Программалық қосымша бойымен жылжуды ұйымдастыру(Интернет-сайттар, электронды оқыту құрылғылары)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 21:17, реферат

Краткое описание

ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:
1) жүйелі программалық жасақ;
2) қолданбалы (кәделі) программалық жасақ.
Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жүмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады.
Жүйелі программалық жасақты бірнеше топқа жіктеуге болады:
1)операциялық жүйелер;
2) утилиттер;
3) сервистік программалар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

кжи-реферат.docx

— 36.56 Кб (Скачать документ)

II. Программалық қосымша бойымен жылжуды ұйымдастыру(Интернет-сайттар, электронды оқыту құрылғылары).

 
ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар: 
1) жүйелі программалық жасақ; 
2) қолданбалы (кәделі) программалық жасақ. 
Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жүмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады. 
Жүйелі программалық жасақты бірнеше топқа жіктеуге болады: 
1)операциялық жүйелер; 
2) утилиттер; 
3) сервистік программалар. 
Операциялық жүйелер — компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге 
МЗ (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX жатады, 
Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой . 
WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. 
Көптеген ІВМ — үйлесімді компьютерлер дискілікМЗ DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады. 
Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бүл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады. 
Сервистік программалар — әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. 
Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар «қосымшалар» (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатгы мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мөселелерге арналған жоне жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады. 
Қолданбалы (кәделі) программалық жасақ — белгілі бір мамандық салалсында нақты есептер шығара алатын программадар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді. 
Белгілі бір мақсатга пайдаланылатын программалық жасақ әр адамның нақты есептерін шыгаруга арналган, сондықтан оны пайдалану аймаіы да шектеулі. Мүндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оньң талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді. 
Дербес компьютерлердің кең тарауьша басты себеп болған олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жасақтарың кең таралуы еді, бүл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өндеуді түгел қамти алатын болды. 
Әртүрлі информацияларды өндеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалык; жасақтың негізгі түрлері мыналар: 
- мәтін редакторлары; 
- графикалық редакторлар; 
- электрондык, кестелер; 
- оқыту жоне ойнау программалары; информациялық жүйелер және т.б. 
Мәтіндік информацияларды даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтін редакторы деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жүмыс істейтін адамдар әртүрлі есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсатгарға пайдаланса, басқа машинкасына қарағанда жұмыс өнімділігі күрт өсетіні талас тудырмаса керек. 
Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақьттында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуга, бірнеше алфавитті (латьш, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді. 
Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т.б. шығаруда кең пайда-ланылады. Компьютердің машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы бар: қате оңай түзетіледі, материалдарды дайындау шапшандайды, оларды безендіру жолдары женілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері бар (осы оқулық та компъютерлік баспа жүйесінде дайындалды). 
Кең тараған мәтін редакторларына WordPerfekt, Mikrosoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker т.б. жатады. 
Графиктік редакторлар графиктік информацияны дайындау мен өңдеуге арналған программа болып табылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нөтижелерін график түрінде шығаруда өте ыңгайлы. Оның үстіне графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп — схемалар, сызбалар, суреттер және т.б. түрлерде бере алады. 
