Тест бағдарламасын жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 12:49, дипломная работа

Краткое описание

Оқытушының бақылау-бағалау қызметін тиімді жүргізілуі көп жағдайда, оның оқыту нәтижелерін бақылау жұмыстарын қаншалықты ұтымды етіп ұйымдастыратындығына және ол үшін пайдаланылатын бақылау құралдарының сол құралдардың әдістемелік және психика-педагогикалық талаптарына қаншалықты сәйкестілігіне байланысты болып келеді
Қазіргі заманғы компьютерлік диагностика мен тест өткізудің әдістемелерін қолға алуға көбінесе информатика пәні оқытушылары жақын тұрады, бірақ, өкінішке орай, біздің кабинеттерімізде комьютерлік тестілер тіпті аз.
Зерттеліп отырған тақырып, Delphi програмамалау тілінде компьютерде тест жасауға арналған бағдарлама жасауға итермеледі.

Содержание

Кіріспе
I. Жалпы бөлім
1.1. Тест және оның қолданылуы
1.2. Delphi ортасымен танысу…………………………………
1.3. Құрал саймандар батырмалары…………………………
Программалар код терезесі…………………………...…
ІІ. Арнайы бөлім:
2.1. Есептің алгоритмі…………………………………………
2.2. III. Өндірісті ұйымдастыру
ІV. Қорытынды
Есепті қорытындылау…………………………………....
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………
Программа листингісі…………

Прикрепленные файлы: 1 файл

тест.doc

— 855.50 Кб (Скачать документ)


Сонымен қатар оқушылардың  білім деңгейін сырттан бақылауды  және олардың өзін - өзі бақылауын  қамтамасыз  ету мақсатында қолданылады.

Жоғарыда айтылғандарды  негізге ала отырып курстық жұмыстың мақсаты – тестілік бағдарламаларды генерациялау, яғни тест жасауға арналған жоба.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1.1. Тестер және тестілік әдістемелер

Тестілер мен тестілік әдістемелер психологияда, социологияда, педагогикада өткен ғасырдың аяғынан  бастап пайдаланыла бастады. 

Тест терминін тұңғыш рет Ф.Гельтон енгізді, ал оның кеңінен таралуы американдық психолог Дж.Кеттелдің «Интеллектуалдық тестілер және өлшемдер» деп аталатын мақаласынан кейін кең өріс ала бастады.

Тестілерді алғашқы  болып білім беру жүйесіне кеңінен  пайдаланудан, француз психологы А.Биненің интеллектуалдық дамуы төменгі дәрежедегі балаларға арнап таңдаған тестілері сериясын (1904 ж.) айтуға болады. Сосын АҚШтағы (Стенфорт университетінде) осы әдістеменің негізінде JQ коэффициенті ұсынылған болатын. Қазіргі заманғы талапқа сай (1986) редакцияланған нұсқасында ол бүгінгі күні де кеңінен қолданылып жүр.

Тест – оқушының білімін, біліктілігі мен дағдысын бақылаудың немесе оқушы білімінің бір сапалық  қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше түрі болып табылады. Көп жұмыстарда “тест” ұғымы анықталды және дамытылды. “Тест” (ағылшынша Test – байқау, зерттеу, сынау) – психология мен педагогикада сыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу.

Біріншіден – тестілер  тез орындалатындығымен ерекшеленеді. Оларды пайдалана отырып, оқу материалының игерілу деңгейін жылдам түрде тексеруге  және бағалауға мүмкіндік бар.

Мұның өзі негізінен  алғанда, тестілердегі тексеру тапсырмаларының жауаптарын таңдауға мүмкіншілік алу арқылы қол жеткізетін нәрсе.

Осының нәтижесінде,  жауаптың дұрыстығына қол жеткізу  уақыт жағынан алғанда тез  әрі жылдам жүзеге асырылады.

Екіншіден – көпшілік адамдар тестілерді пайдалану арқылы оқытылып жүргендердің білімі мен білігін тексеру мен бақылаудың объективтілігіне шүбә келтірмейді. Оның өзі тексеру түрінің барынша бірыңғайланған қалыпқа түсірілген түрі мен  тестілердің орындалуын бағалау бақылау түріне деген субъективті көзқарастың болмауын қастамасыз етеді деп есептеледі.

