Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 09:10, реферат
Логикалық бағдарламалау негізгі бағдарламалау тілдерінің даму жолдарынан өзгеше болады. Логикалық бағдарламалау компьютер терминдері арқылы адамды ойлауға үйрету емес, компьютер адамға тән нұсқауларды орындау керек деген ұғымға негізделеді. Логикалық бағдарламалау нұсқаулықтардың өздері берілмей, олардың орнына логикалық аксиома түрінде есеп туралы мәлімет және оны шешуге арналған жеткілікті ұйғарымдар құрылатындығын болжайды. Мұндай аксиомалар жиынтығы қарапайым бағдарламалауға баламалы (альтернативті) болады. Осындай бағдарламалар дәлелдеуді қажет ететін логикалық ұйғарымдар түрінде қалыптасқан есептерді қою кезінде орындалуы мүмкін. Мұндай ұйғарым - мақсатты ұйғарым деп аталады. Бағдарламаның орындалуы есепті шешуге талпыну жолдарынан тұрады, яғни логикалық бағдарламада берілген жорамалды пайдалана отырып, мақсатты ұйғарымды дәлелдеу.