Қосымша басқару элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 17:58, лекция

Краткое описание

Visual Вasic құрал-саймандар тақтасы тағы да бірнеше стандартты басқару элементтерін қосады. Берілгендермен жұмыс істеуде сыртқы берілгендер қорында сақталған кейбірі пайдалы. Басқалары Windows файлдық жүйесіне шығу ретінде қолданылады.
Visual Basic-те әр түрлі тапсырмаларға арналған тағы бірнеше басқару элементтері бар.
Timer элементі қосымшада оқиғаны анықтау үшін қолданыла алады, яғни анықталған уақыт аралығында пайда болған. Бұл қолданушы қатысуынсыз кодты орындауда өте қажет болады.
OLE-контейнер элементі функцияның байланысуы мен құрылуын қамтамасыз етеді. Бұл басқару элементі арқылы Microsoft Excel, Word қосымшаларының функцияларын қолдануға болады.
Сұхбат элементтері – файлдарды іздеу үшін, түрлі түсті және қаріпті күйге келтіру үшін және де баспаға шығару үшін құрылған сұхбаттық тақта болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

№8.doc

— 49.50 Кб (Скачать документ)

Лекция 8

Қосымша  басқару  элементтері

Visual  Вasic  құрал-саймандар  тақтасы  тағы  да  бірнеше  стандартты  басқару  элементтерін  қосады. Берілгендермен  жұмыс  істеуде  сыртқы  берілгендер  қорында  сақталған  кейбірі  пайдалы. Басқалары  Windows  файлдық  жүйесіне  шығу  ретінде  қолданылады.

Visual  Basic-те  әр  түрлі  тапсырмаларға  арналған  тағы  бірнеше  басқару  элементтері  бар.

  • Timer  элементі  қосымшада  оқиғаны  анықтау  үшін  қолданыла  алады, яғни  анықталған  уақыт  аралығында  пайда  болған. Бұл  қолданушы  қатысуынсыз  кодты  орындауда  өте  қажет  болады.
  • OLE-контейнер  элементі  функцияның  байланысуы  мен  құрылуын  қамтамасыз  етеді. Бұл  басқару  элементі  арқылы  Microsoft  Excel, Word  қосымшаларының  функцияларын  қолдануға  болады.
  • Сұхбат  элементтері – файлдарды  іздеу  үшін, түрлі  түсті  және  қаріпті  күйге  келтіру  үшін  және  де  баспаға  шығару  үшін  құрылған  сұхбаттық  тақта  болып  табылады.

 

Visual  Basic-те  мәзір  құру

Мәзір – бұл  объект  және  соған  сәйкес  қасиетке  ие  бола  алады. Қосымшамен  жұмыс  істеу  кезінде  және  оны  құруда Caption, Enabled, Visible, Checked  және   басқа  да  қасиеттерін  қолдануға  болады. Мәзірдің  тек  қана  бір  оқиғасы  бар  ол – Click. Ол  мәзірді  тышқан  немесе  перне тақта  көмегімен  шығарғанда  пайда  болады.

Формаға  әр түрлі мәзірлер  орнатып, әр  мәзірге енгізілген  командалық  пункттер  объектілерімен  әдеттегідей  жұмыс  істеуге  болады.  Мәзірді  құру  үшін  Menu  Editor  редакторы  пайдаланылады. Оны  пайдалану  әдісі:

Форманы  таңдап, Tools – Menu  Editor  (Құрал – Мәзір  редакторы)  командасын  беру  (аспаптар  панелінің  «Мәзір редакторы»  түймешесін  шертуге  де  болады). Редактор  іске  қосылып, оның  екі  бөлімді  терезесі  көрінеді. Оның  жоғарғы  бөлімі  мәзір  және  мәзір  командаларының  атауларын  енгзуге  арналған. Енгізілген  атаулар  терезенің  төменгі  бөліміне  жазылып  қойылады.

Терезеде  көрінген  Caption, Name, Checked, Enabled, Visibled, WindowList – мәзір  компоненттері  (қасиеттері):

Caption – мәзір  не  оның  командасы  атауын  анықтау.

Name – программада  ажырату  үшін  Caption  өрісіне  енгізілген  атауды  арнайы  түрде  жазу.

Visibled (көрсету) – мәзір  командасын  жасыру  не  көрсету.

Enabled  (қосылулы) – командаға  True  немесе  False  мәнін  меншіктеу. Алғашқы  кезде  Enabled, Visible  қасиеттері  үшін  логикалық  True  мәні  орнатулы  тұрады. Оны  ерекше  жағдайлардан  басқа  кезде  өзгертпеу  керек.

Index – мәзірді  элементтер  массивіне  айналдыру. Ол, Windows-та  пайдаланылатын  тәсіл  сияқты  мәзір  пункттерінің  төменгі  жағында  ашылған  файлдар  тізімін  көрсетіп  қою  үшін  пайдаланылады.

Мысал. Формада  Clock  (Time, Date)  мәзірін  құру  керек. Time  (уақыт), Date  (дата) – Clock  (сағат)  мәзірінің  пункттері  (жүйелік  сағаттың  ағымдық  уақыты  мен  датаны  көрсететін  стандартты  функциялар).

