«ІТ құралдарын пайдалану практикумы» пәні бойынша емтихан сұрақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 07:14, реферат

Краткое описание

Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі айқын көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

бижикеева Жансая өшірмендерші.docx

— 74.24 Кб (Скачать документ)

«ІТ құралдарын пайдалану практикумы»  пәні бойынша емтихан сұрақтары

 

1. Білім беруде ақпараттық технология құралдарын қолданып сабақ өтудің мақсаты мен міндеті

 

Қазақстан Республикасының Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндетi –  ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; …оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.

 Қазіргі  ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі айқын көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

 Педагог  мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:

 – вариативтiлiк – әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;

 – болашаққа  негiзделген –күтiлетiн нәтиженi  анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың  бағытын орнықтырады және жеке  тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;

 – рефлексивтi-креативтi – жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;

 – эргономикалық  – нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;

 – iзгiлiктiлiк – бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;

 – тәжiрибеге  бағытталған – оқыту көздерiнiң  бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi  қолдану ой-пікірі жүзеге асырылады және нақытылы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық үдерістерінің өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;

 – жекелеген  кеңес беру – тыңдаушыларға кеңес беру ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.

 Жаңа  ақпараттық технологиясына дайындау мынадай екi негiзгi модуль бойынша құрастырылған: “Педагогтың ақпарат-тық құзырлығы” және “Оқытудағы ақпараттық технологиялар”.

 Ақпараттық  мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына сай анықталады:

1. қазiргi бiлiм  беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк  туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық ресурстарға  бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi мен ақпараттарды талдау-синтетикалық  тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгерту).

2. ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн меңгерту; қолданбалы бағдарламалық құралдарды меңгерту; жаңа бағдарламалық құралдарды меңгерту.

3. өз қызметтерiн  жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру үдерісінің ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық бағдарламалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану.

 Яғни, білім  беру жүйесінің барлық саласында  жаңа ақпараттық технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы ақпараттық технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы ақпараттық технология мен әрбір тұлғаның өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үдерісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде тұлғаның оқу үдерісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.

 Бiлiм  берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi.

 Бiлiм  берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:

 –   ақпараттық және телекоммуникациялық  техникалық құралдармен қамтамасыз  ету; 

 –   бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

 –   оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;

 – пәндер бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;

 – бiлiм  беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн бағдарламалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық бағдарламаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;

 – педагог  кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.

 Білім  беруді ақпараттандыру жағдайында  педагог мамандардың біліктілігін  көтеру – бүгінгі күннің негізгі  міндеттерінің бірі екендігі даусыз. Педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру, қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану, педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.

 Сондықтан,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 462 бұйрығына сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсына қатысуға құжаттарды белгіленген тәртіппен тапсыруға бел будым. Бұл конкурс жыл сайын 200 грант тағайындайды. Бір гранттың көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республи­касының Заңында белгіленген 2000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсында жеңіп шыққан оқытушыға шетелде тағылымдамадан өтуді қоса алғанда, бір жыл ішінде ғылыми-зерттеулерді жүргізуге ЖОО-ның оқытушысына өтеусіз берілетін қаражат алуға болады.

 Әлемдік  өркениетке қадам басқан Қазақстанның  қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени дамудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім деңгейін, оқыту әдіснамасын жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызып отырғандықтан конкурсқа қатысуға шешім қабылдадым.

 Сол себепті  білімді жаңарту мен жетілдіру  ұмтылысым, кәсіби дамыған ептілігім  мен білімімді кеңейту, түрлі  білімдерді құрастыра алатын  қабілеті бар жаңа тұрпаттағы маман ретінде тәуелсіз еліміздің рухани және экономикалық өрлеуі білімді азаматтарды, жоғары дәрежедегі мамандарды қажет ететіндігін түсінгендіктен де шетелдерде ғылыми тағылымдамадан өтіп, олардың білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын зерделей отырып, төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болатындығына көз жеткізсем:

 – жаңа  ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

 – жаңа  ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;

 – жаңа  ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;

 – бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

 – мультимедиялық  электрондық оқулықтарды, виртуальдық  зертханаларды және бақылау бағ­дарламаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

 – отандық  бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас  әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке  ену арқылы сабақтастыру және  т.б.

