Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 19:05, реферат
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады. Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады.
Студенттердің зейіні мен есте сақтауын белсендіру ерекшеліктері
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады. Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады. Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады.
Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:
П.Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін— бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л.C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:
Зейінің функциялары:
Есте сақтау қабілеті – психикалық өмірдің маңызды сипаттамасы. Сондықтан есте сақтау қабілеті мәселесі – психологияның назар көп бөлінген және көп зерттелген мәселелерінің бірі. Бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін жоғалтпаған, есте сақтау қабілеті эксперимент арқылы зерттеудің алғашқы амалдарын жасаған, есте сақтау қабілетінің ең бірінші психологиялық теорияларының бірі – ассоциативті теория болды. Ол ХVІІ ғасырда туды, Англия мен Германияда тарау алып, танылды. Аталмыш теория негізінде ассоциация түсінігі – Г. Эббингауз, Г. Мюллер, Ф. Шульман және А. Пильцепермен бірлесіп зерттеген – белгілі бір психикалық феномендер арасындағы байланысы жатыр. Басты міндет ассоцианистердің барлық жұмыстары үшін жалпы болды: ол барлығына мәлім ассоциацияның пайда болуы, әлсіздеуі, өзара әрекеттесу жағдайларын зерттеу. Есте сақтау қабілеті қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді, қатарлас, ұқсас, қарама-қарсылық, уақытша және кеңістік жақындығы бойыша көп не аз тұрақты ассоциациялардың күрделі жүйесі болып түсініледі. Қызметтің ерекше түрі ретінде есте сақтау қабілеті үрдістерін сапалы талдау орнына көптеген жағдайларда еске түсірудің, яғни біздің амал-тәсілдермен сақтау мен жаңғырту өтуі емес, еске түсірілгеннің заттық мазмұны талданады. Уақыт өте келе ассоциативтік теорияда бірқатар мәселелер туындады, олардың негізгісі – балалар есте сақтау қабілетінің таңдаулы болуын түсіндіру. Ассоциациялар кездейсоқ туындайды, ал есте сақтау қабілеті әрқашан белгілі бір ақпаратты таңдайды. Ассоциативтік теорияның орнына ХІХ ғасырдың соңында гиштальттеория келді. Гиштальт (құрылым) – алғашқы элементтердің бастапқы, тұтас ұйымдастырылу негізгі түсінігі және принципі болды. Гиштальттің қалыптасу заңдары есте сақтау қабілетіне анықтама береді. Осы теорияда құрылымдық материалдың мәні, оның тұтастыққа жеткізілуі ерекше аталды. Субъектіден тәуелсіз қауіпсіздік, ұқсастық принциптеріне сәйкес әрекет ететін құрылымның туындау материалының ұйыдастырылуы немесе өздігінен ұйымдастырылуы. Осы себептер бұдан кейінгі негіздеу мен түсіндіруді талап етпейтін құрылым туындаудың ақырғы негізгі болады. Адамның практикалық қызметіне байланысты есте сақтау қабілетіның дамуы аталған теорияда қойылмаған және шешілген емес. Есте сақтау қабілетінің қызметі ретінде зерттеу француз ғалымы П. Жане жұмысымен басталды. Ол есте сақтау қабілетінің ең бастысы материалды есте сақтауға, өңдеуге және ұғындыруға бағытталған әрекет ретінде қарастырды. Есте сақтау қабілеті дамуының түрлі деңгейінде осы қызметтің сипаты әртүрлі, бірақ барлық кезең үшін ортақ болатыны – өткенде болғанмен, бірақ Ж. Пиаже есте сақтау қабілетінің мақсаты өшкен өткенді жеңу деп таныған. Ең алдыменен