Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2013 в 18:18, лекция
Паскальдың, басқа да тілдер сияқты осы тілде қолданылатын әріптерден (символдардан) тұратын өз алфавиті бар. Паскаль алфавиті құрамына:
1) латынның a –дан z-ке дейінгі әріптері(бас әріптері де);
2) а-дан я-ға дейінгі орыс әріптері(бас әріптері де);
3) 0-ден 9-ға дейінгі цифрлар;
4) арнайы символдар: +, -, /, *, ; , : , =, <, > және басқалар енеді.
Паскальда тұрақтылардың (константа) үш түрі бар: сандық (немесе жай ғана-сандар), символдық және логикалық.. Символдық және логикалық тұрақтылармен жұмысты кейінірек қарастырамыз.
Паскаль алфавиті
Паскальдың, басқа да тілдер сияқты осы тілде қолданылатын әріптерден (символдардан) тұратын өз алфавиті бар. Паскаль алфавиті құрамына:
1) латынның a –дан z-ке дейінгі әріптері(бас әріптері де);
2) а-дан я-ға дейінгі орыс әріптері(бас әріптері де);
3) 0-ден 9-ға дейінгі цифрлар;
4) арнайы символдар: +, -, /, *, ; , : , =, <, > және басқалар енеді.
Паскальда тұрақтылардың (
Сандар Паскальда әдеттегідей ондық санау жүйесінде жазыла-ды. Мұнда да Бейсиктегі сияқты, ондық үтір орнына нүкте қолдан-ылады. Дәрежелі сандар экспонентті түрде жазылады, мыс:
6,25·10-23 саны 6.25Е-23 түрінде. Сандар Паскальда да, Бейсикте-де бүтін және нақты (бөлшек бөлікті) түрде болатынын ескертеміз.
Айнымалылар латын әріптері мен цифрлардың кезкелген тір-кесі түрінде белгіленеді, бірақ бірінші символы әріп болады. Мыс: a, b1, summa, alfa21 және т.б . Паскальда айнымалының нақты типі болуы керек. Ондай тип төртеу: бүтін, нақты, символдық және логикалық.. Айнымалы типі программа мәтінінің басында арнайы сипатталады(§2-ні қараңыз).
Тұрақтылар мен айнымалыларды қоса алғанда мәліметтер деп атау қабылданған.
Паскальда мәліметтерді ұйымдастырудың
жалпы схемасы 1-кестеде келтірілген:
1-кесте
тұрақты типі |
мәндер аралығы |
мысал |
бүтін |
-32768 – 32767 |
5 -256 |
нақты |
2.9·10-39 – 1.7·1038 |
12.5 6.03Е-23 |
символдық |
апострофқа алынып жазыл-ған 256 символға дейін |
‘мен Паскаль тілін үйренемін’ |
логикалық |
екі мәнге ие |
false, true |
айнымалы типі |
мәндер аралығы |
сипатталуы |
бүтін |
-32768 – 32767 |
integer |
нақты |
2.9·10-39 – 1.7·1038 |
real |
символдық |
бір символ |
char |
логикалық |
екі мәнге ие |
boolean |
Ескерту. Паскальдың қарастырылып отырған Турбо-Паскаль 7.0 версиясында тұрақтылар мен айнымалылардың қосымша типтері бар(олардың кейбіреуі 2-кестеде келтірілген). Олар жеке жағдайда есептеуді үлкен дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді. Мыс: double арқылы нақты 15-16 мәнді цифр(real –дағы 11-12 цифр орнына) алуға болады. Алайда алғашқы кезде оларды өте қажет болмаса, пайдалана бермеген жөн ( ол программа жұмысын баяулатады, жадыдан артық орын алады т.с.с).
Турбо-Паскальдағы
айнымалы типі |
мәндер аралығы |
сипатталуы |
ұзын бүтін |
-2147483648 - 2147483647 |
longint |
нақты екі есе дәлдікпен |
5·10-324 - 1.7·10308 |
Double |
Символдық |
255 символға дейін |
String |
Паскальда, Бейсиктегі сияқты өрнектердің үш типі бар: сандық(ол өзінше бүтін, нақты болып бөлінеді), логикалық (§3-ті қараңыз) және символдық (мұны тарау соңында қарастырамыз).
Сандық(не математикалық) өрнектерді жазу тура Бейсиктегідей. Мыс, мына бөлшек:
былай жазылады:(alfa*alfa+beta)/(a*
Оның Бейсиктен бір айырмашылығы – дәрежелеу амалының жоқтығы.
Паскальда математикалық функцияларды жазудың Бейсиктен біршама өзгерісі бар. Ол 3-кестеде келтірілген.
Паскальдың математикалық
функциялары 3-
математика- лық жазбасы |
Паскаль тіліндегі жазылуы |
Ескерту |
sinx |
sin(x) |
аргумент радианмен |
cosx |
cos(x) |
аргумент радианмен |
arctgx |
arctan(x) |
тангенсі х-ке тең бұрыш |
lnx |
ln(x) |
натурал логарифм |
ех |
exp(x) |
lnx-ке кері функция |
|х| |
abs(x) |
х-санының абсолют шамасы |
|
sqrt(x) |
х санының квадрат түбірі |
х2 |
sqr(x) |
х санының квадраты |
Кезкелген дәрежеге шығару үшін экспонента мен натурал логарифмді қолданады. Себебі ab= eln =eb·ln(a) тең. Сонда
Паскаль тілінде ab былай жазылады: exp(b*ln(a)).