Өкінішке орай, бағалау  түріне деген субъективті пікірді  болдырмау,  оқытуды бағалаудың әділдігі мен қолжетімдігіне ықпал етерлік  факторларды түбірімен жоя алмайды.

Үшіншіден – тестілерді бағалау түрі ретінде қолдануға  деген ықылас-ынта соңғы кездері күрт артып отыр, мұның өзі мектептерде оқушылардың білім алу деңгейінің өлшеуіші іспетті, іс жүзіндегі білім стандарттарының енгізілуіне де байланысты.

Оқытушының бақылау-бағалау қызметін тиімді жүргізілуі көп жағдайда, оның оқыту нәтижелерін бақылау жұмыстарын қаншалықты ұтымды етіп ұйымдастыратындығына және ол үшін пайдаланылатын бақылау құралдарының сол құралдардың әдістемелік және психика-педагогикалық талаптарына қаншалықты сәйкестілігіне байланысты болып келеді

Қазіргі заманғы компьютерлік диагностика мен тест өткізудің әдістемелерін қолға алуға көбінесе информатика пәні оқытушылары жақын тұрады, бірақ, өкінішке орай, біздің кабинеттерімізде комьютерлік тестілер тіпті аз.

Зерттеліп отырған тақырып, Delphi програмамалау тілінде компьютерде тест жасауға арналған бағдарлама жасауға итермеледі.

 

1.2. Оқушыларға білім беру стандарттары

Оқушыларға білім беру ісінде ең алдымен қажетті делінетін  нәтижелер талаптарын анықтай отырып, білім беру сапасын арттыру мен  оқушылардың білімі мен біліктілігі деңгейін бақылау  мен бағалау әдістемесінде білім беру стандарттарының атқаратын орны ерекше.

Оқытушының тексеру-бағалау қызметі дегеніміз –оның педагогикалық жұмысының  аса маңызды  бөлігі болып табылады  және  стандарттар осы жолдағы оның бірден-бір көмекшісі саналады.

Білім беру стандарттарының  енгізілуінге байланысты, білім беру жүйесінің кезекті  реформасы  қазіргі кезде  оқыту ісіндегі жетістіктерге қатысты мәселелерді  қайтадан  көкейкесті түсіп отыр. Білім беру  стандартында  білім  беру мазмұнының міндетті саналатын минимумы мен қабылданған  деңгейінің талаптарына қоса, қазіргі заманғы талаптарға да сай стандартқа негізделген, оқушылар орындайтын жұмыстарды  тексеру мен бағалау технологиясын жасау  жолдары  қарастырылуда.

Талаптардың мазмұны  оқыту ісіндегі міндетті нәтижелерге баға берудің критерийіне айналып отыр. Бұл сияқты бағалауға оқушылардың білімі мен біліктілік деңгейін анықтауда,  және оның бітіруші  түлектердің стандартқа сай деңгейді көрсететін талаптарына сәйкес келетін-келмейтіндігіне  қатысты  ең дәйекті тәсіл деген баға беріліп жүр.

Оның  үстіне, білімді, біліктілікті  тексерудің  стандарттық  типтік  бағдарламасының қажеттілігін  ескере  келіп,  анықтағанымыз - тесттің  осы  жолдағы  ең  таптырмас  құрал  екендігі.        

 

1.3.    Тестің мазмұны және мақсаты

Тест  деп  сапалық  және  сандық  дара  ерекшеліктеріне  сай  түрде негізделген  стандартталған,  қысқа,  уақыт  жағынан  шектеулі  сынақтарды  атайды.

Мақсаты  мен   мазмұны  жағынан  тест  мынадай  түрлерге  бөлінеді:

  • Интеллект тестілері, бұл  ойлау  қызметі  мен  танымдық  процесстерді  дамыту  деңгейлерін  талдауға  арналған;
  • Мүмкіншілік тестілері, түрліше  қызметті  меңгеру  мүмкіндігін  бағалауға  арналған;
  • Жетістіктер тестілері,  оқытудан  кейінгі білім,  білік,  іс-әрекет  ете алуды  дамытуды  бағалауға  арналған;
  • Жеке тестілер,  эмоционалды-еріктік  қасиетті  бағалауға  арналған.

Тестілердің  барлық  түрінің  арасынан мектеп  оқушыларының  білім  деңгейін  тексеруде  көбінесе  жетістіктер  тесті  пайдаланылады.