 

Мәзір  құру  тәсілі:

  1. Орталықты  іске  қосып, көрінген  форманы  ерекшелеу. Menu  Editor  терезесін  экранға  шығарып, Caption  өрісіне  мәзір  атауын  (Clock)  енгізу, одан  соң  TAB  клавишін  басу  (ол  курсорды  бір  мәтіндік  өрістен  келесісіне  орналастырып  қояды). Атау  төменгі  бөлімге  жазылады.
  2. Name  өрісінің  алдына  mnu  қосымшасы  (префиксі)  жазылған  мәзір  атауын  енгізу: mnuClock. Ол  программалық  код  терезесінің  объектілер  тізіміне  кірістіріліп  қойылады  (mnu – тізімге  жазылған  атаудың  мәзір  екенін  ажырату  үшін  пайдаланылатын  префикс. Mnu  орнына  басқа  префиксті  жазу  да  мүмкін).
  3. Next  (Келесі)   түймесін  шерту. Caption, Name  өрістері  тазаланады  да, редактор  келесі  мәзір  пунктін  енгізуді  күтеді. Курсор  Caption  өрісіне  орналастырылып  қойылады.
  4. Caption  өрісіне  Time, Name  өрісіне  TimeItem  пункт  атауын  енгізу  (item (пункт) – программада  атаудың  мәзір  пункті екенін  ажырату  үшін  пайдаланылған  жалғау). Time  терезенің  төменгі  бөліміне  жазылып  қойылады.
  5. Терезенің  «Солдан  оңға»  (  )  түймесін  шерту. Ол  төменде  жазылған  Time  атауының   алдына  көп  нүкте  (....)   қойып  кетеді. Көп  нүкте – редактордың  Time-ді  мәзір  пункті  етіп  белгілеуі.
  6. Next  түймесін  шертіп, Caption  өрісіне  Date, Name  өрісіне   DateItem  пункт  атауларын  енгізу. Бұл   жолы  «Солдан  оңға»  түймесін  шертудің  қажеті  жоқ, оны  тек  алғашқы  пунктті  енгізу  кезінде шерту  керек. Редактор  Date  сөзін  мәзір  пункті  деп  автоматты  түрде  қабылдайды  да, алдына  көп  нүкте  қойып  кетеді.

Ескерту. Қажет  болса, келесі  мәзірлер  мен  олардың  пункттерін  де  осылайша  енгізуге  болады. Редактор  терезесінде  Солға, Жоғары, Төмен, Кірістіру  (Insert) , Жою  (Delete)  түймелері  де  бар. Оларды  пайдаланып, құрылған  мәзірді  редакциялау  қиын  емес.

  1. ОК  түймесін  шерту. Редактор  терезесі  жабылып, Clock  мәзірі  енгізілген  форма  көрінеді. Мәзірді  ашу  үшін  атауын  әдеттегідей  бір  шертсе  болғаны  (3-сурет).

   Form 1 

 

   Clock

        Time

        Date




 

      

  

 

 

                    3- сурет. Clock  мәзірі  енгізілген  форма  модулі

 

Clock  мәзірі  пункттерімен  жұмыс

  1. Формада  Label1, Label2  объектілерін  орнату. Label1  өрісіне  уақытты, Label2 өрісіне  датаны  енгізуді  жоспарлау.
  2. Clock мәзірін  ашып, Time  пунктін  екі  рет  шерту. Код  терезесі  ашылып, процедура  моделі  көрінеді. Оны  толтыру:

 

Private  Sub  TimeItem_Click ()

Label1. Caption = Time

End  Sub

   

3.  View – Object   командасы  арқылы  форманы  экранға  қайта  шығарып, мәзірдің  Date  пунктін  екі  рет  шерту. Ашылған  код  терезесінде  процедура  моделін  толтыру:

 

  Private  Sub  DateItem_Click ()

Label2. Caption = Date

End  Sub

 

Ескерту. Формада  мәзір онатылған  соң  код  терезесінде  процедура  модельдерін  ашудың  екінші  әдісі:

    • View – Object   командасы  арқылы  код  терезесін  ашу;
    • Терезенің  сол  жақ  (General)  бөліміне  енгізілген  тілсызық  түймесін  шертіп, объектілер  тізімін  ашу  (4-сурет).
    • Тізімнен  TimeItem  қатарын  екі  рет  шерту. Процедура  моделі  көрінеді. Оған  қажетті  команданы  енгізу.
    • DateItem  қатарымен  де  осы  сияқты  іс-әрекеттерді  орындау.

4.  Проектіні  сақтау  (мысалы, Form Clock, frm;  Form Clock. -vbp).

5.  Іске  қосу  командасын  беру  (F5). Форма  көрінеді.

6.  Оған  енгізілген  Clock  мәзірін  ашып, ретімен  Time, Date  пункттерін  шерту. Label1, Label2   өрістеріне  ағымдық  уақыт  пен  дата  жазылып  қойылады, мысалы,

             12:47:25     26:12:2000

  1. Программада  жұмысын  аяқтау  командасын  беру  (End).

Ескерту. TimeItem  объектісінің  қасиеттер  терезесі  жоқ. Сол  себепті

формада  тек  ағымдық  уақыт  көрінеді. (Жалпы, мәзір  элементтерімен  жұмыс  істеу  оқиғасы  Click  (басу)  ғана).   

          General

 


 

  Form 1

  Label1

  Label2

  MnuClock

  TimeItem

  DateItem


 

   4-сурет.  Формаға  енгізілген  объектілер  тізімі

 


Информация о работе Қосымша басқару элементтері