Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 20:55, курсовая работа
Цифрлік есептеу машиналарын құрудағы прогресс екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. 40-жылдардың ортасында алғашқы шамдық есептеу құрылғылыры құрылды. Көпшілік қолданатын бірінші электрондық цифрлік компьютер ENІAC Пенсильвания университетінде Дж.Мочли мен Дж. Эккеррттің басқаруымен жобаланған. ENІAC-тің негізгі кемшілігі есептеу процесін программалау электрлі қосқыштарды және кабельдерді колдан қосу арқылы жасалды.ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптерден тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Монитор типі ЭЕМ-де қойылған мақсатқа байланысты таңдау керек.
1.КІРІСПЕ
1.1 Сұйық кристалдық мониторлары.........................................................................4
2. Техникалық қызмет көрсету.................................................................................8
2.1.Қауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету және қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат..........................................................................................................8
2.2. Сақтық шаралары және техникалық қызмет көрсету нұсқаулары..................9
3. Монитор ұғымының түіснігі..............................................................................10
3.1. Мониторды тазалау және тасымалдау..............................................................11
3.2.Мониторды орнату..............................................................................................12
3.3. Мониторды пайдалану.......................................................................................15
3.4. Қосымша ақауларды жою..................................................................................19
3.5. Нормативтік мәліметтер....................................................................................21
3.6 Техникалық сипаттамалар және сұйық кристалдық монитордың сапасы мен кескін элементтері туралы саясат............................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.КІРІСПЕ
1.1 Сұйық кристалдық мониторлары...................
2. Техникалық қызмет көрсету.......................
2.1.Қауіпсіздік және техникалық
қызмет көрсету және қауіпсіздік туралы
маңызды ақпарат.......................
2.2. Сақтық шаралары және техникалық қызмет көрсету нұсқаулары..................9
3. Монитор ұғымының түіснігі......................
3.1. Мониторды тазалау және тасымалдау....................
3.2.Мониторды орнату........................
3.3. Мониторды пайдалану...........
3.4. Қосымша ақауларды жою...........................
3.5. Нормативтік мәліметтер....................
3.6 Техникалық сипаттамалар
және сұйық кристалдық монитордың сапасы
мен кескін элементтері туралы саясат........................
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Цифрлік
есептеу машиналарын құрудағы прогресс
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды.
40-жылдардың ортасында алғашқы шамдық
есептеу құрылғылыры құрылды. Көпшілік
қолданатын бірінші электрондық цифрлік
компьютер ENІAC Пенсильвания университетінде
Дж.Мочли мен Дж. Эккеррттің басқаруымен
жобаланған. ENІAC-тің негізгі кемшілігі
есептеу процесін программалау электрлі
қосқыштарды және кабельдерді колдан
қосу арқылы жасалды.ЭЕМ-нің бейнелік
құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптерден
тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал
адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан
мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде
тек электрондық-сәулелі түтікше бар.
Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін
логикалық схемалар орналасқан. Монитор
типі ЭЕМ-де қойылған мақсатқа байланысты
таңдау керек. Монитор — мәліметтердің
бейнесін шығаруға арналған құрылғы. Компьютерден
кез-келген мәліметті монитордың экранына
Мониторлар үшін кадрлардың жиілігі маңызды мағына береді, өйткені көп жағдайда бейнелеудің тұрақтылығын (жыпылдауды болдырмаудың) анықтайды, соған орай көздің талмауын негіздейді. Сондықтан РС мониторының кадрлер жиілігін, бейнелеудің жолдық тәсілін құрумен бірге, мүмкіндігіне қарай көтеруге тырысады: кадрдің жиілігі қаншалықты жоғары болса, соншалықты бейне тұрақты болады. Сондықтан мұндай мониторлармен жұмыс істеу көп шаршатпайды.