ол болғанның қайта жаңыруын күтуде көрінісін табады; одан әрі – оны іздеу; кейін -шегіндірілген қызмет болып табылған.. Келесі сатылары тапсырма және сөздік тапсырма беру, соңында, балаға тән есте сақтау қабілетіның байқалуы: көргенін айту үшін заттарды сипаттау және суреттерде көрген бейнелерді белгілеу. Есте сақтау қабілетіның даму кезеңдері реттілігінің құрылысы Жаненің берік фактілер негізімен дәлелденбейді. Біздің елде бұл теория жоғарғы психикалық функциялардың шығу тегі теориясында жалғасын тапты. Осы теорияға сәйкес материалды түрлі елестету, есте сақтау және жаңғырту арасындағы байланыс-ассоциациялардың пайда болуы, оның мнемикалық өңдеу барысында баланың осы материалмен не істейтінін түсіндіреді. А.А. Смирнов ойдан гөрі әрекеттің тез ұғылатынын анықтаған, ал әрекет арасында кедергімен байланысты, сондай-ақ сол кедергілер жақсы ұғылады деп айтқан болатын.. А.А. Смирнов пен П.И. Зинченко баланың саналы қызметі ретінде есте сақтау қабілетіның жаңа және маңызды заңдарын ашқан.. Есте сақтау қабілеті қандай да бір дербес функция емес, ол тұлғамен, оның ішкі дүниесі, қызығушылығымен, ынтасымен тығыз байланысты. Әр баланың есте сақтау қабілеті дамудың жалпы заңдылықтарымен сипатталса да, сонымен бірге олардың өз ерекшеліктері болады. Кейбір балалар есте сақтау қабілетінің көрнекі-бейнелік түрімен ерекшеленеді. Осындай есте сақтау қабілеті түрлеріне ие болатын бала бейнелерді, олардың түрлерін, түстерін және де тағы басқаларын. жақсы ұғып меңгереді. Сөздік-ауытқулары бар есте сақтау қабілеті түріне тән балаларда, екінші белгі жүйесі басым болады. Көптеген балалар көрнекі-бейнелік және сөз-қисынды материалдарды да жақсы аңғарады, сонымен қатар, сезімдерді жақсы балалар есте сақтауымен ерекшеленеді. А.А. Смирнов жаттығуларды түсінуге және мағыналы есте сақтауға ат салысатын негізгі амалдарды бөліп көрсеткен: мағынасы бар байланыстарды пайдалану, оларды салыстыру, жіктеу, жүйелеу, өзін-өзі бақылау операциялары. Материалды түсінуге көмектесетін әдістемелік тәсілдердің арасындағылардың негізгісіне, суретте және т.б. бейнеленген әдістемелік тапсырмалар балалар зейінін аударатын мәселелерде үлкен орын алады. Л.С. Выготский, П.П. Блонскийлер бір-біріне сәйкес емес екі түрлі, яғни екі есте сақтау қабілеті бар деген тұжырым жасады. Бір есте сақтау қабілеті денеде болып жатқан басқа үрдістерге ұқсас және ми функциясы ретінде қаралады. Балада рухани қызметті танытатын есте сақтау қабілетінің басқа да түрілері қатар дамиды. Басқа психологтар есте сақтау қабілеті дамымайды, олар балалық шақ дамуында ең максималды болады деген тұжырым жасайды. Үшіншілері есте сақтау қабілетінің дамуы 10 жас шамасында шегіне жетеді, содан соң төмендейтінін анықтаған. Есте сақтау қабілеттеріне өмірлік тәжірибе алу, сақтау және жаңғырту қабілеті деген анықтама беруге болады. Мінез-құлықтың түрлі түйсіктері, тума және жинақтаған механимздері есте сақтау қабілетінде сақтап қалған, мұра бойынша берілген немесе жеке өмір тәжірибесі барысында жинақталған тәжірибе. Адам өзінің есте сақтау қабілеті, оны жетілдіру арқасында жануарлар патшалығынан бөлініп шықты, бүгіндегі шыңға жетті. Осы фунцияның үнемі жақсаруысыз адамзаттың прогресі болуы мүмкін емес. Есте сақтау қабілетінің дамуы негізінен адамға, оның қызмет ету саласына және басқа да «танымдық» үрдістерінің дұрыс қызмет етуі мен дамуына тікелей байланысты. Қандай да бір үрдіс бойынша жұмыс