Windows туралы жалпы мағлұмат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 15:08, реферат

Краткое описание

Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS(PC)-DOS операциялық жүйесі болатын. MS-DOS операциялық жүйесінің бір адамның жұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешеді,компьютердің тек 640Kб жедел жадын ғана(RAM) пайдалана алады.
MS-DOS операциялық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы программаларға 1Mб -тан артық жедел жадын қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен толықтырған болатын.Адам мен компьютер арасындағы байланыстырушы қызметін,яғни пайдаланатын негізгі интерфейс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарады.Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ -ді басқаруға арналған жүзден аса командалар,пернелерден енгізіліп барып орындалады

Содержание

I. Кіріспе бөлім:
Windows туралы жалпы мағлұмат.

II.Негізгі бөлім:
Windows жүйесінің негізгі функцялары;
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары;
Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері;
Windows -ті іске қосу;
Windows -тің анықтамалық жүйесі;
Windows жүйесінің стандартты программалары.

III.Қорытынды бөлім

Прикрепленные файлы: 1 файл

Windows+туралы+жалпы+мағлұмат.doc

— 79.00 Кб (Скачать документ)

  Windows-ті іске қосу

Windows 98 операциялық жүйесі компьютер  ток көзіне қосылысымен жедел  жадқа жүктеле бастайды.Windows 3.x  жүйесі MS DOS  үстіндегі жапсырма жүйе болғандықтан әдеттегі қарапайым программа тәрізді жүктеледі, яғни оны іске қосу командалық қатарда win командасын теріп,енгізу пернесін басқанда ғана жүзеге асады. С:> win  командасын тергеннен кейін экранға Windows жүйесі жүктелу кезіндегі стандартты бейне шығады. Оның толық жүктелу  уақыты 1-2 минутқа созылады. Егер мұндай уақыт өткенде де стандартты бейне экранда тұра берсе, онда жүйенің жұмыс істеуінде ақау болғаны,мұндайда мамандар көмегі қажет болады.

Windows жүктелген кейін экранға  жұмыс столы шығуы тиіс, Windows 3.x жүйесінде Программа диспетчері  шығады да. Windows 98 -те жарлықтары  мен белгішелері бар қалыптағы  көрініс пайда болады.

MS(PC)DOS  жүйесінде немесе сол  тәрізді басқа операциялық орталарда компьютерді сөндіру ісі оп-оңай орындалады,оның ток келетін қосқышын ажыратса болғаны.

Бұл мезетте кейбір программалар жұмыс істеп жатса жатса да,бұлай ағыту ешқандай келеңсіз жағдай тудырмайды.

Ал  Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мынадай әрекеттерді орындау қажет:

  • жұмыс істеп тұрған программаларды жабу(аяқтау);
  • Windows-тен шығып жұмысты аяқтау ісін орындау;

Windows жүйесі компьютер құрылғыларын  толық пайдаланып, оларды толық  басқарып отырады. Бұл сәттерде Windows уақытша пайдаланатын файылдарды  жасап алады. Windows жұмысты дұрыс аяқтаса, ол файлдар өз-өзімен жойылады. Егер жұмыс дұрыс аяқталмаса, ол файлдар дискіде сақталып қалып, біраз орын алып тұрады.

Сондықтан Windows жүйесінде тұрып жұмысты аяқтау үшін мынадай әрекеттер орындалуы тиіс:

Windows 3.x жүйесінде

1.Тышқан курсорын Программа  диспетчерінің жүйелік батырмасына  алып барып,оны екі рет шерту  керек немесе бір шерту арқылы  Жүйелік менюді бейнелеп,оның  операцияларының (мүмкіндіктерінің) ішінен  «Жабу» командасын таңдау қажет.

     2.”ОК»

   басқару батырмасын таңдап тышқанды шерту керек.

 Бұл батырма бастапқыда тіктөртбұрышпен  қоршалып белгіленіп ұрады,бұл  оның үнсіз келісімі бойынша  таңдалып тұрғанының белгісі.Енді Enter пернесін бассақ,компьютер сол  батырмаға сәйкес команданы орындайды.

  Windows 98 жүйесінде.

1.Тышқан курсорын Іске қосу (Пуск  немесе Start) батырмасына алып барып,оны  бір шерту керек те,меню командаларының  ішінен “Windows-бен жұмысты аяқтау”(Завершение  работы с Windows)командасын таңдау  қажет.Мұнан кейін “Windows-бен жұмысты  аяқтау” атты сұхбат терезесі шығады. Бұл терезені Alt+F4 пернелері арқылы да шығаруға болады.

2.Экранда сұхбат терезесінде  көрініп тұрған ауыстыру тобындағы  « Компьютерді өшіру»(« Выключить  компьютер») жолын таңдап алып, «  Иә »( Да ) батырмасын басу керек.

Ауыстыру тобындағы бір әрекетті таңдау  үшін -тышқан курсорын сол әрекетке сәйкес дөңгелекке не мәтінге алып барып, тышқанды бір рет шертсе болғаны.