1.1 Сұйық кристалдық мониторлары
Дисплей – компьютердің тілі. Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады. Үстел үстіне қойылатын дербес компьютерлердің көпшілігінде электронды-сәулелік түтікшеден тұратын мониторлар қолданылады. Бұндай мониторларда экрандағы кескін электрондардың ағындарынан пайда болады. Бұл электронды ағындарды монитордың ішінде орналасқан электронды зеңбірек өте жоғары жылдамдықпен экранға қарай бағыттайды. Экранның ішкі қабаты люминофор қабығымен қоршалады. Осы қабық электрондардың әсерінен жарқырап, қажетті кескінді экранда бейнелейді.
Монитордың экранындағы кез келген көрініс түрлі түсті нүктелердің жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған ұсағырақ үш нүктелерден тұрады. Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Дисплейдің экранына орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, сәйкесінше монитордың көрсету сапасы да жоғары болады.
Алғашқы түрлі түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны CGA-320х200 пиксельді монитор деп атады. Ал 1984 жылы EGA-640х350 пиксельді монитор шықты. Қазіргі компьютерлер VGA(640х480) немесе SVGA(800х600-ден 1248-1024-ке дейін), SX6A(1280х1024), UX6A(1600х1200) мониторларымен жабдықталған.
Соңғы кездері сұйық кристалды(СК) мониторлар танымал болып келеді. Бұрын мұндай жіңішке мониторлар тек портативті және қалтаға салып жүретін компьютерлерде орнатылатын болса, қазір үстел үстіне қойылататын компьютерлер де осындай мониторлармен жабдықтала бастады.
LCD – (Liquid Crystal Display, сұйық кристалды монитор) – сұйық күйдегі заттардың негізінде жасалатын монитор. Бұл сұйықтықтың қатты заттарға тән кейбір қасиеттері болады. Осы сұйықтықтың молекулалары электр кернеуінің әсерінен өз орындарында үнемі қозғала отырып, өздері арқылы өтетін жарық сәулелерінің бойындағы қасиеттерін өзгертеді. Нәтижесінде экраннан өзімізге қажетті түрлі түсті бейнелерді көреміз.
Сұйық кристалды дисплей — негізінен ықшам компьютерлерге жасап шығарылатын дисплей; ақпарат бейнелеу құрылғысы ретінде сұйық кристадды экран қолданылған. Бұндай экран екі шыны пластинкадан түрады.Олардың ортасында (қосылған электр зарядына байланысгы өзінің оптикалық құрылымын өзгерте алатын) сүйық кристалдардан құрылған қоспа орналасқан.
Сұйық кристалды мониторлардың ЭЛТ мониторлардан басты артықшылығы - көлемінің шағын болуы және денсаулыққа зиянсыздығы. Бұндай мониторлар ЭЛТ мониторлар секілді зиянды электромагниттік сәулелер таратпайды және бұл мониторлармен жұмыс істеген адамның көзі әдеттегідей тез шаршамайды.
СК мониторлардың кемшілігі де жоқ емес. Мәселен, бұл мониторлардың түсті жеткізу қабілеті нашар. ЭCТ мониторларды кез келген мақсатта: мәтінді, фотосуреттерді өңдеу үшін, ойын ойнау үшін т.б. қолдана беруге болады, ал СК мониторлардың кейбір модельдері әр түрлі компьютерлік ойындарды ойнауға жарағанымен, фотосуреттерді сапалы түрде өңдеуге мүмкіндік бермейді немесе керісінше түстерді жақсы көрсеткенімен, әр түрлі динамикалық ойындарды өз деңгейінде ойнауға, т.б. кедергі жасайды. Сондықтан болса керек, көптеген маман иелері, мәселен дизайнерлер ЭCТ мониторларды таңдайды.
Монитор экранының өлшемдері әр түрлі болады. Экранның диагоналі дюйммен(1 дюйм =2,54 см) өлшенеді және олар 15,17,19 дюйм немесе одан жоғары болады.