Графикалық редакторлар мәліметтердің есептелу нәтижесін график бейнесінде көрсетуде де және өз қалауымызша түрлі сызықтар тұрғызуда да қолданылады. Графиктерді әртүрлі қылыи, мысалы, түзу немесе кисық сызық түрінде, дөңгелек диаграммалар мен гисто-граммалар бейнесінде алуга болады, оларга автоматты түрде масштаб енгізуге, керек болса координата остеріне сандар мен атауларды жазып қоюга да болады. Күрделі графикалық бейнелер түрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуга да болады. Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, оігар пернелермен информацияны енгізу арқылы немесе формулалар орнегін есептеу нэтижесі бойынша компьютермен жазу арқылы толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қагазга басып алу сияқты коптеген орекеттср өте жылдам орындалады. 
Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез келгенжан әуестенетінтопқажатады. Дербес компьютерлердің кеңінен тарауъша да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар — демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса өуестенудің зиян екенін есте сақтау жөн. 
Оқыту программалары оқу-үйрену сабақтарын ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан, математикадан, физикадан т.б. пәндерден сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы екені талас тудырмайды. Компыотерлер сабақ оқуда электрондық оқулық жөне тренажерлер түрінде, лабораториялық аспаіт әрі информациялық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Институттарға қабылдау емтихандарын өткізу кезінде компьютерлер «қазы» рөлін де әділ атқара алатын құрал екені белгілі. 
Іс программалары қызметте керекті әртүрлі иыформацияларды дайыңцау, сақтау және өңцеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Бұлар іс қағаздарын жүргізуді компьютерлендіру кезінде де құжаттар дайындау, жұмыс кестелерін жасау, кезекшілік графиктерін салу сияқты әрекеттерде де өте ыңғайлы болып табылады. 
Информацияның кептеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында информациялық жүйелер қолданылады. Бұларга мәліметтер базасы, кітапханадағы информация іздеу жүйелері, театрлардағы, әуе жолындағы және темір жолдагы билет сату мен оларды тіркеу тәсілдері жатады. ЭЕМ желілері мен информациялық коммуникациялар негізіндегі осы сияқты жүйелерді жасау мен дамыту қоғамымызды информацияландыру бағдарламасының ірге тасын қалайды. 
Болашақта перспективасы бар информациялық құралдарға білімдер базасы мен эксперттік жүйелерді жатқызуға болады. Олардың көмегімен кейбір мамандық салаларында эксперттер тәртібін модельдеу арқылы медициналық тақырыптардан консультациялар мен әртүрлі қызмет салаларынан анықтамалар беру, онертапқыштарга, технологгар мен конструкторларга көмек беру істерін жүзеге асыруга болады. 
Әмбебап программалық жасақтың дамуының арқасында күрделі біріктірілген жүйелер (интегралданған) жасальгаып жатыр. Олар бірыңғай командалар жүйесі арқылы бір форматгы пайдалана отырып мәтін редакторын, электрондық кестелерді, графикалық редакгорды, мәліметгер базасын басқаружүйесін, калъкуляторды және тағы басқаларды біріктіріп, бір интерфейс арқылы осылардың барлығын да пайдалану мүмкіндігін береді. Әмбебап программалык, жасақ дербес компьютерлермен жабдыкталган өртүрлі мамандьгқ иелерінің жүмыс орыңцарът автоматгандыруды іске асырады. Мұдай жүйелерге, мысалы, конструкторлық жобалауды, электрондық тақшалар жасап дайындауды, экономикалық және бухгалтерлік жүмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға болады. Қоғамъшызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен және информациялық қорлармен толық қамтамасыз ету бүрынгы «қағаздағы» мәлімеггерді қолдану жүмыстарын толықтыра отырып, информация алу, тарату, пайдалану жүмыстарын ұйымдастыруды жаңа белеске көтерді. Мүны өзі қоғамымызды информацияландыру процестерін дамытудың негізі болады деп толығынан айта аламыз. 
Қолданбалы програмалар арасындағы ерекше топқа «қосымша» программаларды даярлаудың аспаптық қүралдары (инструментальные средства) жатады. 
Программалау жүйелері шыққанға дейін өр адам өзі қолданатын программа мәтінін программалау тілінде жазып, оны ЭЕМ-ге арнаулы мәтін редакторы арқылы енгізіп, сонан соң тағы бір арнайы ирограмма — компилятор (транслятор) көмегімен өз мэтінін машина тіліне аударатын. Ен соңында үшінші бір арнаулы жинақтаушы программаның арқасында бөлек модульдерден орындалатын программалық файл алынатын. 
Қазіргі кезде жасалынып жатқан программалар теледидар, тоңазытқыш, шаңсоргыш тәрізді ондірістік онімдер санатына кіреді. Бүл программаларды жасау мен тарату — өндірісті жүргізу зандылықтарымен бірдей деңгейде болады деген сөз. 
Бүл күндері тегін берілетін, шартты түрде (жартылай) тегін және сатылатын ІІрограммалар бар. Программаларды сатып алу және тараіу шарттары сол программамен бірге берілетін оның сатушысы не авторы дайындаган қүжаттарда жазылады. Біреудің программасын пайдалану үшін осыңдай мәселелерге көңіл бөліп отыру қажет екенін естен шығармаған жөн. 
Рүхсатсыз көшіріп алынған программаларды пайдаланудан сақ болыңыздар! Оның арты келеңсіз жағдайларга дұшар еткізуі мүмкін