істей отыра, адам есте сақтау қабілетін дамытып, жаттықтырады. Адам есте сақтау қабілеттері сандық және сапалық деп бөлінеді. Сапалық сипаттамаға есте сақтау жылдамдығы, беріктігі, ұзақтығы, дәлдігі мен көлемі жатады. Сапалық ерекшеліктеріне көру, есту, эмоционалдық, қимыл және басқа да есте сақтау қабілеті түрлерінің басым болуына және қызмет етуіне қатысты болады. Аталғандар бірінің шүбәсіз басым болу мағынасында есте сақтау қабілетінің «таза» түрі сирек болады. Көбінесе іс жүзінде біз көру, есту, қимыл және есте сақтау қабілетінің түрліше қабысуымен кездесеміз. Олардың қабысуы үшін көру-қимыл, есту-көру және есте сақтау қабілетінің қабысуы тән болады. Бірақ көптеген адамда көру, есте сақтау қабілеті басым болады. Адамда жиі қолданлнатын есте сақтау қабілеті түрлері жақсы дамыған болады. Бұл үрдіске өз септігін кәсіби қызмет тигізеді. Мысалы, ғалымдарда мағыналық және қисынды есте сақтау қабілеті жақсы дамыған, бірақ механикалық есте сақтау қабілеті нашарлау. Актерлер мен дәрігерлерде адам жүзін есте сақтау қабілеті жоғары. Есте сақтау қабілеті үрдістері тұлға ерекшеліктерімен, оның эмоционалдық күйі, қызығушылығы мен қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Олар адамның қалай ұғатыны, сақтайтыны және еске түсіруін белгілейді. Қызықтының бәрі, эмоционалдық мәні бары жақсы ұғылады. Есте сақтау үшін ынта құралдары бір заңдылыққа бағынады: ең алдыменен олар сыртқы (мысалы, еске алу үшін жіп түю) болады, соңынан ішкіге (сөйлеу, сезім, ассоциация, елестету, бейне, ой) айналады. Есте сақтаудың ішкі құралдарын қалыптастыруға тән болатыны ол — негізгі роль қарым-қатынас жасаудың сыртқы функциясынан ішкіге сөйлеу тілде айналатынында.
Материалды сақтау тәсіліне қарай жылдам, қысқа мерзімді, жедел, ұзақ мерзімді және де генетикалық есте сақтау қабілетіны бөледі.Жылдам (иконикалық) есте сақтау қабілеті сезіну органдарымен қабылданатын ақпарат бейнесінің тікелей көрінісі болып табылады. Оның ұзақтығы 0,1-ден 0,5 с. дейін. Ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті қысқа уақыт аралығында (шамамен 20 с. дейін) қабылданған ақпараттын жалпыланған бейнесін, оның мәні бар элементтерін сақтайды. Ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті көлемі ақпарттың 5-9 бірлігін құрайды және бір рет ұсынылғаннан соң адам дәл айтып бере алатын ақпарат санымен анықталады. Қысқа мерзімді есте сақтау қабілетіның маңызды сипаттамасы – ол оның таңдаулы болуында. Жылдам есте сақтау қабілетінен оған актуалды қажеттіліктерге және адам қызығушылығына сай келетін, оның артқан ықыласын аударатын ақпарат қана түседі. «Әдеттегі адамның миы, көзі көрген мыңдағанның бір бөлшегін де қабылдамайды» деген екен Эдисон. Сайып келе, есте сақтау қабілеті – өткен тәжірибеге жаңғырту амалы, ақпаратты ұзақ сақтау қабілетін және саны мен мінез саласына оны бірнеше рет енгізу қабілетінде көрінісін табатын жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінің бірі. Есте сақтау және тану, жаңғырту, еске түсіруге кіретін еске түсіру үрдістерін бөліп көрсетеді. Ерікті және еріксіз, жанама және тура, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті деп түрленеді. Есте сақтау қабілетінің ерекше түрлері: моторлық (есте сақтау қабілеті-әдет), эмоционалды немесе аффекті («түйсіктер» есте сақтау қабілеті), бейнелік және сөз-қисынды түрлері.
Информация о работе Студенттердің зейіні мен есте сақтауын белсендіру ерекшеліктері