Растрлық және векторлық графиктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2015 в 12:04, реферат

Краткое описание

Растр термині мағынасы – арнайы тор көмегімен бейнені жеке ұяшықтарға қою. Растрлық бейне тор көзді қағаздың парағы сияқты және де әрбір тор бір түспен боялып, жиынтығы сурет құрайды. Бұл элементтер (торлар көздері) пиксель деп аталады. Пиксель деген ағылшынның екі сөзінен picture және element – pixel (сурет элементі) деген мағынаны білдіреді. Барлық растрлық бейнелер оның қиындығына қарамастан тек ғана пиксельдердің жиынтығы. Пиксельдер жолдар мен бағаналар түріне орналастырылады және ені мен биіктігі бірдей болады. Растрлық бейнелер компьютердің жадында тексеру нөмірінің мағыналарын серия ретінде сақтайды, олар жолдар бойымен солдан оңға қарай белгіленеді.