Сурет 1: Cұйық кристалдық монитор
Сұйық кристал негізіндегі дисплей бликсіз, тегіс экран және электр энергиясын тұтыну қуаттылығы төмен (5Вт, электронды-сәулелі трубкасы бар монитор 100 Вт тұтынады). Сұйық кристал негізіндегі дисплейлердің 3 түрі болады:
•Монохромды пассивті матрицамен;
•Түрлі түсті пассивті матрицамен;
•Түрлі түсті активті матрицамен. Сұйық кристалл негізіндегі дисплейлерде поляризациялы фильтр, ол 2 түрлі жарық толқындарын құрады. Жарық толқыны сұйық кристалды ұяшықтан өтеді. Әр ұяшық өз түсіне ие. Сұйық кристалдар малекулаларға ұқсас сұйық тәрізді ағып қозғала алады. Бұл зат жарықты өткізеді, бірақ электр заряды әсерінен малекулалар өз бағытын өзгертеді. Пассивті матрицасы бар сұйық кристал негізіндегі дисплейлерде ұяшықты электр заряды (қуаты) басқарады, ол экран матрицасындағы қатар мен бағандар ұяшықтарының орналасу негізінде транзистірлі үрді қуатының импульсіне сезімтал. Активті матрицасы бар сұйық кристал негізіндегі дисплейлерде әр ұяшықтың жеке транзистірлі кілті болады. бұл бейненің жарық болуын қамтамасыз етеді (пассивті матрицасы бар дисплейлерге қарағанда, себебі әр ұяшық тұрақты электр қуатының әсерінде болады). Сәйкесінше, активті матрица электр энергиясын көп қолданады. Бұдан басқа, жеке транзистірлі кілттің болуы өндірісті күрделендіреді, ол өз алдына олардың бағасын көтереді.
Сурет 2: Сұйық кристалды мониторлар
HP сұйық кристалды мониторларында белсенді матрица, жұқа үлдір транзисторлардан (TFT) тұратын жарық диодты жарықтандыруы бар экран жəне төмендегі сипаттамалар бар:
Үлкен диагональды дисплей. Ең үлкен графикалық ажыратымдылық:
2011x/ 2011xi/ 2011s: 1600 x 900 @ 60 Гц
2211f / 2211x: 1920 x 1080 @ 60 Гц
2311см / 2311f / 2311x/ 2311xi: 1920 x 1080 @ 60 Гц
● Видеографика кіріс стандартының (VGA) кіріс сигналы
● Сандық көрнекі интерфейс (DVI) сандық кіріс сигналы (таңдаулы үлгілерде)
● Анықтығы жоғары мультимедиа интерфейсі (HDMI) кіріс сигналы (таңдаулы үлгілерде)
● Оңтайландырылған отырып немесе тұрып көру, немесе монитордың бір жағынан екінші жағына қозғала отырып көру үшін еңістен немесе сырғыта бейімдеу
● Динамикалық контрасттылық коэффициенті (DCR) қара түстің тереңдігін жəне ақ түстің жарықтығын қамтамасыз етіп, ойын кезінде немесе фильмдерді көргенде тамаша жартылай тондардың құбылуына жетуге мүмкіндік береді
● Сыртқы USB арқылы қуатталатын, жабдықталған аудио кабелі бар спикерлер (таңдаулы үлгілерде)
● Plug and Play функциясы (пайдаланушының компьютер жүйесі қолдауы керек)
● Экранды оңай
орнатуға жəне реттеуге
● Қуатты тұтынуды үнемдеуге мүмкіндік беретін қуатты үнемдеу режимі
● Əр түрлі мазмұн түрлеріне байланысты кескінді оңтайландыруға арналған реттелетін тез көру параметрлері.