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet — International Network) — компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат  алуға болады.

Қазіргі кезде Интернет сөзін  пайдаланғанда, физикалық желінің  өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.

Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады.

Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды.

Интернет - кез келген компьютерлермен  бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара  біріктіретін, тораптардың жиынтығы.

Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.

Торапты оның иесі - провайдер  деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.

Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша  тәсілмен үйлеспейтін желілерді  қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге  арналған мәліметтерді өзгертпейді.

Интернет желісіне әр түрлі  операциялық жүйелерді басқару  арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде  барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері  туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысыда  басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған  ақпарат түсінуге қабілетті болады.

Электронды почта немесе е-mail (electronic mail - электронды почта),адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы - планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен - мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабар, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейнематериалдарды беру; ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету жәнә әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату; сонымен қатар, ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету; мекемелер мен ұйымдарда құжат қолдану; ұжымдық жұмысты жоспарлау. EFT хаттамалары бойынша электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds Transfer - ақшалай қаражатты электронды аудару) және EDI (Electonic Funds Data Interchange - мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде қамтамасыз етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аудару.

Қазіргі уақытта кз келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып  табылатыны белгілі.

Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану - алыстағы компьютермен диалогтық  режимде немесе электрондық почта  режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ,электрондық почта өте қолайлы жене аса қымбат емес.

 

Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй желілерінен  құралған. Әртүрлі архитектуралы  және топологиялы желілерді біріктіруге IP (Интернет Protocol) протоколын және мәліметтер пакеттерін маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізілді. IP протоколы әдейі физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалды. Яғни цифрлық мәліметерді тасымалдауға арналған кез-келген жүйе Интернетпен де байланыса алады. Желілердің байланысқан түйіндерінде арнайы маршрутизаторлар (бағдарламалық немесе аппараттық) пакеттердің қабылдаушылардың IP-адрестерін қарай отырып, мәліметтер пакеттерін сұрыптаумен және бағыттаумен айналысады. IP протоколы бүкіл әлем көлемінде біртұтас адрес кеңістігін құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік адрес кеңістігі болуы мүмкін. IP-адрестерді осылайша ұйымдастыру маршрутизаторларға әрбір мәлімет пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, Интернет құрамындағы жекелеген желілер арасында конфликттер болмайды, ал мәліметтер бүкіл әлем көлемінде дәл жеткізіледі.

IP протоколын IETF (Интернет Engineering Task Force) ұйымы ойлап тапқан болатын. IETF және оның жұмыс топтары қазіргі күні де Бүкіләлемдік желінің протоколдарын дамытумен айналысады. IETF қызметіне қарапайым пайдаланушылар қатыса алады. Бұл ұйым комитеттері RFC құжаттарын жариялайды. Бұл құжаттарда көптеген сұрақтардың техникалық спецификациялары және дәл түсініктемелері беріледі.

Қазіргі заманғы кең тараған  Интернет қызметтері

  • Бүкіләлемдік тор
  • Веб-форумдар
  • Блогтар
  • Вики-проекттер (Уикипедия)
  • Интернет-дүкен
  • Интернет-аукцион
  • Электронды почта
  • Жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet)
  • Файл-алмасу желілері
  • Интернет-радио
  • Интернет-теледидар
  • Электронды кітап
  • IP-телефония
  • Мессенджерлер
  • FTP-серверлер
  • IRC (веб-чаттар)
  • Іздеу жүйелері
  • Интернет-жарнама
  • Өшірілген терминал
  • Төлеу жұйелері

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның  денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім  мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті  деңгейде көтерудегі демократиялық  бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге  тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам  айнасы.

Ертеңгі күнімізге аттамас  бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім  ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім –  ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты  дәріптеуші, таратушы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту  әдістемесінің заман талабына сай  толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік  жүйенің оқыту процесінде іске асу  үшін оны технологияландыру қажеттілігі  туады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды  пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын  жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің  барлық деңгейлерінің тиімділігі мен  сапасын жоғарлатуды көздейді.

Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп  отыр. Мысалы, Н.Макарова «ЖАТ – қысқаша  компьютер негізіндегі технология»  деп тұжырымдайды. М.И.Жильдак бұл  терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын  береді. Ол «ЖАТ – адамдардың білімін  кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін  дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің  жиынтығы» дейді.

Біз жоғарыдағы анықтамаларды  өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында  оларды негізге  ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамын. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика  заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін  үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс  қабілетін дамыту.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Анохин А.Н.,Острейковский В.А. Организация взаимодействия человека с ЭВМ. Учебное пособие по курсу "Средства взаимодействия человека с ЭВМ".//Обнинск,ОИАТЭ,1990.
  2. Айден К., Колесниченко О., Крамер М., Фибельман Х., Шишигин И. Аппаратные средства РС.//С.-Петербург: BHV,1998.
  3. Борзенко А. IBM PC:устройство, ремонт, модернизация.//М.:1995.450 с  
  4. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Н.Ә.Назарбаев 01.03.2006ж
  5. Электронды оқулықтарды пайдалану . А.Абубаева , Информатика негіздері, №4 - 2006ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 
I. Кіріспе

II. Программалық қосымша бойымен жылжуды ұйымдастыру(Интернет-сайттар, электронды оқыту құрылғылары).

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Кіріспе

Программа — магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жуктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нүсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі. 
Алдын ала келісім нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды. 
Үнсіз келісім егер жұмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін (басқа да вариантгары болғанда) тағайындайды. 
Интерфейс — программалық жабдық пен.жұмыс істейтін адам арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны. 
Программалық жасақ — информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементгер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Қорытынды

Информация о работе Программалық қосымша бойымен жылжуды ұйымдастыру(Интернет-сайттар, электронды оқыту құрылғылары)