Тестілерді  орындаудағы  басты нәрсе – белгілі  бір  негіздеуге сүйену,  технологиялылық – бағалау  мен  тексерудегі  бірден-бір  біртұтас  процедура.

Тестілік  тапсырманың  құрылымы  мынадай  болуы  мүмкін:


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Біздің еліміздегі білім  беру саласында тестілерді қолдануға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Негізінен алғанда, педагогикалық тестілердің қолайлы жақтары жоқ емес. Оқу үрдісіне қатысты ақпараттардың молдағына байланысты, білімді бақылаудың тестілік формасы оқудың уақытын мейлінше  үнемдеуге әрі тексеруді жылдамдатуға көмектеседі.  Тестілер көп жағдайда баға қоюда субъективтілікті басшылыққа алу, оқытудың икемделген жағына қарай бейімдеу дегендерге мүмкіндік ашады.

Тестілік бақылаудағы  ең басты кемшілік–қазіргі жағдайда елімізде білім сапасын тексеруде, сапалық жағынан жүйеленбеген тест материалдарының тым көп болып отырғандығы.  

Мұның өзі, тестімен оқу  материалын тану деңгейі мен қарапайым  қосу сияқты болмашы бөлігін ғана игеруді тексеруге мүмкіндік  бере алады деген пікірдің қалыптасуына түрткі болды.

Тапсырманың тестілік формасы  – қазіргі кездегі білім беруді ақпараттандырудағы анағұрлым тиімді тәсілі болып табылады. Ал тапсырма мазмұнының күрделілігі деңгейі  білім беру стандартымен анықталады. Мектеп оқушыларының білімі мен білігіне деген талаптар, мазмұндық бағыттар бойынша әрбір нысанның минималды түрдегі білімді меңгеруіне байланысты анықталады.  Білімді түсіну мен қабылдаудың қандай да бір деңгейіне деген талаптар, көп жағдайда конструктивті яғни біркелкі жағдайда білім игеруге қатысты қолдану болып табылады.

Тестінің оқыту нәтижелерін  тексеруге арналған негізгі белгілері  деп мыналарды айтуға болады:

1) Валидтілік – тексеру кезіндегі материалдардың бақылау мақсаттарына сәйкес келуі;

Валидтілік – «тестілеудің қарастырылып отырған материалдар мен оған қатысты диагностикаланушы процедураға сай келетін кешенді сипаты».  егер Нақтылы неге арналғандығына (біздің жағдайымызда ол – оқу материалын игерудің деңгейі деп есептелсін делік) баға беруге болатындай болса, тестіні валидті деп санауға болады.

Педагогикалық тестілерге арналған валидтілік үшін ең бастысы -  белгілі бір өлшемге сай мазмұндылықтың репзенетативтілік деңгейін сипаттайтын  басты құрамдастық болып табылады.

Валидтілік –инструментаридің  және оның сапысының сипаты деуге болады. Валидтілік құралдың қаншалықты жақсы өлшеуге қауқарлы екендігін; әрі құрал тиісті деңгейде валидті ме, оның сапалық көрсеткіші, қасиеті неде,  қаншалықты екендігінің жақсы бейнеленуін  көрсетеді.

Тесті түрлі салада қолдану  аясы, сондай-ақ,  түрлі авторлар арасында көптеген түр мен болжамдар көзге ұрады.

 

  Валидтілік  :

-мазмұнды

-жобалау

-жарыспалы

-дифференциялық

-аяқ астылық  және т.б.

болып бөлінеді.

2) Сенімділік – бақылау материалын пайдалану кезіндегі тестілеу нәтижелерінің тұрақтылығы;

Тестінің сенімділігін анықтаушы факторлар төмендегідей:

  • (үйретудегі) өлшемдік қасиеттерді сәйкес түрде бейнелейтін параметрлерді дұрыс таңдау;
  • Тексеру мен бағалаудағы құралдардың (нақты, анық) технологиялылығы- тексеруді ұйымдастыру жайлы нақтылы нұсқау, валидтілік, тестілердің репрезентативтілігі, бағаның т.с.с. анықтығы;
  • әрбір тестілеу шарттарының бірдейлігі;
  • өлшеуіштің (әркелкілігі) біркелкілігі;
  1. 3) Репрезентативтілік –оқытылып жатқан материалдың толыққандылығы;
  1. 4) Стандарттандырылғандық-тесті жүргізу мен оның қорытындысын шығарудың бірыңғай процедурасы.

