоғамдағы қарапайым әлеуметтік бірлестіктерден бастап, сол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымына дейін енеді.
Абстрактілік жүйе
Абстрактілік жүйелерге жүйе туралы ұғымдар, гипотезалар, теориялар, ғылыми білімдер, лингвистикалық (тілдік) жүйелер, формалды жүйелер, логикалық жүйелер т.б. жатады.
Тұрғылықты жүйе
Кейбір зерттеушілер жүйелерді басқаша да жіктейді. Мысалы, тұрғылықты (статикалық) жүйе және қозғалмалы (динамикалық) жүйе.
Тұрғылықты жүйелер
Қозғалмалы жүйе
Қозғалмалы жүйелерде оның құрамдас бөліктерінің, тіпті, құрылымының өзгерістері ұдайы болып тұрады.
Жабық жүйе
Тағы бір зерттеушілер жүйелерді жабық жүйе және ашық жүйе деп бөледі.
Жабық жүйелер сыртқы ортадан мейлінше оқшауланған. Барлық тұрғылықты жүйелер жабық жүйе болып саналады. Бірақ бұл жағдай олардың ішінде қандай да бір өзгеру процестерінің болуын жоққа шығармайды.
Ашық жүйе
Ашық жүйелер басқа жүйелермен және сыртқы ортамен ұдайы өзара әрекеттестікте болуымен ерекшеленеді. Олардың арасында зат, энергия және ақпарат алмасу процесі жүреді. Барлық ашық жүйелер қозғалмалы жүйелер болып табылады.
Механикалық жүйе
Олар, сондай-ақ, өздігінен тұрақтанатындығымен және реттелетіндігімен сипатталады. Жіктеудің тағы бір үлгісі бойынша, жүйелер механикалық жүйе, органикалық жүйе және гармониялық жүйе болып бөлінеді.
Механикалық жүйе құрамдас бөліктердің қарапайым жиыны емес, алайда олардың төмендегідей ерекшеліктері болады:
а) бөліктерден құралады;
ә) оның құрамдас бөліктерін жеке де, сондай-ақ тобымен де басқа құрамдас бөліктермен ауыстыруға болады. Механикалық жүйелер, әдетте, тұрғылықты және жабық болады.
Органикалық жүйе
Органикалық жүйелердің де өзіндік ерекшеліктері бар:
а) олар жекелеген, алдын-ала дайын құрамдас бөліктерден құралмайды, қайсыбір бастапқы құрамдас бөліктің (клетка мен эмбрион тәрізді) біртіндеп және қайтымсыз бөлінуі арқылы басқа құрамдас бөліктер өніп шығады;
ә) олардың тұтастығын, құрылымын бұзбай, оған бірнәрсені енгізу, я болмаса алып тастау мүмкін емес. Барлық органикалық жүйелер қозғалмалы жүйелер болып табылады. Әдетте, олар салыстырмалы түрде ғана ашық жүйе болып саналады, ал шын мәнінде олар жабық жүйе.Ал гармониялық жүйелер нағыз ашық жүйелер болып табылады.
2.Файлдар және файлдық жүйелер
Файлдық жүйе – тасушылардағы ақпараттың орналасуының ортақ, алдын-ала анықталған ережелер жинағы.
Файл – ортақ логикалық мәні мен атауы бар қатты дискідегі аймақ.
Файл аты – файл қасиеттерінің біреуі, файлға тура сілтеп тұрады.
Белгілі бір көлемдегі ақпаратты сақтайтын құрал бар делік, осы сақтау құралы қажетті ақпаратты оқуды қамтамасыз етеді де, қолданбалы бағдарлама арқылы белгілі бір мәліметті сыртқы жадыға енгізеді.
Бұл жағдайда қоданбалы бағдарламаға оның ақпараты қай сақтағышьа және қай жерінде сақталғандығын білу керек. Қолданбалы бағдарламалар сақтағыштарға қарағанда көп болғандықтан, олар бір сақтау құрылғысын пайдалана алады.
Егер бір бағдарламаға өзінің ақпараттарын сақтағышқа қосу керек болса, қарама-қайшылық тууы мүмкін.Яғни бір программаның мәліметері басқа программамен жазылады.
Ақпараттық жүелердің дамуында маңызды қадамдардың бірі файлдарды басқарудың орталықтандырылған жүйесіне көшу.
Файлдарды басқарудың орталықтандырылған жүйесі(ФБОЖ)- файлдарды құруға, өңдеуге, көшіруге арналған жүйе.
Қолданбалы программалар бойынша файл- сыртқы жадының аталған аймағы, оған мәліметтерді жазуға және одан мәліметтерді алуға болады. Мәліметтерді оқу(алу) үшін оның сыртқы жадының қай аймағында орналасқандығын(файл аты), көлемін, сыртқы жадының физикалық орнадасуын білу керек.
Файлдарды басқару жүйесі төмендегі функцияларды орындайды:
• Сыртқы жадыны үлестіру;
• Файлдар белгіленген сыртқы жады адресінде көрсетіледі;
• Мәліметтерді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Қолданбалы бағдарламалар файлдарды сызықтық түрде көреді де, оларға бірнеше операциялар жүргізе алады. Файлдарды басқару жүйесіндегі негізгі операциялар:
• Файл құру(белгілі бір типтегі және көлемдегі);
• Құрылған файлды ашу
• Қандай да бір жазбаны файлдан оқу;
• Жазбаны өзгерту;
• Файлға жазбаны қосу.