3. Windows  жұмысын аяқтап, терезені  жапқанша күте тұрып,соңынан компьютерді  сөндіру қажет.

 

  Windows- тің анықтамалық жүйесі.

  Программалық жабдықтар интерфейсіндегі негізгі элемент болып оның анықтамалық жүйесі саналады, онда әрбір адамға қажетті информация толық түрде болуы тиіс. Windows ортасының бір артықшылығы ретінде оның анықтамалық жүйесінің барлық программалық қолданбалар үшін бірдей етіп құрастырылған. Сондықтан біз программаның анықтамалық жүйксімен таныс болса, қалғандарының құрылымы да сондай болғандықтан, керекті информацияны қиналмай іздеп табуға болады.

Windows ортасы мен оның ішіндегі  стандартты қосымша программалардың бәрінің де бір-бірінен тармақтала өрбитін анықтамалық жүйесі( бұдан кейін анықтамасы ) бар, ол жұмыс кезінде туатын кез-келген сұраққа жауап бере алады.  Windows ортасында кез келген анықтаманы бұлай шақыруға болады:  Windows3.x жүййесі үшін  - Программа диспетчері терезесінің жоғарғы жағындағы көлденең орналасқан менюдегі Анықтама ( справка )  пунктінің Мазмұн ( содержание ) командасын таңдау керек;

  Windows98 жүйесі үшін – Іске  қосу ( Пуск ) менюінің Анықтама ( Справка ) командасын таңдау керек.

  Windows жүйесінің өзінде және  оның қосымшаларының бірсыпырасында  анықтаманы  сұхбат терезесі арқылы  алу мүмкіндігі бар. Кез келген  сұхбат терезесінде Көмек батырмасы  бар. Оны таңдап алсақ экранға  анықтамалық жүйе шығып, Анықтама  терезесіне сол сұхбаттасу мүмкіндігінің жұмысын баяндайтын информация шығарылады.

Файлдармен жұмыс істеу

  Қазіргі кезде қолданылатын операциялық жүйелердің барлығы файлдармен жұмыс істейді.  Windows бұл жұмыстың қомақты бөлігін өзіне қаратып алды деуге болады, яғни ол әрбір адамды дискідегі файлдармен қатынас жасау оларды үнемі қадағалау қажеттілігінен босатты. Мысалы, қандай да бір программа белгісіне тышқан курсорын апарып, оны екі рет шертсек, соған сай келетін программалық файл іске қосылады, бұл сәттерде файлдың қай жерде орналасқанын әркімге білу міндет емес. Мұның өзі  Windows жүйесінің және ондағы барлық қолданбалы программалардың файлдық жүйемен қатынас құра алатынының айғағы болып табылады.

Әдетте әрбір адам дискіден файл оқу үшін не оған басқа файл жазу үшін, сондай-ақ қолданбалы программаларды іске қосу үшін файлдық жүйеге жүгінеді.

Файлдарды ашу және сақтау терезелері 

   Windows жүйесінің көптеген программалары дискіден информацияны оқу және оны толықтырып, өңдеп қайта дискіге жазу операцияларын орындаудан тұрады. Осы операцияларды орындау барысында Парақтау( Пролистать ) терезесінің аналогымен жұмыс істеу керек болады, ол -жұмыс Парақтау және Сақтау терезелеріне өте ұқсас Ашу тересі.

 Windows жүйесінің стандартты программалары.

  Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді,

мысалы:

  • мәтіндік құжаттар дайындау;
  • графикалық бейне -көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;
  • жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;
  • математикалық есептеулеррді орындау және т.б.

  Әдетте бұл қосымша программалар « Стандартты » тобында орналасқан.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Операциялық жүйе кез келген компьютердің ең қахет құрамдас бөлігі және ол компьютерді басқаруға, ақпаратты сақтауға, оған қосылған барлық құрылғылардың жұмысын ұйымдастыруға арналған программалардың жиыны болып табылады. Операциялық  жүйе адам мен компьютердің өзара байланысын қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде Windows  -барлық дербес компьютерлерге арналып кең таралған операциялық жүйе. Windows -тің кеңінен таралуына себеп, оның қолайлығы, түсініктілігі, графикалық интерфейсі, бірнеше программалармен қатар жұмыс жасау мүмкіндігі және жаңа жабдықтардың автоматты түрде бапталуы сияқты ерекше қасиеттерін атауға болады. Windows  бірнеше операциялық жүйелерді біріктіреді, олар бір-біріне ұқсас болғанымен, әр түрлі мүмкіндіетері бар және әр түрлі мақсаттарға арналған.

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Е. Қ. Балапанов, Б. Б. Бөрібаев, А. Б. Дәулетқұлов.

       Жаңа информациялық  технология, Информатика. Алматы 2004.

  1. Н. Ермеков , Н. Стифутина .

      Информатика. Алматы«  Атамұра » 2007 

 


Информация о работе Windows туралы жалпы мағлұмат