(Оқытудағы  не бақылаудағы тестінің құрылымы– пәнді жеткілікті білуден бөлек, тест теориясы негіздерін минималды талап ететін  күрделі де сан салалы процесс. Мен шкала теориясын білуді, тест бойынша атқарылатын жұмыстардың барлығының арасынан, статистикалық сипаттағы талдауға кіретіндей мақсат ретінде қоймаймын.

Бұл аттестациялық тестілерге арналған әзірлік сияқты тестілеу орталықтарының жұмысы болып табылады. Бақылаудың тестілік түрі бақылаудың басқа жалпы қолданыстағы түрлерін алмастыра алмайтынын, тек қана оларды тиімді пайдалана отырып, оқыту уақытының барынша қызықты өтуіне мүмкіндік туғызатынын атап өткен жөн.

  1. Іріктеліп алынған тақырыптың теориялық жағын зерттеп алу арқылы, мен мектепте оқушылар арасында пән бойынша жүргізілетін тестілеудің мәселелерін шешуге тырыстым.

Мұғалімдер арасында жүргізілген сұрақ-жауап нәтижесінде, тестімен жұмыс істеудің барша жұртшылықты  қызықтыратындығын түсінікті болып  отыр: тестілеу бойынша шығып жатқан кітапшаларға, арнайы мамандардың ұсынулары бойынша журналдардағы мақалаларға,  Internet желісінен жаңа сипаттағы әдістемелік жаңалықтарды тауып алып оқуға қатысты, семинарлар мен курстарға, өз еліміздегі және шетелдердегі тестілеу өткізу бойынша түрлі әдістемелерді тауып оқу сияқты нәрселерге, жалпы алғанда, тестілеуге қатысты мәселенің кез-келгеніне көпшілік тарапынан әрдайым қызығушылық байқалып отыратындығы осыны көрсетеді.

Бірыңғай мемлекеттік  емтиханды енгізуде (БМЕ) мемлеттік деңгейде пәндер бойынша тест түрінде эксперимент енгізілуде.  Көптеген оқытушылар қандай да бір тақырып бойынша, оқушы даярлығын бағалауға арналған тест жүргізудегі өз тәжірибесінде пән бойынша дайын тестілерді тауып алып, оларды ұдайы пайдаланып отырады. Алайда айта кетерлігі – ондай дайын тестілердің көп жағдайда табыла бермейтіндігі, не болмаса қолда бар тестілердің тиісті деген талаптарға жауап бермеуі, не болмаса, ол тестілерді пайдалануға сұрақтардың барлық тақырыптарды қамти алмауы сияқты кедергілер кездесіп жатады.  Сондықтан, оқытушы тест бойынша басылымдарда мақалалары жарияланып жүрген мамандардың әдістемелері мен кеңестеріне сүйеніп, өз тарапынан тест құрастырып жатады.

 

    1. Программалық қамтылуға сипаттама

Программа қазіргі уақыттағы  программмалау технологияларымен танысқысы келгендер үшін арналған. Бұрын Fortran, Pascal, C сияты тілдің анықтамасы бар кітапты оқып, программалаушы болатын болса, кейінгі Windows-тың жалпылама 32-разрядты жүйеге көшуіне байланысты, жағдай өзгерді. Windows-тағы жұмыс тек мамандарға тән болатындай күрт қиындады. Қалыптағы құрылымдық программалаудың орнына офистік, деректер қорымен жұмыс үшін, Internet-те жұмыс үшін, т.б. сияқты қосымшаларды құруда қолданылатын көптеген технологиялар үшін негіз болып табылатын объектілі негізделген программалау келді. Қазіргі уақытта программалаудың басқа ерекшелігі жобаны өңдеуде жиі бірнеше программалық құралдарды бірдей қолдану болып табылады. Сәйкесінше бұл программалаушының бірнеше программалау тілін білу керектігін білдіреді. Мысалы, егер қолданушы деректер қорымен жұмыс үшін программа құрғысы келсе, оған жоғарғы дәрежелі программалаудың біреуін және SQL тілін білуі керек. Ал егерде Internet-пен жұмыс үшін қосымша құру керек болса, онда кем дегенде жоғары дәрежелі тілдің біреуі және HTML-Web-беттерді құру тілдері қажет болады.

Информация о работе Тест бағдарламасын жасау