 Адамзат  өркениетті Жер бетінде орныққалы  бері одан өз орнын ойып  тұрып алып келе жатқан мемлекеттердің  жөні өзінше бір бөлек. Солардың бірі Малайзия елі. Бұл елдің ғажайып тарихы, бүгінгі әлемде экономикасы өте жоғары. Сондай-ақ, дамыған ел ретінде салмағы да ерекше. Оның үстіне Малайзияның Еуразиядағы ықпалдастықтың ең белсенді қозғаушысы ретіндегі беделі де барған сайын арта түсіп келеді. Екі мемлекеттің, яғни Қазақстан мен Малайзия өзекті әлемдік және өңірлік мәселелер бойынша ұстанымдарының ұқсастығын, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ұйымдардағы өзара тиімді ықпалдастыққа ұмтылысы қуантады.

 Кәсіби  іскерлікті қалыптастырудың әлеуметтік  мәні адамгершілік қасиеттерден  тұрады десек, жеке тұлғаның  даму бағыттылығы, кәсіби іскерлігі  оның арнайы іс-әрекет орындау үдерісіндегі қарым-қатынас мәдениетінің деңгейіне байланысты. Бұл үшін ғылымның, мәдениеттің, өнер мен әдебиет әлемінің және имандылықтың, рухани білім тәжірибелерінің үндесуі қажет болған жағдайда аталмыш елдің рухани-адамгершілік және этно-мәдени құндылықтарын өз рухани азығыма айналдырмақпын.

 Адамзаттың  тіршілік қаракеттерінің негізгі  тұғырнамасы – білім. Жаңа  заман жаңа көзқарас тудырып,  іргелі жаңғыртулар жасау мен  білімді дамытудың жаңа сапалық  деңгейін қажет етіп отырған кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз назарында ұстап отыруының орны ерекше. Табиғи және әлеуметтік өмір сүру ортасымен үйлесімділікте тіршілік етуге дағдыланған, талабы жоғары, ниеті түзу, пиғылы оң, жаны жақсылыққа құмар, жасампаз азамат есебінде қалыптастыру үшін алатын білімнің тек өткен тарих пен бүгінгі күннің проблемаларын емес, болашақтың жайын ойлауға, болжауға, алдын алуға, тиісті шешімдер қабылдап, оған өзінің оң үлесін қосуға қалыптастыруға бағытталған үлесі зор деп біле отырып, Ұлы Абай жырлаған «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған, толық тұлғаның» дамуында ұйымдастырылып отырған «ЖОО-ның үздік оқыту­шысы» мемлекеттік грант конкурсының орны ерекше.  Айымхан ОСТАЕВА, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, 2011 жылғы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері.

14.01.2012 08:17,

Егемен Қазақстан  газеті

Связанные новости:

 

2. Интерактивті тақта және оның түрлері

Интерактивті  тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.

Техниканың  дамуы біз үшін жаңа ғасыр беттерін ашуда. Қай салада болмасын бүгінгі  техника мүмкіндігі алға қадам басуда. Оның бүгінгі білімнің сапалы болуына тигізер әсері біршама. Атап айтсақ, қарапайым қолданыста жүрген калькулятордан бастап, ноутбуктерге дейінгі қажеттілік.

      Заман дамыған сайын қолданысқа  енген жаңа құрылғылар тілімізге  түрлі терминдер қатарын енгізді.  Ғалымдардың айтуы бойынша, ХХІ  ғасыр – бұл ақпараттық қоғам  дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» – деп көрсетілген. Және солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу болып белгіленген. Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Ал сол құрылғы қаншалықты тиімді немесе білім сапасын арттыруда қаншалықты белсенді екені жөнінде ой тарқатсақ. Ең алдымен интерактивті тақта деген не екенін анықтап алайық. Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері       бар. Көбінесе интерактивті құралдарының мына ерекшеліктерін атап айтылады:

Информация о работе «ІТ құралдарын пайдалану практикумы» пәні бойынша емтихан сұрақтары