Мəтіндік режим (электрондық поштаны жеткізуді оңтайландыруға жəне Интернетті шарлауға арналған). Фильм жəне ойын режимдері (қозғалатын кескінді жарықтандыру).Фотосурет режимі (кескіндерді жақсартады). Пайдаланушылық режим (жеке оңтайландырылған профильді жасауға мүмкіндік береді)
● DVI жəне HDMI кірістерінде жоғары кең жолақты сандық мазмұн қорғауы (HDCP) бар (HDMI кірісі бар таңдаулы үлгілерде)
● Бағдарламалар мен қызметтік бағдарламалар ықшам дискісі. Ол мыналарды қамтиды:
Драйверлер
Құжаттар
Сұйық кристалдардың молекулалары электр қуатының әсерінен өздерінің бағытын өзгерте алады және соның нәтижесінде өздерінен өтетін жарық сәулелерінің қасиеттерін өзгертеді. Осы жаңалық негізінде және одан әрі зерттеулер нәтижесінде бейне жасауды қамтамасыз ету үшін электр кернеуінің артуы мен кристалдар молекулалары бағытталуының арасындағы байланысты табу мүмкін болды. Сұйық кристалдар бірінші рет калькуляторлардың дисплейлерінде және кварцты сағаттарда, содан соң ықшам компьютерлердің мониторларында пайдаланыла бастады. Бүгінгі күні, осы саладағы үдеріс нәтижесінде LCD мониторлары үлкен компьютерлерде кеңінен таралып келеді.
LCD монитордың экраны ақпаратты
көрсету үшін әрекетке түсетін
кішкентай бөліктер сілемі (пиксель
деп аталатын) болып табылады. LCD
мониторында бірнеше қабат
2.1.Қауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету, қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат
Ақпаратты өңдеу мен басқару жүйелерімен жұмыс жасайтын оператор үшін монитордың сапасы шешуші фактор болып табылады. Себебі монитор алдында көптеген сағаттар бойы қажымай жұмыс жасау адам үшін ауыр жүк боп саналады.
Осыны ескере отырып, осы заманғы мониторлар қауіпсіздік стандарттарына жауап беруі тиіс.
Адам денсаулығына қауіпті төмендету мақсатында әр түрлі ұйымдармен мониторларға байланысты сипаттамалар жасалып шығарылды, осыған сүйене отырып монитор шығарушы фирмалар біздің денсаулығымызға зияны аз тауарлар шығаруға тырысуда. Мониторларға арналған барлық қауіпсіздік стандарттары монитормен жұмыс жасағанда пайда болатын электр және магнит өрістерінің максимал мәндерін шектеуге бағытталған. Іс жүзінде әрбір дамыған мемлекетте өзінің стандарттары бар, алайда бүкіл дүние жүзінде кеңінен тарағаны (тарихи қалыптасқан) Швеция елінде жасалған стандарттар, олар көбіне TCO және MPRII аттармен белгілі. ТСО стандарты компьютер пайдаланушыларға қауіпсіз жұмыс жасауына арналған. Европада жасалған кез-келген компьютер осы стандарттың талаптарына толығымен жауап
беруі тиіс. ТСО-ның берген ұсыныстарын пайдаланушының денсаулығына зияны аз мониторларды шығару үшін пайдаланылады.
Монитормен бірге қуат сымы берілген. Егер басқа сым пайдаланылса, қуат көзі мен қосылым осы мониторға сай екенін тексеріңіз.Қуат сымдарының жиынтығын мына талаптар қойылады.
Монитордың қуат көзінде қуат кернеуін автоматты түрде ауыстыру (ALS) функциясы бар. Бұл функция мониторға 100-120В немесе 200-240В арасындағы кіріс кернеулерді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Монитормен бірге алған қуат сымы (иілгіш кабель немесе розетка) жабдықты сатып алған елде пайдалану талаптарына сай келеді.
Басқа ел үшін қуат сымын алу керек болса, сол елде пайдалану үшін бекітілген қуат сымын сатып алыңыз.
Қуат сымы монитормен үйлесімді болуы жəне сəйкес өнім белгілеуінде көрсетілген кернеу жəне ток параметрлеріне сай болуы керек. Сымның кернеу жəне ток параметрлерінің мəндері өнімнің белгілеуінде көрсетілген кернеу жəне ток параметрлерінен жоғары болуы керек. Бұған қоса, сымның қимасы кемінде 0,75 мм² немесе 18 AWG болуы керек, ал ұзындығы 1,8 м мен 3,6 м арасында болуы керек. Егер пайдаланылатын қуат сымының түрі туралы сұрақтарыңыз болса, өкілетті HP қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз.